Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тургын уй жинак банки Диплом 2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.12 Mб
Скачать

2.2 “ Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ” ақ-ның қаржылық жағдайына талдау

«Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ-ның қызметін талдауды оның негізгі қаржылық көрсеткіштерін бағалаудан бастайық ( кесте).

Кесте 6. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қаржылық көрсеткіштерінің динамикасы мен құрылымы

мың теңге

Активтер

оның ішінде заемдар

Несие қоржыны бойынша қалыптас-қан прови-зиялар

Міндет-темелер

оның ішінде салымдар

Меншікті капитал

оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмсалмаған таза кіріс (өтелмеген шығын)

2011 жыл

101 188 283

67 701 723

2 287 309

76 138 468

40 050 434

25 049 815

- 818 162

Үлесі

67%

3,4%

75,2%

40%

24,8%

-

2012 жыл

212 876 664

90 684 341

1 591 431

123 543 800

73 736 409

89 332 864

- 567 624

Үлесі

42,6%

1,8%

58%

34,6%

42%

-

Ауытқуы

110,4%

34%

-30,4%

62,3%

84,1%

26%

-31%

2013 жыл

284 320 419

123 526 050

1 254 869

191 733 780

131 972 537

92 586 639

2 297 235

Үлесі

43,4%

1%

67,4%

46,4%

32,6%

0,8%

Ауытқуы

34%

36,2%

-21,1%

55,2%

79%

4%

-

Дерек көзі. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 2011-2013жж. мәліметтері негізінде жасалынған.

кесте мәліметтерінен көрініп тұрғандай, 2011 жылы банк активтерінің көлемі 101,1 млрд. теңге құраса, оның ішіндегі 67 % (немесе 67,7 млрд. теңге) берілген несиелер болып отыр. Несиелер бойынша провизиялар 2,2 млрд. теңге (немесе барлық берілген несиелердің 3,4 %) құраған.

Банктің 2011 жылдағы міндеттемелер көлемдері 76,1 млрд. теңге (немесе банктің барлық пассивтерінің 75,2 %) болды, оның ішіндегі клиенттер салымдарының үлесіне 40% (немесе 40 млрд. теңгеден астам), банктің меншікті капиталы үлесіне – 24,8% (немесе 25 млрд. теңгеден астам) келген. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі 2011 жылды 818,1 млн. теңге көлеміндегі шығынмен аяқтады.

2012 жылы банк активтерінің көлемі 212,8 млрд. теңге құрады, яғни алдынғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 110,4 %-ға көп. Банктің активтері құрылымындағы берілген тұрғын үй займдардың үлесіне 42,6% (немесе 90,6 млрд. теңге) келген, яғни 2011 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 34 %-ға көп. Берілген несиелер бойынша провизиялар қарыздық қоржынның 1,8 % (немесе 1,5 млрд. теңге), яғни алдынғы жылғы көрсеткішке қарағанда 30,4%-ға аз. Банктің 2012 жылдағы міндеттемелер көлемдері банктің барлық пассивтерінің 58 % (немесе 123,5 млрд. теңге) құрады, оның ішіндегі тұрғын үй салымдарының үлесіне 34,6% (немесе 73,7 млрд. теңге). Банктің меншікті капиталы үлесіне – 42% (немесе 89,3 млрд. теңге) келген, яғни 2011 жылғы көрсеткішінен 26 %-ға артық [28].

Бұл деректі екінші деңгейлі банктерінің меншікті капиталдары көлемдеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің пруденциалдық нормативтерінің қатаюымен түсіндіруге болады. Банктің 2012 жылғы қаржылық нәтижесі 567,6 млн. теңге көлеміндегі шығынымен аяқталды.

2013 жылы банктің активтері көлемі 284,3 млрд. теңгеге тең болды, яғни алдынғы жылғы көрсеткіштен 34 %-ға көп. Банк активтері құрылымында барлық қарыз қоржынының 1%-ы (немесе 1,2 млрд. теңгесі) провизиялардан тұратын 43,4%-ы (немесе 123,5 млрд. теңгесі) тұрғын үй зайымдарынан құралған. Сонымен, банктің 2013 жылдағы тұрғын үй зайымының көлемі 36,2 %-ға, ал провизия мөлшері 21,1%-ға төмендеді.

2013 жылы банктің пассивтері құрамындағы міндеттемелердің көлемі 191,7 млрд. теңгені (немесе пассивтердің 67,4%) құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 55,2%-ға көп болып отыр. Өз тарапынан, міндеттемелер құрамындағы тұрғын үй салымдарының көлемі 131,9 млрд. теңге болды, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 79%-ға көп. Банктің меншікті капиталы 92,5 млрд. теңге (немесе барлық пассивтердің 32,6%) құраған, яғни оның өсімінің бар болғаны 4 %.

2013 жылды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2,2 млрд. теңгелік үлестірілменген пайдамен аяқтады, бұл оның меншікті капиталының 0,8% құрады.

Сонымен, банктің соңғы үш жылғы қаржылық көрсеткіштерінің бағалануы мына келесі тұжырымдамаларды жасауға мүмкіндік береді:

- банктің активтері орта есеппен алғанда 72,2%-ға өсті;

- банктің тұрғын үй займдарының өсімі орта есеппен 43%-ды құрады;

- банктің тұрғын үй салымдарының көлемі 82%-ға ұлғайды.

Енді келесі кестедегі деректер бойынша банктің қарыздық қоржынын бағалауға көшейік (кесте).

Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді. Банктің активтерінің өзгерісі келесі суретте бейнеленген.

Сурет 16. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның активтерінің өзгерісі, мың.теңге

Дерек көзі: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 2011 - 2013 жылғы жылдық есебі

Активтердің жалпы құрамы 2011 жылы 1 651 349 млн теңге болса, осы көрсеткіш 2012 жылы 23,0%-ға немесе 371 660 мың теңгеге көбейіп 2 023 009 млн теңгені құраған. Ал 2011 жылды 2013 жылмен салыстырар болсақ, 2013 жылы 27,0%-ға немесе 446 586 мың теңгеге артып 2 097 935 млн теңгені құрап отыр. 2012 жылды 2013 жылмен салыстыратын болсақ 2013 жылы банктің активтері 74 926 мың теңгеге немесе 4,0%-ға артып 2 097 935 млн теңгені құраған. 2011 - 2013 жылдары банктің дамуы тұрақты күйін сақтаған. Оны бантің негізгі қаржылық көрсеткіштерінің динамикасынан көруге болады.

Сурет 17. Міндеттемелердің 2011-2013 жылдардағы өзгерісі, млн.теңге

Дерек көзі: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 2011 - 2013 жылғы жылдық есебі

Банктің міндеттемелерінің жалпы үлесі 2011 жыл мен 2010 жылдарда 26 244 млн. теңгеге немесе 1,8%-ға, ал 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 281 763 млн. теңгеге немесе 19,2%-ға артқанын көруге болады.

Банктің қаржылық міндеттемелері 2011-2013 жылдары өте қарқынды өскен. Оның өсімі бұл жылдары 22,0%-ды құраған, яғни 2013 жылы банктің активтерінің көлемі 1 780 051 млн теңгені құраған. Бұл клиенттердің қаражаттары мен қорлар және сақтандыру міндеттемелерінің 63,2%-ға және 33,6%-ға, 82,0%-ға өсуі есебінен болған. 2011 жылды 2013 жылмен салыстырғанда 19,2%-ға немесе 281 763 мың теңгеге артып, 1 742 057 млн теңгені құраған. Ал 2012 жылды 2013 жылмен салыстырар болсақ, активтердің өсімі баяулаған, яғни 2,2%-ға немесе 37 994 мың теңгеге ғана артқан. Банктің міндеттемелерінің серпіні 4 - кестеде көрсетілген.

Кесте 7. Банктің міндеттемелерінің серпіні

млн теңге

Атауы

2011жыл

2012 жыл

2013 жыл

Өзгерісі,%

Сомасы

Үлес,%

Сомасы

Үлес,%

Сомасы

Үлес,%

2011-2012жж

2012-2013жж

Клиент қаражаттары

867 392

60,0

1 274 069

73,0

1 415 755

79,0

47,0

11,1

Несиелік мекемекелердің қаражаттары

289 608

20,0

172 706

9,0

71 403

4,0

(40,3)

(59,0)

Пайда не залалдар арқылы әділ құны бағаланатын қаржы міндеттемелері

6 047

0,4

3 201

0,2

2 910

0,2

(47,0)

(9,0)

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

262 991

16,4

263 893

15,1

252 167

14,1

0,3

(4,4)

Қорлар

2 889

0,2

4 433

0,3

3 861

0,2

53,4

(13,0)

Мерзімі ұзартылған салық міндеттемелері

8 854

1,0

6 194

0,4

8 242

0,5

(30,0)

33,0

Сақтандыру міндеттемелері

8 618

1,0

9 586

1,0

15 664

1,0

11,2

63,4

Өзге де міндеттемелері

13 894

1,0

7 975

1,0

10 049

1,0

(43,0)

26,0

Барлық міндеттемелер

1 460 294

100,0

1 742 057

100,0

1 780 051

100,0

19,2

2,2

Дерек көзі: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 2013 жылғы жылдық есебі

Ал бұл жылдары несиелік мекемелердің қаражаттары есебінен банктің қаржылық міндеттемелері 59,0%-ға және пайда не залал арқылы әділ құны бағаланатын қаржы міндеттемелері де 9,0%-ға, қорлар да 13,0%-ға және шығарылған борыштық бағалы қағаздар 4,4%-ға азайғанын көруге болады. Жалпы пассивтердегі міндеттемелердің үлесі 2011 жылы 88,4%-ды құраған болса, ал 2012 жылы 86,0%-ды, 2013 жылы 85,0%-ды құрап отыр. Бұл банктің қарыз қаражаттарына деген қажеттілігінің тұрақты күйде болғандығын көрсетеді[].

Банктің міндеттемелері құрамында клиент қаражаттары талданып отырған жылдары көшбасшылық жайғасымда болған. Клиент қаражаттары 2011 жылы міндеттемелердің құрамындағы үлесі 60,0%-ды құраса, 2012 жылы өткен жылмен салыстырғанда төмендеп 73,1%-ды және де 2013 жылы 80,0%-ды құраған. Ал екінші жайғасымда 2011 жылы 20,0% және 2012 жылы өткен жылмен салыстырғанда төмендеп 10,0%-ды және 2013 жылы бұл көрсеткіш төмендеп 4,0% құраған несиелік мекемелердің қаражаттары орналасқан. Енді үшініші жайғасымға келсек, оны шығарылған борыштық бағалы қағаздар алады. Ол 2011 жылы 18,0%-ды, 2012 жылы осы көрсеткіш өткен кезеңмен салыстырғанда төмендеп 15,1%-ды және 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда төмендеп 14,2%-ды құраған[15].

Капитал - қаржы менеджментінің басты ұғымдарының бірі. Қаржы менеджментінің көзқарасынан алғанда капитал оның қалыптасуы мен пайдаланылуы жөнінен банктің және оның өзге де шаруашылық ету субъектілері арасында пайда болатын ақшалай (қаржылық) қатынастарды білдіреді. Банк капиталының 2011-2013 жылдардағы қозғалысы келесі суретте бейнеленген.

Сурет 18. Банк капиталының өзгерісі, млн.теңге

Дерек көзі: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 2013 жылғы жылдық есебі

Банктің капиталының өсуі тұрақты. Ол 2012 жылы 280 952 млн. теңгені құрап 2011 жылмен салыстырғанда 47,1%-ға немесе 89 897 мың теңгеге өскен. Ал 2013 жылды өткен жылмен салыстырғанда 36 932 мың теңгеге немесе 13,1%-ға артқан. Меншікті капиталдың өсуі негізінен бөлінбеген пайда мен басқа қорлардың 26,5%-ға өсуі есебінен болған. Банктің міндеттемелерінің құрылымының өзгерісін келесі кестеден көруге болады.

Сонымен, банктің активтерінің өсуі қарқынды, активтер жылдан жылға артып отырған, оған себеп: банктің қызмет түрлерінің кеңеюі және банктік жаңа өнімдерді жетілдіру бағыты. Банктің міндеттемелері де жылдан жылға өсіп отырған, ал банктің капиталының өсуі тұрақты күйде қалған.

Банктің клиенттерінің құрылымында жеке тұлғалардың салымдарының үлесі заңды тұлғалармен салыстырғанда аз болғанымен, жыл сайын өсіп отырған. Оның үлесі 2013 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 160 030 млн. теңгеге немесе 48,3%-ға көбейген. Сондай-ақ банктің салымдарының құрылымында мерзімді салымдардың үлесі басым, әрі көлемі де ұлғайып отырған. 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда қарқынды өскен[28].

Банктің депозиттік базасы 2013 жылды 2011 жылмен салыстырғанда біршама өскен. Оның көлемі 2011 жылға қарағанда 63,2%-ға өскен. Ал 2012 жылды 2013 жылмен салыстырғанда біршама көбейген, атап айтсақ, оның көлемі 2012 жылы 1 274 069 млн. теңгені құраған, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 1 415 755 млн. теңгені құрап, 11,1%-ға өскен. Оған әлемдік қаржы дағдарысымен байланысты инфляцияның тереңдеуі, валюта нарығындағы ахуалдың шиеленісуіне арналған бағдарламалардың арқасында, тағы басқадай ықпал еткен. Сақталу мерзiмi аяқталған кезде салымшы ақшасын талап етпеген жағдайда депозиттiң мерзiмi салымшының қатысуынсыз келесi мерзiмге автоматты түрде ұзартылады.

Банктің депозит базасының өзгерісі келесі суретте бейнеленген

Сурет 19. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ң депозит базасының өзгерісі, млн.теңге

Ал банктің депозит базасының 2011-2013 жылдары құрылымы келесі кестеде көрсетілген 8 кестеде.

Оның үлесі 2012 жылы 873 814 млн.теңгені құрап, 36,0%-ке көбейген. 2013 жылмен 2012 жылды салыстырғанда мерзімді салымдар 5,1%-ға немесе 44 878 млн теңгеге көбейіп 918 692 млн теңгені құраған. Ал ағымдағы шоттағы салымдар 2012 жылмен 2011 жылды салыстырсақ, ағымдағы шоттағы салымдар қарқынды өскен, яғни 2012 жылы 176 194 млн теңгеге немесе 79,0%-ға өскен. Ал 2013 жылы өткен жылмен салыстырғанда салымдардың ағымдағы шоттағы салымдары 10,0%-ға немесе 96 808 млн теңгеге көбейіп 497 063 млн теңгені құраған.

Кесте 8. Банктің депозит базасының құрылымының серпіні

млн.теңге

Атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Өзгерісі,%

Сомасы

Үлесі,%

Сомасы

Үлесі,%

Сомасы

Үлесі,%

2011-2012жж

2012-2013жж

Мерзімді депозиттер:

643 331

100,0

873 814

100,0

918 692

100,0

36,0

5,1

Жеке тұлғалар

258 499

40,0

317 527

36,3

387 510

42,0

23,0

22,0

Ағымдағы шоттағы депозиттер:

224 061

100,0

400 255

100,0

497 063

100,0

79,0

10,0

Дерек көзі: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 2013 жылдық есебі

2011 жылы банктің несиелік қоржының жалпы көлемі 110,7 млрд. теңге құрады, оның ішіндегі стандарттық несиелер үлесіне 60,3% (немесе 66,7 млрд. теңге), күмәнді несиелерге - 38,5% (немесе 42,6 млрд. теңге), үмітсіз несиелер –1,2% (немесе 1,3 млрд. теңге) келген.

2012 жылы банктің қарыздық қоржынының жалпы көлемі 223,4 млрд. теңге құраған, оның ішіндегі 148,6 млрд. теңгесін (немесе жалпы қоржынның 66,5%) стандарттық несиелер, 74,3 млрд. теңгесін (немесе 33,3%) – күмәнді несиелер, 411,5 млн. теңгесін (немесе 0,2%) – үмітсіз несиелер құрады.

Күмәнді несиелер құрамындағы 1 санатты несиелер көлемі 71,9 млрд. теңге (немесе 32,2%), 2 санатты несиелер – 15,3 млн. теңге, 3 санатты несиелер – 1,175 млрд. теңге (немесе 0,5%), 5 санатты несиелер – 1,229 млрд. теңге (немесе 0,6%) құрады.

2013 жылы банктің несиелік қоржынының жалпы көлемі 123,5 млрд. теңге, оның ішінде стандарттық несиелердің үлесіне 30,4% (немесе 37,5 млрд. теңге), күмәнді несиелер – 69,5% (немесе 85,9 млрд. теңге), үмітсіз несиелер – 0,1% (немесе 92,1 млн. теңге) келген. Өз тарапынан, күмәнді несиелер құрамындағы 1 санатты несиелер үлесіне 68,5% (немесе 84,6 млрд. теңге), 2 санаттыға – 14,1 млн. теңге, 5 санаттыға – 1% (немесе 1,234 млрд. теңге) келген.

Сонымен, 2012 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тарапынан берілген несиелердің жалпы көлемі 102%-ға өсті, 2013 жылы, керісінше, ол 45%-ға төмендеді. Бұл дерек мәнін, ең алдымен, былай түсінген жөн: қаржылық дағдарыс кезінде көптеген қазақстандық екінші деңгейлі банктері ипотекалық несиелендіруді тоқтатқан болатын және оларды тек 2013 жылы ғана қайта жаңғыртты.

Банктің стандарттық несиелерінің көлемі 2012 жылы 123%-ға ұлғайды, 2013 жылы - 75%-ға төмендеді. Айта кеткен жөн, банктің несиелік қоржыны құрылымындағы күмәнді несиелер көлемінің өсу қарқынын аңғаруға болады: яғни, 2011 жылы ол 74,4%-ға, ал 2013 жылы - 16%-ға ұлғайған.

Банктің несиелік стратегиясынының оң жайты – үмітсіз несиелердің азаюы болып табылады: егер 2013 жылы оның көлемі 69,4%-ға өссе, 2013 жылы - 78%-ға.

Банктің несиелік қоржынын бағалау негізінде мына келесі тұжырымдамаларды жасауға болады:

- 2012 жылы несиелендіру көлемінің 110,7 млрд. теңгеден 223,4 млрд. теңгеге дейін күрт өсуі, сондай-ақ 2013 жылы несиелендіру көлемінің 123,5 млрд. теңгеге дейін күрт төмендеуі қаржылық дағдарыс әсерінен болды деуге болады. Ол жағдайда отандық банктер несиелік ресурстардың тапшылығына орай, сонымен қатар үмітсіз несиелері көлемдерінің көптігіне орай ипотекалық несиелендіруді тоқтатқан болатын, тек 2013 жылы ғана бұл қызмет түрін қайтадан өз қолдарына ала бастады;

- банктің соңғы екі жыл ішіндегі күмәнді несиелерінің көлемі орта есеппен 45%-ға өсті, ал бұл, негізінде, 1 санатты несиелер көлемінің ұлғаюы есебінен көбейді;

- банк соңғы үш жыл ішінде үмітсіз несиелердің көлемін орта есеппен 74%-ға қысқартты.

Бұл тұжырымдамалардың бәрін былай түсінуге болады: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі консервативтік несие саясатын барынша ұтымды пайдаланып келеді.

Сонымен, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозиттiк қызметiнiң нәтижелерiн зерттей отырып, оның жүргiзiп отырған депозиттiк саясатын оң деп бағалауға болады. Депозиттердiң түрлерiн көбейту, олар бойынша ынталандыру шараларын жақсарту, оңтайлы процент саясатын қолдану нәтижесiнде Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозиттiк базаны ұлғайтуға әрi тұрақтандыруға қол жеткiзген[28].

Келешекте Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ өзiнiң депозиттiк саясатын одан әрi тереңдете түспек. Ол үшiн ол депозит желiсiн жаңалау және жаңа депозиттiк өнiмдер енгiзу, клиенттердi ынталандыру жүйесiн жетiлдiру, нарықтағы жағдайды зерттеу және талдау жұмыстарын жүргiзудi көздеп отыр. Сондай-ақ ақша қаражаттарын тартудың “телефон-банкинг“ және “банк-клиент“ сияқты тәсiлдерiн жетiлдiру, процент саясатын қайта қарау жұмыстарын қолға алатын болады.