Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тургын уй жинак банки Диплом 2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.12 Mб
Скачать

Сурет 1. Қайтарып алу нысаны бойынша депозиттер

Дерек көзі: Мақыш С.Б. Банк ісі: Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2010ж. [10]

Коммерциялық банктерде депозиттердің әртүрлі шарттары бойынша жіктелуі реті 1, 2-суреттерде көрсетілген.

Талап етілетін депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк Талап етілетін салымдар бойынша ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған. Талап етілетін депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған [9].

Шот иесі оларды әр түрлі формаларда – қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде күнделікті төлем операцияларын жүргізу біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады.

Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап етілетін шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін.

Сурет 2. Салымшылар категориясы бойынша депозиттер

Дерек көзі: Мақыш С.Б. Банк ісі: Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2010ж.

Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Бұл экономиканың айналымдық сипатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен Талап етілетін шоттар 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.

Талап етілетін салымдар депозиттік немесе контокоррентік шоттарда орналастырылуы мүмкін. Олардың арасында айырмашылықтар бар. Депозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе аударуы мүмкін, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал контокорренттік есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар болуы мүмкін. Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгілі бір уақытқа несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте-бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та транзакциялық немесе чектік шоттар деп аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.

Бұл шоттардың жоғары өтімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі кемшілік (салымшы үшін) – шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.

АҚШ-та талап етілетін шоттарға пайыздарды коммерциялық банктерге төлеуге заң бойынша тыйым салады. Коммерциялық банктер өз салымшыларын сақтап қалу мақсатымен депозиттік шоттың жаңа түрін салымшыларға ұсынады, ол бір жағынан жоғары өтімділік деңгейін, шоттарды есеп айырысу үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан салымшыларға белгілі бір табыс алуды қамтамасыз етті. Бұл шот – наушот деп аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер үшін пайдалануы мүмкін есеп айырысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы бұйрығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу тратталарын беруге болатын депозитті шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрінде табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап заң арқылы АҚШ-тың бүкіл аймағында шоттың бұл формасы рұқсат етілді.

Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай-да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар Талап етілетін шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде кері ала алады [12, 115-118б].

Ескертуі бар мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды кері алу туралы арнауы арызын банкке алдын ала түсіруі талап етіледі. Әдетте ескерту мерзімдері – 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланысты сәйкес пайыздық мөлшерлемелер белгіленеді. Көбінесе тәжірибеде алдын ала ескертуге (хабарламасы бар) мерзімді депозиттер қолданылады.

Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген. Шот иесі шотқа ақша салу немесе алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен қолданады. Мысалы, АҚШ-та корпорациялар, фирмалар және басқа да коммерциялық ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген.

Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға мақсатты және т.б. Әдетте олар халыққа қосымша қызметтерді (пошталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын-ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.

Көптеген коммерциялық банктерде талап етуге дейінгі депозиттердің тартылған қаражат құрылымындағы үлес салмағы ең жоғары болып табылады. Бұл әдетте, банктік ресурстардың құрылуының ең арзан көзі. Қаражаттың жоғары жұмылдыруына байланысты талап ету есепшоттарындағы қалдық тұрақты емес, тіпті кейде мүлде өзгермелі деуге болады. Есепшот иесінің кез келген сәтте қаражатты алу мүмкіндігі банктің айналымында өтімділігі аз, бірақ аса жоғары табыс әкелетін активтердің үлесін азайту есебінен өтімділігі жоғары активтердің үлесінің (кассадағы, корреспонденттік есепшоттағы және басқа қаражат қалдықтары) мейлінше көп болуын талап етеді. Сол себепті талап етуге дейінгі есепшоттардағы қалдықтар бойынша банктер олардың иелеріне төмен процент төлейді немесе тіпті ешқандай табыс есептемейді. Дегенмен, талап етуге дейінгі есепшоттардағы қаражаттың жоғарғы жылжымалылығына қарамастан, олардың ең төменгі, бірақ төмендемейтін қалдығын анықтаудың және оны тұрақты несиелік ресурс ретінде пайдаланудың мүмкіндігі бар.

Әлемдік банк тәжірибесінде мерзімді депозиттер мен талап етуге дейінгі депозиттер арасында жинақтаушы депозиттер орын алады. Шетел тәжірибесінде ақша жинақтау операциялары депозиттік операциялардан бөлек қаралады және негізгі назар олардың айрықша ерекшеліктеріне бөлінеді – салым жинақтаушының иесіне, көбінесе, жинақтау кітапшасы түрінде берілетін салымның бар екендігін көрсететін куәлік беріледі. Депозиттің бұл түрі құнттылыққа ынталандыратын - арнайы ұмтылудың туындауымен сипатталатын мақсатты сипаттағы қаражаттарды жинақтау үшін немесе ақша жинақтарын салуға қызмет етеді және табыстылық деңгейі жоғары, дегенмен мерзімді салымдарға қарағанда табыстылығы төмен болады.

Халықтың жинақтау салымдары мерзімдері және салым операцияларының талаптары (мысалы, балаларға, мектеп оқушыларына арнап салынған салымдар, зейнетақылық салым және т.б.) бойынша бөлінеді.

Бағалы қағаздар мынадай топтарға бөлінеді: банкке тиесілі кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың акциялары мен облигациялары; банкте сақтауда тұрған акциялар мен облигациялар; шетел операциялары бойынша құндылықтар мен құжаттар.

Жалпы, жоғарыда айтылған депозит тірлерін жіктелінуі бойынша төмендегі кестемен қорытыдылыпа кету қажет.

Кесте 1. Салым түрлерiнiң жiктелуi

Жiктелу белгiлері

Салым түрлерi

  • субъектiлер бойынша

  • жеке тұлғалардың депозиттерi

  • заңды тұлғалардың депозиттерi

  • мерзiмi бойынша (өтiмдiлiгi)

  • талап етiлгенге дейiн

  • мерзімдi, соның iшiнде:

  1. тiркелген мерзiммен;

  2. өтеу үшiн белгiленген мерзiм;

  3. депозиттiк келiсiмнiң тоқтатылуы туралы хабар

  • мерзiмi бойынша

  • қысқа мерзiмдi

  • ұзақ мерзiмдi

  • шотты алу түрі бойынша

  • шоттағы салымдар: талап етiлгенге дейiн, мерзiмдi, жинақ ақша.

  • депозитке ақша қаражатты тартуда қаржылық құралдар типi бойынша

  • жинақ кiтапшалы салымдар

  • депозиттiк пластикалық салым

  • белгiлi пайыздық ставканың түрлерi бойынша

  • тұрақты, сатылы және өзгермелi пайыздық ставкалы салымдар

  • салымғa тартылған қapaжaттардың шарты бойынша

  • cтaндapтты, ерекше немесе жеңiлдетiлген шарттармен

  • пайыздық ставканы немесе сомманы шектеу мүмкiндiгi бойынша

  • лимиттелiнген

  • лимиттелiнбеген

  • сақтандырылу деңгейi бойынша

  • сақтандырылған

  • сақтандырылмаған

  • қолдану режимi бойынша

  • талап еткенге дейiн: мерзiмдi және трансакциялық салымдар

  • қымбаттау дәрежесi бойынша

  • тeгiн (есеп айрысу);

  • ақылы (депозиттiк шоттар);

  • қымбат (банкаралық несие)

Дерек көзі: Ұ.М. Искаков, Д.Т.Бохаев, Э.А.Рузиева. «Қаржы нарығы және делдалдары» Алматы: Экономика, 2008.

Банктердің депозиттік базасын нығайту мәселесін шешуде әртүрлі депозиттердің көлемін ұлғайту ғана емес, сонымен қатар депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын жақсарту және салымдарды тартуды ынталандыру жүйесін арттырудың да үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен банктердің дәстүрлі емес банктік құралдарды: депозиттік және жинақтау сертификаттарды, чек депозиттерді, банктік вексельдерді шығару есебінен қол жеткізілуі мүмкін.

Жалпы, депозит жазулы қалыптасқан кірісі мен мерзімі бар қалыпты құрал боп саналады. Дегенімен, қалыпты депозиттен тиесілі мерзім аяқталғанша, қажетті ақшаны алу мүмкін емес. Банк мекемесінің коммерциялық кәсіпорын түрлерінің бірі ретіндегі ерекшелігі, оның ресурстарының басым көпшілігі өзінің жеке қаражатынан емес тартылған заемдық қаражаттардың есебінен қалыптастырылуында. Банктердің қаражатты тартуының шегі бар және ол кез келген мемлекеттің Орталық банкі тарапынан реттеліп отырады.