- •Мазмұны
- •1 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының теориялық негіздері
- •1.1 Банктердің депозиттік операцияларының экономикалық мәні
- •Сурет 1. Қайтарып алу нысаны бойынша депозиттер
- •1.2 Қазақстанның депозит нарығының жіктелуі мен құрылымы
- •1.3 Депозиттік саясат және оның банк ресурстарын қалыптастырудағы рөлі
- •Коммерциялық банктің депозиттік саясаты
- •Депозиттік саясаттың шекаралары
- •2 Қазақстан республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік операцияларына талдау («қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ақ мысалы негізінде талдау)
- •2.1 Қазақстан Республикасынының коммерциялық банктерінің депозиттік қызметінің қазіргі жағдайы мен оны талдау ерекшеліктері
- •2.2 “ Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ” ақ-ның қаржылық жағдайына талдау
- •2.3 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ақ-ның заемдары мен тарифтік бағдарламаларын сараптау
- •3 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын жетілдіру жолдары
- •3.1 "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" ақ-ның депозиттік саясатын жетілдіру ұсыныстары
- •3.2 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі депозиттерді сақтандыру жүйесінің даму келешегі
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының теориялық негіздері
1.1 Банктердің депозиттік операцияларының экономикалық мәні
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаржаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Банк мекемесінің коммерциялық кәсіпорын түрлерінің бірі ретіндегі ерекшелігі оның ресурстарының басым көпшілігі өзінің жеке қаражатынан емес тартылған заемдық қаражаттардың есебінен қалыптастырылуында. Банктердің қаражатты тартуының шегі бар және ол кез келген мемлекеттің Орталық банкі тарапынан реттеліп отырады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады. Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит латынның (depositum) деген сөзінен алынған, ол сақтауға берілген затты немесе депозиттік операциялардың субъектілері банкке енгізетін белгілі ақша қаражатын немесе банктік және қаржылық операцияларды жүргізу тәртібіне байланысты белгілі уақытқа банктердің есепшоттарында болатын қаражатты айтады.
Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңында депозиттің анықтамасы былай деп берілген: Депозит – бұл бір тұлғаның (депозитордың) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) бірінші талап бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін қайтарылуы тиіс пе, тиіс емес пе, оған қарамастан толығымен немесе бөлшектеліп, алдын ала айтылған үстеме ақымен немесе онсыз, тікелей депозиторға немесе оның тапсырысы бойынша үшінші тұлғаға ұлттық мәнде қайтарылу талаптарымен берілген ақшасы.
Банктік депозит (латынан depositum – сақталуға берілген зат) – бұл банкке клиенттердің уақытша бос ақшаларын беру жөніндегі экономикалық қатынас. Алайда депозит терминін түсіндіретін анықтамалар көп. Әлемдік тәжірибеде депозит – бұл заңды және жеке тұлғалардың құралдарды салу мерзіміне тәуелсіз қаржылық институтқа салу. Ал Қазақстанда заңды тұлғалардың салымдары депозит, ал жеке тұлғалардың – салымдар деп аталады. Есеп-айырысу және ағымдағы шоттардағы қалдықтар депозит болып саналмайды [4, 112-114б].
Демек, зерттеліп отырған объектіміз депозиттік нарық болғандықтан, осы нарыққа бірнеше анықтама беріп кетелік. Депозиттік нарық – салымдар және депозиттер рыногы – халықтың ақша қаражатын пайда табу мақсатымен белгілі талаптармен әртүрлі қаржы мекемелеріне салу жөніндегі экономикалық қатынастар саласын көрсетеді.
Депозит нарығы – ақша нарығының бір бөлігі ретінде банктік депозиттік қызметін ұсынушылар мен тұтынушылардың жиынтығын білдіреді.
Депозиттік операциялар – банктердің ақша қаражатын салымдарға (пассивтік депозиттерге) тарту немесе иеліктерінде бар қаражатты басқа банктерге немесе кредиттік-қаржы институттарына (активті депозиттер) орналастыру.
Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің ролі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Депозиттік операциялар бастапқыда алтын тиынды сақтаудың формалары түрінде пайда болды, яғни оларды ақша сарайларында, айырбастауларда және т.б. көбірек жинақтау мақсаттарында пайда болды. Сақталғаны үшін иесі белгілі бір деңгейде сыйақы төлеуі қажет болатын. Клиенттің тілегі бойынша айырбастау өзіне сеніп тапсырылған тиынның нақ өзін сақтауға кепілдік беретін. Мұндай жағдайда олар алынған тиындармен ссудалық операцияларды жүзеге асыра алмайтын, олар иелеріне ақша пайызын төлейтіндей пайда ала алмайтын. Уақыт өте келе олардан тура нақ сол тиындарды қайтару талап етілмейтін болды – орналастырылған ақшаның сомасы ғана қайтарылатын. Сақтау мерзімі де ұзартылады. Егер осыған дейін айырбастаулар несиені тек өз капиталына қарай беріп келген болса, ендігі жерде несие ұсыну, ссудаға пайыз алу және ақшаның иелеріне өз сомасының бір бөлігін төлеу үшін қарыз қаражатын пайдаланудың мүмкіндіктеріне ие болды.
Бүгінгі таңда депозиттік операциялардың сан алуан түрлері мен формалары бар және елдер бойынша айтарлықтай сараланған. Алайда әрбір қаржы институтының артықшылықты міндеттерінің біріне бұрынғыша несиелік ресурстардың негізгі көзі ретінде болатын депозиттік базаларды кеңейтіп, салымшыларды көптеп тарту жатады.
Ақша жинақтау функциясын орындай отырып, мәні бойынша халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және т.б. жинақтар секілді болатын депозиттерге трансформацияланады. Клиенттердің барлық салым ақшалары депозит деп ұғылады. Оған орналастырылған қаражаттың көздері әр түрлі. Бұл корпорациялық клиенттердің, мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың шоттарындағы қаражат және уақытша пайдаланылмайтын жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы.
Депозит экономикалық категория ретiнде жинақ ақшаның құрамдас бөлiгi болып табылады. Бiрақ, егер жинақ ақша табыстарды бөлу және қайта бөлумен тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.
Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына түрткі әрі сеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие. Жинақтаулардың экономикалық категориялар ретінде мәні қайта бөлу функциясы арқылы жүзеге асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және сондай-ақ олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы ары қарайғы пайдаланылуы жүзеге асады.
Экономикалық әдиеттерде «жинақтау» түсінігінің көптеген анықтамалары кездеседі. Олардың біріне жүгінсек, жинақтаулар – бұл «жаратудан бас тарту», яғни байлық иелерінің ақша қаражаттары түріндегі жинауларының нәтижесі.
Жинақтаулар – төмендегідей екі типтің дерменттігі жағдайында дамитын экономикалық құбылыс:
табыс алудың белгілі бір кезеңділігін, жалақы және бағдарлардың деңгейін белгілейтін, экономикалық ;
ағымдық табыстың бір бөлігін бірінші кезекте негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін бөлуге итермелейтін физиологиялық.
Қалай болғанда да, жинақтаулар, өз кезегінде, өндірістік қатынастардың дамуына сеп болатын қоғамдағы айырбас қатынастары дамуының белгілі бір формасы болып табылады. Жалпы алғанда, жинақтаулар – бұл тұрғындардың белгілі бір тұтынушылық мақсаттарға қол жеткізуін қалыптастыратын ақшалай қоры. Бұл ақшалай қордың ерекше пайда болу механизмі, өзіндік даму логикасы мен әрекет ету формасы болады [5, 5-8б].
Кез келген нарықтағы сияқты депозиттік нарықта да қажетті операцияларды жүзеге асыратын өзінің қатысушылары мен құралдары болады. Депозиттік нарықтағы әрбір субъектінің мақсатты функциясы берілген түсінікті анықтау критерийі болып табылады. Депозиттік нарықтың келесідей субъектілерін (қатысушыларын) бөліп көрсету қалыптасқан:
депозиттер тартудың жүзеге асыратын – екінші деңгейлі банктер түріндегі банктік жүйе;
депозиттер салатын – тұрғындар, кәсіпорындар түріндегі салымшылар;
реттеуші және бақылаушы орган – Ұлттық банк түріндегі мемлекет.
Депозиттік нарық дамуындағы объективті факторлардың бірі – белгілі бір септерге байланысты қаражаттарды депозиттерге тарту бойынша тиімді банк іс-әрекетін және оларды тиімді басқаруды жүзеге асыруда үлкен маңызы бар оңтайлы депозиттік саясаттың өмірге келтірілуі болып табылады.
Депозит экономикалық категория ретiнде жинақ ақшаның құрамдас бөлiгi болып табылады. Бiрақ, егер жинақ ақша табыстарды бөлу және қайта бөлумен тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.
Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына түрткі әрі сеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие. Жинақтаулардың экономикалық категориялар ретінде мәні қайта бөлу функциясы арқылы жүзеге асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және сондай-ақ олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы ары қарайғы пайдаланылуы жүзеге асады.
Экономикалық әдиеттерде «жинақтау» түсінігінің көптеген анықтамалары кездеседі. Олардың біріне жүгінсек, жинақтаулар – бұл «жаратудан бас тарту», яғни байлық иелерінің ақша қаражаттары түріндегі жинауларының нәтижесі.
Жинақтаулар – төмендегідей екі типтің дерменттігі жағдайында дамитын экономикалық құбылыс:
табыс алудың белгілі бір кезеңділігін, жалақы және бағдарлардың деңгейін белгілейтін, экономикалық;
ағымдық табыстың бір бөлігін бірінші кезекте негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін бөлуге итермелейтін физиологиялық.
Қалай болғанда да, жинақтаулар, өз кезегінде, өндірістік қатынастардың дамуына сеп болатын қоғамдағы айырбас қатынастары дамуының белгілі бір формасы болып табылады. Жалпы алғанда, жинақтаулар – бұл тұрғындардың белгілі бір тұтынушылық мақсаттарға қол жеткізуін қалыптастыратын ақшалай қоры. Бұл ақшалай қордың ерекше пайда болу механизмі, өзіндік даму логикасы мен әрекет ету формасы болады.
Кез келген нарықтағы сияқты депозиттік нарықта да қажетті операцияларды жүзеге асыратын өзінің қатысушылары мен құралдары болады. Депозиттік нарықтағы әрбір субъектінің мақсатты функциясы берілген түсінікті анықтау критерийі болып табылады. Депозиттік нарықтың келесідей субъектілерін (қатысушыларын) бөліп көрсету қалыптасқан:
депозиттер тартудың жүзеге асыратын – екінші деңгейлі банктер түріндегі банктік жүйе;
депозиттер салатын – тұрғындар, кәсіпорындар түріндегі салымшылар;
реттеуші және бақылаушы орган – Ұлттық банк түріндегі мемлекет.
Депозиттік нарық дамуындағы объективті факторлардың бірі – белгілі бір септерге байланысты қаражаттарды депозиттерге тарту бойынша тиімді банк іс-әрекетін және оларды тиімді басқаруды жүзеге асыруда үлкен маңызы бар оңтайлы депозиттік саясаттың өмірге келтірілуі болып табылады.
Депозиттік саясат – ары қарай табысты әрі белсенді пайдалану мақсатында заңды және жеке тұлғалардың депозиттер түріндегі бос ақша қаражаттарын мобилизациялауға бағытталған шаралар жүйесін білдіреді. Депозиттік саясаттың маңызды міндеті банктің депозиттік базасын ұлғайту мақсатында қажетті жағдайлар туғызуда көрініс табады.
Біріншіден, банк әзірлейтін депозиттерді тарту стратегиясы мен тактикасы әлуетті салымшылар санын ұлғайтуға әрекеттеседі. Тартымды депозиттік саясат, салымшылар үшін қаражаттарды салудың тиімді жағдайларын қалыптастыру берілген банктердің басқаларға қарағандағы бәсекелестік қабілетін көтереді.
Екіншіден, салымшы-клиенттер санының өсуі есінен банкке несиелік саясатты белсендірек етуге мүмкіндік беретін тартылған қаражаттар көлемі ұлғаяды. Яғни, депозиттік саясаттың тиімді бағамының арқасында банктің банкаралық несиелік нарықтан әрі қымбаттамауға немесе қаражат тартудың басқа да көздерін іздеуге мүмкіндігі туады.
Барлық жұмсалымдардың түрлерi жинақ ақша болып табылады. Депозит - жинақ ақшаларды сақтаудың бiр түpi.
Депозиттiң экономикалық категорияларын сипаттайтын мынадай белгiлерiн бөлiп айтуға болады:
1. Депозиттер банктермен ақшалай қайта бөлiну процестерiн қарастырады, яғни салынған салымдардың алу мерзiмi келген кезде салынған ақша қаражаттарының қолма-қол қайтарылуы шарттастырылған.
2. Депозиттер жеке табыс бөлiгi peтiндe капиталмен тығыз байланысты. Мұндай қайта бөлу қатынастарының пайда болуы депозиттiк салымдарды өтеу кезiнде есептелген пайыздар түрiнде табыс алу жағдайының болуына негiзделген.
3. Депозиттер қайтарылу мерзiмдерi бойынша көп түрлiлiгiмен. сипатталады. Бұл мерзiмдiк салымдар және ұзақ мерзiмге салынған салымдар және мезгiлсiз салымдар болуы мүмкiн.
Депозиттiк операциялармен пайда болған қайта бөлу қатынастарының келтiрiлген ерекшелiктерi оғaн мынадай анықтамалар бере алады:
Депозиттер - бұл банк пассивi балансында көpiнeтін, депозиттiк портфельге ақша салымдарын қалыптастыру нәтижесi бойынша, олардың қатысушылары арасындағы ipi қайта бөлiнy қатынастарының жиынтығы.
Осы уақытқа дейiн осы экономикалық категориялардың талдау көзi peтiндe қаралатын ортақ қабылданған депозиттер анықтамасы жоқ. Бiрақ ғылыми экономикалық әдиеттерде депозитке оның қалыптасу көздерi, субектiлерi, орналастыру жағдайы және т.б. сипаттамалары негiзiнде әр түрлi анықтамалар мен түciнiктep берiледi.
Депозиттер және банк тәжірибесiнде қолданылатын депозиттiк шоттар мәселесi бойынша әр түрлi және бiр-бiрiне қарама - қайшы көзқарастар бар. Әлемдiк банк тәжiрибесінде депозит peтiндe банктiк немесе басқа да қаржы мекемелерiне сақтауға тапсырылған ақшалай қаражаттар мен бағалы қағаздар қарастырылады [6,25-27б].
Депозит терминi анықтамасына көптеген ғалымдардың салыстырмалы теориялық көзқарастарын келтiруге болады:
Депозит - клиенттiң банкке өз ақшалай қаражатын уақытша пайдаланyға беруi. Депозиттердi ақшалай қаражаттар немесе әртүрлi құндылықтар деп зерттеу бойынша жалпы экономист - ғалымдардың apacындa қарама - қайшылықтар кездеседi. Бұл қарама - қайшылық қазiргi заманда банк операцияларының немесе қызметтерiнiң өркендеп дамуымен өз шешiмiн тауып жатыр. Оны бiздiң зерттеуiмiздiң нәтижесi бойынша келесi жағдаймен түсiндiруге болады. Ол:
- коммерциялық банктердегi депозиттер тек ақша қаражаты ретiнде ғана қарастырлады;
- бағалы қағаздар және басқа да құндылықтар қазiргi уақытта банктерменен депозиттiк операция жүргiзу мақсатында емес, тек қана сақтау және сенiмдi басқару мaқcaтындa ғана клиенттерден тартылады. Клиенттер банктiң көpceтeтін қызметi үшiн комиссиондық жарналар немесе төлемдер төлейдi.
Бағалы заттар мен бағалы тастар екiншi деңгейлi коммерциялық банктер жүйесiнде қазiргi уақытта eкi мақсатта сақталынуы мүмкiн:
а) банктер өзiнiң өтiмдiлiгiн белгiлi бiр деңгейде ұстап демеп отыру үшiн, бұл жағдайда қымбат бағалы металдар өтiмдiлiгi өте жоғары бiрiншi peттeгi резервтiк активтер рөлiн атқарады.
б) табыс табу ушiн.
Шетел әдиеттерiнде депозит түciнiгiнe барлық мерзiмдi және мерзiмдi емес жинақ ақшалардан басқа банк клиенттерiнің басқа да құндылықтары түрiндегi салымдары жатады .
Отандық банктiк әдиеттерде депозиттерге тек кәсiпорындардың және жеке тұлғалардың мерзiмдi салымдары, ағымдағы бюджет есеп айырысуларын қоспағанда, бюджеттiк және басқа да арнайы пайдаланылған шоттардағы қалдық ақшалар жатады. Депозиттер депозиттiк портфельде ақша салымдарын қалыптастыру есiнен оның қатысушылары арасында ерекше қайта бөлiну жиынтығы, яғни ол банк балансының пассивiнде көрiнедi, номиналды түрде қайтарылу жағдайында болады. Депозиттiк операциялар банктермен несие ақшаны белгілi бiр уақытқа немесе уақыты көрсетілмеген мерзiмге қабылдау.
Депозиттік операциялардың негізінде банктің несиелік ресурстарының басым бөлігі құралады.
Соңғы уақыттарға дейін республикамызда депозиттерді басқару мәселесіне назар аударылған жоқ. Банк мекемелері алдында олармен жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшері мен өзіндік ерекшелігіне байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері орындарына қойылған жоқ болатын. Елімізде депозиттік саясат теориясының жасалмағандығынан, біз шетел тәжірибесіне назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды ғана талап етіп қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
депозиттік операциялар әрекет ету керек:
банк балансының жедел өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімді салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назар аударылуы қажет;
депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.
Депозиттердің келесідей қызметтерін атап айтуға болады:
1) Коммерциялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражаттарын депозитке белгілі бір мүдде төлеу шартымен тарта отырып оны осы қаражаттар қажет болып отырған тұлғаларға өзінің белгілі үстеме ақысын қолдана отырып сатады. Банктің осы қатынасы оның коммерциялық банк деген атына негіз болады.
2) Ынталандыру қызметі – депозиттік салымдардың әр түрлі шартпен құрылуы, салымдардың белгілі бір шарттағы салым түріне ақша қаражаттарын сала отырып табыс алуға деген қызығушылығын тудырады. Ол табыс ақша қаражаты, несие алу мүмкіндігі және белгілі бір сыйлық есебінде алу түрінде болады.
3) Қорлану қызметі – депозитке тартылатын қаражаттар ақша түрінде болғандықтан, ол банктің белгілі бір қорларын құруға негіз болады. Олар – банктің өсімділігін жоғары деңгейде ұстап тұруға негізделген қорлар. Бұл қорларды коммерциялық банк реттеуші органдардың талап етуімен және өз қызметін тиімді атқару үшін өз еркімен құрады.
4) Банк ресурстарын құру қызметі – депозиттік салымдар тарихи қалыптасуы бойынша олар банктік ресурстарды құрудың негізгі көзі болып табылады. Өйткені бұл ресурстар банк – үшін арзан және әр уақытта бар болып тұратын қаражаттар. Депозиттік қаражаттар банктің пассивтерінің 70-80 % құрайтын ресурс болғандықтан, олар активтік операцияларды жүргізуге қажетті банк ресурстарының негізін құрайды [7,84б].
Коммерциялық банктердің несиелік ресурстары дегеніміз – бұл оның жарғылық капиталы мен басқа да пассивті операциялары нәтижесінде құралған және уақытша бос тұрған ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Банктің несиелік ресурстары – бұл меншікті капиталдың және тартылған қаражаттардың ақшалай түрдегі активті-несиелік операцияларға бағытталатын бір бөлігі. Несиелік ресурстар несиеге берілген уақытында олар банкке ресурс болудан қалады және олар қор емес (клиент қайтарымдылығы – тәуекелді операция), ол орналастырылған несиелік ресурстарға айналады.
Депозиттік есеп-шоттар әртүрлі болуы мүмкін, және олардың жіктелуінің негізінде салымдар көздері, оларды мақсатты пайдалану, табыс табу дәрежесі және т.б. критерийлер жатыр. Ең көп қолданылатындары төменде келтірілген.
Депозиттер санаттарына орай былай бөлінеді:
- заңды тұлғалардың (кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің және т.б.) депозиттері;
- жеке тұлғалардың депозиттері.
Экономикалық тағайындалуы бойынша депозиттер 4 топқа бөлінеді:
1. мерзімдік;
2. талап етуге дейінгі;
3. халықтың жинақ ақша салымдары;
4. бағалы қағаздар.
Мерзімді депозиттер - банктер белгілі мерзімге тартатын депозиттер. Мерзімді депозиттердің өзі заңды және жеке тұлғалардың мерзімді салымдары және алдын ала хабарлаумен жасалатын мерзімді салымдары деп бөлінеді.
Мерзімді салымдар шартта көрсетілген мерзімге және талаптармен банктің толық қарамағына қаражатты беру, ал ол мерзім аяқталған соң салымды иесі кез келген сәтте алуы мүмкін. Клиентке мерзімді депозит үшін төленетін сыйақы мөлшері депозиттің мерзімінен, сомасынан және салымшының шарт талаптарын орындауына байланысты болады. Салымның мерзімдері неғұрлым ұзақ және (немесе) сомасы үлкен болса, соғұрлым сыйақы мөлшері үлкен болады.
Мерзімді депозиттер мерзімі бойынша: 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан бір жылға дейін, бір жылдан астам болып бөлінеді. Мұндай мерзімдерінің егжей-тегжейлі бөлінуі салымшылардың өз қаражаттарын тиімді ұйымдастыруға және оларды салымдарға орналастыруға ынталандырып, сондай-ақ банктерге өздерінің өтімділігін басқару үшін жағдай туғызады.
Қаражатты алу жөнінде алдын ала хабарландырылатын салымдар дегеніміз клиенттің банкті шарт бойынша белгіленген мерзімде алдын ала хабардар етуі тиіс салым. Хабарлау мерзіміне байланысты салым бойынша проценттік ставка анықталады.
Мерзімді салымның сомасы дөңгелек сомалармен белгіленіп шарт күшінде болатын барлық мерзім ішінде өзгертілмеуі тиіс. Мерзімді салымдар ағымдағы төлемдерді жүзеге асыруға қолданылмайды. Егер, салымшы салым сомасын өзгерткісі келсе – азайтқысы немесе ұлғайтқысы келсе, онда ол қолданыстағы шартты бұзып, өз салымын алып, жаңа талаптармен қайта ресімдейді. Бірақ, салымшы салым бойынша қаражатты мерзімінен бұрын алған кезде, ол шартта көзделген проценттерден ішінара немесе толығымен айырылуы мүмкін. Әдетте, мұндай жағдайларда проценттер талап етуге дейінгі салымдар бойынша төленетін проценттер мөлшеріне дейін төмендетіледі.
Мерзімді депозиттер банктің басшысы арқылы банк және клиент (салымшы) арасында жасалатын шартпен ресімделеді. Банктер депозиттік шарттың нысанын дербес даярлап, салымның жекелеген түрлері бойынша өзгеше үлгілері болады. Шарт екі дана етіп жасалады: біреуі салымшыда, екіншісі – банктің кредиттік немесе депозиттік бөлімінде (бұл жұмыс қандай бөлімге тапсырылғанына орай) сақталады. Шартта салым сомасы, оның әрекет мерзімі, шарт мерзімі аяқталғаннан кейін салымшы алатын проценттер, тараптардың құқықтары және міндеттері, олардың шарт мерзімін сақтау туралы жауапкершіліктері, дауларды шешу тәртібі белгіленеді.
Көптеген банктер банктің ұсақ, орта және ірі клиенттерге қызмет етуіне байланысты мерзімді салымның ең төменгі мөлшерін белгілейді. Банк өз тарапынан шарттың барлық талаптарын уақтылы орындауға және оларды бұзғаны үшін жауап беруге міндеттенеді. Бұл депозит иелеріне қаражатты немесе проценттер төлеуді уақытында бермегені үшін өсімпұл немесе айыппұлдар төлеуде көрініс табады. Банк және салымшы арасында туындайтын даулар төрелік сотта немесе сот тәртібімен (егер салымшы жеке тұлға болса) шешілуі тиіс.
Талап етуге дейінгі депозиттер – белгісіз мерзімге салынатын, салымшы кез келген уақытта банкті алдын ала хабардар етпестен алатын немесе басқа тұлғаға аудара алатын қаражат.
Талап етуге дейінгі депозиттер қаражаттың сипаты және кімге тиесілілігі бойынша бөлінеді:
- кәсіпорындардың және ұйымдардың есепайырысу, ағымдағы есепшоттарында сақталған қаражаттары, әртүрлі қорларда сақтауы бойынша арнайы есепшоттардағы қаражаттары; кәсіпорындардың капиталдық салымдарға арналған есепшоттарындағы, жергілікті бюджеттердің табыстары бойынша есепшоттардағы қаражаты;
- жергілікті бюджеттердің қаражаты;
- басқа банктермен есепайырысу бойынша корреспонденттік есепшоттардағы несиелік қаражат қалдықтары және шетелдік банк-корреспонденттердің есепшоттарындағы қаражаты.
Жекелеген топтарға арнайы есепшоттарда есепайырысуға (мысалы, аккредитивтермен, чек кітапшаларымен) тартылған (арнайы қорларға) және арнайы мақсаттарға (капиталды салымдарды және т.б. қаржыландыру үшін) резервтелген қаражаттарды біріктіріледі.
Банктік өтімділікті басқару тұрғысынан банктерге ағымдағы және бюджеттік есепшоттар, капиталдық салымдарды қаржыландыру жөніндегі есепшоттар, арнайы мақсаттағы есепшоттар пайдалы болып есептеледі, өйткені олардағы қаражат қозғалысы (сомалары, мерзімдері, төлемдер немесе аударылған ақшалардың келіп түсуі) банкке алдын ала белгілі болуы мүмкін. Сонымен қатар, ағымдағы және бюджеттік есепшоттардың иелері өз мәртебелеріне орай (заңды тұлғаның құқығының болмауынан) кредиттерге ұмтылмайды, ал бұл банктерге мұндай қаражатты өз қалауы бойынша активтік операцияларда пайдалануға мүмкіндік береді [8,95-97б].
Мерзіміне байланысты салымдар мыналарға бөлінеді: талап етуге дейінгі салымдар (есепайырысу және ағымдағы есепшоттардағы қаражат), мерзімді (белгілі мерзімге, бірақ бір айдан кем емес мерзімге орналастырылған қаражат) және квазимерзімді (жеткілікті түрде ұзақ уақытқа, бірақ белгісіз мерзімге тартылған қаражат).
Талап етуге дейінгі депозиттерге банктердің бір жақты тәртіппен немесе бір бірінің тапсырмасы бойынша есепайырысу мен төлемдерді жүргізу мақсатында Орталық Банкте немесе корреспондент банктерде ашылған корреспонденттік есепшоттары да жатады. Банк басқа банкте ашқан корреспонденттік есепшот «НОСТРО» есепшоттары деп аталады, ал банк басқа банк үшін ашқан корреспонденттік есепшот «ЛОРО» есепшоты деп аталады. Бұл есепшоттарды ашу есепшоттардың қызмет ету талаптары және олар бойынша жүргізілетін операциялардың тізімі анықталған банктер арасындағы жасалған шарттар негізінде жүргізіледі. Көрсетілген есепшоттардан, сондай-ақ клиенттердің есепшоттарынан да төлемдер олардағы қаражат шегінде жасалуы тиіс екендігін есте ұстаған жөн.
Талап етуге дейінгі депозиттерге өзінің классикалық нұсқасында отандық тәжірибеде қолданылмайтын, бірақ олардың қызмет етуі назар аударуға болатын контокорренттік есепшоттар тәрізді арнайы есепшоттарды жатқызуға болады.
Контокоррент (conto corrente италян тілінен – ағымдағы есепшот) – бұл банктің клиентпен барлық операциялары есептелетін біртұтас есепшот. Бұл есеп айырысу және несиелік есепшоттарды бірге көрсететін активтік-пассивтік есепшот. Контокоррентте бір жағынан банктің несиелері және клиенттің тапсырмасы бойынша есепшоттан жасалған барлық төлемдер, ал екінші жағынан есепшотқа қолма-қол ақша, аударымдар, қайтарылып келген қаражат және басқа түрдегі қаражат көрсетіледі. Кредиттік сальдо дегеніміз клиенттің жеке қаражаты бар екенін білдіреді, ал дебеттік сальдо дегеніміз айналымға барлық заемдық қаражат қатыстырылған және есепшот иесі банкке несие бойынша борышкер екендігін білдіреді.
Кредиттік сальдо бойынша банк клиенттің пайдасына проценттер есептейді, ал дебеттік сальдо бойынша несие берген секілді өз пайдасына проценттер өндіріп алады. Мұндайда банктің пайдасына проценттер есепшот иесінің пайдасына қарағанда жоғары ставкамен есептеледі. Мұндай есепшоттар ерекше сенім белгісі ретінде сенімді клиенттерге, жақсы заем алушыларға ашылады. Қаражаттың келіп түсуіне қарағанда шығыстары асып түскен кезде есепшот иесі банкпен жасалған шартта анықталған сомада әр жағдайда несиені арнайы рұқсатсыз ала беру мүмкіндігіне ие болады.
Әлемдік банк тәжірибесінде белгілі түрде контокоррентпен овердрафтты ағымдағы есепшот (ағыл. overdraft) ұқсас келеді. Овердрафтты ағымдағы есепшот – клиент және банк арасындағы келісімнің негізінде несие алуды білдіретін, қаражат қалдығының көлемінен есепшот бойынша есептен шығарылатын соманың асып түсуінің есебінен белгілі мөлшерде жіберілетін дебеттік сальдоны атаймыз.
Бірақ бұл есепшоттардың арасында айырмашылық бар. Овердрафт (контокоррентке қарағанда) кезінде мұндай қарыз алулар оқта текте жасалады, әрі олар тұрақты сипатта болмайды. Бұл үшін тиісінше пассивтік (кредиттік) қалдық көбірек ұшырасады. Овердрафтты ағымдағы есепшоттың бар екендігі клиенттің жеке операцияларды жүргізу үшін қосымша депозиттік немесе несиелік есепшоттарды ашуына болады, ал контокорренттік есепшотта банктің клиентке қатысты барлық операциялары шоғырландырылады.
Сонымен қатар, контокорренттік есепшоттар заңды тұлғалардың шаруашылық ұйымдардың атына ғана ашылады, ал овердрафтты есепшот заңды емес тұлғаға, сондай-ақ жеке тұлғаға да қаражаттың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша айырмашылықтарды өтеуі үшін ашылады.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық банкте және өзге корреспондент-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Активті депозиттер банктің өтімді қаражаттарына жатады.
Банктік депозиттер бірнеше шарттар бойынша жіктеледі: ақшаны алу нысыны бойынша (1-сурет), салымшылар категориясы бойынша (1-сурет), мақсаттық арналуы және табыстылық дәрежесі бойынша.
