
- •Пән тақырыбының мәнмәтіні
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік беру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытға қойылатын басты утуралы түсінік беру
- •Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың өзіндік ерекшелігі
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем мәтін түрлері, жасалатын жұмыс мазмұны туралы саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем шығарманы талдау бойынша жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем туынды түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •5. Әбдікерімова г. Ғабит Мүсірепов повестеріндегі тақырыптық‑идеялық ізденістер. Филол. Ғ.К. Ғыл. Дәреж. Алу үшін дайынд. Диссер. Авторефераты. Алматы, 2006.
- •Мақсаты: Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер лирика түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Көркемдік жүйесін таныту Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем туындының композициясы, басты компоненттері, сюжеті мен фабуласы, сюжет түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
- •Тапсырма
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиет
- •26 Дәріс. Көркемдік стиль
- •27 Дәріс. Әдеби бейне
- •Мақсаты: Өлеңнің жанрлық ерекшелігі, басты компоненттері туралы мағлұмат беру.
- •29 Дәріc. Троптың түрлері
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •30 Дәріс. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1. Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдері
- •Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •Internet дереккөздері
- •Пайдалы web-сайтТар
- •Теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өздік жұмысының тапсырмалары (сөж)
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік бер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру. Көркем мәтінмен жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру. Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Ертегі жанры, оның қаһармандарының ерекшеліктеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Көлемді шығармаларды таныту жолдары. Роман жанрын оқыту. Ғұмырнамалық шығармаларды таныту
- •Жазба жұмыстарының түрлері. Шығарма жаздыру. Оқулық, құрылысы
- •Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары. Көркемдік стиль
- •Әдеби бейне. Өлең және өлең сөз Мақсаты: Көркем бейненің идеялық-эстетикалық мәні, түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Троптың түрлері. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Тест сұрақтары
Мақсаты: Көркем туындының композициясы, басты компоненттері, сюжеті мен фабуласы, сюжет түрлері туралы мағлұмат беру.
Сюжет пен фабула.
Cюжеттің түрлері
Туындының сюжеттік құрылымы
Композицияның түрлері
Туындының композициялық құрылымы
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: композиция, композициялық даму, лирикалық шегініс, оқшау эпизодтар, көркемдік аңдату сюжет, фабула, композиция, сюжеттік даму, сюжеттік байланыс, эпилог, пролог.
Дәріс мәтіні (тезис)
Композиция – латынша«құрастыра, қиыстыру» деген мағына береді. Бұл көркем шығарманың құрылысы. Композиция тек формаға ғана байланысты ұғым емес, мазмұнмен де тікелей байланысты. Сонымен қатар көркемдік түрлердің орналасуы және ара қатынасы, яғни шығарманың мазмұны мен жанрынан өрбитін туынды құрылысы. Композиция шығарманы біртұтас дүниеге айналдыруға ықпал етеді.
Композиция пішіндік бөлшектерді тұтастырып, идеяға бағындырады. Композиция қағидалары – эстетикалық таным: қорытындысы, олар ақиқаттың тереңде жатқан өзара, байланысын танытады. Композиция өзіндік мазмұнға ие, оның құралдары мен тәсілдері суреттелген құбылысты қайта жаңғыртып, мәнін тереңдетеді.
Бүларды және жеке-жеке емес, бір тұтас композициялық ұстаным негізінде шешуге тура келеді. Кейбір ғалымдар мұндай ұстанымды «архитектаника» деп атайды. Бұл сөз гректің «архитектура – сәулет өнері» беген сөзінен туындайды. Белгілі бір дәрежеде жазушылар да сәулетшілер сияқты, олар да болашақ туындысының жоба-жоспарын алдын – ала белгілейді. Архитектоника алдын –ала түйсіну арқылы пайда болса, ең жақсы композициялық шешімнің өзі алдын-ала жасалған «есеп қиспақа» көне берместен, шығармашылық үрдісте ғана толық шешімін табады.
Композиция – шығарманың сюжеттік – баяндаушылық жағымен қоса, оның образдық бітімін, харктерлер сипатын да қамтитын ұғым. Әдеби қаһарман белгілі бір дәрежеде өзге кейіпкерлермен композициялық салыстырулар жасау арқылы да ашылады. Әдебиеттің түрлі тектері мен түрлеріне қатысты композициялық заңдарының айырмашылықтары болуы да тосын жәйт емес. Мәселен, поэзиялық шығармаларда композиция бөлшектерінің қатарына өлең, шумақ та жатады. Драматургия да басты роль диалог атқарады, сипаттау мен мінездеулер қысқа ремарколарға сыйғызылады. Қалай болғанда да, кез келген жанрдағы туынды да шынайы көркемдік тереңдік композиция құрылымына сөз араласқанда ғана игерілмек. Ал, көркем шығармадағы сөз дегеніміз – автордың дара тілі, өзіндік стилі.
Композицияның ішкі міндетіне көркем ой мен сезімнің үздіксіз қозғалысын реттеу жатады. Ол үшін композицияның әрбір бөлшегі бір-бірімен тығыз байланыста болуы шарт.
Эпикалық шығармада жиі кездесетін композициялық бөлшектердің бірі – лирикалық шегініс.
Лирикалық шегініс – эпикалық шығарма авторының ойы мен сезімінің шығармада тікелей көрінуі.
Кейде лирикалық шегініс арқылы жазушы кейіпкерлер мен олардың әрекетіндегі өзінің бағалануына ең маңызды деген тұстарға оқырман назарын аударуға, әсерлілігін арттыруға ұмтылады.
Кейде бір кейіпкерлерге бағытталған лирикалық шегініс басқа бір кейіпкердің ой-сезімімен астасып жатуы мүмкін, бірақ оқырман бұл үлгідегі лирикалық шегіністі де автордың ой мен сезімнің көрінісі деп қабылдайтыны белгілі.
Кейде автор лирикалық шегіністі өз шығармасының сипаты мен міндетін хабарлау мақсатында пайдаланады.
Оқшау (кірме) эпизодтар – шығармада баяндалатын негізгі оқиғаға тікелей қатысы жоқ көріністерді атайды. Кейде оқшау эпизодтарда лирикалық шегініс сияқты шығарманың идеясын, пафосын түсіндіру үшін пайдаланылады.
Көркемдік аңдату – жазушы алда болатын оқиғаны барынша терең түсіндіру үшін оны алдын-ала соған ұқсас көріністер арқылы аңғартатын тәсілді айтамыз.
Пейзаж – шығармада табиғат көрінісінің бейнеленуі. Мұнда қандай да бір көркем шығармадағы өзге де көркемдік құралдармен қатар өзіне тән көркемдік-идеялық мән атқаруға тиісті пейзаж туралы. Пейзаж шығарманың тұтас идеялық-көркемдік мәніне қызмет ету үшін де, сондай-ақ шығармадағы жекелеген көріністерге, оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты да қолданылы береді.
Интерьер – шығарма кейіпкерлерінің тұрмыс-тіршілігіне қатысты түрлі заттар мен құрал-жабдықтардың бейнеленуі. Интерьер, көбінесе тар ауқымда, яғни жекелеген кейіпкерлерге қатысты ғана қолданылады.
Сонымен қорыта айтар болсақ, композициялық бөлшектер мен сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп тұратын нәрсе – шығарманың композициясы. Ал, композициялық шеберлік - шығармадағы барлық бөлшекті бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге- негізгі идеяға-бағындыру.
Фабула – бұл латынша-әңгімелеу, баяндау, тарихтап айтып беру-көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау. Біз шығарманы алғаш оқығанда оның жалпы фабулалық желісін тез қабылдаймыз. Ал, сол шығарманы қайтадан оқитын болсақ, шығарамадағы суреттелген әрбір әрекеттің, оқиғаның, құбылыстың мәніне тереңдеп үңіле бастаймыз, соның нәтижесінде санамызда сюжет жайлы түсінік пайда болады.
«Сюжет» нақты бір заттық мәнге ие бола алады. Яғни сюжет – авторлық мақсат та, фабула-сол мақсатқа жетудің құралы. Егер фабуланы әңгімелеп беруге болатын болса, сюжеттің көркемдік мәнін шығармада көрінетін авторлық баяндау ерекшеліктері ғана жеткізе алады. Кейде жазушы пайдаланған даяр фабула сюжетке айналған кезде көркемдік өңдеуге ұшырайды. Біріншіден, мұндай даяр фабулалар өмірдегі, нақты оқиғаларға негізделген шығармаларда жиі кездесуі мүмкін. Екіншіден, бір жазушының жасаған фабуласы екінші жазушының шығармасында мүлде жаңасападағы сюжетке ұласып жатуы да ықтимал. Бір ғана фабула әр жазушының шеберлігіне байланысты әр түрлі сюжеттік сипатқа ие бола береді. Сюжет шығарма стилімен, көркем дүние құрылымның ортақ заңдылықтарымен тығыз байланысты. Демек, шығарманың көркемдік маңызы фабулаға емес, фабуланың шығармашылықпен игерілген көркемдік сипатының сюжетте тереңдетіле бейнеленуіне қатысты.
Сюжетті шығармалардың мазмұнында көбіне күрделі қайшылықтар, өмірлік тартыстар желі, тартып жату себебі де соған байланысты. Тартыс - (латынша конфликтус) –қақтығыс, айқас деген мағына білдіреді. Ол өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереғар құбылыстардың өнер туындысында жинақталып, суреттелуі. Өнердегі өмірлік тартыс – көркем шығарманың идеялық мазмұнындағы үзілмес желі, арқау, керек десеңіз күллі өнер туындысына тіршілік беріп тұрған жүйке, дейді З.Қабдолов, олай болса, әдеби шығармадағы табиғи тартыс, оның сюжеті мен композиясын өрбітер, қозғаушы күш. Сюжетте қоғамдық тартысты қозғалыс үстінде, яғни дамуы, шешілуі арқылы көрсету қоғамдық даму тенденцияларын, оның заңдылықтарын түсінуге ықпал етеді.
Шығармаларға өзек болған қоғамдық тартыс өткен дәуірлерден де алынуы ықтимал. Алайда, тартыстың түпкі мәні қаламгер өмір сүрген кезеңдегі қоғамдық талап-тілектермен орайласып жатады. Сонымен бірге қаламгер өз бейнелеп отырған характерлер мен жағдайлар, адамдар арасындағы байланыстар мен қарама-қайшылықтардың шынайы сипатын ашып танытуда сюжеттің мүмкіндігіне сүйенеді. Осылардың бәрін бейнелеу шығармада алға тартылған проблемалардың мәнін ашуға, идеяға ықпал етеді. Сюжет желісіндегі образ-характерлер негізгі идеяға, негізгі оқиғаға байланысты бола отырып, өзіндік даралығын да сақтап қалуы да шарт. Классикалық үлгідегі туындыларда күрделі де тұтастық сипатта көрінетін сюжеттің басталуы (экспозиция), байланысы (завязка), дамуы (ситуатция), шарықтау шегі (кульминация), шешімі (развязка) сияқты бөлшектерден тұрады. Кей шығармаларда пролог пен эпилогта кездеседі.
Сюжеттің басталуы – оның кіріспесі іспетті мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпестен бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі – ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге мегзеу, дерек, дәйек ретінде ғана қалады. Экспозиция үнемі шығарма басында кездесе бермей, кейде шығарма соңында да беріледі.
Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі. Байланыс, экспозициядай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.
Сюжеттік даму шығарма мазмұнында аса үлкен мәнге ие. Бұнда адамдар арасындағы байланыстар мен қарама-қайшылықтар анықталады, адам м-інезінің түрлі қырлары ашылады, кейіпкерлердің қалыптасуы мен өсу тарихы беріледі. Шығармада суреттелген сюжеттік дамудың ең жоғарғы шиеленіс биігіне жеткен тұсы шарықтау шегі деп аталады. Бұл тұста образдар да айрықша танылып, адам мінездері жан-жақты ашылады. Шығарма сюжеттің күллі кезеңімен тұтастырып, белгілі бір бүтіндікке әкеліп тұрған композицияның аса жауапты тұсы да – осы.
Шешім – шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі. Суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», адамдар арасындағы қарама-қарсы тай-таластардың, күрделі күрестердің бітуі, түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже, оқиға ға қатысушылардың ең ақырғы хал-күші, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
Сюжеттің құрамдас бөлшектері қатарында пролог пен эпилогта аталады. Бұлар – кейбір шығармаларда ұшырасатын бөлшектер.
Тұжырымдама
1. Композиция пішіндік бөлшектерді тұтастырып, идеяға бағындырады. Композиция қағидалары – эстетикалық таным: қорытындысы, олар өзіндік мазмұнға ие, оның құралдары мен тәсілдері суреттелген құбылысты қайта жаңғыртып, мәнін тереңдетеді.
2. Композиция – шығарманың сюжеттік – баяндаушылық жағымен қоса, оның образдық бітімін, харктерлер сипатын да қамтитын ұғым. Әдеби қаһарман белгілі бір дәрежеде өзге кейіпкерлермен композициялық салыстырулар жасау арқылы да ашылады.
3. Композицияның ішкі міндетіне көркем ой мен сезімнің үздіксіз қозғалысын реттеу жатады. Ол үшін композицияның әрбір бөлшегі бір-бірімен тығыз байланыста болуы шарт.
4. Сюжет – француз тілінде «зат» деген ұғымды білдіреді. Ол-эпикалық және драмалық, кейде лирикалық шығармаларда қозғалыс үстінде көрінетін оқиға барысы, әрекет дамуы. «Сюжет» терминін алғаш рет XVII ғасырда классицистер П.Корнель мен Н.Буало қолданды. Олар сюжет ұғымын Аристотель ізімен ежелгі дүние қаһармандарының өміріндегі оқиғалармен байланыстырды. Көбіне сюжет шығармадағы оқиғалар жүйесі ретінде көрінеді. Оның сыры сюжетті шығарманың басым бөлігі аса маңызды қоғамдық конфликтілерді көркемдік тұрғыдан қарастырады және оларды қаламгер жасаған біртұтас өмір көрінісінің ішінде бейнелейді.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама. Студенттер шығарманың сюжеті мен композициялық құрылысы туралы негізгі мәселелерді меңгеріп, мәтіндік құрылымды талдай білулері керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қабдолов З. Сөз өнері.-Алматы, 1992
2.Атымов М. Идея және композиция.-Алматы, 1970
3.Нұрғалиев Р. Әдебиет теориясы.-Астана, 2003
4.Дүйсенов М. Әдебиет тегі мазмұн мен пішін бірлігі. – Алматы, 1976.
6. Лотман Ю.М. Структура художественного текста. М., 1970.
7. Тюпа В.И. Аналитика художественного: Введение в литературоведческий анализ. М., 2001.
22-дәріс. Әдебиет сабағында жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстары
Мақсаты: Әдебиет сабағында жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстарының түрлері туралы мағлұмат беру.
Тіл ұстарту жұмыстарының түрлері .
Ауызша және жазбаша тіл ұстарту
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: тіл ұстарту, ауызша тіл ұстарту, жазбаша тіл ұстарту, эссе, реферат, шығарма.
Дәріс мәтіні (тезис)
Әдеби тіл дегеніміз белгілі бір қалыпқа түскен, диалектілер мен қарапайым сөйлеу тіліне қарағанда жалпыға бірдей ортақ, түсінікті тіл. “Әдеби тіл дегеніміз – жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл”. Яғни, әдеби тіл қоғамның барлық саласында қолданылатын нормаланған тіл.
Мектепте әдебиет пәнін оқытатын мұғалімдерге қойылатын талап сынып жоғарылаған сайын күрделене береді. Оқушыларды ауызша сөйлеу мен ойын жазбаша жан‑жақты бере білуге дағдыландыру ‑ әдебиет сабағында жүзеге асады. Оқушылардың әдеби тілді меңгеруі әр түрлі тапсырмалар мен өздік жұмыс түрлерін орындату арқылы жүзеге асады. Бұл жұмыстар мәтінді талдаумен тығыз байланыста жүргізіледі. Мәселен, төменгі сыныптарда шағын, жай, хабарлы сөйлемдерге құрылған мәтіндер алынса, жоғары сыныптарда көлемдірек, суреттеме, диалогқа құрылған мәтіндер таныстырылады. Тіл ұстарту – оқушылардың әдеби тіл нормаларын сақтай отырып, көркем, айқын, нақты сөйлей алуы. Тіл дамытуда оқушыларға мәтінді дауыстап немесе іштей оқыту, мәнерлеп оқыту, мазмұндату, сұрақтарға жауап беру, көркемдік ерекшелігін талдау жұмыстарын жасайды. Одан әрі көркем шығарманың жекелеген элементтерін ажыратып, талдап, жай және күрделі жоспар түрлерін жасау жұмыстарымен жалғасады.
Тіл ұстарту жұмысының түрлері сыныптарға, оның ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. Мәселен, ортаңғы сыныптарда төмендегідей тіл дамыту жұмыстарын жүргізуге болады:
Мазмұндау, олардың түрлері. Орта буын сыныпта әдебиетті оқытудағы негізгі жұмыстың бірі – оқушы тілін дамыту, ойын ауызша жүйелі айта білуге дағдыландыру. Мазмұндаудың бірнеше түрлері бар.
1) мәтінге жуық мазмұндау. Бұл көбіне ықшам мәтіндерге қолданылады. Мәселен, Ғ.Мүсірповтің “Ер ана” әңгімесін мәтінге жақын мазмұндау үстінде ондағы оқиға сюжет желісі сақталып, автор қолданған сөз тіркестері, қанатты сөздер, мақал‑мәтелдер тізбесі, сол сияқты пейзаж, портреттерді келтіре отырып мазмұндалады.
2) Көркем шығарманың мазмұнын қысқаша мазмұндау көлемді мәтіндерге қатысты. Онда оқушыдан өзі толық меңгерген шығарманың мазмұнын ықшамдап айту талап етіледі. Мәселен, повесть, роман жанрларының бөлімдері бойынша негізгі мәселелер жинақталып айтылады. Бұл мазмұндау оқушыларға мәтіннің негізгі түйінін ұғып, түсініп айта білуге дағдыландырады.
3) Шығарманың жағын өзгерте мазмұндау. Бұл оқушыға мәтінді жақынырақ түсінуге көмектеседі. Мәселен, С.Мұқановтың “Өмір мектебі” романы, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі бірінші жақтан баяндалған. Соны үшінші жақтан баяндатса, оқушы автор мен кейіпкер қатынасын ажыратып, кейіпкер бейнесін терең ұға алады.
Қандай мазмұндау да оқушыға көркем шығарманы толық, ретімен айта білуіне, автор ойын кеңейтіп, өз сөздерімен, түсіне баяндауға жол салады.
Осы мазмұндау мен талдау жұмыстарын толыққанды жүзеге асыруда мәтінге құрылатын жоспардың мәні үлкен. Орта сыныптан бастап, көркем шығармаға жоспар құрудың екі түрі қолданылады.
1) Мәтін тұтас оқылған соң, бөлімдерге бөлініп, әрқайсысына лайық ат қойылады, негізгі мәселелері бойынша жоспар құрылады;
2) Мәтін бөліктер бойынша оқылып, жоспар құрылады.
Мәселен, Ғ.Мүсіреповтің “Ақлима” әңгімесіне тұтас мынадай жоспар құруға болады:
Ақлиаманың тағдыры.
Жауынгер хаты.
Хаттың Ақлимаға әсері.
Хат сыры.
Ақлиманың майдангерді күтуі.
Сол сияқты, Абайдың “Қансонарда бүркітші шығады аңға” өлеңіне мынадай жоспар құруға болады:
Аңшылық туралы.
Аңшының қансонарға шығуы.
Қыран мен түлкінің айқасы.
Қыранның түлкіні ілуі.
Аңшының масаттануы.
Бұл жоспарлар оқушыға мәтін мазмұнын жан‑жақты, толық ашуға бағыттайды. Мәтіннің негізгі ерекшелігін, идеясын анықтауға да көмектеседі.
Тұжырымдама
1. Оқушыларды ауызша сөйлеу мен ойын жазбаша жан‑жақты бере білуге дағдыландыру ‑ әдебиет сабағында жүзеге асады. Оқушылардың әдеби тілді меңгеруі әр түрлі тапсырмалар мен өздік жұмыс түрлерін орындату арқылы жүзеге асады. Бұл жұмыстар мәтінді талдаумен тығыз байланыста жүргізіледі. Мәселен, төменгі сыныптарда шағын, жай, хабарлы сөйлемдерге құрылған мәтіндер алынса, жоғары сыныптарда көлемдірек, суреттеме, диалогқа құрылған мәтіндер таныстырылады. Тіл ұстарту – оқушылардың әдеби тіл нормаларын сақтай отырып, көркем, айқын, нақты сөйлей алуы. Тіл дамытуда оқушыларға мәтінді дауыстап немесе іштей оқыту, мәнерлеп оқыту, мазмұндату, сұрақтарға жауап беру, көркемдік ерекшелігін талдау жұмыстарын жасайды. Одан әрі көркем шығарманың жекелеген элементтерін ажыратып, талдап, жай және күрделі жоспар түрлерін жасау жұмыстарымен жалғасады.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама. Студенттер тіл ұстарту туралы негізгі мәселелерді меңгеріп, мәтіндік құрылымды талдай білулері керек.