
- •Пән тақырыбының мәнмәтіні
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік беру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытға қойылатын басты утуралы түсінік беру
- •Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың өзіндік ерекшелігі
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем мәтін түрлері, жасалатын жұмыс мазмұны туралы саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем шығарманы талдау бойынша жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем туынды түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •5. Әбдікерімова г. Ғабит Мүсірепов повестеріндегі тақырыптық‑идеялық ізденістер. Филол. Ғ.К. Ғыл. Дәреж. Алу үшін дайынд. Диссер. Авторефераты. Алматы, 2006.
- •Мақсаты: Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер лирика түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Көркемдік жүйесін таныту Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем туындының композициясы, басты компоненттері, сюжеті мен фабуласы, сюжет түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
- •Тапсырма
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиет
- •26 Дәріс. Көркемдік стиль
- •27 Дәріс. Әдеби бейне
- •Мақсаты: Өлеңнің жанрлық ерекшелігі, басты компоненттері туралы мағлұмат беру.
- •29 Дәріc. Троптың түрлері
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •30 Дәріс. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1. Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдері
- •Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •Internet дереккөздері
- •Пайдалы web-сайтТар
- •Теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өздік жұмысының тапсырмалары (сөж)
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік бер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру. Көркем мәтінмен жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру. Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Ертегі жанры, оның қаһармандарының ерекшеліктеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Көлемді шығармаларды таныту жолдары. Роман жанрын оқыту. Ғұмырнамалық шығармаларды таныту
- •Жазба жұмыстарының түрлері. Шығарма жаздыру. Оқулық, құрылысы
- •Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары. Көркемдік стиль
- •Әдеби бейне. Өлең және өлең сөз Мақсаты: Көркем бейненің идеялық-эстетикалық мәні, түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Троптың түрлері. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Тест сұрақтары
Пайдаланған әдебиеттер
1.Қабдолов З. Сөз өнері. Екі томдық шығармалар\\Алматы, 1982.
2.Қабдолов З. Арна. Алматы, 1988.
3.Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. Алматы, 1985.
4.Майтанов Б. Сөз сыны. Алматы, 2002.
5.Соқпақбаев Б. Жазып та көрдім... Қазақ совет балалар жазушылары. Алматы, 1982.
6. Төлегенова Б. Марат Қабанбаев прозасының көркемдік ерекшелігі. Филол. ғ.к. ғыл. дәрежесін алу үшін дайынд. диссер. авторефераты. Алматы, 2006.
7.Нағыметов А. Қазіргі повесть және көркемдік ізденіс. Алматы, 1985.
17-дәріс. Көлемді шығармаларды таныту жолдары. Роман жанрын оқыту
Мақсаты: Көлемді шығарма түріне байланысты мағлұмат беру.
1.Прозаның көлемді жанрына байланысты мағлұмат
2.Роман жанрының ерекшеліктері
Негізгі ұғымдар: роман, эпикалық сюжет, баяншы, көркем бейне, кейіпкерлер жүйесі, прототип.
Дәріс (түйіні)
Қазақ романы туралы айтқанда, ең алдымен ұлы суреткер М.Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясы ойға оралады. Жазушы Абай туралы роман жазуға үлкен дайындықпен кіріседі. 1932 жылы Абай өлеңдерінің жинағын шығарады. 1934 жылы Абайдың қайтыс болуының отыз жылдығына арнап, “Абайдың ақындық айналасы” деген еңбек жазады. 1939-1940 жылдары Абайдың екі томдығын дайындау ісіне қатысады. Абай туралы деректер жинайды, Абайды көрген‑білген адамдармен тілдеседі, естеліктерін тыңдайды. Болашақ шығармасын бастап, үзінділер жазып отырады. “Татьянаның қырдағы әнін” тудырады. Л.Соболевпен бірігіп, ұлы ақынның алғашқы сахналық бейнесін – “Абай” трагедиясын сомдайды. Әрине, М.Әуезовтің романының алдында қазақ әдебиетінде ірі прозалық шығармалар болды. Мысалы, С.Мұқановтың “Ботагөз”, Ғ.Мұстафиннің “Өлім мен өмір”, С.Ерубаевтың “Менің құрдастарым” т.б. романдар туды. М.Әуезов: “Абай” және “Абай жолы” романын жазу менің бүкіл творчестволық тіршілігімдегі түбегейлі әрекетім” деген. “Абай” романының бірінші кітабы 1942 жылы, екінші кітабы 1947 жылы жарыққа шығады. 1949 жылы дилогияға мемлекеттік сыйлық беріледі. Одан кейін, 1952 жылы “Абай жолының бірінші кітабы, 1956 жылы екінші кітабы жарыққа шығады. Бұдан соң, төрт кітапқа Лениндік сыйлық беріледі. 1943 жылы Ғ.Мүсірепов Жазушылар ұйымында болған жиналыста сөйлеген сөзінде М.Әуезовтің романы туралы баяндама жасайды. “Романдаы жас Абайдың қоғамдық қоршауы, дарынды жастық ішкі сыры, мінездері, ой‑тілегінің өсу беті, әр оқиғаны сезінуі мен бағалауы солжастағы жас Мұхтардың өз өскен ортасы, өз мінезі, өз тілегімен соншалықты шектесіп, сонша‑ақ іргелес тұрғандай көрінеді. Екеуін айыратын нәрсе – мән‑мағынасы тұтас, өзгерген дәуір, екі түрлі заман ғой деп ұғамын. “Абай” романын неше рет қайталап оқысам, сонша әрдайым жаңа бір ой, жаңа бір көркемдік, бұрын оқығанда байқалмай кеткен тереңдік табам”‑ дейді. Осы еңбегінде Ғ.Мүсірепов “Абай” қазақ кеңес әдебиетінде “роман” деген үлкен мағынаға толық жауап беретін бірінші роман дей келе, мынадай ерекшеліктерін көрсетеді:
Үлкен бір дәуірдің бар тұлғасын, адамдардың ішкі‑тысқы ерекшеліктерін, қазақ деген елдің елдік дәрежесі қандай, тарихтың қандай саласында тұрған ел еді, осының бәрін “Абайдан” толық көресің, толық түсінесің. Бұл ең алдымен қазақ халқының елдігі жайындағы роман.
Абай арқылы сол дәуірдің өзін де, ол дәуірдің арғы‑берісін де жете ұғынуға болады.
Төңкерістен бұрынғы қазақ халқының әр тобыда қандай жақсылық, қандай бейшаралық бар еді. Мұхтар соны әділ сыншының, үлкен жазушының дәл таразысына салған, дәл көрсете алған.
Абайдың жас кезін суреттеу арқылы жаңа келе жатқан жас ақын, жас ел қамқорын көріп, бағалау арқылы бір елдің іші‑тысын түгел көрсетіп, болашақ үшін айнымас, бұлжымас қор жасауға тырысқан.
“Абай жолы” романына бұдан да басқа берілге бағалар пікірлер мол. Қазақ әдебиеті өкілдерінен басқа, әлем әдебиеті қаламгерлері мен зерттеушілерінің берген бағасы бір белес.
Зерттеуші Ж.Әлмашев: ”...біздің әдебиетімізде үлкен тұлғалар кімдер десек, солардың алдыңғы легінде А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов т.б. тұратны рас Ал, енді осылардың ішінде әсіресе, көзге ерекше жақырап көзге түсері, әлемдік әдебиетте есімі аталып жүрген жазушы деп Мұхтар Омарханұлы Әуезовті айтамыз. Себеп – оның көркем мұраларының құндылығында, мәнділігінде, ұлт өмірімен, ұлттық ой‑санамен астасып, үндесіп жатқандығында. Ең бастысы – М.Әуезов өзінің басты шығармасы “Абай жолы” секілді төрт кітаптан тұратын роман‑эпопея жаза алды”,‑дейді. “Абай жолында” әлеуметтік, философиялық, психологиялық сипаттардың негізінде табиғат, адам, орта, өмір болмысы шынайы ашылады. Яни, бұл жалғанның өткіншілігі, адам табиғатының құбылмалығы, сезім‑күйдің алмасуы, жақсылық пен жамандық, озбырлық пен ізгілікті танып‑таразылаудың баршасы романда кең ашылады.
Романдағы жүздеген кейіпкерлерге автор кескін‑келбет, мінез‑қасиет тұрғысынан қысқаша да нақты сипаттама беріп отырған. Әр кейіпкер өзінше дара суреттеліп, басты қаһармандар төңірегіндегі әрекет пен тартысты кеңейте түседі. Романдағы Құнанбайға қатысты іс‑әрекеттер шексіз әміршіл, зорлықшыл сипатта суреттеледі. Бірақ, жазушы бейнелеуіндегі болыс, аға сұлтанболған Құнанбайды ашық ғайбаттамайды. Осы ретте, поляк зерттеушісі А.Янушкевич: “Құнанбай сөйлеу үшін жаратылған машина ғана емес, ол тек бұрамағанда ғана тоқтайтын сағат дерсің. Төсектен тұрысымен‑ақ, сөйлей бастайды, содан көзі ұйқыға кеткенше толассыз сөйлеп береді. Минут сайын ақыл сұрап барған қазақтар келіп жатады. Екі‑үш сөзден кейін‑ақ, шариғаттан үзінді келтіріп, абызша сұңқылдап кетеді. Оның жадында сақтау қабілеті таң қаларлық, үкіметтің барлық указдары мен жарлықтарын кітаптан оқып отырған адамша жатқа айтады”,‑ дейді (Күнделіктер мен хаттар. А., Жалын. 1979, 188‑бет). Зерттеуші Құнанбай ауырғанда, бүкіл жұрт құдайға жалбарынып, амандық тілегенін тамсана жазады. Ендеше, осындай өзге жұрт өкілін таңқалдырған Құнанбайға ар сарында өлшеммен қарауға болмайды. Роман тек Абай мен әке арасындағы ренішті, қақтығысты көрсетуге ғана құрылмаған. Құнанбайдың Абайды, Абайдың әкесін бағалайтын тұстар да бар.
М.Әуезов романдағы кейіпкерлерінің киім киіс, жүріс‑тұрыс, сырт пішіндеріне ерекше назар аударып, кең түрде этнографиялық суреттер жасайды. Жазушы кейбір қосалқы роман қаһармандарын істер кәсібі, күш‑қайраты жағынан ыңғайлас, топтастыра суреттейді. Көлемді романды оқытудың өз қиындығы бар. Оқушылар оны толық оқымайды да, сабақ үстінде оның игертілуі де ойдағыдай шықпайды. Сондықтан, мұғалім көлемді шығармаларды оқытуды оқушыларға алдын‑ала ұсыну керек. Сонда сабақ үстіндегі талдау кезінде мұғалім өзіне тірек оқушылардың көмегіне сүйенеді. Одан кейінгі оқушыларды мәтінді оқытуға жетелейтін әдістің бірі – мәтінге жоспар құру. Егер мұғалім оқушыарға шығарма мазмұнын ашатындай мәселелердің тізбесінен тұратын жоспар жасауды үйретіп, сол бойынша нақты жауаптар алуға дағдыландырса, оқушы жоспардағы мәселелерді ашу үстінде, мәтін мазмұнын игеруге талпынады. Біз “Абай жолы” романының бірінші кітабы бойынша, жоспар үлгісін берейік.
“Қайтқанда”
1. Абайдың елге оралуы.
2. Үлкендермен қауышуы.
3. Құнанбай кеңесі.
4. Қодар мен Қамқаға кесілген жаза.
5. Абайдың сырқаттануы.
6. Абай ауылына Барлас пен Байкөкшенің келуі.
7. Барлас ақынның батасы.
“Қат‑қабатта”
1. Қыстауға көшу. Құнанбайдан жеткен бұйрық.
2. Жер дауы.
3. Құнанбайға елдің наразылығы.
4. Үркімбай ауылына келген бұйрық.
5. Бөжей ауылымен қақтығыс.
“Жолда”
1. Смағұл мен Оспан таласы.
2. Абайдың Қарқаралыда болуы.
3. Құнанбай мен Алшынбай келісімі.
4. Абайдың Шөжемен жүздесуі.
5. Құнанбай мен Бөжейдің бітісуі.
Тұжырымдама. Роман жанрына байланысты зерттеулер бізге оның салыстырмалы – талдау принципі тұрғысынан қарастырылып, бұл тұрғыда іргелі зерттеулердің бар екенін көрсетті. Орыс әдебиеттануында В.М.Жирмунский, Н.И.Конрад, М.П.Алексеев, Г.Н.Поспелов, М.Б.Храпченко, Н.Г.Неупокоева, В.И.Кулешов, И.Ф.Волков, П.А.Николаев, шетел зерттеушілерінен А.Дима, Д.Дюришин т.б. атауға болады. Бұл зерттеушілер романның мазмұн формасын, жанрлық ерекшелігін, кейіпкерлер жүйесі мен құрылымдық жағын қарастырды. Роман жанрының даму және зерттеу тәжірибесі көрсеткендей, оның проблемасы көркемдік‑идеялық құрылымынан, кейіпкерлер жүйесінен байқалады. Қазақ әдебиеттануында роман жанры жан‑жақты аспектіде зерттелді. Атап айтсақ, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Р.Нұрғали, Р.Бердібай, Ж.Дәдебаев, З.Бисенғали, Қ.Әбдезұлы, Т.Есембеков, Қ.Алпысбаев, А.Ісімақова, Б.Майтанов, Т.Рақымжанов т.б. зерттеушілерді атауға болады.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер роман жанры бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралай алулары керек.