
- •Мазмұны
- •1 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының теориялық негіздері
- •1.1 Банктердің депозиттік операцияларының экономикалық мәні
- •Сурет 1. Қайтарып алу нысаны бойынша депозиттер
- •1.2 Қазақстанның депозит нарығының жіктелуі мен құрылымы
- •1.3 Депозиттік саясат және оның банк ресурстарын қалыптастырудағы рөлі
- •Коммерциялық банктің депозиттік саясаты
- •Депозиттік саясаттың шекаралары
- •2 Қазақстан республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік операцияларына талдау («қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ақ мысалы негізінде талдау)
- •2.1 Қазақстан Республикасынының коммерциялық банктерінің депозиттік қызметінің қазіргі жағдайы мен оны талдау ерекшеліктері
- •2.2 “ Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ” ақ-ның қаржылық жағдайына талдау
- •2.3 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ақ-ның заемдары мен тарифтік бағдарламаларын сараптау
- •3 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын жетілдіру жолдары
- •3.1 "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" ақ-ның депозиттік саясатын жетілдіру ұсыныстары
- •3.2 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі депозиттерді сақтандыру жүйесінің даму келешегі
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.3 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ақ-ның заемдары мен тарифтік бағдарламаларын сараптау
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларды жүргізуге банк салымшыларына тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй заемдарын береді, атап айтқанда:
- құрылыс (жер телімін сатып алуды қосқанда), тұрғын үй сатып алу, соның ішінде, жақсарту мақсатымен оны алмастыру жолы;
- тұрғын үйді жөндеу және жаңарту (құрылыс материалдарын сатып алу, мердігерлік жұмыс ақыларын қосқанда);
- тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралармен байланысты пайда болған міндеттемелерді өтеу;
- банк және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу.
Тұрғын үй заемы клиенттерге 3-15 жыл ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша қаражаттардың минималды қажетті сомасын жинақтаған жағдайда беріледі. Жинақтаудың минималды мерзімі 3 жылды құрайды, жинақтардың минималды мөлшері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қажетті соманың 50% құрайды, мұндай жағдайда жинақтаудық бүкіл мерзімі ішінде Банк жылына 2% (жылдық тиімді мөлшерлеме 4,6%-дан 12,6% дейін) банк сыйақысын және ынталандырылатын салым сомасының 20% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын (ынталандырылатын салым сомасы 200 АЕК артық емес) есептейді[28].
Заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі 3,5%-дан 8,5% дейінгі мөлшерді құрайды. Тұрғын үй заемын пайдалану мерзімі таңдап алынған банктің тарифтік бағдарламасына тәуелді түрде 6 жылдан 25 жылға дейінгі уақытты құрайды.
Тұрғын үй заемы мынадай талаптарды орындағанда беріледі:
- қаражаттардың минималды қажетті сомасының жинақталуы;
- бағалау көрсеткішінің минималды мәніне жету;
- жеткілікті кепілзаттық қамтамасыз етудіі берілуі;
Кесте 9. Тұрғын үй заемы талаптары
Заем белгілері |
Заем шарттары |
Тұрғын үй заемның мөлшері |
Шартты сома мен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтарының арасындағы айырма мөлшерінде. Минималды сома – шектеусіз. Максималды жиынтық сома - 1 заемшыға 100 млн. теңге |
Тұрғын үй заемының мерзімі |
Таңдап алынған тарифтік бағдарламаға тәуелді түрде 25 жылға дейін. |
Тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшерлемесі |
- таңдап алынған тарифтік бағдарламаға тәуелді түрде жылына 3,5-8,5%, жылдық тиімді мөлшерлеме - 4%-дан 6,5%-ға дейін. - Тіркелген, шарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде. |
Заем бойынша қамтамасыз ету |
- Сатып алынатын жылжымайтын мүлік. - Заемшының немесе заттық кепіл берушінің меншігіндегі жылжымайтын мүлік. - Меншікті және 3-ші тұлғаның жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары. |
Заем валютасы |
Теңге |
Заемды өтеу |
Ай сайын - аннуитет немесе негізгі қарызды тең үлестермен және сыйақыны азайған қалдықтан төлеу. |
Дерек көзі: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның мәліметтері негізінде жасалынған 2011-2013жж. |
Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қажетті соманың 50%-ы қолында бар немесе көрсетілген соманы мерзімінен бұрын жинақтаған клиенттер аралық тұрғын үй заемын пайдалана алады.
Аралық тұрғын үй заемын пайдалану уақытына енгізілген/жинақталған қаражаттар заем бойынша қамтамасыз ету болып табылады. Қаражаттарға жылына 2% (жылдық тиімді мөлшерлеме 4,6%-дан 12,6% дейін) банк сыйақысы және ынталандырылатын салым сомасының 20% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы (ынталандырылатын салым сомасы 200 АЕК артық емес) есептеледі.
Аралық тұрғын үй заемы тарифтік бағдарламалар аясында тұрғын үй құрылыс жинақ шартында көзделген тұрғын үй заемы мерзімінің шектерінде беріледі. Жинақтау мерзімі аяқталған соң аралық тұрғын үй заемын өтеуге жұмсалатын жинақталған қаражаттар және тұрғын үй заемдары төленеді (2-кесте).
Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қажетті соманың 50%-ы қолында бар немесе көрсетілген соманы мерзімінен бұрын жинақтаған клиенттер « Жеңіл» бағдарламасы бойынша аралық тұрғын үй заемын пайдалана алады.
«Жеңіл» бағдарламасы бойынша аралық тұрғын үй заемдары «Бастау» және «Өркен» тарифтік бағдарламалары аясында, негізгі қарыз бойынша төлемді кейінге қалдыра отырып (3 жылдан артық емес мерзімге) беріледі.
Кесте 10. Аралық тұрғын үй заемының талаптары
Заем белгілері |
Заем шарттары |
Аралық тұрғын үй заемының мөлшері |
Шартты сома шегінде. Минималды сома 500 АЕК. 1 заемшыға заемның максималды сомасы - 90 млн. тг. |
Аралық тұрғын үй заемының мерзімі |
Таңдап алынған тарифтік бағдарламаға тәуелді түрде 25 жылға дейін. |
Аралық тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшерлемесі |
- Жылына 7,5%, жылдық тиімді мөлшерлеме 8,9% бастап. - Жылына 12%, «Жинақ» тарифі бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 20,7% бастап. - Жылына 6,5% (республикалық бюджеттің қаржысынан "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" Бағдарламасы арқылы өткен салымшылар пулының қатысушыларына займ беруге) жылдық тиімді мөлшерлеме 7,2 % бастап; - Тіркелген, шарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде. |
Заем бойынша қамтамасыз ету |
- Сатып алынатын жылжымайтын мүлік. - Заемшының немесе заттық кепіл берушінің меншігіндегі жылжымайтын мүлік. - Меншікті және 3-ші тұлғаның жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары. |
Заем валютасы |
Теңге |
Заемды өтеу |
Ай сайын (аннуитет немесе негізгі қарызды тең үлестер мен және сыйақыны азайған қалдықтан төлеу) |
Дерек көзі: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның мәліметтері негізінде жасалынған 2011-2013жж. |
Аралық тұрғын үй заемын пайдалану уақытына енгізілген/жинақталған қаражаттар заем бойынша қамтамасыз ету болып табылады. Қаражаттарға жылына 2% (жылдық тиімді мөлшерлеме 4,6%-дан 12,6% дейін) банк сыйақысы және ынталандырылатын салым сомасының 20% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы (ынталандырылатын салым сомасы 200 АЕК артық емес) есептеледі.
Аралық тұрғын үй заемдары «Бастау» және «Өркен» тарифтік бағдарламалары аясында тұрғын үй құрылыс жинақ шартында көзделген тұрғын үй заемы мерзімінің шектерінде беріледі. Жинақтау мерзімі аяқталған соң аралық тұрғын үй заемын өтеуге жұмсалатын жинақталған қаражаттар және тұрғын үй заемы төленеді (11-кесте).
Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қажетті соманың 50%-ы қолында бар немесе көрсетілген соманы мерзімінен бұрын жинақтаған клиенттер « Жеңіл-2» бағдарламасы бойынша аралық тұрғын үй заемын пайдалана алады.
Аралық тұрғын үй заемын пайдалану уақытына енгізілген/жинақталған қаражаттар заем бойынша қамтамасыз ету болып табылады. Қаражаттарға жылына 2% (жылдық тиімді мөлшерлеме 4,6%-дан 12,6% дейін) Банк сыйақысы және ынталандырылатын салым сомасының 20% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы (ынталандырылатын салым сомасы 200 АЕК артық емес) есептеледі.
Кесте11. "Жеңіл" кредит беру бағдарламасы бойынша аралық тұрғын үй заемының талаптары
Заем белгілері |
Заем шарттары |
Аралық тұрғын үй заемының мөлшері |
Шартты сома шегінде. Минималды сома – 500 АЕК, максималды жиынтық сома – 90 млн. теңге |
Аралық тұрғын үй заемының мерзімі |
Таңдап алынған тарифтік бағдарламаға тәуелді түрде 10 жылға дейін. |
Аралық тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшерлемесі |
- жылына 8,5%, жылдық тиімді мөлшерлеме 10,4% дейін; - жылына 7% (республикалық бюджеттің қаржысынан "Қолжетімді тұрғын үй -2020" Бағдарламасы арқылы өткен салымшылар пулының қатысушыларына займ беруге) жылдық тиімді мөлшерлеме 7,9% бастап. |
Заем бойынша қамтамасыз ету |
- Берілетін аралық тұрғын үй заемының есебінен сатып алынатын жылжымайтын мүлік (заем берілгенге дейін сатып алынған жылжымайтын мүлікті заемшыға/заемшының жұбайына қайта рәсімдеу міндеттемесімен); - заемшының/ заемшыластың немесе 3-ші тұлғаның меншігіндегі жылжымайтын мүлік және/немесе тұрғын үй құрылыс жинақтары. |
Заем валютасы |
Теңге |
Заемды өтеу |
Ай сайын (негізгі қарыз бойынша төлемді кейінге қалдырумен (төлемді кейінге қалдыру 3 жылдан артық емес) алғашқы 3 жыл өткен соң, шартты соманы төлемеген жағдайда: аннуитет, негізгі қарызды тең үлестермен және сыйақыны азайған қалдықтан төлеу) |
Дерек көзі: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның мәліметтері негізінде жасалынған 2011-2013жж. |
Аралық тұрғын үй заемы тарифтік бағдарламалар аясында тұрғын үй құрылыс жинақ шартында көзделген тұрғын үй заемы мерзімінің шектерінде беріледі. Жинақтау мерзімі аяқталған соң аралық тұрғын үй заемын өтеуге жұмсалатын жинақталған қаражаттар және тұрғын үй заемы төленеді (4-кесте).
Алдын ала тұрғын үй заемы клиенттерге алдын ала қаражат жинақтаусыз беріледі. Алдын ала тұрғын үй заемын алу үшін төменде көрсетілген қосымша талаптар бар. Қаражат жинақтау алдын ала тұрғын үй заемы бойынша сыйақыны бір мезгілде өтеумен жүзеге асырылады (негізгі қарызды төлеусіз).
Кесте 12. «Жеңіл-2» кредит беру бағдарламасы бойынша аралық тұрғын үй заемының талаптары
Заем белгілері |
Заем шарттары |
1 |
2 |
Аралық тұрғын үй заемының мөлшері |
Шартты сома шегінде. Минималды сома – 500 АЕК. |
Аралық тұрғын үй заемының мерзімі |
Таңдап алынған тарифтік бағдарламаға тәуелді түрде 25 жылға дейін. |
Аралық тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшерлемесі |
жылына 8% жылдық тиімді мөлшерлеме 12,5% дейін. |
Заем бойынша қамтамасыз ету |
- Берілетін аралық тұрғын үй заемының есебінен сатып алынатын жылжымайтын мүлік - заемшының/ заемшыластың немесе 3-ші тұлғаның меншігіндегі жылжымайтын мүлік және/немесе тұрғын үй құрылыс жинақтары |
Заем валютасы |
Теңге |
Заемды өтеу |
Аралық тұрғын үй заемының 50% ай сайын аннуитет бойынша, негізгі қарызды тең үлестермен және сыйақыны азайған қалдықтан төлеу) |
Дерек көзі: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның мәліметтері негізінде жасалынған 2011-2013жж. |
Алдын ала тұрғын үй заемын пайдалану уақытына жылына 2% (жылдық тиімді мөлшерлеме 4,6%-дан 12,6% дейін) Банк сыйақысы және ынталандырылатын салым сомасының 20% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы (ынталандырылатын салым сомасы 200 АЕК артық емес) есептеледі.
Алдын ала тұрғын үй заемын алу үшін төменде көрсетілген қосымша талаптар бар
1. Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау және тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау үшін комиссиялық алымның толық сомасын төлеу алдын ала тұрғын үй заемын алу үшін міндетті талаптар болып табылады.
2. Ол бойынша құқықтар мен міндеттемелерді басқаға табыстау жүргізілген тұрғын үй құрылыс жинақ шарты аясында алдын ала тұрғын үй заемын алуға кредиттік өтінімдерді қабылдау тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша табыстау рәсімделген күннен бастап қосымша жинақтау кезеңінсіз жүзеге асырылады [28].
Алдын ала тұрғын үй заемы қаражат жинақтау мерзімінің шегінде (бірақ 8,5 жылдан артық емес) беріледі, жинақтау мерзімі аяқталған соң алдын ала тұрғын үй заемын өтеуге жұмсалатын жинақталған қаражаттар және тұрғын үй заемы төленеді (-кесте).
Кесте 13. Алдын ала тұрғын үй заемының талаптары
Заем белгілері |
Заем шарттары |
1 |
2 |
Алдын ала тұрғын үй заемының мөлшері |
Шартты сома шегінде, заемның ең төменгі сомасы - 500 АЕК, ең жоғарғы - 45 млн. тг. |
Алдына ала тұрғын үй заем мерзімі |
3 жыл 3 айдан 8,5 жылға дейін |
Алдын ала тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшерлемесі |
- жылдық 10%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 11,4% бастап, алдын ала жинақтаусыз. - жылдық 10,5%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 12,8% бастап, жинақ шотында шартты соманың 25% болған жағдайда. - Жылына 8,5% (республикалық бюджеттің қаржысынан "Қолжетімді тұрғын үй -2020" Бағдарламасы арқылы өткен салымшылар пулының қатысушыларына займ беруге) жылдық тиімді мөлшерлеме 8,3 % бастап. |
Заем бойынша қамтамасыз ету |
- Сатып алынатын жылжымайтын мүлік. - Заемшының немесе заттық кепіл берушінің меншігіндегі жылжымайтын мүлік. - Меншікті және 3 тұлғаның жинақталған тұрғын үй құрылыс |
|
жинақтары. - Болашақта түсетін жинақтар. |
Заем валютасы |
Теңге |
Заемды өтеу |
Ай сайын. - Алдын ала тұрғын үй заемын өтеу негізгі тұрғын үй заемын алған мерзімге дейін негізгі қарыз бойынша төлемді кейінге қалдырумен жүзеге асырылады. - Алдын ала тұрғын үй заемы бойынша сыйақыны өтеу қаражат жинақтаумен бір мезгілде жүзеге асырылады. |
Дерек көзі: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның мәліметтері негізінде жасалынған 2011-2013жж. |
Алдын ала тұрғын үй заемын алу үшін төменде көрсетілген қосымша талаптар бар
1. Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау және тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау үшін комиссиялық алымның толық сомасын төлеу алдын ала тұрғын үй заемын алу үшін міндетті талаптар болып табылады.
2. Ол бойынша құқықтар мен міндеттемелерді басқаға табыстау жүргізілген тұрғын үй құрылыс жинақ шарты аясында алдын ала тұрғын үй заемын алуға кредиттік өтінімдерді қабылдау тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша табыстау рәсімделген күннен бастап қосымша жинақтау кезеңінсіз жүзеге асырылады.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нда қазіргі таңда келесі тарифтік бағдарламалар жұмыс жасайды:
- «Бастау»;
- «Өркен»;
- «Кемел»;
- «Болашақ».
Тұрғын үй жинақтау туралы келісім шарт жасау үшін қажет құжаттар тізімі:
1) жеке куәлік
2) СТН (өзіне келісім шарт жасағанда).
Балаға келісім шарт жасағанда қосымша туу туралы куәлік беріледі.
Үшінші адамға қосымша келісім шарт жасағанда нотариалды бекітілген сенім хат қажет.
Кесте 14.«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ң тарифтік бағдарламаларының негізгі сипаттамалары
Тарифтік бағдарламалардың сипаттамасы |
Бағдарлама түрлері |
|||
«Бастау» |
«Өркен» |
«Кемел» |
«Болашақ» |
|
Тұрғын үй құрылысы жинағының бағыттық мерзімі |
3 - 3,5 жыл |
5,5 жыл |
8,5 жыл |
15 жыл |
Тұрғын үй құрылысы жинағының салымдары бойынша сыйақы қойылымы |
жылдық 2% |
жылдық 2% |
жылдық 2% |
жылдық 2% |
Салымшының тұрғын үй несиесін алмаған жағдайда берілетін қосымша сыйақы |
Жылдық 0,7% - 1,0%
|
|||
Бағалау көрсеткішінің минималды мәні. |
16 |
28 |
42 |
74 |
Тұрғын үй несиесінің сыйақы қойылымы |
жылдық 5% |
жылдық 4,5% |
жылдық 4% |
жылдық 3,5% |
Тұрғын үй несиесін беру мерзімі |
6 жылға дейін |
10 жылға дейін |
15 жылға дейін |
25 жылға дейін |
Тұрғын үй құрылысы жинағы бойынша ұсынылатын айлық салым |
1,25% |
0,75% |
0,50% |
0,25% |
|
Келісілген сомадан |
|||
Тұрғын үй несиесін жабу бойынша бағыттық айлық салым |
0,80% |
0,50% |
0,35% |
0,25 |
|
Келісілген сомадан |
|||
Тұрғын үй несиесін алу үшін қажет минималды жинақталған ақшаның мөлшері |
Келісілген сомадан 50%
|
|||
Келісілген соманың минималды мөлшері |
500 АЕК |
|||
Дерек көзі: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның мәліметтері негізінде жасалынған 2011-2013жж. |
«Бастау» тарифтік бағдарламаларысы бойынша жинақ ақшаны жинақтау және тұрғын үй заемын өтеу бойынша ай сайынғы жарна шарттық сомадан пайыз ретінде есептеледі.
Мысалы, шарттық сома – 1 000 000 теңге болған кезде, жинақ ақшаны жинақтау бойынша ұсынылған ай сайынғы жарна - 12 500 теңгені құрайды (1,25% * 1 000 000 теңге), тұрғын үй заемын өтеу бойынша – 8 000 теңге (0,80% * 1 000 000 теңге) және т.б.
«Өркен» тарифтік бағдарламаларысы бойынша жинақ ақшаны жинақтау және тұрғын үй заемын өтеу бойынша ай сайынғы жарна шарттық сомадан пайыз ретінде есептеледі.
Мысалы, шарттық сома – 1 000 000 теңге болған кезде, жинақ ақшаны жинақтау бойынша ұсынылған ай сайынғы жарна - 7 500 теңгені құрайды (0,75% * 1 000 000 теңге), тұрғын үй заемын өтеу бойынша – 5 000 теңге (0,5% * 1 000 000 теңге) және т.б.
«Кемел» тарифтік бағдарламаларысы бойынша жинақ ақшаны жинақтау және тұрғын үй заемын өтеу бойынша ай сайынғы жарна шарттық сомадан пайыз ретінде есептеледі.
«Болашақ» тарифтік бағдарламаларысы бойынша жинақ ақшаны жинақтау және тұрғын үй заемын өтеу бойынша ай сайынғы жарна шарттық сомадан пайыз ретінде есептеледі.
Мысалы, шарттық сома – 1 000 000 теңге болған кезде, жинақ ақшаны жинақтау бойынша ұсынылған ай сайынғы жарна - 5 000 теңгені құрайды (0,5% * 1 000 000 теңге), тұрғын үй заемын өтеу бойынша – 3 500 теңге (0,35% * 1 000 000 теңге) және т.б.
Мысалы, шарттық сома – 1 000 000 теңге болған кезде, жинақ ақшаны жинақтау бойынша ұсынылған ай сайынғы жарна - 2 500 теңгені құрайды (0,25% * 1 000 000 теңге), тұрғын үй заемын өтеу бойынша – 2 500 теңге (0,25% * 1 000 000 теңге) және т.б.