
- •Пән тақырыбының мәнмәтіні
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік беру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытға қойылатын басты утуралы түсінік беру
- •Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың өзіндік ерекшелігі
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем мәтін түрлері, жасалатын жұмыс мазмұны туралы саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем шығарманы талдау бойынша жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем туынды түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •5. Әбдікерімова г. Ғабит Мүсірепов повестеріндегі тақырыптық‑идеялық ізденістер. Филол. Ғ.К. Ғыл. Дәреж. Алу үшін дайынд. Диссер. Авторефераты. Алматы, 2006.
- •Мақсаты: Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер лирика түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Көркемдік жүйесін таныту Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем туындының композициясы, басты компоненттері, сюжеті мен фабуласы, сюжет түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
- •Тапсырма
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиет
- •26 Дәріс. Көркемдік стиль
- •27 Дәріс. Әдеби бейне
- •Мақсаты: Өлеңнің жанрлық ерекшелігі, басты компоненттері туралы мағлұмат беру.
- •29 Дәріc. Троптың түрлері
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •30 Дәріс. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1. Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдері
- •Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •Internet дереккөздері
- •Пайдалы web-сайтТар
- •Теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өздік жұмысының тапсырмалары (сөж)
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік бер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру. Көркем мәтінмен жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру. Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Ертегі жанры, оның қаһармандарының ерекшеліктеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Көлемді шығармаларды таныту жолдары. Роман жанрын оқыту. Ғұмырнамалық шығармаларды таныту
- •Жазба жұмыстарының түрлері. Шығарма жаздыру. Оқулық, құрылысы
- •Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары. Көркемдік стиль
- •Әдеби бейне. Өлең және өлең сөз Мақсаты: Көркем бейненің идеялық-эстетикалық мәні, түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Троптың түрлері. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Тест сұрақтары
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Байтұрсынов А. Ақжол. Алматы, 1991.
2. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеу. Алматы, 1995.
3.Ергөбеков Қ. Мейірім шуағы. Алматы, 1985.
4.Дәстүр және жаңашылдық. Алматы, 1980.
5.Әуезов М. Әдебиет туралы. О литературе. Алматы, 1997.
6.Далгат У. Литература и фольклор. Москва, 1981.
7.Қасқабасов С. Колыбель искусства. Алматы, 1982.
11- дәріс. Мақал-мәтелдерді таныту жолдары
Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
Мақал-мәтелдер туралы мағлұмат
Мақал-мәтелдердің тақырыптық түрлері.
Негізгі ұғымдар: мақал, мәтел, аллегория, нақыл, афоризм.
Қазақ мақал-мәтелдері туралы Абай өте дәл пікірлер айтса, оларды теориялық тұрғыдан А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Б.Шалабаев, М.Ғабдуллин, Б.Ақмұқанова, Ә.Қайдаров, Б.Адамбаев, Н.Төреқұлов, С.Омарбаев, Р.Сәрсенбаев зерттеді.
Олардың баршасындағы пікірлер бір арнаға саяды. Қазақ мақал-мәтелдері – сөз өнеріміздің телегей-теңіз байлығы, ғасырлар бойы жиналған халық даналығының айқын көрінісі осы асыл, үнемді, ықшам, көркем, шебер, дәл, терең, астарлы, ұйқасты, бейнелі сөзде жатыр. Адам, оның сан-алуан мінезі, тағдыры; табиғат, ғарыш, оның толып жатқан құбылыстары, жан-жануары, өсімдігі, жақсылық пен жамандық, махаббат пен ғадауат, достық пен дұшпандық, байлық пен кедейлік, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, әйел мен еркек – осы алуандас құбылыстар, түйіп айтқанда адам баласына қатысты мың сан көкейкесті сұраулардың диалектикалық шешімі бар.
Қазақ мақал-мәтелдері – қазақ халқының тарихының, моралінің, этикасының, эстетикасының, психологиясының, педагогикасының, философиясының поэтикалық шеберлікпен түйінделген көркем энциклопедиясы. Ол ұйқасқа, дауысты, дауыссыз дыбыстар үндестігіне, сан алуан айшықтауларды – теңеуді, ауыстыруды, айқындауды, кішірейтуді, үлкейтуді, түйдектеуді, кекесінді, әзіл-қалжыңды, пернелеуді пайдаланып, иненің көзінен өтетіндей, мірдің оғындай өткір етіліп, жасалған. Тез жатталып, ойда сақталатындай, алтын жүзіктей ықшам сөз.
Мақал-мәтелдің басты қасиетінің өзі – нақты өмірден туған байлам, қорытынды түйін. Оның тақырыбы өмірдің алуан түрлі саласын қамтиды. Мәселен, «алтын, күміс тас екен, арпа, бидай ас екен» дегенде, нан қадірін ұғынуға шақырса, «ер қанаты – ат» деген мақалда төрт түлік малдың ішіндегі жылқының қасиетін көрсетіп тұр. Мақалдың мәні әрдайым белгілі бір нәрсені үйрену, жеріне жеткізе айту, ойды бекіте түсуімен тереңдей түсетіні мәлім. Мәселен, «таныған жерге бой сыйлы, танымаған жерге тон сыйлы», «талапты ерге нұр жауар», «қайырсыз болса байдан без, панасыз болса, сайдан без» деген мақал-мәтелдер өмір құбылысын тиянақтай жеткізіп тұр.
Мақал-мәтелдер – тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулап, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз. Сондықтан оқушыларға мақал-мәтелдерді оқытудың тәрбиелік мәні зор.
Жұмбақ – халық шығармаларының ішіндегі ең ескі түрінің бірі және барлық халықтардың ауыз әдебиетіне ортақ. түр. Жұмбақтар формасы жағынан мейлінше көркем болып келеді. Көптеген жұмбақтар поэтикалық диалог түрінде құрылады.
Жалпы жұмбақты - сөз өнерінің кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ тақырыбы адамның дүниетану жолындағы шама-шарқын білдіреді.
Жұмбақ өзге ауыз әдебиеті үлгілеріне қарағанда бітмі бөлек, ерекше затты сөз. Мәселен,
Кішкене ғана тостаған,
Лақтырып мені тастаған (үзеңгі) немесе
Мұндағы ой тұспалмен келіп, кейде метафораға да (ауыстыруға) ұқсап та жатады. Жұмбақ -өмірдегі реалды зат пен құбылысты танытудың құралы. Оның айналатын қазығы – сөз (ұғым). Бірақ, сол ұғымға біз төтелей емес, түрліше салыстыру, ұқсастыру жүргізу арқылы келеміз. Жұмбақта абстракция күрделенген, яғни, жұмбақты шешу оңай емес. Өз кезінде Аристотель де жұмбақтың өзгешелігін аңғарып, «говоря о действительно существующем, соединяет вместе с тем совершенно невозможное» деген. Жұмбақтау ертегіде, айтыста да кездеседі, тіпті естірту, түс көру мен оны жору да жұмбаққа құрылып жатады.
Жұмбақ балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі. Ой-қиялын шапшаңдатады.
Қазіргі кезде мақал-мәтел мен жұмбақтың мәні тереңдеп отыр. Себебі, ұлттық құндылықтар мен халықтың салт-дәстүріне байланысты ықылас өсіп, ұлттық тәрбиенің маңызы артуда.
Көркем әдебиет өзінің бар болмыс-бітімімен халықтың таным-түсінігін, өткені мен болашағын бейнелейді. Әдебиеттің ұлттық ерекшелігі халықтың тарихи дамуымен тығыз байланысты. Оның қайнар бұлағы – фольклорлық мұра. Фольклорлық шығармалардың бүгінге шұрайлысы, мәйегі жетеді десек, ол көркем әдебиеттің сын-сипатын, айшық-бедерін тереңдете түсері сөзсіз.
Тұжырымдама.
1. Қазақ мақал-мәтелдері – қазақ халқының тарихының, моралінің, этикасының, эстетикасының, психологиясының, педагогикасының, философиясының поэтикалық шеберлікпен түйінделген көркем энциклопедиясы. Ол ұйқасқа, дауысты, дауыссыз дыбыстар үндестігіне, сан алуан айшықтауларды – теңеуді, ауыстыруды, айқындауды, кішірейтуді, үлкейтуді, түйдектеуді, кекесінді, әзіл-қалжыңды, пернелеуді пайдаланып, иненің көзінен өтетіндей, мірдің оғындай өткір етіліп, жасалған. Тез жатталып, ойда сақталатындай, алтын жүзіктей ықшам сөз.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер мақал-мәтел түрлері,
ерекшеліктері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралай алулары керек.