Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тургын уй жинак банки Диплом 2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.12 Mб
Скачать

Коммерциялық банктің депозиттік саясаты

Стрелка вниз 473 Стрелка вниз 474

Группа 475 Группа 478

Прямая соединительная линия 483

Прямая соединительная линия 481 Прямая соединительная линия 482 Прямая соединительная линия 484

Группа 486

Сурет 6. Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының субьектілері мен обьектілер құрылымы.

Дерек көзі: Сейіткасымов Г.С. Банковское дело. Алматы: Каржы – каражат, 2007 г. [15]

Депозиттер бойынша банктің пайызды төлеуі операциялық шығындардың негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан банк бір жағынан пайыздық ставка деңгейінің жоғары болуын қаламайды. Ал бір жағынан клиентер үшін тартымды болып табылатын пайыздық ставка деңгейін ұстап тұруға мәжбүр. Ірі мөлшерлі және ұзақ уақыттық депозиттерді тарту үшін коммерциялық банктер клиенттерге жоғары пайыздық деңгейді ұсынады. Бірақ банктердің тұрғындардан қаражаттарды тартуы шексіз емес.

Көрсетіліп кеткен принциптерді сақтау банкке депозиттік процесті ұйымдастырудың стратегиялық және тактикалық бағыттарын құруға мүмкіндік жасайды, сонымен қатар ол оның депозиттік саясатының тиімділігін және ықшамдығын қамтамасыз етеді.

Группа 497

Сурет 7. Коммерциялық банктің депозиттік саясатын қалыптастыру принциптері.

Дерек көзі: Ахметов Д. Банковская система Казахстана. Вопросы экономики. 2011г. [23]

Дипломдық жұмыстың теориялық бөлімінің маңызды сұрағының бірі болып, заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын банкке шоғырландырудың мүмкін болатын шегі, яғни коммерциялық банктің депозиттік саясатының шекарасы туралы сұрақ болып табылады. Сонымен қатар осы шекаралардың жіктелуі келесі белгілері бойынша беріледі:

- Депозит нарығындағы ұсыныс пен сұранысқа байланысты (экономикалық шекарасы);

- ҚРҰБ-нің нормативтерінің және банк лимитінің ықпал етуі бойынша (әкімшілік шекарасы);

- Депозиттік субьектілердің қатынастарына байланысты (ішкі және сыртқы шекара);

- Депозиттік қатынастардың мерзіміне байланысты (уақытша шекара);

- Географиялық принциптерге байланысты (территориялық шекара);

- Тартылған қаражаттардың құрылымы және көлеміне байланысты (сандық және сапалық шекаралары).

Шекаралардың жіктелуі келесі сызбада жинақталып көрсетілген.

Депозиттік саясаттың шекаралары

Экономикалық шекаралары

Әкімшілік шекарасы

Уақытша шекара

Сапалық шекаралары

Сыртқы шекара

Ішкі шекара

Сандық шекарасы

Географиялық шекара

Сурет 8. Коммерциялық банктің депозиттік саясатының шекарасы.

Дерек көзі: Ахметов Д. Банковская система Казахстана. Вопросы экономики. 2011г. [23]

Банктің депозиттік саясатын жалпы банктік саясаттың бір элементі ретінде қарастыра отырып, депозиттік саясаттың негізгі мақсаты неғұрлым төмен бағамен ақша ресурстарының соғұрлым жоғары көлемін тарту болып табылатындығын негізге алу керек.

Банктің осы көпқырлы депозиттік саясатын тиімді орындауы оны қалыптастыру процесінде келесі мәселелерді шешеді, олар;

- Депозиттік операцияларды жүргізу процесінде банктік табысты алуға ықпал жасау немесе табысты болашақта алуға жағдайлар жасау;

- Банк өтімділігінің қажетті деңгейін ұстау;

- Депозиттік операциялардың субьектілерінің диверсификациясын қамтамасыз ету және депозиттің әр түрлі формаларының үйлесімділігі;

- Депозиттік операциялар мен қарыз беру операцияларының сомасы бойынша және депозиттер мерзімі сонымен қатар несиелік салымдар арасындағы қарым-қатынасты және келісімділікті ұстау;

- Депозиттік шоттардағы бос қаражаттарды минималдау;

- Тұрақты пайыздық саясатты жүргізу;

- Тартылған қаражаттар бойынша пайыздық шығындарды төмендету жолдарын және әдістерін іздеу;

- Клиенттерге қызмет көрсетудің мәдениеттілігін және сапасын арттыру, сонымен қатар банктік қызметтерді дамыту.

Осы жерде коммерциялық банктердің депозиттік саясатын қалыптастырудың механизмін қарастыра кеткен жөн, ол -суретте көрсетілген. Банктердің депозиттік саясатты жүргізу және дайындауы кезінде қойылатын мақсаттар мен шарттардың сәтті орындалуы негізінен осы механизмнің жұмыс істеуінің нәтижелілігіне байланысты.

Депозиттердің тұрақты бөлігі көп болған сайын, банк өтімділігі де жоғары болады, өйткені бұл бөлікте шоғырландырылған ресурстар банктен шықпайды. Депозиттердің тұрақты бөлігінің артуы банктің өтімді активтерге қажеттілігін төмендетеді, өйткені банк міндеттемелерінің жаңаруын болжайды.

Сурет 9. Коммерциялық банктің депозиттік саясатын құрудың сызбасы.

Дерек көзі: Ахметов Д. Банковская система Казахстана. Вопросы экономики. 2011г.,[23]

Әр түрлі депозит түрлерінің жағдайына шетелдік зерттеушілер жүргізген талдау талап еткенге дейінгі депозиттердің тұрақтылығы неғұрлым жоғары екендігін көрсетті. Депозиттің бұл түрі пайыздық ставка деңгейіне тәуелді емес. Оның осы немесе басқа банкке жататындығын келесі факторлар анықтайды: қызмет көрсетудің сапасы және жылдамдығы, банктің сенімділігі, салымшыларға көрсетілетін қызметтің әр түрлігі, банктің клиентке жақын орналасуы. Шетелдік зерттеушілердің мәліметтері бойынша мерзімді және жинақ депозиттерінің қалдығының тұрақтылығы төмен. Олардың нақты бір банкке орналастырылуына пайыздық ставканың деңгейі ықпал етеді. Әр түрлі банктер бекітетін депозиттік пайыз деңгейінің тербелістері жағдайында ол депозиттер миграцияға ұшырайды.

Қалыптасқан тәжірибені талдау көрсетіп отырғандай кез-келген коммерциялық банктің депозиттік базасының құрылуы күрделі процес, ол обьективті және субьективті сипаттағы проблемаларға байланысты.

Субьективтік проблемаларға келесілер жатады:

- Қазақстан ресрубликасындағы коммерциялық банктердің капиталдық базасының нашарлығы және қызмет масштабтары;

- Банк басшылығының клиенттердің құралдарын тартуға қызығушылығының болмауы;

- Жоғары және орта менеджмент сапасы мен деңгейінің жеткіліксіздігі;

- Қазақстандық банктердің көпшілігінде ғылыми негізделген депозиттік саясатты жүргізу тұжырымдамасының болмауы;

Депозиттік процесті ұйымдастырудағы кемшіліктер: банкте сәйкес бөлімшенің болмауы, депозиттік нарықтағы маркетингтік зерттеулердің төмен деңгейі, депозиттік қызметтің шектеулі спектрі және тағы басқа.

Обьективті факторлар қатарында келесілер бар:

- Коммерциялық банктерге мемлекеттік органдардың және мемлекеттің тікелей және жанама әсер етуі;

- Макроэкономиканың ықпалы, әлемдік қаржылық нарықтардың Қазақстандық ақша нарығына әсері;

- Банктер арасындағы бәсеке;

- Қазақстанның ақша және қаржы нарығының жағдайы;

- Қазақстанда банктік салымдарды қорғау және сақтандырудың құқықтық механизімінің болмауы.

Жоғарыда айтылып кеткендерге сәйкес депозиттік саясаттың құрылуы банктің жүргізетін пайыздық саясатымен тығыз байланысты, өйткені депозиттік пайыз ресурстарды тарту облысында тиімді құрал болып табылады. Мемлекеттік реттеу уақытында шекті пайыз нормалары заңмен салымның мерзіміне сай бекітіледі, ал қазір банктер Қазақстан республикасының ұлттық банкінің есептік ставкасына, ақша нарығының жағдайына және өзінің депозиттік саясатына бағыттала отырып бәсекеге қабілетті пайыздық ставкалар бекіте алады.

Депозиттік шоттардың жекелеген түрлері бойынша табыстың мөлшері салымның мерзімімен, сомасымен, шоттың қызмет ету ерекшелігімен, көрсетілетін қызметтің көлемі мен сипаты арқылы анықталады және клиенттердің салым шарттарын сақтауына байланысты.

Несиелік ұйымдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ҚРҰБ-кі міндетті норматив бекіткен; H11-тұрғындардың ақшалай салымдарының максималды мөлшері. Ол тұрғындардың ақшалай салымдарының жалпы сомасының банктің меншікті капиталына пайыздық қатынасы арқылы есептеледі. Бұл көрсеткіштің мақсималды мәні 100 %.

Коммерциялық банктің пайыздық саясатының бағыттарының бірі барлық ресурстар құнын және депозиттік операцияларды есептеу және талдау болып табылады. Ол үшін келесілер қажет:

- Салымдар бойынша қабылдауға болатын пайыз бекіту;

- Тартылған ресурстар бойынша пайыздық ставка динамикасын зерттеу;

- Инфляция жағдайында ресурстардың реалды құнын есептеу;

- Банктің жалпы шығындарының көлеміндегі тартылған ресурстар бойынша пайыздық шығындар өзгерісін талдау.

ҚРҰБ-нің пайыздарды есептеу тәртібі туралы ережесінде салымшыға салым бойынша табыс ақшалай формада пайыз түрінде төлену бекітілген. Банк оны негізгі қарыз бойынша шоттағы қалдыққа операциондық күн басында есептейді. Шоттар жабылған кезде пайыз шоттардың нақты жабылған күніне дейін есептеледі [25].

Пайыздарды есептеуде пайыздық ставка мөлшері нақты күндер саны есепке алынады. Қаражаттарын орналастыру мақсатында банк таңдап жүрген салымшы үшін пайыз мөлшерін есептеу тәртібі анықтаушы фактор болуы мүмкін. Кейбір банктер оны есептеуде жылдағы нақты күндер санын (365 немесе 366), ал кейбіреулері жуық шамамен (360 күн) алады, ол өз кезегінде табыс мөлшеріне әсер етеді.

Пайыздарды есептеу келесі тәсілдердің бірі арқылы жүргізіледі:

- Қарапайым пайыздар;

- Күрделі пайыздар;

- Тұрақты пайыздық ставкамен;

- Қалқымалы пайыздық ставкамен.

Сонымен қатар, қаражаттардың салымда нақты болу уақытына байланысты прогрессивті өспелі пайыздық ставка қолданылады. Табысты есептеудің мұндай тәртібі салымдарды инфляциядан қорғайды және қаражаттарды сақтау мерзімін ұлғайтуға ынталандырады. Коммерциялық банктердің оның қызметін коммерцияландыруға байланысты пайыздық саясаты келесілерді қамтиды:

- Пайда алуға ықпал ету немесе оны болашақта алуға жағдай жасау;

- Депозиттер және ссудалық операциялар бойынша пайыздық ставка мәнін реттеу және оларды банк операцияларының тұрақтылығын қамтамасыз ету деңгейінде бекіту;

- Депозиттік операциялар және ссуда беру операцияларының арасында мерзімі және сомалары бойынша өзара байланыс және келісімділікті қамтамасыз ету;

- Баланстың өтімділігін қолдау;

- Пайыздық тәуекелділікті минималдау.

Бұл сұрақты қорытындылай келе пайыздық саясат – коммерциялық банктің депозиттік саясатының ажырамас бөлігі деуге болады. Банктің оптималды пайыздық саясаты бір қатар принциптердің сақталуына негізделеді. Олардың ішінде бірінші кезекте пайыздың жинақ мөлшері және сақтау мерзіміне байланысты дифференциациялану принципі, салымдар бойынша пайыздың «әлеуметтік» дифференциациялану принціпі, банк қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету принціпі және салымшылар жинағын қорғау сонымен қатар сақтау принціпін атап көрсетуге болады. Банктің тиімді пайыздық және депозиттік саясатын құруда осы принциптердің барлығын ұштастыру талап етіледі.