
- •«Акпараттық технологиялар» кафедрасы
- •«Ақпараттық жүйелер негіздері» пәні бойынша
- •Алматы, 2013
- •2013-2014 Оқу жылына арналған
- •«Ақпараттық жүйелер негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
- •Жұмыс бағдарламасының жалпы сипаттамасы(силлабус) түсініктеме жазба
- •Жұмыс бағдарламасы бойынша жалпы мәліметтер
- •1.1. Пәнді оқытудың мақсаттары:
- •1.2. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •Пәннің аяқталуына байланысты студенттің білуі тиіс:
- •Пән тақырыптарын сабақтың жүргізілуі бойынша бөліп орналастыру
- •Сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары
- •Тәжірибелік сабақ тақырыптары
- •Соөж тапсыру графигі
- •Сөж өткізу графигі және кеңес беру уақыты
- •Негізгі әдебиеттер:
- •«Ақпараттық технологиялар» кафедрасы «ақпараттық жүйелер негіздері» пәні бойынша силлабус
- •Жұмыс бағдарламасының жалпы сипаттамасы(силлабус) түсініктеме жазба
- •Жұмыс бағдарламасы бойынша жалпы мәліметтер
- •1.1. Пәнді оқытудың мақсаттары:
- •1.2. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •Пәннің аяқталуына байланысты студенттің білуі тиіс:
- •2. Оқыту - әдістемелік қамтамасыздандыру ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Пән тақырыптарын сабақтың жүргізілуі бойынша бөліп орналастыру
- •Тақырыптар және оқылуы бойынша жіктелімі
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары
- •Тәжірибелік сабақ тақырыптары
- •Соөж тапсыру графигі
- •Сөж өткізу графигі және кеңес беру уақыты
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білімді бағалау жайлы ақпарат
- •Қорытынды баға
- •Білімгердің білімін бағалау критериі (жалпыланған)
- •Вск бойынша қорытындыны анықтау
- •Саясаты мен талаптары
- •Пән бойынша тапсырманы орындау мен өткізу графигі
- •Соөж өткізу графигі
- •2.Сөж өткізу графигі және кеңес беру уақыты
- •5.2 Қатынастардың қасиеттері
- •5.3 Қатынастармен орындалатын операциялар
- •6.3 Нормалды формалар
- •6.4 Екінші нормалоды форма (2нф)
- •6.5 Үшінші нормалды форма(3нф)
- •7.1 Реляциялы берілгендер қорына қол жеткізу.
- •Тәжірибелік сабақ жоспары тәжірибелік сабақ тақырыптары
- •Пәннің меңгерілуі бойынша әдістемелік ұсыныстар «Ақпараттық жүйелер негізі» (оқу -әдістемелік кешен бойынша)
- •Студенттің жазбаша жұмыстар (реферат, эссе, терминдермен, ұғымдармен жұмыстар жүргізу, курстық жұмыс) жазуына арналған әдістемелік нұсқаулар.
- •Білімгердің оқу жетістігін бағалау және бақылау бойынша материалдары
- •Оқытылатын пәнді бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу
- •Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер және зертханалар тізімі
- •Пәннің оқу және оқу –әдістемелік әдебиеттермен қамтылу картасы
Студенттің жазбаша жұмыстар (реферат, эссе, терминдермен, ұғымдармен жұмыстар жүргізу, курстық жұмыс) жазуына арналған әдістемелік нұсқаулар.
1. Рефераттар. Жоғарғы оқу орнында рефарат жазу теориялық білімді терең меңгеріп, берілген тапсырманы жан-жақты талдап меңгеруге бағытталған. Рефарат жазу – студентке ақпараттар ағымын еркін меңгеріп, керекті мағылұматтарды жинақтауға, материалдарды іріктеуге, кәсіби ойлауға, ғылыми- ізденушілік жұмыстың алғашқы белгілерін қалыптастыруға көмектеседі. Рефарат студенттің өзіндік жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады. Рефарат жазуға келесі талаптар қойылады:
1. Жұмыс жақсы теориялық деңгейде жазылуы тиіс, оны дайындауға оқулықтар,
оқу құралдары, баспасөз басылымдары, журналдар, газеттерді пайдаланылуға
болады.
2. Жұмыс өздігінше жазылуы тиіс, тақырыпты жан-жақты ашу нақтылығымен ерекшеленуі тиіс. Әдеби ө алынған материалдар таңдалған тақырыппен органикалық байланыста болуы және ө сөздерімен жеткізілуі қажет.
3. Қорытындыларды аргументтеу, ұсыныстар мен кеңестерді нақтылау.
4. Жұмыс нақты, сауатты тілмен жазылуы және дұрыс рәсімделуі қажет (титулдық беті, беттердің номерленуі тиіс және жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілуі тиіс).
Реферат 10-15 компьютерлік текст көлемінде орындалып, төмендегі ретте
орналастырылады:
титул (сыртқы) беті;
жоспар-мазмұны;
рефератты мәтіндік баяндау (жоспарда көрсетілген бөлімдер ретімен);
әдебиеттер тізімі;
жұмыста көрсетілген көрнекіліктер, таблица, сызбалар жұмыс соңына
қосымша ретіне жалғанады.
Реферат А4 форматындағы ақ қағаздың бір жағына жазылады. Жұмыстың әр бетінің жиектері: сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см, жоғарғы жағы – 2 см, төменгі жағы 2 см. Әрбір бөлім немесе тарау жаңа беттен басталады. Тақырып пен мәтін арасында бір жол таза қалдырылады. Кестелер немесе график, диаграммаларды жұмыстың соңына қосымша ретінде жалғанады немесе баяндау барысында сілтеуден кейін орналастырылады. Кестелерді бір беттен екінші бетке тасымалдауға, араларын бөлуге болмайды. Кесте, сурет немесе көрнекілік соңында аты сөзбен көрсетілуі тиіс. Қорғау ауызша түрде.Реферат жазуға қолданылған барлық материал жұмыстың мазмұнына сәйкес болуы керек, тақырыпқа қатысы жоқ артық мәліметтер мен материалдарды жазу қажет емес.
2. Терминдермен және ұғымдармен жұмыс, глоссарий. Курсты зерделеу барысында кездесетін терминдер мен ұғымдарды әдебиеттерден іріктеп ала отырып, студент оларды дәптерге жазып, оқытушыға тексеруге береді және ауызша жауап беруге дайын болуы керек. Семестр бойынша осындай 2 тапсырма қарастырылған (тапсыру уақыты – 9-шы,
12-апталардың аралығында).
3. Эссе жазу: эссе – белгілі бір мәселеге немесе тақырыпқа байланысты студенттің өз ойы, көзқарасы бойынша еркін түрдегі ойлары, очерктік пайымдаулары. Эссе тақырыбы әр студентке бөлініп беріледі немесе оқытушының мақұлдауымен 2-аптада студент өзі таңдап алады. Эссе жазуға қойылатын талаптар көлемі 5-7 баспа бет, қажетіне қарай әдебиет тізімі көрсетіледі. Эссені тексергенде тақырыптың толық әрі терең талдануына, пайымдаулардың нақтылығы, жүйелілігі мен реттілігіне ерекше көңіл бөлінеді. Әссе жазғанда белгілі фактілермен тексті ретсіз ұлғайтып, жекелеген сұрақтарды талғамсыз мазмұндай берудің қажеті шамалы.
«Қаржы -өнеркәсіптік топ капиталын бағалау» пәні бойынша дәріс мазмұны оқу бағдарламасымен белгіленіп, оның сәйкес болуы қадағаланса, студенттердің өзіндік жұмысының мазмұнын таңдауда біршама еркіндік болады. өзіндік жұмыстардың еріктілік сипаты студенттердің қызығушылығы, қабілеті, дербес бейімділігі, танымдық бастамашылығы мен дербестігі бойынша ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жалпы, студенттердің өзіндік жұмыстары кредиттік оқыту жүйесіндегі оқу үрдісінің басты бір бөлігі болып саналады. Кредиттік оқыту жүйесі білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде оқыту болып табылады. Студенттің оқытушының басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) – арнайы белгіленген уақытта алдарына қойылған дидактикалық мақсатты орындау үшін оқытушының ұйымдастыруымен жүретін білімді іздеуге оны ұғыну мен бекіту, біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту, алған білімдерді жинақтау және жүйелеуге негізделген студенттің іс-әрекеті. СОӨЖ кезінде студентке консультация беріледі, бақылау және орындалған жұмыстарға тексеру жүргізіледі. Студентің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – оқытушының тапсырмасымен және әдістемелік басшылығымен, оның тікелей қатысуынсыз орындалатын студенттің жоспарланған жұмысы. СӨЖ сабақтарының мақсаты – студенттердің кәсіби қызметіне қажетті гуманитарлық ойлау және интелектуалды қабілеттерін жаңа оқу пәнін меңгеруде қажетті жаңа білімдермен қаруландыру. СӨЖ арқылы студенттер жаңа материалдарды логикалық, өзара байланысты негізде меңгеруге дағдылануға және оқылған материалға талдау жасап өз ойын сенімді дәлелдей білуге үйренеді. Студенттердің өзіндік жұмыстарының мазмұнын пән бойынша берілген тапсырмалардың жекелеген бөлімінің немесе тақырыптарының негізгі мазмұны құрайды. Олар, ең алдымен, дәріс курсының материалдарын қайталауға және пысықтап, тиянақтауға, сондай-ақ ішінара пәннің дәріс курстарында қаралмайтын
бөлімдері бойынша қосымша білім алуға арналады. Әдістемелік нұсқау: сұрақ-жауап әдісі бойынша оқу тобы шағын топтарға бөлініп, қарастырылатын мәселелер жөнінде өзіндік пікірлері мен көзқарастары тыңдалады, түп-деректермен жұмыстарына көңіл бөлінеді.
«АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР НЕГІЗІ» ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМГЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау ақпараттық жүйе туралы студенттерге ғылыми фундаменталды білім беру, деректер қорын құру және өңдеуді меңгеру болып табылады.
«Ақпараттық жүйелер негізі» пәнін білімгер өзіндік жұмысы нәтижесінде деректер қорын және қор Пән бойынша талдау жасау, талдауды қолдана отырып тәжірибелік тапсырмаларды шешу, ғылыми баяндамаларды дайындау, рефераттарды, жеке аспектілер бойынша мақалаларды және тақырыпқа қатысты мәселерді қарастырады.
«Ақпараттық жүйелерінің негізі» пәнін оқытуда ақпараттық үрдістердің негізгі модельдерімен танысу, ақпараттық үрдістерді физикалық және арна деңгейінде ұйымдастыру, әр түрлі ақпараттық жүйелерді құрастырудың қазіргі әдістері мен модельдерін танысу өзіндік жұмыста да қарастырылған.
СӨЖ бойынша тапсырмаларды отырып, студент толыққанды дәрістік материалдармен, негізгі оқулық және қосымша әдебиеттермен, программалық жабдықтаулармен қамтылуы тиіс Программалық жабдықтауларды жұмыс барысында қолдну үшін және жұмысты жеңілдету үшін, жұмысты электронды тасымалдаушыға (диск DVD) алып келіп қолдану.
Ғылыми рефераттар, мақалалар, баяндамалар дайындау барысында, олардың ғылыми тұрғыда маңызы бар өзіндік жұмыс формасы екенін естен шығармау қажет.
Жұмысты жазу барысында негізгі және қосымша әдебиеттер маңыздысы болып табылады және сонымен қатар қаржы өнеркәсіптік топкапиталын бағалауда.
Ғылыми мақала немесе кіріспе баяндама жазу кезінде қорытынды және негзгі бөлімінде ужекеше көрсетілмейді (текст толығымен болады) бірақ, міндетті болуы қажет. Сілтеме әрбір бетте немесе мақаланың соңында беріледі. Көптеген жағдайда тоғыспайтын сандар сілтемесі.
Жазбаша жұмысты орындаған кезде қолданылған әдебиеттер тізімі болуы шарт.
Автордың аты –жөнін толығымен көрсетіп, жұмыс тақырыбын, орнын, шығарылған жылын, ал мақалаға – сол сияқты журнал атауын (газет), жылын, № (немесе шыққан күнін), мақала жарияланған бетін. Нормативті –құқықтық актілер үшін – олардың нақты аталымын, шығарылған мерзімін, басылым көзіне шыққан жылымен сілтеме жасау, басылым номері және мақала номері.
Міндеттілік, сапа және тапсырманы уақытында орындауы аралық бақылауды бағалау кезінде әсер етеді (аралық емтихан).
СӨЖ бойынша баяндама келесі тәртіпте ұсынылады:
Баяндама құрылымы:
Титулдық беті
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша ( графиктер, кестелер, т.б)
Баяндаманы безендіруге қойылатын талаптар:
Баяндама көлемі 10-15 парақ; Әріп көлемі – 14Times New Roman, Әдеттегі; жолдар арасында интервал -1,0; сол жақтағы жолдың көлемі -30мм ,оң жақ -10мм; Жоғары -20мм; төменгі 20мм. Текст парақтың бір жағына ғана теріліп жазылады; ескертулер де сол парақта жахылады. (1 интервалдан кейін,) Барлық беттер нөмерленеді, титулдық беттен бастап, нөмерленгенде цифрді, беттің жоғарысына дәл ортасына қояды, титулдық бетке бет нөмері қойылмайды. Әрбір жана бөлім жаңа беттен басталады.
Бөлім мен текст арасындағы қашықтық әрі интервалай болады. Бөлім аты жол ортасына жазылады соңында нүкте қойылмайды. Титулдық бет бірінші бет болғандықтан арнайы ережелерге сай жасалады. Жоғарғы жолда оқу орнының толық атауы көрсетіледі Ортанғы жолда реферат тақырыбы көрсетіледі.
Тақырып деп жазылмайды. Бұл атау тырнақшасыз жазылады. Төменірек жол ортасында жұмыс түрі және оқу пәні атауы көрсетіледі ( мысалға қаржы-өнеркәсіптік топтар капиталын бағалаудан баяндама.)
Баяндама
Баяндама бағалауға критерийлері:
тақырыпты зерттеу
тақырыпқа сәйкестігі
материалды қолданудың және жеткізудің логикасы 2-балл
жұмысты өз еркімен орындау 2-балл
ақпарат көздерінің дұрыстығы және толықтығы2-балл
жұмысты безендірудің стандартқа сай болуы 1-балл.
Барлық балл -10 балл
3. Блок сызбаларды тұрғызу бұл тапсырылған тақырыпты кестелер және графиктер түрінде көрсету. Мысалға ҚР қаржы жүйесінің құрылымы.
Кафедра отырысында
БЕКІТІЛДІ
«Ақпараттық технологиялар» кафедрасы
«Тұран» Университет» мекемесі
Хаттама №____ «____ »_________2013 ж.
Кафедра меңгерушісі
____________________Түсіпова С.А.