- •Пән тақырыбының мәнмәтіні
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік беру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытға қойылатын басты утуралы түсінік беру
- •Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың өзіндік ерекшелігі
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем мәтін түрлері, жасалатын жұмыс мазмұны туралы саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем шығарманы талдау бойынша жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем туынды түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •5. Әбдікерімова г. Ғабит Мүсірепов повестеріндегі тақырыптық‑идеялық ізденістер. Филол. Ғ.К. Ғыл. Дәреж. Алу үшін дайынд. Диссер. Авторефераты. Алматы, 2006.
- •Мақсаты: Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер лирика түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Көркемдік жүйесін таныту Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем туындының композициясы, басты компоненттері, сюжеті мен фабуласы, сюжет түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
- •Тапсырма
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиет
- •26 Дәріс. Көркемдік стиль
- •27 Дәріс. Әдеби бейне
- •Мақсаты: Өлеңнің жанрлық ерекшелігі, басты компоненттері туралы мағлұмат беру.
- •29 Дәріc. Троптың түрлері
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •30 Дәріс. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1. Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдері
- •Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •Internet дереккөздері
- •Пайдалы web-сайтТар
- •Теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өздік жұмысының тапсырмалары (сөж)
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік бер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру. Көркем мәтінмен жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру. Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Ертегі жанры, оның қаһармандарының ерекшеліктеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Көлемді шығармаларды таныту жолдары. Роман жанрын оқыту. Ғұмырнамалық шығармаларды таныту
- •Жазба жұмыстарының түрлері. Шығарма жаздыру. Оқулық, құрылысы
- •Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары. Көркемдік стиль
- •Әдеби бейне. Өлең және өлең сөз Мақсаты: Көркем бейненің идеялық-эстетикалық мәні, түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Троптың түрлері. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Тест сұрақтары
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан республикасының білім туралы Заңы. Алматы, 1999.
2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Алматы, 1989.
3. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құраст. З.Ахметов, Т.Шаңбаев. Алматы, 1997.
2-дәріс. Әдебиетті оқытуға қойылатын жаңа талаптар
Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытға қойылатын басты утуралы түсінік беру
Әдеби білім беруге қойылатын ұстанымдары
Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың өзіндік ерекшелігі
Негізгі ұғымдар: пән, әдеби талдау, пәндік білім жүйесі, кәсіби біліктілік, ұстанымдар, білім беру жүйесі.
Әдебиетті оқу және талдай тану нәтижесінде келесі шешуші біліктіліктер жүзеге асуы тиіс:
әдеби‑теориялық біліктілік ‑ әдебиеттегі тектер, түрлер, жанрлар, тақырып, идея, сюжет, композиция, көркем тіл, бейнелілік, образ, кейіпкер, көркемдік шындық, өлең құрылысы, шығармашылық, автор тілі сол сияқты негізгі мәселелерге байланысты теориялық түсініктердің қалыптасуы;
әдеби‑тарихи біліктілік ‑ әдебиеттің даму заңдылықтары, ұлттық және әлемдік әдебиеттің тарихи кезеңдері, оларға тән негізгі сипаттар, шығармашылық тұлғалар мен басты туындылар, ағым‑бағыттар мен көркемдік әдіс‑тәсілдер жайында білім негіздерін игеруі;
әдеби‑шығармашылық біліктілік – жастардың шығармашылық тұрғыдан ойлауы, ой‑пікірлерін әдеби көркем тілмен жүйелі жеткізуі.
Әдебиет пәнінен оқу үрдісін ұйымдастыру барысында төмендегідей мәселелерге назар аудару қажет:
ұсынылған көркем мәтіннің мазмұнын түсініп игеру;
тілдік қолданыстың мағыналық, эмоционалды‑экспрессивті, бейнелілік ерекшеліктерін тани білу;
көркем бейне мен көркемдік шындықтың ерекшеліктерін, байланыстылығын ажырата білу. Осы негізде оқушының өмірлік көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыру;
ұсынылған материалдар негізінде әдеби даму заңдылықтарын ашуға бағдар ұстану, соған орай қоғамдық‑әлеуметтік өмірдегі жаңа құбылыстардың мәнін түсіне білуге үйрету;
ұлттық және әлемдік әдебиет үлгілерін салыстыра оқыту нәтижесінде ұлттық мәдениет пен тарихты, салт‑дәстүрлерді құрметтеу, оларға деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыруға бағдар ұстану;
әдебиетті оқыту барысында пәнаралық байланысты, жаңа технологияларды мақсатты пайдалану.
Оқу орындарында әдебиетті оқытуда жоғарыда көзделген мәселелер жүзеге асып жатса құба‑құп. Пән оқытушыларының міндеті ‑ әдебиет пәні бойынша студент жастарға түсінікті, мән‑маңызы айқын білім беру. Жастар игерген білімді одан әрі дамыта, жетілдіре отырып, бүгінгі күн үдесінен шығатындай пайдалана алуы керек. Бұл ретте әдебиет пәнінің басқа пәндерге қарағанда жетекші орында тұратыны белгілі. Осыған байланысты бұл ұсынылып отырған еңбектің мақсаты да айқын. Яғни, әдебиет пәнін игертуге байланысты тиімді, орныққан әдіс‑тәсілдерді саралай отырып, оны әдеби жанрларын оқыту, көркем мәтін түрлерін талдау мен көркем туындының бейнелілігін таныту бойынша білім мазмұнын үйретуде қолдану. Бұл кітапты жазуда жоғары оқу орнында оқылған дәріс материалдары, әдебиет зерттеушілері мен әдіскер ғалым, ұстаздардың еңбегі басшылыққа алынды. Оқу құралы жоғары оқу орындарында, колледждерде “қазақ тілі мен әдебиет” мамандығында білім алатын студенттерге, оқытушыларға және мектеп мұғалімдеріне арналған.
Еңбектің құрылымы жеке тақырыптардан, пайдаланылған әдебиеттерден, сабақ талдамаларының үлгілерінен және пәндік тест сауалдарынан тұрады.Әрбір пән өмір құпиясын өзінше бедерлейді. Оның ішінде әдебиет пәні “өміртану құралы” бола отырып, ондағы көкейкесті мәселелерді, адам тіршілігі мен болмысына тән сипаттарды терең ашады. Білім мекемелерінде оқытылатын пәндер жүйесінде әдебиеттің алатын орны айырықша. Әдебиет‑өмірге деген көзқарасты, эстетикалық талғам мен рухани ізгі мұраттарды қалыптастырады.
Әдебиеттің басқа өнер түрлерінен айырмасын атауға болады: алдымен, оның ішкі мазмұнымен бірге, сырт пішіні болады. Яғни, әдеби шығарманың пішіндік (стиль, жанр, композиция, көркем тіл, ырғақ) және мазмұндық (тақырып, фабула, конфликт, характер, идея, ағым) сипаты бір‑бірімен байланысты. Мазмұн да, пішін де тарихи категория. Әр жаңа дәуірде көне мазмұн жаңа пішін тауып, жаңғырып, жаңа дәуірге сай, сол қоғам шындығын бойына жиып, жаңа мазмұн тауып отырады. Ендеше, әдебиет өзгермелі, дамып отыратын ғылым. Оның осы қасиетіне сай оны оқып‑үйрету де кемелденіп отырады. Әдебиет пәнін оқып‑үйрену бағытындағы әдіс‑тәсілдер үнемі жетіліп отырады. Қазіргі әдебиетті оқытуға қойылатын басты талап – жастарға берілетін білімнің нәтижелілігі, шығармашылық тұрғыда құрылуы. Оқытушылар өздерінің тәжірибеден өткен, орныққан әдістерін жастарды ізденіске, ойландыруға, білім нәтижесін игеріп, оны шығармашылық түрде әрі қарай жетілдіруге, жастардың санасын ізгілендіруге бағыттап отырады. Осы ретте әдебиетті жастардың санасына серпін әкелетін, адамгершілік ізгі мұраттарға бастайтын рухани дүние деп қабылдауымыз керек.
Тұжырымдама. Әдебиет пәнін оқып‑үйрену бағытындағы әдіс‑тәсілдер үнемі жетіліп отырады. Қазіргі әдебиетті оқытуға қойылатын басты талап – жастарға берілетін білімнің нәтижелілігі, шығармашылық тұрғыда құрылуы. Оқытушылар өздерінің тәжірибеден өткен, орныққан әдістерін жастарды ізденіске, ойландыруға, білім нәтижесін игеріп, оны шығармашылық түрде әрі қарай жетілдіруге, жастардың санасын ізгілендіруге бағыттап отырады.
