Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тургын уй жинак банки Диплом 2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.12 Mб
Скачать

1.2 Қазақстанның депозит нарығының жіктелуі мен құрылымы

Республиканың Ұлттық банкісі ҚР несие жүйесінің жоғары буыны бола отырып, коммерциялық банктердің және маман­дандырылған несие мекемелерінің қызметін реттейді. Сонымен қатар, елдегі барлық қаржы нарығын мемлекеттік тұрғыдан рет­теуші органы болғандықтан депозит нарығын да реттейтін орган ретінде ҚР-сының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Комитеті алға шығады.

ҚР Ұлттық Банк

CГруппа 17 урет 3. ҚР депозит нарығының институционалдық құрылымы

Дерек көзі: Ахметов Д. Банковская система Казахстана. Вопросы экономики. 2011г.

Депозит нарығында әрекет ететін институттарға байланыс­ты соңғысының құрылымы 3 суретке сәйкес келтірілген. 2000 жылдан бастап жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беретін қазақстандық қор жұмыс істеп келеді. Оның жалғыз құрылтайшысы әрі акционері – ҚР Ұлттық банкі.

Бүгінгі таңда қор ҚР Ұлттық банкі басқармасының қау­лысымен бекітілген ереже шеңберінде қызмет етеді. Осы ережеге сәйкес ҚРҰБ бекіткен нақты, міндетті шарттарға жауап беруі тиіс екінші деңгейлі банктер жүйенің қатысушылары бола алады.

Депозиттерді сақтандыру жүйесі келесі параграфта кеңірек қарастырылады.

Депозиттерді сақтандыру жүйесіне кірмейтін депозиттік жинақтаушы мекеме халықтың салым ақшаларын әр түрлі инвестицияға шоғырландырып, бағыттай отырып, нақты табыс алу мақсатында тартады. Олардың депозит нарығындағы рөлі жо­ғары. Мысалы, жинақтаушы зейнетақы қорындағы азаматтардың өз еріктерімен салған салымдарын айтуға болады. Бұл қор­лану қосымша зейнетақымен қамтамасыз ету болып табылады.

ӨГруппа 3 ткен параграфтарда қарастырылғандай, көптеген депозит түрлері бар. Әр институт заң шеңберінде тартылатын депозит­тердің шартын дербес анықтауға құқылы. Депозиттердің мөл­шері осыған байланысты болуы мүмкін. Қазақстандағы депо­зит нарығында мерзімді, жинақтаушы және талап етілгенге дейіегі депозиттер бар. Сурет 2-де осы депозиттердің негізгі құралда­ры келтіріледі.

Сурет 4. Қазақстандық депозит нарығының сегменті

Дерек көзі: «АльПари» 1-2, 2011ж. Г.Т.Нуришева «Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының қалыптасу ерекшелігі».

Күрделі динамикалық жүйе болып табылатын ҚР депозит нарығы ішкі және сыртқы факторлардың әсерін ұдайы сезінеді. Әрбіреуі өз мүддесін жүзеге асыруға ұмтылатын көптеген субъектілермен берілетін ол, сонымен қатар, Қазақстан экономикасында қалыптасқан негізгі ағымдардың арнасынан табылады.

Қазақстан Республикасы коммерциялық банктердің депозиттік нарығының депозиттік шекаралары маңызды болып табылады, оны жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражаттарын шоғырландырудағы нақты шекаралары деп түсіндіреміз. Сондықтан, аталған шекаралар келесі түрлері бойынша нысандары көрсетіледі:

  • депозит нарығындағы ұсыныс пен сұранысқа тәуелді (экономикалық шекара);

  • ҚР ҰБ нормативтері мен банк лимиттері (әкімшілік шекара);

  • депозиттік қатынас субьектілеріне тәуелді (сыртқы және ішкі шекара);

  • депозиттік қатынастың жеделдігіне тәуелді (уақытша шекара);

  • географиялық принципке тәуелді (территориялы шекара);

  • тартылған қаражаттың құрылымы мен обьектілеріне тәуелді (сапалы және сандық шекара).

Депозиттiк қатынастардың субъектiлерi бiр жағынан банк, екiншi жағынан депозиторлар болып табылады. Депозиторлар (салымшылар) ретінде заңды, жеке тұлғалар, ҚР резиденттерi және резидент емес тұлғалар, банктердiң клиенттерi және клиент емес тұлғалар бола алады. Шотты ашқан кезде банк пен депозитор apacында келiсiм-шартпен негiзделген құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар ағымдағы заң мен құқықтық қатынастар келiciм-шартына сәйкес бюджетке есептелуге тиiс салықтарды төлегеннен, есептелген мүдде мен депозиттің негiзгi сомасын толығымен қайтарғаннан кейiн ғaнa тоқтатылады. Бұл қатынастар депозиттiк келiсiм-шартпен рәсiмделедi.

Қазақстан Республикасының депозит нарығы күрделi де қарқынды дамьш келе жатқан жүйе бола отырып, iшкi және сыртқы факторлардың әcepін әр уақытта өзiне қабылдап отыр. Экономикадағы әр түрлi экономикалық, саяси және әлеуметтiк жағдайлардың әcepi депозит нарығының дамуына да әсер eтeдi. Бұған қарамастан депозит нарығының даму қарқыны өзiнiң жеке заңдылықтары мен ерекшелiктерiне ие болып отыр.

Жалпы халықтың көзқарасы бойынша банк жүйесiне депозит ретінде тартылған қаражаттардың барлығы несиелiк операцияларға пайдаланылады деген болжам бар. Бұл сырт қараған көзге осылай көpiнyi мүмкiн. Өйткенi, әрбiр банк өзiнің депозиттiк және несиелiк саясатын қаржылық операциялардың тұрақтылығын негiзге ала отырып құрады. Сонда ғана банктер тұрақты жоспарланған табыс алу мүмкiндiгiнe ие болады. Коммерциялық банктердегi тартылған мерзiмдi депозиттердің 60-70 %-i, талап еткенге дейiнгi депозиттердің 10-20 %-i шетел тәжiрибесiнде несиелiк ресурс peтiндe, ал қалған бөлiгi басқа да активтiк операцияларды орындауға пайдаланылады [13,144б].

Бiрақ бұл жағдай Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерiнде сақталынып отыр деп айту қиын. Онан басқа банктердің банкроттыққа ұшырап, өз депозиттiк мiндеттемелерiн орындай алмауынан кө0руге болады. Банктерге тартылған депозиттердiң несиеге берiлyi, яғни мультипликациялануы нәтижесiнде белгiлi уақыт iшiнде бiрнеше есе депозиттiк салымдар мен несиелiк ресурстарды көбейтетiнiн ескерсек, онда халықтың қолындағы банк жүйесiне тартылмай отырған қаражаттарының қаншалықты маңызды eкeнiн түciнyгe болады. Бұл айтылған жағдайдың механизмiн мына келесi 5-суреттен көруге болады.

Группа 149

Сурет 5. Депозиттердiң несиеге айналу механизмi

Дерек көзі: Бохаев Д.Т. «Қазақстан Республикасының депозиттік нарығын талдау»2012ж.[12]

Осы депозиттердің несиеге айналу процестерi тауар және қызмет нарығынсыз толығыменен iскe аспайды. Өйткенi, жеке және заңды тұлғалардың барлығы тауар өндiрiсi және қызмет көрсету салаларында еңбек етедi және өз еңбектерiнiң нәтижелерiн тауар және қызмет нарықтарында сата отырып, табыс табады. Осы тапқан табыстарының қорланатын бөлiгiн депозит нарығында салым peтiндe мүдде алу мақсатында орналастырады. Ал келесi жеке және заңды тұлғалар тауар өндiру немесе қызмет көрсетудi жандандыру мақсатында несие нарығынан несие ала отырып, тауар және қызмет нарықтарының қызметiн пайдаланады.

Осылайша, депозит нарығының әрі қарайғы қалыптасуы мен кеңеюінің жылы болды. Банктер неғұрлым жоғары сенімділік мен басқа салымдарға қарағанда пайыздық мөлшерлемелердің бәсеке қабілеттілігінің жоғары болғандықтан банктік жүйенің авторитетін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды.

Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жaғдайлармен түсiндiрiледi - бiрiншiден, банктер қаржылық нapықтapдa қаржы делдалы ретiнде басқа кәсiпорын­дардың, мекемелердiң және халықтың yaқытшa бос каражат­тар сомасын депозит түрiнде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиiмдi басқарады, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi және пайдалық негiзде қарызды қарыз алушыға ұсынaды. Екiншiден, депозиттердi мемлекеттiк caқ­тандыру жүйесi болады, бұл салымдарды жаппай кepi алу қayiптiгiн төмендетедi. Үшiншiден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсiпорындардың материалдық обьектiле­рiнде орналастырған активтерiне қарaғанда қондырғы ғима­раты ыңғайлы, өтiмдi және нарықта оңай өткiзiледi.

Басқа кәсiпорындармен салыстыpғанда осы барлық мін­деттeмелер коммерциялық банктерге меншiктi капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз мiндеттерiн жү­зеге асыруға және дұpыс қызмет eтyiнe мүмкiндiк бередi. Ең алдымен меншiктi капитал банк кызметiн бастау үшiн қажет. Сонымен қатар, офистi, жабдықтарды сатып алу және еңбек­aқыны төлеу, сондай-ақ банктiк операцияларды дамытудың келесi кезеңдерiнде шығындарды төлеу үшiн қажет. Мен­шiктi капитал – банктiң қорғаныс кепiлдiк қоры. Осы сипат­ты меншiктi капитал маңызды, сөзсiз мiндеттi қор болып табылады, банктiң тұрақтылығы мен оның жұмысының тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн банктiк қаражаттар құpы­лымында оның рөлi өте жоғары.

Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерiнiң активтiк операцияларын жүзеге асыру үшiн тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігiн пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттeрiнiң уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақ­тайды. Дәстүрлi түрде осы қаражаттардың негiзгi бөлiгiн депозиттер құрайды. Депозит пен банктiң клиенттерiнiң жи­нақ салымдарынан басқа мерзiмдi және мерзiмсiз салымда­рының барлығы түсiндiрiледi. Банктердiң aқшалай қаражат­тарды салымдаpға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттiк операциялар деп ата­лады. Осылардың негiзiнде коммерциялық банктердiң несие­лiк ресурстарының негiзгi бөлiгi құралады.

Депозиттiк операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

- банктiк пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшiн жағдай жасауға;

- депозиттiк операциялар әрекет ету керек;

- банк балансының оперативтiк өтiмдiлiгiн демеу мақса­тында икемдi депозиттiк саясат жүргiзiлуi керек;

- банк балансының өтiмдiлiгiн жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзiмдiк салымдарға депозиттiк опера­цияларды ұйымдастыру процесiнде ерекше назар аударылуы қажет; депозиттiк операциялармен қарыз­дарды беру бойынша операциялардың арасында мер­зiм және сомалар бойынша өзара байланыс пен са­бақтастылықты қамтамасыз ету қажет;

- депозиттердi тартуға әрекет eтeтін банктiк қызмет­тердi дaмытyғa шаралар қолдану.

Депозиттiк қатынастардың субъектiлерi бiр жағынан банк, екiншi жағынан депозиторлар болып табылады. Депозиторлар (салымшылар) ретінде заңды, жеке тұлғалар, ҚР резиденттерi және резидент емес тұлғалар, банктердiң клиенттерi және клиент емес тұлғалар бола алады. Шотты ашқан кезде банк пен депозитор apacында келiсiм-шартпен негiзделген құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар ағымдағы заң мен құқықтық қатынастар келiciм-шартына сәйкес бюджетке есептелуге тиiс салықтарды төлегеннен, есептелген мүдде мен депозиттің негiзгi сомасын толығымен қайтарғаннан кейiн ғaнa тоқтатылады. Бұл қатынастар депозиттiк келiсiм-шартпен рәсiмделедi.

Депозит дегенiмiз коммерциялық банктерге белгiлi-бiр мерзiмге және мерзiмсiз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуi тиic болып, сақтандырыла отырып салынған халықтың және сақтандырылyсыз салынған кәсiпорындардың ақша қаражаттары.

Бiздің зерттеуімiздiң нәтижесі бойынша отандық ғалымдардың зерттеулері депозиттердiң келесi қызметтерiн атап айтуға болады:

1) Коммерциялық қызмет - жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражаттарын депозитке белгiлi бiр мүдде төлеу шартымен тарта отырып, оны осы қаражаттар қажет болып отырған тұлғаларға өзiнің белгiлi үстеме ақысын қолдана отырьш сатады; Банктiң осы қатынасы оның коммерциялық банк деген атына негiз болады.

2) Ынталандыру қызмeтi – депозиттiк салымдардың әр түрлi шартпен құрылyы сaлымдардың белгілi бiр шарттағы салым түpiнe ақша қаражаттарын сала отырып табыс aлyға деген қызығушылығын тудырады. Ол табыс aқшa қаражаты, несие алу мүмкiндiгі және белгiлi бiр сыйлық есiнде ұтыс алу түpiндc болады.

3) Қорлану қызметi – депозитке тартылатын қаражаттар ақша түрiнде болғандықтан, ол банктiң белгiлi бiр қорларын құруға негiз болады. Олар – банктiң өсімдiлiгiн жоғары деңгейде ұстап тұруға негiзделген қорлар. Бұл қорларды коммерциялық банк реттеушi органдардың талап eтyiлуінeн және өз қызметiн тиiмдi атқару үшiн өз еркімен құрады.

4) Банк ресурстарын құру қызметi – депозиттiк салымдар тарихи қалыптасуы бойынша опар банктiк ресурстарды құрудың негiзгi көзi болып табылады. Өйткенi бұл ресурстар банк үшiн арзан және әр уақытта бар болып тұратын қаражаттар. Депозиттiк қаражаттар банктiң пассивтерiнiң 70-80% құрайтын ресурс болғандықтан олар активтiк операцияларды жүргiзуге қажеттi банк ресурстарының негiзiн құрайды [14,47-49б].

Бұл бөлімді қорытындылай келе Қазақстан Респyбликасының нарықтық экономикасының дамуы жағдайындағы депозиттiк нарықтың даму ерекшелiгiн eскepeтiн болсақ онда депозит анықтамасы келесiдей болып түсiндiрiлyi керек:

Депозит дегенiмiз коммерциялық банктерге белгiлi-бiр мерзiмге және мерзiмсiз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуi тиic болып, сақтандырыла отырып салынған халықтың және сақтандырылyсыз салынған кәсiпорындардың ақша қаражаттар