Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тургын уй жинак банки Диплом 2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.12 Mб
Скачать

Қорытынды

Берілген диплом жұмысын қорытындылай келе, еліміздің банк секторындағы депозиттік операцияларына кең түрде талдау жасап қарастырдық.

Жалпы, диплом жұмысының зерттеу объектісі болған депозиттік қызмет – банктердің ақша қаражатын салымдарға, яғни, пассивтік депозиттерге тарту немесе иеліктерінде бар қаражатты басқа банктерге немесе кредиттік-қаржы институттарына (активті депозиттер) орналастыру.

Осылайша, депозиттік нарық – қызығушылық тұрақты өсіп келе жатқан қаржы рыногының маңызды және ажырамас бөлігі. Осы соңғы жылдардағы қазақстандық депозиттік нарығын талдай отырып, бұл күндері біздің республикамызда (ТМД елдерімен салыстырғанда) жеке және заңды тұлғалардың салымдарын тартудың жеткілікті түрде дамыған жүйесі бар деуге болады.

Жұмысты жазу барысында мемлекеттегі депозиттік нарықтың ағымдағы жағдайы талданған, сонымен қатар салымдық операциялар аймағында банктік жүйенің нақты субъектісінің қызметі зерттелді.

Нарықтық қатынастар жағдайында банктің депозиттік операцияларының банк мекемелеріндегі ролі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін өте қажет.

Бірінші тарауда коммерциялық банкте депозиттік саясаттың қалыптасу үрдісіне көңіл бөлінген, депозиттік саясаттың қалыптасуы, оның кезеңдері зерттелді, банктік ресурстарды басқару жүйесінде депозиттік саясаттың рөлі анықталған.

Ал, екінші тарауда депозиттердің коммерциялық банктерде алатын орнына, Қазақстандағы депозиттік нарыққа толығымен сипаттама беріліп талдау жасалынды. Соған байланысты осы тарауда қарастырылғандай, депозиттік нарықтың соңғы жылдары бір табан алға басып дамығанын көреміз. Бұл дегеніміз ең алдымен еліміздің салауатты саясатынан ел экономикасының жақсарғаны, яғни халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және банктің тұрақтылығы, оған деген халықтың сенімінің ұлғаюы.

Соңғы екі-үш жылда банктердегі салым үлесінің ұлғаюы заңдық құқықтың жетілдірілуінен де болды. Ең бірінші азаматтардың ақшасын заңдастыруда, ел экономикасына елеулі ақша құйылса, екіншіден халықтың банкке деген сенімін тудыратын «Жеке тұлғалардың салымын коллективті сақтандыру» заңының өмірге келуі коммерциялық банктерге салым салуға ынта тудырды. Солардың нәтижесінде депозиттер нарығында даму үрдісі байқалды. Соның дәлелі ретінде 2011 жылы резидентердің депозиттері 447 738 млн. теңге болса, 2013 жылы 775 069 млн. теңгеге жетті.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ келетін болсақ, мұнда жағымды және жағымсыз беталыстарды белгілеуге болады. Банк жұмысындағы жағымды сәттерге клиенттік базаның үнемі кеңеюін, активтердің, меншік капитал мен тартылған қаражаттың өсуін жатқызуға болады. Алайда тартылған қаражаттар құрылымында халықтан тартылған қаражаттарға көп көңіл аудару қажет, өйткені қазіргі уақытта дәл халықтың салымдары банктік өсудің басым бағыты мен ең перспективалы пассивтері болып табылады.

Сондай-ақ осы жұмыстың үшінші тарауында банк салымдарының және депозиттік операцияларының маңыздылығы мен банк алдындағы клиенттердің қаражатын салымға тартуды жақсартудың жолдары қарастырылды.

Қызметтің негізгі мәселелері тиімді депозиттік саясаттың жеткілікті дәрежеде дайын еместігі мен жүзеге асырылмауы және оның әлемдік экономика деңгейіне – банк жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес келмеуі болып табылады.

Жұмыстың нәтижесін шыгара келе мынадай қорытынды жасалды:

1. Зерттеу кезеңінде банк клиенттердің тұтынысын зерттейді: депозиттердің қандай түрлері тартымды; депозиттердің, салымдардың әр түрлеріне қандай проценттер белгілеу керек. Бұлардың барлығы банктің банк операцияларын жүргізу жөніндегі мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл кезеңде қоршаған ортаны, рынокты, банктің бұл рыноктағы орнын және ролін талдауы кіретін рынокты зерттеу және талдау жүзеге асырылады. Яғни, банктің географиялық орны, оның клиентке жақындығы, филиалдар желісінің жеткіліктігі, қала немесе ауылдық жер, бәсекелестердің бар екендігін депозиттік саясатты дайындаудың бастапқы сатысының өзінде-ақ бұларды зерттеу қажет.

2. Дипломдық жұмыста жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанның депозиттік нарығында азаматтардың уақытша бос ақша қаражаттарын салымдарға тартумен байланысты жағдайдың тұрақталуы байқалуда. Клиенттердің банкке деген сенімін жақсарту мақсатында құрылған «Жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру (кепілдендіру) Қорының» мақсаты, міндеті және қызмет атқару жолдары қарастырылды. Бұған қоса банктердің тұрақтылығын, сенімділігін және өтімділігі мен төлем қабілеттілігін жетілдіру жолдары қарастырылған. Мұнда депозиттерді ұйымдастыру жолдары, яғни банкпен клиенттердің арасындағы келісім, олардың құқығы және міндеттері талқыланды. Жұмыста қазіргі уақытта коммерциялық банк алдында тұрған мәселелер қатары көрсетілген. Олардың ішінде банктің ресурстық базасының қалыптасу мәселесі және коммерциялық банктегі азаматтар салымдарының жеткіліксіз қорғалу мәселесі.

3. Депозиттік операциялар қызмет көрсетуде клиенттерді қанағаттандыру мақсатында үнемі озық әдістер мен байланыс және электрондық есеп-айырысу телекоммуникациялар жүйесін қолдану тиімді екенін көрсетеді.

Депозиттік саясаттың теориялық негіздерін зерттеу және салымдарға қаражатты тарту аясында қалыптасқан жағдайға баға беру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ депозиттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар мен кепілдемелер қатарын жасауға мүмкіндік берді.

Банктің ресурстық әлуетін кеңейту және депозиттік базаны күшейту үшін келесілер ұсынылады:

  1. Халықтың әртүрлі табыс деңгейіне бағдарлана отырып салымдардың бар тізбесін кеңейту.

  2. Жинақ сертификаттарын шығаруды игеру.

  3. Халықтың мерзімді салымдарын болжамдалынбаған кері алудың жағымсыз әсерін азайту бойынша шараларды қабылдау.

  4. Инфляциялық жоғалтуларды өтеу мақсатында орналастырылған салымдар бойынша сәйкес табысты алдын-ала төлеу.

  5. Клиенттер үшін жаңа іс-әрекет – телемаркетинг қызметін енгізу.

  6. Банк қызметін активтендіру;

  7. Шетел валютасында талап етілетін салымдарға аса тартымды пайыздық мөлшерлемені қою;

  8. Әр банкте салымшылармен жұмыс істеу бойынша депозиттік бөлімнің даму бағдарламасын жасау және бұл бағдарлама бойынша түсініктеме кеңес беру, ақпараттық әдістерді қосу қажет;

  9. Әр банкте стратегиялық жоспарлау бөлімшелерін құру;

  10. Жұмысшыларды ерекше материалды және рухани ынталандыруды ұйымдастыру

Жалпы, осы берілген жұмысты қорытындылай келе, жұмыста қарастырылған депозиттік операциялар және олардың дамуы банктің осы еліміздің банк секторының тұрақтылығына байланысты деп айтуға болады. Бүгінгі таңда осы тұрақтылық жағынан көрініп отырған «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ депозиттері салымшылар үшін тиімді екенін жұмысты жазу барысында анықтадық.

Дипломдық жұмысты жазу барысында қойылған мақсатқа қол жеткізілді және мақсаттан туындайтын негізгі міндеттер шешілді.