
- •Мазмұны
- •1 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының теориялық негіздері
- •1.1 Банктердің депозиттік операцияларының экономикалық мәні
- •Сурет 1. Қайтарып алу нысаны бойынша депозиттер
- •1.2 Қазақстанның депозит нарығының жіктелуі мен құрылымы
- •1.3 Депозиттік саясат және оның банк ресурстарын қалыптастырудағы рөлі
- •Коммерциялық банктің депозиттік саясаты
- •Депозиттік саясаттың шекаралары
- •2 Қазақстан республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік операцияларына талдау («қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ақ мысалы негізінде талдау)
- •2.1 Қазақстан Республикасынының коммерциялық банктерінің депозиттік қызметінің қазіргі жағдайы мен оны талдау ерекшеліктері
- •2.2 “ Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ” ақ-ның қаржылық жағдайына талдау
- •2.3 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ақ-ның заемдары мен тарифтік бағдарламаларын сараптау
- •3 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын жетілдіру жолдары
- •3.1 "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" ақ-ның депозиттік саясатын жетілдіру ұсыныстары
- •3.2 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі депозиттерді сақтандыру жүйесінің даму келешегі
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.3 Депозиттік саясат және оның банк ресурстарын қалыптастырудағы рөлі
Депозиттік саясат ең біріншіден келесі талаптарға сай болуы қажет:
- экономикалық мақсатқа лайықтылығы;
- бәсеке қабілеттілігі;
- ішкі қайшылықсыздылығы;
Экономикалық мақсатқа лайықтылығы ретінде халықтан тартылған қаражаттарды қолданудың рентабельділігі түсініледі. Бұл сұрақ, әрине, активті-пассивті басқарудың жалпы контекстінде қарастырылуы қажет. Жеке тұлғалардан депозиттік ресурстарды тарту тиімділігін салыстырмалы түрде есептеу кезінде, олармен байланысты шығындарды да есепке алу, соның ішінде-резервтік аударымдар, және де олардың өтімділігінің анықталмаған деңгейін, сонымен қатар нақты тиімділігін есепке алу қажет.
Салым бойынша ставкалар жүйесі нарық конъюктурасына сәйкес келетін құралдардың сенімділік иерархиясын есепке ала отырып, жобалануы қажет. Сенімділік дәрежесі бойынша өзіне сәйкес келетін банктермен салыстырғанда пайыз ставкасын төмен ұстайтын банк, өз клиенттерінің бір бөлігінен айырылуы мүмкін.
Депозиттік саясаттың ішкі қайшылықсыздығын бірнеше аспектілері бойынша қарастыруға болады. Бұл депозиттік ставкалардың уақытша құрылымы да, сонымен қатар сол банктің басқа да сәйкес келетін құралдарымен салыстырғандағы салым түрлерінің және олардың сомалары бойынша дифференцияциасы да (сертификаттармен, векселдермен және т.б.), және клиенттердің әр түрлі категориялары бойынша (мысалы; заңды және жеке тұлғалар үшін).
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының маңызын қарастырғанда мына сұрақтарды қарастыра кету қажет; депозиттік саясаттың объектілері мен субьектілерін, оны қалыптастырудың принциптерін, және депозиттік саясаттың шекараларын.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының субьектілерінің құрамына банк клиенттері, коммерциялық банктер және мемлекеттік ұйымдар кіреді. Депозиттік саясаттың обьектілеріне банктердің тартылған қаражаттары және банктің қосымша қызметтері жатады (комплекстік қызмет көрсету). Банктің депозиттік саясатының субьектілері мен обьектілерінің жіктелуі -суретте толығырақ жинақталып көрсетілген.
Депозиттік саясаттың жалпы принциптері ретінде макроэкономикалық деңгейде Қазақстан республикасының Ұлттық банкінің мемлекеттік ақша-несие саясаты үшін де және әр нақты коммерциялық банк деңгейіндегі саясаты үшін де біріңғай принциптері танылады. Оларға банктің депозиттік саясатының барлық элементтерінің біріңғайлығын, тиімділік және нәтижелілігін, сонымен қатар ғылыми негіздің принциптерін жатқызуға болады.
Депозиттік саясаттың ерекше принциптеріне банк шығындарының үйлесімді деңгейін қамтамасыз ету принциптері, депозиттік операцияларды жүргізудің қауіпсіздігін, сенімділігін қамтамасыз ету принциптері жатады, өйткені банк уақытша бос қаражаттарды орналастыру мақсатында шоғырлай отырып, табысты кез-келген жолмен алуға тырыспай, ол өзінің қызметін жүзеге асыратын нарықтың реалиларын есепке ала отырып табыс алуға тырысады.
Банк өтімділігін анықтаудың маңызды факторы болып оның депозиттік базасының сапасы табылады. Депозит сапасының белгісі болып олардың тұрақтылығы табылады.
Коммерциялық банктің депозиттік саясатын құру кезеңдерінің әрбірі басқаларымен тығыз байланысты, және олар депозиттік процесті ұйымдастыруды дұрыс жүргізу, және тиімді депозиттік саясатты құру үшін міндетті болып табылады. Банктің депозиттік саясатының механизмін дайындау процесінде банктің әр түрлі құрылымдық бөлімдері қатысады.
Депозиттік саясаттың субьектілер мен обьектілер классификациясы суретте нақты көрсетілген.