Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD OIS_ka1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
957.44 Кб
Скачать

Пән бойынша тапсырманы орындау мен өткізу графигі

  1. Соөж өткізу графигі

Тақырып атаулары

Апта

Жұмыс түрі

Еңбек сыйымдылығы

Қорғау формасы

Өткізу уақыты

1.

Ақпаратық жүйемен танысу және оны сипаттау

1-5

СОӨЖ

5 сағат

Ауызша және жазбаша түрде

3,4,5 апталарда СОӨЖ сабағында

aптада

2.

Ақпараттық үрдісті оптимизациялау есептерін шешу

6-10

СОӨЖ

5 сағат

Ауызша және жазбаша түрде

8,9,10 апталарда СОӨЖ сабағында

aптада

3.

Ақпараттық жүйелерді зерделеуге арналған қазіргі заманға сәйкес құралдар мен әдістерді меңгеру

11-15

СОӨЖ

5 сағат

Ауызша және жазбаша түрде

13,14,15 апталарда СОӨЖ сабағында

aптада

*Әдістемелік нұсқаулықты қараңыз.

2.Сөж өткізу графигі және кеңес беру уақыты

Тақырып атаулары

Апта

Жұмыс түрі

Еңбек сыйымдылығы

Қорғау формасы

Өткізу уақыты

1.

Ақпараттың анықтамалары.

Энтропия және ақпарат көздерінің сипаттамасы.

Үзілісті (дискретті) және үзіліссіз арналар бойынша ақпаратты таратудың жылдамдығы мен саны.

Өткізгіштік қабілет.

Математикалық философияның қалыптасу түсінігі.

Біртұтас ғылым құрудың когнитивтік жабдықтары.

Интеллекті картаға түсіру. Білімді ұйымдастырудың деңгейлік және салалық құрылымын анықтау.

Синергетика — жаратылыстанудың жаңа парадигмасы.

Сызықты емес ақпараттық жүйелер динамикасының ерекшеліктері.

Бифуркация теориясының элементтері. Аттракторлар.

1-5

СӨЖ

15 сағат

реферат

5-ші аптада

aптада

Кафедра графигіне сәйкес

2.

Ақпараттық динамикалық жүйелер Динамикалық хаос.

Фракталдық құрылымдар.

Таратылған ақраттық жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастыру.

Ақпаратты тарату кезіндегі динамикалық хаостың потенциалдық мүмкіндіктері.

Динамикалық ақпараттық жүйелер құрылымының негізгі элементтері.

Динамикалық ақпараттық жүйелер құрылымдарымен жүргізілетін операциялар.

Нейрожелілер мен динамикалық ақпараттық жүйелердегі есептеу үрдісінің келісімі

6-10

СӨЖ

15сағат

реферат

10-ші аптада

aптада

Кафедра графигіне сәйкес

3.

Катастрофа теориясының математикалық моделі.

Математикалық философияға аксиоматикалық негізде жақындау.

Өлшеу аспаптары мен өлшеу процедураларының түсінігі.

Сан мен сапаның өзара әрекеттестігі

11-15

СӨЖ

15сағат

реферат

15-ші аптада

aптада

Кафедра графигіне сәйкес

*Әдістемелік нұсқаулықты қараңыз.

Кафедра оқытушысы: __________________ Абдолдина Ф.Н.

«ТҰран» УниверситетІ» МЕКЕМЕСІ

Кафедра отырысында

БЕКІТІЛДІ

«Ақпараттық технологиялар» кафедрасы

«Тұран» Университет» мекемесі

Хаттама №____ «____ »_________2013 ж.

Кафедра меңгерушісі

____________________Түсіпова С.А.

ДӘРІСТІК КЕШЕН –КОНТЕНТ

(ДӘРІСТЕР ТЕЗИСЫ, ИЛЛЮСТРАТИВТІ ЖӘНЕ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ, ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ)

«АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР НЕГІЗІ»

«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫ

Мамандық: 5В070300- «Ақпараттық жүйелер»

Пән: Ақпараттық жүйелер негізі

Автор: т.ғ.к., «Тұран» университеті доценті Абдолдина Ф.Н.

Оқытылу технологиясы: кредиттік

Оқу бөлімі: күндізгі

Тіл бөлімі: қазақ

Студенттер білімін бағалау жүйесі: рейтингтік

Алматы, 2013

Дәріс сабақтарының тезистері

Дәріс 1 . Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар .

Экономикалық ақпараттық жүйелер (ЭАЖ) теориясы ақпарат бірліктерін, ЭАЖ-гі берілгендер модельдерін, ЭАЖ-ні сипаттаудың құрылымдық қасиеттерін оқытады. ЭАЖ теориясының түсініктері мен әдістері ЭАЖ-ні талдау мен құруда, яғни ЭАЖ мен берілгендер қорының құрылымын және жүйедегі берілгендерді ұйымдастыру әдістерін анықтауда қолданылады. Пәнді оқып, меңгерген маман теорияның негізгі түсініктерін нақты жұмыста (жүйені техникалық жобалау және жұмыс жобасы кезеңдерінде) пайдаланумен қатар, ”Берілгендер қорын жобалау”, ”Экономикада ақпараттық жүйелерді жобалау” және т.б. осы сияқты арнайы пәндерді оқып үйренуде дұрыс қолдана білуі қажет.

Экономикалық ақпараттық жүйелер теориясы ақпараттық жүйелердегі ақпаратты ұйымдастыру, сонымен қатар ЭАЖ-ді жобалау, пайдалану және дамыту процестерін тиімді жүзеге асыру мәселелерін оқытады.

Экономикалық ақпаратты өңдеу процесінің жекелеген компоненттері ұйымдастыру мен өзара әрекеттесудің жоғарғы дәрежесіне жетіп, енді нақты экономикалық объектте ақпаратты өңдеу құралдарының барлығын “Экономикалық ақпараттық жүйе” түсінігіне жинақтауға мүмкіндік береді.

    1. Ақпарат түсінігі

Кең мағынада ақпаратқа бір ғана нақты анықтама беру мүмкін емес.Бір жағынан, ақпарат ресурс ретінде (еңбек ресурсы, материалдық,қаржылық ресурстар сияқты) қарастырылуы мүмкін: бұл мағынада ақпарат-заттың, энергияның немесе ақпараттың өзінің түрленуімен байланысты процестерді жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа мәліметтер. Екінші жағынан, ақпарат көзі және қолданушысы бар ақпараттандыру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады: мұнда ақпарат-соңғы қолданушының білім қорын кеңейтуші мәліметтер.

Ақпараттың үш кезеңін бөлуге болады:

1)ақпараттың қабылдануы-мәліметтердің адам санасында оның түсініктер мен құндылықтар жүйесінде көрініс табуы;

2)құжаттағы ақпарат-қандай да бір физикалық тасығышта белгілер түрінде тіркелген мәліметтер;

3)беріліп жатқан ақпарат-ақпарат көзінен қабылдаушыға берілу кезінде қарастырылып жатқан ақпарат.

Ары қарай тек 2 және 3 кезеңдерді қарастырамыз.

Ақпараттың көпшілігі белгілер түрінде жиналады, беріледі және өңделеді. Белгілер-бұл ақпаратты тасымалдай алатын, жіберуші мен қабылдаушы арасында мағынасы келісілген белгілер (сигналдар). Аталған келісімдері бар белгілер жинағы белгілер жүйесі деп аталады.

Ақпарат жіберу көзінен қабылдаушыға дейінгі жолында бірнеше өзгертушілерден-код беруші, кодты қайта қалпына келтіруші құрылғылардан, ЭЕМ және т.б өтеді. Бұл кезде ақпараттың мағыналық қасиеттері маңызды болмай, ”ақпарат” түсінігі одан кеңірек “берілгендер” түсінігіне айналады.

Берілгендер – өзара логикалық байланысқан тұжырымдар, деректер немесе сандар жиыны. Лексикалық қатынастар тіл құрылымындағы тұрақты байланыстарды көрсетеді (бүтін-бөлік, тип-түр). Мәліметтердің жекелеген бөліктері арасындағы байланыстар синтаксистік қатынастармен көрсетіледі. Олар айнымалылар болып табылады.

Экономикалық ақпарат – бұл материалдық игіліктерді өндіру, тарату, айырбастау және тұтыну сияқты экономикалық процестер туралы ақпарат. Оны өңдеу үшін салыстырмалы түрде логикалық операциялары (реттеу, теріп алу, түзету) басым болатын қарапайым алгоритмдер қолданылады.

Экономикалық ақпарат келесі белгілер бойынша жіктеледі:

  • жүйеге қатысы бойынша – енетін, шығатын, ішкі;

  • уақыт белгісі бойынша – болжамды, ретроспиктивті (есепке алынған), мерзімді,мерзімсіз;

  • функционалды сипаты бойынша – яғни экономикалық объекттің функционалды жүйелері бойынша, мысалы, еңбек ресурстары, қаржы, жоспарлау, есепке алу,т.б.

Өңделу кезеңдерінің барлығына ортақ ақпарат өлшемін анықтау мүмкін емес, сондықтан ақпарат көлемі ретінде өңделетін белгілер саны алынады. Бірақ бұл көрсеткіш ақпараттық процестердің тек сыртқы жағын ғана сипаттайды.

1.2 Жүйе түсінігі

Жүйе деп бір бүтін ретінде әрекет ететін өзара байланысқан элементтер кешенін түсінеміз.Кез-келген жүйе келесі компоненттермен анықталады:

  1. құрылым – жүйе элементтерінің жиыны және олардың өзара байланысы;

  2. ену және шығу – жүйеге енетін немесе жүйеден шығатын материалдық ағым немесе мәліметтер ағымы. Енетін ағым-{xi} параметрлер жинағы, бұл параметрлердің мәндері барлық енетін ағымдар бойынша Х вектор функциясын құрайды. Қарапайым жағдайда x=f(t), ал маңызды жағдайларда –x=φ(x(t),t). Шығу функциясы Ү осыған ұқсас анықталады.

  3. жүйенің әрекет ету заңы – Ү=F(x) функциясы.

  4. мақсаты мен шектеулер. Жүйенің жұмыс істеу процесі u1,u2,…,uN айнымалыларының жиынымен сипатталады. Олардың бір бөлігі (әдетте біреуі) экстремалды мәнді қолдауы тиіс,мысалы,максимум u1. Бұл жағдайда u1=(x,Y,u2,u3,…,uN)-мақсатты функция болып табылады. Ол мақсаттың жүйенің жұмыс нәтижелеріне сәйкестілігін анықтайды. Көбінесе мақсатты функцияның жалпы аналитикалық және анық бейнесі болмайды. Басқа айнымалыларға қарапайым немесе функционалды (жалпа жағдайда екіжақтама) шектеулер қойылуы мүмкін.

Жүйенің жалпы қасиеттері келесідей:

  1. салыстырмалылығы – элементтер, өзара байланыстар, ену және шығу, мақсаттық функция мен шектеулер құрамы зерттеу мақсатына байланысты.

  2. бөлінгіштік - жүйені әрқашан салыстырмалы түрде өз бетінше өте алатын бөліктерге – ішкі жүйелерге бөлуге болады, олардың әрқайсысы өзінше жүйе болып табылады. Мұндай бөлуді жүйенің декомпозициясы деп атайды. Ол жүйені талдауды жеңілдетеді.

  3. Бүтіндік – ішкі жүйелер мен элементтердің қызмет ету мақсаттарының жүйенің жалпы мақсатымен сәйкес келуі.

Айта кететін жағдай, кез келген жүйенің қасиеттері оны құраушы элементтердің қасиеттерінен әдетте көп болады.

1.3. Экономикалық ақпараттық жүйе және оның мақсаты

Экономикалық ақпараттық жүйе – нақты өмірдің қандай да бір экономикалық объектінің іс-әрекеті туралы ақпараттың жиналу, сақталу, өңделу және таратылу қызметтерін жүзеге асыратын жүйе.

Ақпараттық жүйе нақты экономикалық объект үшін құрылып, объект элементтерінің өзара байланыстарының белгілі бір мөлшерде көшірмесін жасауы тиіс.

ЭАЖ-нің мақсаты:

  1. Берілгендерді өңдеу мәселелерін шешу – экономикалық объектті басқару үшін жалпы ақпаратты алу (үнемі немесе сауал бойынша) мақсатында экономикалық ақпаратты өңдеу және сақтау;

  2. Кеңсе жұмыстарын автоматтандыру – картотека жүргізу, мәтіндік ақпаратты өңдеу машиналық графика, электронды пошта және байланыс;

  3. Жасанды интеллект әдістеріне негізделген мәселелер – басқару шешімдерін қабылдау үшін. Олар шешім қабылдауда кәсіпорын мамандарының іс-әрекетін модельдейді.

1.4. ЭАЖ құру және оның қызмет ету қағидалары

1) сәйкестілік-ЭАЖ объекттің берілген тиімділікпен қызмет етуін қамтамасыз етуі тиіс;

2) үнемділік-объектте ЭАЖ-ні пайдаланудан түскен экономикалық табыс ақпаратты өңдеуге кеткен шығындардан артық болуы керек;

3) регламенттілік-ақпараттың неғұрлым көп мөлшерін кесте бойынша берілген мерзімдерде өңдеу;

4) өз-өзін қадағалау - берілгендерді өңдеу процестерінде жүйенің қателерді тауып, оны түзете алу қабілеті;

5) интегралдық-ЭАЖ-ге бір рет енгізілген берілгендерді көптеген мақсаттарда көп жақты пайдалану;

6) икемділік-ЭАЖ-нің сыртқы ортаның өзгеру жағдайларында тиімді нәтижелерге жету үшін өзінің құрылымы мен іс-әрекет заңдылықтарын өзгерту қабілеті.

ЭАЖ қызметінің сапасын бағалау келесі критерийлер кешенінде жүзеге асады:

-жалпы жүйе;

-жобалау сатысының жекелеген құраушылары;

-жүйені пайдалану сатысының маңызды компоненттері.

Әрбір критерий жүйенің жобалану немесе қызмет ету нәтижелері мен жүйенің алға қойған мақсаттары арасындағы сәйкестілік дәрежесін санмен анықтайды. Кең тараған типтік мақсаттар мен критерийлерді келесі бетте берілген кестеден көруге болады.

Келтірілген мақсаттардың бір уақытта орындалуы мүмкін емес, сондықтан, әдетте, негізгі критерий ретінде олардың біреуін таңдайды.

1.5. ЭАЖ жіктелуі (түрлері)

1. Мақсаты бойынша:

-Басқарушы ақпараттық жүйелер (кәсіпорындағы технологиялық процестерді басқару);

-Кәсіпорынды басқарушы мамандар ұжымына қызмет етуге арналған әкімшілік-ұйымдастырушылық типтегі жүйелер.

2. Функционалды сипаты бойынша:

АЖ-нің негізгі функциялары: ақпаратты жинау, сақтау және енгізу, түзету, теріп алу, баспаға шығару сияқты өңдеу операциялары. Бұл функциялармен қамтамасыз етілмейтін енгізілген ақпаратты шығатын ақпаратқа түрлендіру үшін қолданбалы бағдарламалар құрылады.

-Берілгендерді өңдеу жүйелері (БӨЖ). Бұл әртүрлі мақсаттағы қолданбалы бағдарламалармен толықтырылған ЭАЖ.

Қолданбалы бағдарламалар шығарылатын ақпарат элементтерінің мәндерін енгізілген ақпараттың белгілі мәндері бойынша, әдетте,экономикалық объектті басқаруды оптималдау әдістерін қолданусыз есептейді.

Мысалы, жалақы қорын есептеу, статистикалық есеп беру және т.б. БӨЖ басқару объектінің басқару ақпараттық қызмет көрсетеді. Ұсынылған ақпарат негізінде қабылданған шешім басқару объектіне БӨЖ көмегінсіз беріледі.Басқару объектінен басқару органына ақпарат кейде тікелей де берілуі мүмкін.

- Автоматтандырылған басқару жүйелері (АБЖ) – басқару шешімдерінен таңдау жасай алатын БӨЖ.

Жүйенің (дербес немесе мамандардың көмегімен) шешім қабылдауы математикалық әдістердің немесе басқару шешімдерін қабылдаумен айналысатын мамандардың іс-әрекетін модельдеудің көмегімен жүзеге асады.

Бұл бағыттың типтік мәселелері: материалдар мен жартылай өнімдер запастарын басқаруды оптималдау мәселесі.

қпараттық іздеу жүйелері АІЖ)-құжаттар жиынынан берілген ақпараттық сауалға жауап беретін немесе қажетті мәліметтері бар құжатты тауып беретін жүйелер.

Индекстеу-бұл келесі екі кезеңнен тұратын процесс:

А) берілген құжатта көрініс тапқан тақырыптарды анықтау;

Б) осы тақырыптарды АІЖ-де келісілген тілде бейнелеу және құжатпен байланысатын іздеу бейнелерінде жазу.

Іздеу құжаттардың іздеу бейнелерін сауалдың іздеу бейнелерімен сәйкестендіру арқылы жүзеге асады. бейнелердің толық немесе ішінара сәйкестігі анықталған кезде құжат сауалға жауап беретін болып табылады да, қолданушыға ұсынылады.

3.ЭАЖ-нің жұмыс режимі бойынша: дестелік және сұхбаттық.Дестелік режим кезінде жүйедегі берілгендер олардың көлемі белгілі бір мөлшерге жеткенше немесе көрсетілген уақытқа дейін жинақталады. Содан кейін жиналған ақпарат тізбектей орындалатын бағдарламалармен өңделеді. Мұндай режимнің мысалы – кәсіпорынның статистикалық есебінің жинақталып, топталуы. Берілгендерді дестелік режимде өңдеудің кемшіліктері: ақпаратты қолданушының өңдеу процесіне қатыса алмауы, басқарылатын объектте шұғыл шешім қабылдау мүмкіндігінің төмен болуы. Сұхбаттық режим қолданушы мен жүйе арасында мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. Оның артықшылыға-ақпаратты шұғыл өңдеу дәрежесінің жоғары болуы: қолданушы орындайтын командалар тізбегі қатаң берілмеген, керісінше алдында орындалған командалардың нәтижелеріне байланысты. Бұл жағдай көп вариантты логикалық мәселелерді шешу кезінде өте маңызды. Қолданушының мәселені шешудің неғұрлым тиімді вариантын анықтап, жүйе орындап жатқан іс-әрекеттерді үнемі қадағалап отыру мүмкіндігі бар. Типтік сұхбаттық мәселе ретінде бірнеше тұтынушы арасында ресурстарды үлестіру есептерін қарастыруға болады.

4. Есептеуіш ресурстардың үлестірілу әдісі бойынша локальды (дербес) және ЭАЖ: дербес жүйе есептеуіш қуаты шешілетін мәселелерге сай болатын бір ғана компьютерді қолданады. Таралымды жүйе әдетте жеке компьютерлерде жүзеге асатын және басқа жүйелерге байланыссыз өзінің дербес функцияларын орындай алатын ақпараттық жүйелердің біріккен жиыны болып табылады. Мұндай жүйелерді жасаудың негізгі мақсаты-ақпараттық қор мен есептеуіш ресурстарды ұжымдық қолдану. Жеке ақпараттық жүйелер әдетте бір-бірінен алшақ орналасқан.

Дәріс 2 . Ақпараттық жүйелердің түрлері .

ЭЕМ көмегімен кез келген мәселені шешу кезінде қажет болатындар:

  1. есептеу үшін нормативті-анықтамалық және бастапқы ақпарат;

  2. бағдарлама түріндегі есепті шешу әдісі (алгоритм);

  3. алгоритмді орындау үшін ЭЕМ;

  4. өзінің кәсіби қызметінде есептеу нәтижелерін пайдаланатын қолданушылар.

ЭАЖ –нің жұмыс істеуі үшін осыған ұқсас компоненттер қажет, бірақ олар ЭАЖ-де орындалатын мәселелердің әртүрлі болуына байланысты күрделірек болуы тиіс.

ЭАЖ-нің негізгі компоненттеріне біріге отырып берілгендерді сақтау және өзгерту жүйелерін құрайтын берілгендер қоры, концептуалды схема және ақпараттық процессор жатады.

Материалдық өмірде болып жатқан құбылыстардың барлығын мәліметтер арқылы бейнелеуге болады.

Мәлімет – табиғи немесе жасанды тілде ақпаратты бейнелеудің белгілік формасы, материалдық процестердің ақпараттық көрініс табуы.

Мәлімет табиғи тілде берілген кезде,көбіне юолып жатқан құбылыстың негізгі қасиеттері бөлінген форматталған мәлімет қолданылады.Онда қасиеттердің атаулары мен олардың мәндері келтіріледі.

Мысалы: Асанов Ж.А. 1998 жылдың 21.01. күні 30000 теңге жалақымен инженер қызметіне жұмысқа алынды.

Форматталған вариант: Аты-жөні Асанов Ж.А

Қабылданған күні 21.01.98

Қызметі инженер

Жалақысы 30000 тг.

Мұндай мәліметтер өте көп болуы мүмкін.Олар параметрлердің атаулары бойынша сәйкес келіп,мәндері бойынша ерекшеленеді.Бұл жағдайда оларды «Т» деп белгіленген кесте ретінде көрсеткен ыңғайлы.

Т

Аты-жөні

Қабылданған күні

Қызметі

Жалақысы

Асанов Ж..А.

21.01.98

инженер

30000 тг

Форматталған мәлімет- бұл ЭАЖ-де сақталып,,өңделетін мәліметтердің ішіндегі ең көп тараған түрі.Іс жүзінде форматтауға келмейтін экономикалық ақпарат та болады,мысалы,мекеме бойынша бұйрықтар.

Кез келген экономикалық жүйе- бұл өзара байланысқан ресурстар мен процестер жиыны.Ресурстар – жүйеде қолданылатын кез келген түсінік: ақпарат, қолданушылар,ақпараттық және бағдарламалық құралдар.Процесс-бір ресурстар жиынының екінші ресурстар жиынына өзгеруі(бұл негізінен ақпараттық ресурстарға байланысты).Бір уақытта бірнеше процестер жүзеге асуы мүмкін.

Өзара байланысқан ресурстар мен процестерді заттық облыстың терминдерімен сипаттауға болады.Заттық облыс-материалдық жүйелердің элементтері,олар туралы ақпарат ЭАЖ-де сақталып және өңделеді.

Барлық заттық облыстың ақпараттық сипаттамасы бір немес бірнеше берілгендер қорынан тұратын ЭАЖ қорында жинақталған.Заттық облысты сипаттау үшін келесі терминдер қолданылады:

1.Обьект – қандай да бір жүйенің кез келген элементі.Бұл түсінік физикалық обьекттер жиынын қамтиды.Жеке алынған зат обьектің экземплярі болып табылады.Берілген принцип бойынша пайда болған обьектер жиыны Обьектер жиыны болып табылады.Экземплярларды қандай да бір жиындарға бастапқы топтастыру жіктеу(классификация) деп аталады.Обьектер типі «элементтері басқа ішкі жиын болып табылатын жиын» принципі бойынша жаңа типтерді құру үшін біріктірілуі мүмкін.

Экономикалық сала обьектері 3 үлкен типке топтастырылған: өндіріс құралдары(негізгі қорлар),еңбек заттары(айналым құралдары) және орындаушылар.

2. Обьект қасиеті – кез келген уақыт мезетіндегі обьекттің күй-жайын сипаттайтын шама.Обьекттің жеке экземплярінің қасиеттерінің жеткілікті санын көрсету арқылы оны толық сипаттауға болады.Егерде қандай да бір қасиетінде өзгешелік болса,обьекттің екі экземплярі өзгеше болып табылады.Бір класстың обьекттері аттас қасиеттерімен сипатталады.Қандай да бір типке енетін обьекттердің осы типке бірнеше қасиеттері болады.Бұл принцип қасиеттердің тұқым құалауы деп аталады.

3.Обьекттердің өзара әрекеттесуі – бірнеше обьекттің кеңістік пен уақыт бойынша жүретін қандай да бір процесске қатысу факті.

4.Өзара әрекеттесу қасиеті – обьекттердің бірлескен әрекетін сипаттайтын,бірақ жекелей алғанда ешқандай обьектке жатпайтын қасиеті.Заттық облыстың процестері мен обьекттерін сақталатын белгілермен толық бейнелеу мәселесі ақпараттық жүйеде келесі ретте орындалады:

1) Обьекттің немесе процестің бейнеленуі оның қасиеттерінің көрсетілуімен анықталады;

2) Қасиеттердің ақпараттық бейнеленуі ретінде атрибуттар алынады;

3) Обьект экземплярі берілгендер қорында <атрибут аты, атрибут мәні> жұбымен бейнеленеді,мұнда атрибут атаулары өзгеше және обьект қасиеттерінің атауларына сәйкес болып тпбылады.

4) Обьект мәнін қандай да бір қасиеттер жиыны көмегімен көрсету обьекті сипаттаушы қасиеттерді кеңейту арқылы жүзеге асады.Мұнымен обьект мәні толығырақ ашылады.

Обьектті сипаттайтын қасиеттер жиыннан берілген обьект экземплярін кез келген басқа обьекттерден мәні бойынша ажырату мүмкін болатын идентификаторлық қасиетті бөліп қарастырады(соның ішінде осы экземпляр енетін класс шеңберінде).Атаулары әртүрлі болып келетін қасиеттер жиынның көмегімен де обьекттерді идентификациялауға(ажыратуға) болады.

Заттық облыс ретінде ЭАЖ-ң өзін қарастыруға болады.

ЭАЖ-ң компонеттері (БҚ бағдарламалық жабдықтар) физикалық обьект болып табылмайды,сондықтан ЭАЖ-ң ақпараттық бейнесі мета ақпарат(ақпарат туралы ақпарат) болып табылады.

Төменде келтірілген кесте ЭАЖ компоненттерінің топтастыруын олардың құрамы тарапынан көрсетеді:

Берілгендер/Үлкен берілгендер

Жүйе/процесс

Есептеуіш жүйе

Сыртқы орта

1.Атрибут

2.Қатынас

3.Көрсеткіш

4.Берілгендер қоры

5.Кілт

6.Сызба

7.Ішкі сызба

1.Ішкі мәселе

2.Мәселе

3.Бағдарлама

4.Тапсырма

5.Транзакция

1.Физикалық құрылғы

2.Терминал

3.Желі(канал)

4.ЭЕМ желісінің торабы

1.Қолданушы

2.Берілгендер қорының әкімшілігі

Осылардың ішінен бірнешесін қарастырайық.

ЭАЖ ішіндегі элементтер (қарапайым) процестер:

-Тапсырма(пакеттік өңдеу кезінде)-көрсетілген ретте орындалатын бір немесе бағдарламалар;

-Транзакция (сұхбаттық өңдеу кезіндегі әрекеттесу)- ақпараттық процесстің бір командасы (бұйрығы).

Мәселені келесі тараптардан қарастыруға болады:

1)Оның экономикалық мазмұны тарапынан.Мәселенің мағыналық жағын анықтау экономикалық обьект пен басқару жүйесінің бөлімдерін басқару функцияларының бөлінуімен байланысты.Мұнда қарапайым процесс ретінде қандай да бір басқару функциясын іске асыратын экономикалық мәселе қарастырылады.

2)ЭЕМ-де іске асыру тарапынан мәселе-бұл бекітілген шығатын ақпарат ағымын құруды жүзеге асыратын белгілі бір бағдарламалар тізбегі.

Мәселелерді жүйелерге топтастыру негізгі басқару функцияларының топтастырылуына сәйкес келеді.

Ақпараттық жүйе қолданушыларын келесі 5 типке бөлуге болады:

1.Кездейсоқ,олардың ЭАЖ-мен әрекеттесуі қызметтік міндеттермен анықталмаған;

2.Параметрлік,күнделікті регламенттелген әрекеттер бойынша нақты анықталған қызмет саласына сәйкес жұмыс істейді;

3.Талдаушылар мен зерттеушілер,әрекеттесуі болжауға келмейді;

4.Қолданбалы программистер,берілгендер қорына сауалдар беру үшін бағдарламалар жасайды,кейін бұл бағдарламаларды параметрлік қолданушылар пайдаланады;

5.Жүйелі программисттер,берілгендер қорын басқару жүйелерімен операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейтетін қызметтік бағдарламалар жасайды.

Берілгендер қоры әкімшілігі – берілгендер қоры қолданушыларына қызмет көрсететін маман немесе мамандар тобы.Әкімшілік ақпарат жинау,берілгендер қорын жобалау мен пайдалану,берілгендердің тұтастығын және сақтығын қамтамасыз ету процестерін басқарады. Ол қолданушылардың қазіргі және болашақтағы сауалдарын ескеруі тиіс.

ЭАЖ-де сақталып,өңделетін ақпаратты сипаттау әртүрлі деңгейде жүзеге асады:

1)сыртқы деңгей – соңғы қолданушының ақпараттық қажеттіліктерін сипаттау;

2)концептуалды деңгей – ақпараттық қажеттіліктерді ЭАЖ деңгейінде сипаттау;

3)ішкі деңгей – ЭЕМ жадында ақпаратты сақтау мен оған қол жеткізу әдістерін сипаттау.

Жеке қолданушының ақпараттық қажеттіліктері берілгендер қорының қандай да бір бөлігіне ғана қатысты.Ол қажеттіліктердің сипаттамасы ЭАЖ-де сақталған берілгендерге сәйкес келмеуі де мүмкін.Сыртқы сипаттама түсініктердің кез келген аппаратын қолдана алады.Сыртқы сипаттамаға қойылатын негізгі талап-оның концептуалды сипаттамаға түрлену мүмкіндігі.Концептуалды деңгейдің негізгі мақсаты-кез келген сыртқы сипаттама берілгендер қорының бөлігі болатындай бейне жасау.Сыртқы сипаттамалардың бірігу процесінде әр түрлі қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктеріндегі қосмағыналық пен қарама-қайшылықтар жойылады.Берілгендер қорының бөліктері болып табылатын көптеген сипаттамалар мен берілгендер қорын толығымен сипаттайтын бір ғана концептуалды сипаттама болуы тиіс.

Есептер генераторы деп аталатын қолданбалы бағдарламалардың кейбірін пайдалану үшін сыртқы сипаттама жеткілікті.Енуші ақпарат ағымы мамандарына пайдалануына ыңғайлы есептер түрінде рәсімделетін шығатын ақпарат ағымына түрленеді.

Концептуалды сипаттама берілгендер қорының толық ақпараттық мазмұнын берілгендерді физикалық сақтау әдісімен салыстырғанда абстракты формада сипаттайды.Онда өңделетін ақпараттың құрылымы туралы мәліметпен бірге оны өңдеу технологиясы туралы мәлімет те қажет.Концептуалды деңгей берілгендер қорын басқару жүйесін бағдарламалық қолдауды пайдалану үшін жеткілікті болып табылады.Бұл жағдайда оны нақты берілгендер қорын басқару жүйесін талаптарына сай түрлендіру қажет.Мұндай түрлендіруден кейін бұл берілгендер қорын басқару жүйесін қолдану тиімділігінің артуы мүмкін,жүйенің бағдарламалық жабдықтарын жасау мәселелері шешіледі,ЭАЖ жасау мерзімі қысқарады.

Концептуалды сипаттамаға тұрақтылық талабы қойылады.Бұл заттық облыс өзгерістері концептуалды сипаттаманың түзетілуіне алып келуі міндетті емес екенін білдіреді.Сипаттама неғұрлым абстрактылы болуы тиіс,яғни берілгендерді өңдеу әдістерін бағдарламалық жүзеге асырудан келіп шығатын шектеулері болмау қажет.

Берілгендерді өңдеуге олардың ережелері берілгендер модельдерінде болады,ал нақты ЭАЖ үшін ақпаратты сипаттау бейне,сызба немесе құрылым деп аталады.

Берілгендер моделінің 3 түрі бар: реляциялық,желілік,иерархиялық.Олардың мүмкін ақпараттық құрылымдарының жиыны әр түрлі.Жалпы,әрбір берілгендер қорын басқару жүйесінде жеке өзіндік моделі болады.Алайда,берілгендер қорын басқару жүйесін жасау кезінде жүйенің бағдарламалық жүзеге асуын ыңғайландыру үшін берілгендер моделі өзгеріске ұшырайды.

Ішкі сипаттама берілгендерді ЭЕМ жадында ұйымдастыру мен оларға қол жеткізуді ұйымдастыруды анықтайды.Ол берілгендерді жүйеде өңдеу процестері туралы кеңірек мәлімет береді.

Егер ЭАЖ нақты БҚБЖ-ң қолдану арқылы құрылған болса,онда ішкі сипаттаудың қажет параметрлері көп болмайды.Егер берілгендер қорын басқару жүйесі ЭАЖ-ге қойылатын талаптардың барлығын орындай алмаса,онда ішкі деңгейде сипаттауды қолдау үшін ерекше бағдарлама жасау керек(берілгендерге қол жеткізу,стандартты емес өңдеу және т.б).

Егер сақталып тұрған берілгендер қорының құрылымы өзгеретін болса(мысалы,берілгендерге қол жеткізуді тездету мақсатында),онда концептуалды деңгейдің өзгеріске дейінгі барлық талаптары қамтамасыз етілуі тиіс.

Сипаттаудың бірнеше деңгейі ЭАЖ жасау процесін бірнеше қарапайым сатыларға бөлуге мүмкіндік береді,сонымен қатар берілгендерді өңдеу саласында арнайы дайындығы жоқ қолданушылар мен мамандардың ЭАЖ-ң құру процесінде қатысу мүмкіндігі туады.

ЭАЖ-ң өмірлік циклында келесі жүйені жасау және пайдалану сатылары мен кезеңдерін бөліп қарастырады:

1.ЭАЖ-ң құрастыру(жасау) сатысы-бұл әлі жасалмаған жүйенің әр түрлі тілде және әр түрлі бөлшектеу деңгейінде сипатталу процесі,оның барысында жобалық шешімдер оптималданады.Жобалау процесінде келесі кезеңдер бөліп қарастырылады:

а)жүйеге қойылатын талаптарды анықтау және талдау;мұнда қолданушылар тарапынан жүйеге қойылатын талаптар тіркеліп,оларға талдау жасалады,ақпараттық қажеттіліктер сәйкестеліп,берілгендер қорының бірегей мағынасы қамтамасыз етіледі;

б)концептуалды жобалау-берілгендер қорының құрылымын есептеуші жүйеге,берілгендер қорын басқарушы жүйеге және жүйелік бағдарламалық жабдықтауға тәуелді болмайтындай етіп жасауға мүмкіндік береді;

в)жүзеге асыруды жобалау-таңдалып алынған БҚБЖ-не қатысты берілгендер қорының құрылымын және негізгі қолданбалы бағдарламаларының құрылымын жобалау;

г)физикалық жобалау – ЭЕМ жадында берілгендерді сақтаумен және оларға қол жеткізумен байланысты БҚ параметрлерін анықтау,сонымен қатар қолданбалы бағдарламалардың жұмысын тексеру.Осы кезден бастап берілгендер қорын нақты мәліметтерімен толықтырып,жүйенің жұмыс режимінде жұмыс істеуі мүмкін.

2. Пайдалану сатысы – алдында қабылданған жобалық шешімдерді өзгертуді қажет етпейтін ЭАЖ-ң тұрақты жұмыс істеу процесі.Пайдалану сатысы мерзімді түрде жүйені жаңарту сатысымен,яғни ЭАЖ-ң жеке компоненттері бойынша жобалық шешімдерді түзету процесімен бөлініп тұрады.

Дәріс 3 . Ақпараттық жүйелердің анализі мен синтезі

Алдыңғы тақырыптарда айтып өткеніміздей,ақпараттың негізгі бірліктері: атрибут пен ақпараттың құраушы бөліктері(АҚБ).

Атрибут бағдарламалау тілдеріндегі айнымалыға сәйкес келеді де атауы мен мәні болады.Атауы- берілгендерді өңдеу процесіндегі атрибуттың шартты белгіленуі.Атрибут мәні- обьекnтің, процестің,құбылыстың нақты жағдайлардағы қандай да бір қасиетін сипаттайтын мөлшер.Атрибуттың барлық мүмкін мәндерінің жиыны(анықталу облысы) осы атрибуттың домені деп аталады.

Формальды түрде Х атты атрибутты (x,z) жұбы түрінде келтіруге болады,мұндағы z- Z жиынның элементі, Z-X атрибуттың домені(анықталу облысы), z-белгілі бір уақыт мезгіліндегі X атрибутының мәні.

Доменді анықтау деген оның аты мен мәндерінің тізімін көрсетуді білдіреді.Егер домендегі мәндер саны көп болмаса,ол тізімді айнымалыларды сипаттау кезінде көрсетуге болады,мысалы, бағдарламалау Pascal тілінде:

type

day =1..31;

month =1..12

year =1900..2000;

Егер мәндерді тізіп шығу мүмкін болмаса,домен үшін оның типі мен қажет болған жағдайда мәнінің ұзындығы көрсетіледі,мысалы:

Var

Family:string[20];

Summa:real;

Соңғы жағдайда фамилиялар доменіне мағынасыз(АБВГР) элементтер де түсіп қалуы мүмкін,бірақ мұндай жағдайлар доменді анықтау кезінде алдын-ала ескеріле бермейді.

Егер доменде белгілі бір класс элементтерін тізіп шығу керек болса,онда обьекттер мен оның класстарының шартты белгілерінен тұратын классификатор жасау қажет.

Топтастыру және код беру жүйелерінің қарапайым түрлері:

1.Топтастыру қажет емес жағдайда обьектер номерленеді де,әрбір обьектінің коды ретінде оның реттік номері алынады.Бұл жүйе реттік деп аталады.

2.Обьекттер жиыны бір белгісі бойынша топтастырылады: обьекттің коды сипаттаманың мәндерінің саны бойынша бөлікке (серияға) бөлінеді, ал әр серия шеңберінде реттік номерлер қолданылады.

3.Бірнеше топтастыру белгілері пайдаланылады: олардың өзара бағыныштылығы обьекттің типінің, класының, класс ішіндегі түрлерінің және т.б бөлінуіне сәйкес келеді. Мұнда разрядты код беру жүйесі қолайлы.

Разрядты код беру жүйесі бірнеше өзара бағынышты қасиеттермен анықталатын обьекттерге код беру кезінде қолданылады. Кодталатын обьекттер топтастырулық белгілері бойынша әр топтастыру деңгейінде жүйелендіреді. Әр белгіге коды бірден басталатын нақты разрядтар саны анықталады. Кіші белгілері бойынша жіктеу топтары өзінен жоғары белгінің кодына байланысты анықталады.

Егер бірнеше атрибуттың мәні бір доменмен анықталса , олар рөлдік деп аталады. Мысалы, Family доменімен келесі атрибуттар анықталуы мүмкін: СТУДЕНТ, АВТОР, САЙЛАУШЫ, ЖҰМЫСШЫ. Бұл рөлдік атрибуттар. Ал ЖҰМЫСШЫ_АТЫ, ЖҰМЫСШЫНЫҢ_ТАБЕЛЬДІК_НӨМІРІ атрибуттары бір адамның қасиеттерін сипаттап тұрғанымен, рөлдік емес.

Затты сипаттап тұрған атрибуттардың ішінде мәні затты нақты анықтайтын атрибуттарды (идентификаторды) бөлуге болады. Олар обьекттердің идентификациялық сипаттарына сәйкес келеді. Мысалы, ФАМИЛИЯ – идентификатор емес, себебі бірнеше жұмысшының фамилиясы бірдей болуы мүмкін, ал ТАБЕЛЬДІК_НӨМІР - идентификатор, себебі бір кәсіпорын шеңберінде жұмысшыны нақты анықтайтын атрибут.

Ақпараттың құраушы бірліктері (АҚБ) – бұл атрибуттар немесе басқа АҚБ жиыны. АҚБ анықтамасы рекурсивті. Берілгендер қоры да АҚБ түріндегі ақпарат бірлігі екендігін атап өтейік.

Атрибуттар жиыны бір АҚБ-не келесі белгілері бірігеді:

- сәйкес атрибуттар бір фактты немесе экономикалық процесстерді сипаттайды;

- АҚБ-не кіретін атрибуттар бір уақытта пайда болады да, өзара арифметикалық немесе логикалық қатынастармен байланыста болады.

АҚБ-ның қарапайым сипаттары атымен, құрылымымен және мәнімен беріледі. Аты – ақпаратты өңдеу процесінде АҚБ-ны белгілеу. Құрылым – бір ақпарат бірліктерінің келесі ақпарат бірліктерінің құрамына енуі.

АҚБ аппараты экономикалық құжаттардың құрылымын сипаттауға арналған. Құжат- белгілі бір ретте рәсімделген және заңды күші бар ақпараттың материалдық тасушысы (әдетте қағаз түрінде).

АҚБ құрылымын сипаттау:

Нақты бағдарламалау тілдеріне және БҚБЖ-не байланысты емес АҚБ құрылымын сипаттау үшін оның атауынан кейін оған енетін атрибуттар мен АҚБ атауларының тізімін көрсетсе жеткілікті. Тізімді дөңгелек жақшалардың ішіне алып жазады. АҚБ атауына қосып оның өлшемін, яғни осы АҚБ-ң құрлымы бірдей мәндер санын, көрсетуге болады. Өлшемі 1-ге тең болса, оны көрсетпеуге де болады. Өлшем сипаттамасы мен құрылым сипаттамасы арасында нүкте қойылады.

Мысалы: Жалақы беру тізбесі.

Бөлім

Күні

067

20.12.2004

ТІЗБЕ №

КЕСТЕ

Аты-жөні

Таб номер

Сумма

Асанов А.

67005

45000

Ахметов Ж.

67014

47200

Кестелердің атауы болмайды. Құжат элементтерінің атаулары машинамен өңдеу кезінде қолданылады. ТІЗБЕ АҚБ-ның құрамына БӨЛІМ және КҮНІ атрибуттары бар, ал КЕСТЕ АҚБ-ның құрамына АТЫ ЖӨНІ, ТАБ НОМЕР және СУММА атрибуттары бар. Сонда АҚБ құрлымы келесі түрде сипатталып жазылады:

ТІЗБЕ: ТІЗБЕ (БӨЛІМ, КҮНІ, КЕСТЕ(2)). (АТЫ ЖӨНІ, ТАБ НОМЕР, СУММА)

АҚБ мәндеріне анықтаманы оның құрамына енетін ақпарат бірліктерінің мәндеріне сүйеніп беруге болады. Басқа АҚБ құрамына енетін АҚБ мәнін рекурсивті түрде анықтауға болады, алайда оның өлшемін ескеру қажет. Сонымен қатар, басқа АҚБ құрамындағы АҚБ мәндерінің жиыны үшін тағы бір түсінік қажет. Ондай түсінік жиылыс, яғни жоғары дәрежелі АҚБ құрамындағы АҚБ мәндерінің жиыны, АҚБ жиылысындағы мәндер саны оның мөлшеріне тең.

Қорытындылай келе, АҚБ мәні деп оған енетін атрибуттар мәндерінің жиыны мен оған тікелей кіретін АҚБ жиылысының жинағын айтамыз. ЭЕМ жадына сақтау кезінде АҚБ-ң бір мәнін жазба, деп атаймыз.

Қазіргі кезде барлық бағдарламалау тілдері АҚБ құрылымын сипаттау құралдарымен жабдықталған. Осындай сипаттауларды Pascal және FoxPro бағдарламалау тілдерімен жасап көрейік:

Pascal FoxPro

Type Файл Vedom

Tablice = Record Podr – Numeric -3

FIO: String[20]; Dat_ved- Data -8

Tab_nurn: Word; Inf- Character- 12

Summa: Real

End;

Vedom = Record Файл Tabl

Podr. Word; FIO- Character -15

Dat_ved: String[8]; Tab_nurn- Numeric- 6

Tabl: Tablica Summa- numeric- 8.2

End;

АҚБ-нің бірнеше түрлері болуы мүмкін: қолданушылар тарапынан олар құжат пен көрсеткішке бөлінсе құрастырушылар тарапынан қатынастар мен веерлік қатынастарға бөлінеді.

Ақпарат бірліктерінің негізгі қасиеттері – атауы, мәні, құрылымы – жоғарыда аталып өтті.Атауымен жасалатын операциялар: атауын өзгерту(басқа жаңа атау беру) және синоним хабарлау (ұқсас жаңа атау беру).Мәндерімен жасалатын операциялар: кодын өзгерту, теріп алу, түзету.

Экономикалық құжаттарды талдау кезінде құжатты көрсеткіштер деп аталатын мағынасы бар элементар бөліктерге (фрагменттерге) бөлу мәселесі тұрады.Бұл барлық қолданушылар үшін бірдей түсінікті болып, әртүрлі құжаттар арасында өзара мағыналы байланыстар орнатуға және алынған нәтижелерді берілгендер қорының құрылымын анықтауда пайдалануға мүмкіндік береді.

Көрсеткіш – бұл қандай да бір объекті немесе құбылысты бейнелейтін сандық параметрлердің толық сипаттамасы.Кездейсоқ таңдалып алынған қасиеттің сәйкес сипаттамасы атомарлық факт деп аталады.

Материалдық процестердің сандық және сапалық қасиеттері болуы мүмкін.Осыған сәйкес қандай да бір объектің сандық және сапалық қасиеттерінің ақпараттық бейнесі ретінде сипаттаушы атрибуттар мен негізгі атрибуттарды ажыратады.

Көрсеткіштің құрамына бір негізгі атрибут және бірнеше сипаттаушы атрибут енуі қажет.Ақпарат бірлігі ретінде көрсеткіш АҚБ түрі болып табылады.

Көрсеткіштің құрылымы: П.(Р 1,Р2 ..., Рк, Q), мұндағы Q – негізгі атрибут, Р1,Р2 ..., Рк – сипаттаушы атрибуттар. Сонымен көрсеткіштер объектер мен құбылыстардың сандық қасиеттерін бейнелейді.

Кейде құжаттарда негізгі атрибуттар болмауы мүмкін (мысалы, кадр есебінің анкетасы), яғни барлық экономикалық ақпарат көрсеткіштер түрінде бола бермейді.

Көрсеткіш атрибуттарының минималды жиыны келесіден тұрады:

1)объект ақпаратын бейнелейтін атрибуттар;

2)уақытты бейнелейтін атрибуттар;

3)объектің қандай да бір сандық қасиетін бейнелейтін атрибуттар.

Атрибуттың негізгі немесе сипаттаушы екенін білу үшін келесі заңдылықтарды пайдалану қажет:

1.егер атрибут бастапқыберілген мән немесе арифметикалық операциялардың нәтижесі болса,онда негізгі атрибут болып табылады.

2.егер атрибут мәні мәтін болса, онда ол – сипаттаушы атрибут.

3.егер атрибут затты белгілесе, ол – сипаттаушы атрибут.

4.егер атрибут қандай да бір көрсеткіште сипаттаушы болса,онда ол басқа көрсеткіштерде де сол рөлде қалады.

5.егер көрсеткіштер ұқсас процестерді бейнелейтін болса, олардың сипаттаушы бөліктері сәйкес болуы мүмкін.

6.егер көрсеткіштің негізі басқа негіздердің мәндері бойынша анықталса, онда мұндай көрсеткіштің сипаттаушылар жиыны сол негіздермен байланысты сипаттаушылардың бірігуі болып табылады.

Берілгендер қорын жасаудың критериі ретінде сақталатын ақпараттың барынша минималды болуы , яғни «Әрбір мәлімет берілгендер қорында тек бір рет сақталуы тиіс» деген қағидаға сәйкес келуі алынады.

Мысалы жоғарыда келтірілген АҚБ үшін бір көрсеткіш:

П.(БӨЛІМ, КҮНІ, АТЫ_ЖӨНІ, ТАБ_НОМЕР, СУММА) берілгендер қорындағы бір жазбаға сәйкес келеді.Мұндағы БӨЛІМ, КҮНІ, АТЫ_ЖӨНІ, ТАБ_НОМЕР – сипаттаушы атрибуттар, ал СУММА – негізгі атрибут.

Көрсеткішті АҚБ-нің ерекше түрі ретінде қарастыру себебі, көрсеткіш өз бетінше құжат жасауға жеткілікті мағыналы ақпаратты қамтитын атрибуттар тобы болып табылады.

Экономикалық процестерді , яғни объектердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын көрсеткіштер үшін олардың келесі құрамдас бөліктерін бөліп қарауға болады.

1.көрсеткіштегі негізгі атрибутты алудың алгоритмін көрсететін формальды сипаттама;

2.процеске қатысатын объектер тізімі;

3.процесс атауы;

4.негізгі атрибуттың өлшем бірлігі;

5.уақыт мезетін немесе мерзімін анықтау;

6.басқару функциясының атауы;

7.сипатталып жатқан процесс өтетін экономикалық жүйенің атауы .

Көрсеткішті нақты белгілеу үшін аталған бөліктердің барлығын көрсету – міндетті.Сипаттаушы атрибуттар процеске қатысатын объектер тізімі мен уақыт мезгілін(мерзімін) міндетті түрде көрсетуі қажет. Өлшем бірлігін көрсететін сипаттама да жиі кездеседі, ал басқа сипаттамалар оның атауымен беріледі.

Экономикалық көрсеткіщтер мен айнымалы индекстер арасында ұқсастық бар. Жалпы жағдайда айнымалы негізгі сипаттама болып табылады да, ал индекстер сәйкес негізгі атрибуттардың мәндері болып табылады.

Мысалы, қоймаға келіп түсетін тауарлар қабылдау құжаты (приходной ордер)

КҮНІ

ЖАБД

15.10.04

7581

ПРИХ

НОМЕР

САНЫ

БАҒАСЫ

СУММА

3521

100

300

30000

4685

200

200

40000

7791

150

100

15000

КҮНІ

ЖАБД

10.11.04

7795

ПРИХ

НОМЕР

САНЫ

БАҒАСЫ

СУММА

3521

50

300

15000

4685

100

200

20000

Бұл құжаттарда келесі белгілер қабылданған: ЖАБД – жабдықтаушы коды, НОМЕР – тауардың номенклатуралық номері, САНЫ – келіп түскен тауар саны, БАҒАСЫ – тауар бірлігінің бағасы, СУММА – тауардың қабылдау ордері бойынша жалпы құны, оны СУММА = САНЫ * БАҒАСЫ формуласымен есептейді.

Екі қабылдау ордерінен тұратын АҚБ құрылымы төмендегідей:

ПРИХ(2).(КҮНІ,ЖАБД,КЕСТЕ(3).(НОМЕР,САНЫ,БАҒАСЫ,СУММА))

Атрибуттар КҮНІ,ЖАБД, НОМЕР,САНЫ,БАҒАСЫ,СУММА. Негізгі атрибуттар – САНЫ,БАҒАСЫ,СУММА, сипаттаушы атрибуттар – КҮНІ, ЖАБД, НОМЕР.

Осы атрибуттарды пайдаланып келесі көрсеткіштерді алуға болады:

П1.(НОМЕР, ЖАБД, КҮНІ, САНЫ) – САНЫ атрибуты үшін;

П2.(НОМЕР,БАҒАСЫ) – БАҒАСЫ атрибуты үшін;

П3.(НОМЕР, ЖАБД, КҮНІ, СУММА) – СУММА атрибуты үшін, 3-ші көрсеткіштің сипаттамалады П1, П2 көрсеткіштері сипаттамаларының бірігу нәтижесі болып табылады, себебі, СУММА = САНЫ * БАҒАСЫ ;

Осыған сәйкес айнымалылар (индекстерімен бірге ) келесі түрде болады:

П1: К(i, j, m) – і номерлі тауар саны, j – жабдықтаушы коды, m – күні;

П2: С(і) – і номерлі тауар бағасы;

П3: S(i, j, m) = К(i, j, m) * С(і) – есептеу формуласы.

Дәріс 4 . Ақпараттық үрдістер-ақпараттық жүйелерінің негіздері .

Индексті айнымалыларымен орындалатын арифметикалық операциялар үшін математикада қалыптасқан заңдылықтар көрсеткіштермен орындалатын арифметикалық операцияларда өзгеріске ұшырайды:

1.Сандық мәндері х болатын және Х индекстер жиыны бар көрсеткіш пен сандық мәндері у болатын және Y жиыны бар көрсеткіштермен х операциясы орындалсын.Сонда Z индекстерінің жиыны Х және У жиындарының бірігуі болып табылады ,яғни Z=XӨY.Егер Х және У жиындарының ортақ индекстері болса ,онда Z жиынын есептеуде х және у айнымалыларының индекстері сәйкес келуі міндетті болады.

2.Қосу және көбейту олерациялары үшін:

А) егер әртүрлі индекстер бойынша қосу жүзеге асатын болса , онда косу реті карастырылмайды;

Б) егер бір индекстің өзгеру шегі косудың екінші индексіне байланысты болса, онда косу ретінің өзгеруі кезінде әрбір индекстің өзгеру шегі ауысады;

В) егер косу индекстері көрсетілмесе,онда қосынды қосу белгісінің астында 2 рет кездесетін барлық индекстер бойынша жүргізіледі.Қосынды орындалмайтын индекстер еркін индекстер деп аталады.

Көрсеткіштер жүйеге қойылатын талаптарды анықтау кезеңінде қолданушылардың сауалдарын, қолданушылардың сыртқы көзқарастарын және қолданбалы бағдарламаларды құру үшін бастапқы берілгендерді ақпараттық сипаттау құралы ретінде қажет.

Экономикалық меселелердің қойылымы бастапқы,нормативті анықтамалық,шығатын және аралық көрсеткіштер құрылымдарының сипаттамаларын және сонымен қатар, көрсеткіштердің өзара байланыстар графымен толықтырылған шығатын және аралық көрсеткіштерді есептеу формулаларын қамтиды.

АҚБ-құрылымымен орындалатын операциялар кезінде тек АҚБ құрылымы ғана емес,сонымен бірге оның мәндерінің жиыны да өзгереді.

Нормализация (нормаға келтіру ) бұл кез келген құрылымды АҚБ-ң екі деңгейлі құрылымды АҚБ-не көшу операциясы.АҚБ мәндерінің жалпы саны құрылымның бастапқы сипаттамадағы барлық АҚБ өлшемдерінің көбейтіндісіне тең.

ПРИХ

Күні

ЖАБД

Номер

Саны

Бағасы

СУММА

15.10.04

7581

3521

100

300

30000

15.10.04

7581

4685

200

200

40000

15.10.04

7581

7754

150

100

15000

10.11.04

7795

3521

50

300

15000

10.11.04

7795

4685

100

200

20000

Нормаға келтірілген қабылдау ордерінің құрылымы.:

ПРИХ (6)( Күні,ЖАБД, Номер, Саны, Бағасы, СУММА)

Оралу (кайта калпына келтіру)-екі деңгейлі құрылымды АҚБ-ң көп деңгейлі құрылымы бар АҚБ-не өзгеруі:Нормаға келтірілген құрылымды қайта қалпына келтіруі кезінде бастапқы құрылымға оралуға болады,сондықтан нормализация мен оралу – бір біріне кері операциялар болып табылады.

Нормаға келтірілген ПРИХ АҚБ-н қоймалық есеп картасына келесі құрылымда оралтып көрейік:

ҚАРТ(3),(НОМЕР,БАҒАСЫ,ТАБЛ(2).( )( Күні,ЖАБД, САНЫ,СУММА))

Номер

Бағасы

3521

300

КҮНІ

ЖАБД

САНЫ

СУММА

15.10.04

7581

100

30000

10.11.04

7795

50

15000

Суретте номер=3521 атрибуты бойынша бір карта бейнеленген. Басқа номерлер бойынша осыған ұқсас карталарды аламыз.

Декомпозиция – бастапқы АҚБ-ң әртүрлі құрылымды бірнеше АҚБ атрибуттарының жиыны мен декомпозиция дейінгі АҚБ атрибуттарының жиыны мен декомпозициядан кейінгі атрибуттар жиыны сәйкес болуы тиіс .Мысалы,ПРИХ АҚБ-и келесі екі АҚБ-не бөлуге болады:

ПРИХ1.(5). (Күні,Жабд,Номер,Саны,Сумма)

Бағалар (3). (Номер,Бағасы)

ПРИХ1

КҮНІ

ЖАБД

НОМЕР

САНЫ

СУММА

15.10.04

7581

3521

100

30000

15.10.04

7581

4685

200

40000

15.10.04

7581

7754

150

15000

10.11.04

7795

3521

50

15000

10.11.04

7795

4685

100

20000

Бағалар

Номер

Бағасы

3521

300

4685

200

7754

100

3521

300

4685

200

Композиция – әртүрлі құрылымды бірнеше АҚБ-ң бір АҚБ-не өзгеруі. Бұл операция тек нормаға келтірілген АҚБ-тері үшін нақты анықталады. Ол декомпозицияға кері операция болып табылады.

Теріп алу – АҚБ мәндерінен алдын-ала анықталған шарттарды қанағаттандыратын жиынды теріп алу операциясы.

Түзету – келесі операциялардың бірінің орындалуы: АҚБ-не жаңа мәнді қосу: АҚБ-нен бар мәнді алып тастау қандайда бір мәнді жаңа мәнге ауыстыру. Түзетудің күрделі режимдері де болады, мысалы, бірнеше АҚБ-не бір уақытта өзгертулер енгізуі.

Дәріс 5 . Ақпараттық жүйелерді теориялық -көпмүшелік сипаттау .

Берілгендер моделі – сақталып тұрған берілгендер мәндері үшін шарттар жиыны мен берілгендермен орындалатын операциялар, мүмкін ақпараттық конструкциялар жиынын көрсету.

Берілгендердің реляциялық моделінің концепциясын 1970 жылы берілгендердің сипатталуы мен бейнеленуі қолданбалы бағдарламаларға тәуелді болмауын қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты Е.Ф.Кодд ұсынған.

Реляциялы модельдің негізі – қатынас (relation). Ол екі шамалы кестеде белгілі бір шектеуші шарттарды орындау арқылы ыңғайлы бейнеленеді. Кесте адам үшін түсінікті,ыңғайлы.

Қ ызметкерлер (қатынас атауы)

Аты жөні

Қызметі

Жасы

Отемисова

Директор

45

Асанов

Бухгалтер

38

Омаров

Инженер

32 (Атрибут мәні )

К ортеж(Қатынас жолы)

Қатынастар(кестелер) жиыны шынайы өмірдің объектілері туралы берілгендерді сақтау және олардың арасындағы байланыстарды модельдеу үшін қолданылуы мүмкін. Төменде келтірілген сызбада реляциялы модель терминдері келтірілген .

Қатынастар сызбасы: ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР (Фамилия, Қызметі, Жасы). Атрибуттар саны- қатынас дәрежесі, кортеждар саны- қатынас қуаты.

Реляциялы берілгендер қоры-өзара байланысқан қатынастар. Әрбір қатынас(кесте) компьютер жадында файл түрінде көрініс табады.

Түсініктердің келесі сәйкестіктері бар:

Мән (класс)

Қатынас

Кесте

Файл

Экземпляр(объект)

Атрибут

Кортеж

Атрибут

Жол

Баған

Жазба

Өріс

Код теориясының ерекшелігі мынада: ол қатынастарға бір қатынастан басқа қатынастарды алуға мүмкіндік беретін (арифметикалық операцияларды қолданған сияқты) операциялар жүйесін ұсынды. Бұл ақпаратты сақталатын және сақталмайтын деп екіге бөлуге, сонымен ЭЕМ жадын үнемді пайдалануға мүмліндік береді.

Қатынастармен орындалатын негізгі операциялар саны 8:

  • жиындармен орындалатын дәстүрлі операциялар (бірігу, қиылысу, азайтты, декарттық көбейту, бөлу);

  • арнайы реляциялық операциялар:проекция ,қосылу және теріп алу(селекция,шектеу).

Қатынастармен орындалатын операцияларды жүзеге асыру тілдерін 2 класқа бөледі:

  1. қажет нәтижені алу үшін орындалатын әрекеттер тізбегін сипаттайтын реляциялы алгебра тілдері; бұл процедуралық тілдер.

  2. қолданушыға берілгендер қорына «сауал» жасау үшін қажетті, құрамында тек соңғы нәтиже туралы ақпарат болатын, ережелер жиынын ұсынатын реляциялық есептеу тілдері. Мысалы, SQL (Structured Query Language) сауал тілдері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]