
- •Пән тақырыбының мәнмәтіні
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік беру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытға қойылатын басты утуралы түсінік беру
- •Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың өзіндік ерекшелігі
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем мәтін түрлері, жасалатын жұмыс мазмұны туралы саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем шығарманы талдау бойынша жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем туынды түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •5. Әбдікерімова г. Ғабит Мүсірепов повестеріндегі тақырыптық‑идеялық ізденістер. Филол. Ғ.К. Ғыл. Дәреж. Алу үшін дайынд. Диссер. Авторефераты. Алматы, 2006.
- •Мақсаты: Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер лирика түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Көркемдік жүйесін таныту Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем туындының композициясы, басты компоненттері, сюжеті мен фабуласы, сюжет түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
- •Тапсырма
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиет
- •26 Дәріс. Көркемдік стиль
- •27 Дәріс. Әдеби бейне
- •Мақсаты: Өлеңнің жанрлық ерекшелігі, басты компоненттері туралы мағлұмат беру.
- •29 Дәріc. Троптың түрлері
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •30 Дәріс. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1. Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдері
- •Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •Internet дереккөздері
- •Пайдалы web-сайтТар
- •Теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өздік жұмысының тапсырмалары (сөж)
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік бер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру. Көркем мәтінмен жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру. Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Ертегі жанры, оның қаһармандарының ерекшеліктеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Көлемді шығармаларды таныту жолдары. Роман жанрын оқыту. Ғұмырнамалық шығармаларды таныту
- •Жазба жұмыстарының түрлері. Шығарма жаздыру. Оқулық, құрылысы
- •Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары. Көркемдік стиль
- •Әдеби бейне. Өлең және өлең сөз Мақсаты: Көркем бейненің идеялық-эстетикалық мәні, түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Троптың түрлері. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Тест сұрақтары
|
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
Пәннің оқу-әдістемелі кешені |
Басылым: үшінші |
__ КАОА 4224 Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)
Пән тақырыбының мәнмәтіні
1-дәріс. Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі – ғылыми пән. Қазіргі әдістеме ғылымының теориялық мәселелері. әдебиетті оқытуға қойылатын жаңа талаптар.
Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік беру
Әдістеме ұғымы, пәндерді оқытудың ерекшелігі
Әдеби білім берудің басты талаптары, ұстанымдары
Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың өзіндік ерекшелігі
Негізгі ұғымдар: әдістеме, әдеби талдау, білім жүйесі, кәсіби біліктілік, құзыреттілік, үздіксіз білім беру жүйесі.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері елдің санасында түбегейлі өзгерістер болды.Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа мүше етумен қатар, еліміздің ішкі нарығын да әлемдік деңгейге көтерді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелі – “Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы”. Бұл құжат еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау қажеттігінен туындайтын басты бағыт‑бағдарды айқындайды. Білім беруді дамытудағы негізгі мақсат – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бәсекеге қабілетті білім ордаларын қалыптастыру. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны саналатын жоғары, арнаулы, орта білім беру мекемелерінің жастарға сапалы білім беріп, ұлтжанды азамат етіп қалыптастыруда атқарар ролі зор.
Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлі оқу жүйесін орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыс істеуге көшу – қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, халықтық құндылықтарды – шынайы мәдени‑этникалық мұраларды жандандырып, ұлттық тектілікті сақтау жолындағы қадамдары алдымен білім мекемелерімен байланысты. Шәкірт мектеп табалдырығын аттап, сауат ашуға ден қоя бастаған кезден, сөз, тіл құпиясына бойлайды.
Әдебиет ‑ өнер, халықтың сана‑сезімін көркемдік ойлау қабілетін байытатын рухани дүние. Әдебиетте адамның ілгерідегі жақсылықты көксеген асыл арманы, ұшқыр қиялы, осы жолдағы күрес‑тартысы, халқымыздың басынан өткен әр қилы оқиғалар, ерлігі мен елдігі суреттеледі.
Әдебиет пәні білім беру жүйесінде мынадай мақсаттарды көздейді:
‑ ұлттық және жалпыадамзаттық әдеби дамуға тән сипаттардың ұқсастығы мен даралығын саралау үстінде, ұлттық, адамзаттық құндылықтарды, халықтық мәдениет пен салт‑дәстүрді құрметтейтін рухани кемелді, отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеу;
‑ көркем шығарма мәтіндерін мазмұн мен түр, негізгі әдеби‑тарихи мағлұматтар және теориялық‑әдеби ұғымдар бірлігі тұрғысынан игеру, әдебиет тарихы бойынша қажетті мәліметтерді, сондай‑ақ, әдебиеттану ұғымдарын пайдалана отырып, көркем шығармаларды оқу мен талдау дағдыларын меңгерту;
‑ көркем мәтінді сезімталдықпен қабылдауды, бейнелі ойлау жүйесі мен шығармашылық қиялдауды, оқырмандық мәдениет пен авторлық ұстанымды түсінуді; өнердің басқа түрлерінің ішіндегі әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері туралы алғашқы түсініктерді; оқушылардың көркем шығарманы өз бетімен оқуға деген қажеттілігін; шығармадағы нақты тарихи және жалпы көркем мазмұнды анықтай алуды; ауызша және жазбаша түрде өз түсініктерін беріп, қазақ әдеби тілін сауатты пайдалануды дамыту;
‑ шәкірттерге әдеби пәндер жүйесіне тән білім, іскерлік дағдыларды меңгерту, сондай‑ақ, сөйлеу және жазу әрекеттеріне бейімділігін, оқу үрдісінде өздігінен жұмыс істеуге бағытталған шығармашылық қабілетін жетілдіру, игерген білім, дағды іскерліктерін өмірлік тәжірибеде қолдана білуге үйрету.
Бұл мақсаттар әдебиетті оқыту үрдісінде өзара байланыста іске асады және осы негізде төмендегідей базалық біліктіліктер айқындалады:
көркемдік‑эстетикалық біліктілік ‑ әдеби шығарманы көркемдік тұрғыдан игеру дағдыларын қалыптастыру арқылы жастардың көркемдік‑эстетикалық талғамының, рухани‑адамгершілік қасиеттерінің өсуі;
құндылық біліктілік – жастардың өзін‑өзі және қоғамдық‑әлеуметтік ортаны дұрыс тани білуіне, дұрыс бағдар ұстануына ықпал ететін дүниетаным негіздерінің қалыптасуы;
оқу (интеллектуалдық) біліктілік – оқу үрдісінде мақсаттылық, жоспарлылық, жүйелілік, шығармашылық сипаттардың ұштасуы;
ақпараттық біліктілік ‑ әдеби‑мәдени дамуға байланысты жаңа ақпараттарды тиісті дерек көздерінен өздігінен іздеп табу, пайдалану іскерліктерінің қалыптасуы;
әлеуметтік біліктілік – жастардың әдеби‑көркемдік шындықты дұрыс түсіну және бағалау дағдыларын өмірлік тәжірибеде қолдана білуі, әлеуметтік ортада өз орнын табуға бейімделуі.
Әдебиетті оқытуда мынадай мәселелер шешімін табуға тиіс:
жастардың көркем шығарманы талғампаздықпен түйсіну, эстетикалық тұрғыдан қабылдау, эстетикалық‑бейнелілік жүйені талдай білу қабілетінің артуы;
түрлі ұлттар әдебиетіндегі тақырыптық‑идеялық, сюжеттік ұқсастықтарды, бейне жасаудағы типологиялық байланыстарды анықтай білу дағдыларының қалыптасуы;
көркем шығарманың өзге өнер туындылары қатарындағы даралық сипаттарын анықтай білуінің іске асуы;
көркем шығарманы тану арқылы қоғамдық‑әлеуметтік ортадағы өз орнын таба білуі;
эстетикалық талғам мен көркемдік таным дағдыларының қалыптасуы;
жастардың сөз мәдениетінің, тілдің талғамының орнығуы.
Тұжырымдама.
1. Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлі оқу жүйесін орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыс істеуге көшу – қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, халықтық құндылықтарды – шынайы мәдени‑этникалық мұраларды жандандырып, ұлттық тектілікті сақтау жолындағы қадамдары алдымен білім мекемелерімен байланысты.