
- •Мазмұны
- •1 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының теориялық негіздері
- •1.1 Банктердің депозиттік операцияларының экономикалық мәні
- •Сурет 1. Қайтарып алу нысаны бойынша депозиттер
- •1.2 Қазақстанның депозит нарығының жіктелуі мен құрылымы
- •1.3 Депозиттік саясат және оның банк ресурстарын қалыптастырудағы рөлі
- •Коммерциялық банктің депозиттік саясаты
- •Депозиттік саясаттың шекаралары
- •2 Қазақстан республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік операцияларына талдау («қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ақ мысалы негізінде талдау)
- •2.1 Қазақстан Республикасынының коммерциялық банктерінің депозиттік қызметінің қазіргі жағдайы мен оны талдау ерекшеліктері
- •2.2 “ Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ” ақ-ның қаржылық жағдайына талдау
- •2.3 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ақ-ның заемдары мен тарифтік бағдарламаларын сараптау
- •3 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын жетілдіру жолдары
- •3.1 "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" ақ-ның депозиттік саясатын жетілдіру ұсыныстары
- •3.2 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі депозиттерді сақтандыру жүйесінің даму келешегі
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
3.2 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі депозиттерді сақтандыру жүйесінің даму келешегі
Халықтың банктердегі жинақтардың өсуі олардың сауығуының, несиеге толық қабілеттілігін және өтімділігін танытатын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Бұлар өз кезегінде олардың дербестігіне, тұрақтылығына және сенімділігіне кепілдік береді. Мұнда халықтың жинақтарын кешенді әрі жүйелі түрде қорғау мәселесі заңдық, әкімшілік және реттеуші құралдарды қамтитын объективті қажеттілікке айналды.
Депозиттік операциялардың тұрақты дамуының келесі аспекті депозиттердің мүдделерін қорғаумен байланысты. ҰБ осы бағытта салымшыларды міндетті ұжымдық сақтандыру жүйесін, банк қызметінің дәйіктілігін жетілдіру, банк тәуекелділікті басқару жүйесін енгізу, бақылау жүйесін жетілдіру және банктік депозиттерді сақтандыруға көп көңіл бөлуі керек. Жеке тұлғалардың салымдардың сақтандыру жүйесі Қазақстанда өз алдына ерекшеліктерге ие. Салымдарды сақтандыру институты әлемдік тәжірибеде 60 жылдан астам уақыт қолданылып келеді. Депозиттерді сақтандыру жүйесі әлемнің 70-ке жуық елдерінде қолданылады.
Банк жүйесінің даму тенденциясын ескере отырып, Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері өз қызметінің, әсіресе жеке тұлғалардың жинақтарын басқару бойынша әдістерін жетілдіру қажет. Шет елдік және ұлттық тәжірибе көрсеткендей салымшылар үшін басты ынталандыру тетігі – банктің депозиторларға төлейтін сыйақы (мүдде) деңгейі. Банк тұрғысынан көрсетілген сыйақы (мүдде) қаражаттарды тарту жоспарымен бірге ақшалай жиналымдарды пайдалану және қалыптастыру процесін басқарудың құралы болып табылады. Сонымен бірге, пассивтік қаражаттарға бәсекелестік күресте қолданылатын құрал ретінде есептеледі.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер өз клиенттеріне әр түрлі салым түрлерін ұсынады, алайда олардың тек бірнешеуі ғана, мәселен мерзімді салымдар кең тараған. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында жан басына шаққанда келетін салым мөлшері 16,2 мың теңгеге жуық. Бұл ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі ең жоғарғы көрсеткіш. Мұндай жетістік экономикаға бос қаражаттарды тарту үшін қолайлы жағдай жасалғандығымен, әсіресе жеке тұлғалардың салымдардың сақтандыру жүйесінің қызмет етуімен және жеке тұлғалардың шотына байланысты қолданылатын банктік құпия тұралы заң актілеріне қабылдануымен түсіндіріледі.
Макроэкономикалық тұрақтылық және экономиканың жандануы материалдық және материалдық емес өндіріс сфераларына капиталды қажет етеді. Бірақ ұлттық банк жүйесі оларға толық көлемде ресурстар ұсына алмайды. Сол себепті, үкімет сыртқы қарыз алуға және шет елдік инвестицияларды тартуға мәжбүр болады. Ұлттық банктердің депозиттік базасының мөлшері үшін бұл жеткіліксіз.
Сонымен қатар, халық әлі де өз жинақтарын банкте емес, доллар түрінде «сандықта сақтауға» немесе қозғалмайтын мүлікке салуға бейім. Депозиттік нарықтың дамуына кедергі жасайтын тағы да бір жағдай, ол ақша қаражаттарын салудың баламалы жолдарының болуы. Оларға валюталық алып-сатушылық, қозғалатын және қозғалмайтын мүлікке жұмсау және тағы басқалары. Сол себепті, депозиттік нарықты жетілдіру үшін халықтың ұлттық банк жүйесіне деген сенімін нығайту қажет. Халық елдегі банктердің қаржылық жағдайын мерзімдік басылымдар ретінде жарық көретін жылдық есеп берулер арқылы бағалауға болады.
Халықтың салымдарын орналастыру мүмкіндігіне тікелей әсер ететін фактор – табыс деңгейі екені мәлім. Табыс деңгейі қор жинауға мүмкіндік беретін нақты деңгейде болуы қажет. Алайда, қор жинау мүмкіндігі ел экономикасының тұрақтылығына және өндірістің дамуына байланысты. Қоғамдық өнжіріс дамыған, өндіргіш күштермен өндірістік қатынастар деңгейі жоғары жетілген жерде капиталдың қорларына нақты жағдай бар. Сол себепті, Қазақстан Республикасында өндірістік секторды дамытуды жиеңілдетілген несие берулерімен және салықты ауыртпалықты азайту жолымен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын өңдеу қажет [31].
Қазіргі таңда банктер депозиттік саясатты потенциалды салымшылар өз қаражаттарын басқа мақсаттарға емес, депозитке салатындай етіп ұйымдастыру қажет. Бұл кезде банктің депозиттік қызметтерінің табыстылығымен байланысты және қызмет көрсетудің сапасы бойынша өзекті мәселе болып саналады.
2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банк салымшыларының мүддесін қорғауды көздейтін ҚР Ұлттық банк басқармасының қаулысына сәйкес акционерлік қоғам түрінде құрылған Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру (сақтандыру) қоры (КФГВ) орталық органы болып табылатын жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыратын жүйе жұмыс істей бастады. Бұл жүйеге төменде келтірілген бағыттар бойынша нақты талаптарға сәйкес келетін коммерциялық банктер кіреді. Олар мынадай бағыттар:
- халықаралық стандарттарға көшу жөніндегі Бағдарламаға енуі;
- банктің өзіндік капиталы мөлшерінің белгіленген нормативтерге сәйкесуі;
- пруденциялық нормативтердің Қорға өтініш берілетін мерзімге дейінгі 3 тізбекті (қатары келетін) айдың ішінде сақталуы. Бұл арада kl және k2 коэффицент мәндері көрсетілген кезең ішінде кем дегенде 0,06-ны және 0,12-ні құрауы керек;
- Ұлттық банктің осы мәселе бойынша ұсынысының болуы (ұсыныс құпия құжат болып табылады әрі Қорға тікелей бағытталады);
- банктің соңғы жылдардағы жылдық қаржылық есеп беруін тізбесін Ұлттық банк бекітетін халықаралық аудиторлық ұйымдардың бірі растауы керек.
Банктің КФГВ-ға кіру туралы өтініші берілгеннен кейін Қор банк берген құжаттарды ескере отырып, Ұлттық банктің ұсыныстары негізінде оны жүйеге енгізудің мүмкіндіктеріне талдау жүргізеді. Қор басқармасының шешімі өтініш берілген күннен бастап 1 ай мерзім ішінде қабылдануы тиіс.
Егер осы мәселе бойынша Қор басқармасы жағымды шешімді қабылдаған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде банк Қорға алғашқы міндетті күнтізбелік жарнаны жеке тұлғалардың теңгедегі, АҚШ долларындағы және еуродағы мерзімді салым ақшаларының сомасынан 0,375% мөлшерінде соңғы тоқсаннан кейін келетін айдың бірінші күнінде аударатын болса, онда ол жүйенің мүшесі болады.
Салымға кепілдік беретін жүйеге бүгін түспеген жағдайда, банк оған ең аз дегенде үш айдан кейін кіру туралы екінші мәрте өтініш беруге құқылы. Егер банк сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса, бас офис пен банк бөлімшелерінің кіру есіктеріне Қордың логотипі орналастырылады.
Міндетті әрі ұжымдық түрде сақтандырылатын депозиттердің объектісіне жеке тұлғалардың салымдарын ұжымдық тұрғыдан кепілдендіретін жүйеге қатысушы коммерциялық банктердегі мерзімді депозиттерге орналастырылған жеке тұлғалардың ақша қаражаттары жатады.
Депозит сақтандырмайтын объектілерге мыналар кіреді:
- ұсынушының салымы;
- банктің сенімді басқармасына берілген ақша;
- заңды тұлғаға тән білімі жоқ, егер осы қызметпен байланысты ашылған болса, осындай кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалардың салымдары;
- осы банктің немесе үшінші тұлғаның алдындағы міндеттеме бойынша кепілді-салым;
- 5%-дан де көп құқықты дауыспен банк акциясына ие осы банк қызметкерлерінің немесе акционерлерінің салымдары;
- кепілдік беруді қарастырмайтын келісім-шарт бойынша басқадай салымдар.
Салымшыларға депозиттегі негізгі соманы ғана емес, сонымен бірге ол бойынша есептелген сыйақыны да сақтандыруға мүкіндік беріледі. Бұл сыйақы негізгі салымды көбейтуге оны (салым ақшаны) жүзеге асыратын шарттарға сәйкес бағытталғанда ғана мүмкін болады. Басқа жағдайларда депозит бойынша сыйақы өтелмейді.
Міндетті күнтізбелік жарнаның мөлшерлемесі қаржылық жағдайына қарай әрбір қатысушы банкке жеке белгіленеді.
Қатысушы банктер жарнаны ұдайы төлей бермейді. Қор ең көп шамадағы жиынтық мөлшерді анықтайды. Қатысушы банктер осы мөлшерге қол жеткізгеннен кейін жарна төлеуді тоқтатады. Бұл арада күнтізбелік жарна банк шығындарының есебінен жүзеге асырылады [31].
Әр түрлі банктердегі салымдар жеке кепілдендіріледі, сондықтан да, олардың қандай да біреуі таратылғанда өтеу сомасының есебі үшін тек осы банкте орналасқан барлық сақтандырылған депозиттердің сомасы қолданылады. Егер банк соттың оны мәжбүрлеп таратуға шешім шығарғанына қарамастан салым жөніндегі міндеттемені өзі орындап, салым бойынша тиесілі соманы төлейтін болса, онда Қор өтеу төлемін жүзеге асырмайды.
Егер бұрын қалыптасқан Қор резерві салым бойынша өтемақыға жеткіліксіз болатын болса, онда жеткіліксіз соманың жартысын қатысушы банктер қосымша жарнаның есебінен төлейді, ал қалған бөлігін Қор қарызға алынған несиенің есебімен өтейді. Қордың қарызға алынған несиесі өз кезегінде таратылған банкке қойылатын кері кету талабын қанағаттандырудың есебінен, сондай-ақ қатысушылардың төтенше жарнасының есебінен өтеледі.
Қазақстанның депозиттік нарығының жетілдіру жолдарын оның тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында, депозиттік қатынастардың теориялық және практикалық аспектілерін, төлемдерді кепілдендіру жүйесін ұйымдастырудың әлемдік тәжірбиесін талдау негізінде бағыттарын дайындау болып табылады
Өткен үш жыл ішінде мемлекеттегі және одан тыс жерлердегі жалпы экономикалық ахуал, күрделі проблемалар мен анықсыздықты әкеле отырып күшті шиеленісті. Ішкі және сыртқы қаржылық ландшафтыдағы осындай өзгерістер ғаламдық қаржылық дағдарыстың әсерін жеңілдетуге және қаржылық тұрақсыздық проблемасына қадала назар салуға бағытталған бірқатар мемлекеттік және реттеуші шараларды қабылдауға алып келді.
Салымдарды сақтандыру негізінде банктердің депозиттерді жалпылама қайтарып алуға байланысты қорғау қағидасы жатыр. Яғни, егер депозиттер сақтандырылса, онда салымшыларда өздерінің ақша қаржыларын қайтарып алуларына себеп болмайды. Тіптен банк күйзеліске ұшыраған жағдайда да, үкімет клиенттерге олардың ақшаларын қайтарады немесе клиенттермен олардың салымдарын басқа төлем қабілеттілігі жоғары банкке аудару туралы келіседі. Осындай жолмен депозиттерді жалпылама қайтарудан құтылуға болады, бір немесе бірнеше банктерде проблемалық жағдай болғанның өзінде, банктік жүйеге түгелдей қауіпті шудан құтылуға болады.
Салымшылардың мүддесін қорғайтын әмбебап механизм болған емес, алайда ол қандай да бір формада кез келген өркениетті елдерге тән қаржылық жүйенің құрамдық бөлігі болып табылады, ең бастысы – шығармашылық тұрғыдан әрі қазақстандық ерекшеліктерді ескерумен көптеген елдердің жинақтаған тәжірибесін қолдану керек.
Сыртқы нарықтан ресурстарды тарту мүмкіндігінің болмауы ресурстық база ретінде ішкі депозиттердің әлеуетті тартымдылығын елеулі арттырды. Алайда, қорландырудың ішкі көздері дәстүрлі түрде барынша шектелген болуынабайланысты клиенттердің банк жүйесіне деген сенімін сақтау проблемасы өте көкейкесті болып қалып отыр.
Осы міндеттерді шешу мақсатында мемлекет жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемақы көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдады, ол 2011 жылғы 1 қаңтарында бес миллион теңгені құрады. Кепілдік берілген өтемақы көлемінің көбеюіне байланысты ҚР Ұлттық Банкінің Қорды барабар қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында Қордың жарғылық капиталы 110 млрд. теңгеге дейін жеткізілді. Қабылданған дағдарысқа қарсы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қордың жарғылық капиталы бұдан әрі де жыл сайын 01.01.2012 қарсаңына дейін 10%-ға көбейтілетін болады. Бұл шаралар банктерге қатысты қоғамдағы үрейлі көңіл-күйдің алдын алуға мүмкіндік береді. Коммерциялық банктердің депозиттік қызметтерін мемлекеттік реттеу банк саласындағы шығармашылық бағыттардың негізі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің депозиттік нарықты реттеуі ақша-несие саясаты арқылы жүргізіледі. Депозит нарығының депозиттік қатынастардың ішкі реттеуі банк және салымшы арасындағы қатынасы. «Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру (сақтандыру) қоры» АҚ-ның қызметіне талдау жасалды. Қордың Қазақстандағы депозит нарығының қатысушысы ретінде рөлі анықталды. Банктік ортадағы күшті бәсекелестік жағдайында банктер агрессивтік депозиттік саясат жүргізуді таңдайды. Сонымен қатар, клиенттерді тартуда банктердің тиімді пайыз саясатын қолданғаны дұрыс. Ол үшін банк депозиттік саясат шегінде өзінің тактикасын жасауы қажет [31].
Жалпы алғанда, қазақстан банктеріне жеке тұлғалар салған депозиттердің көлемі екі жыл ішінде 1/3 есеге өсті: дәлірек, 2011 жылы – 3% және 2012 ж. – 29% өсу қарқыны орын алды.
Экономикадағы және банк жүйесіндегі жағымсыз үрдіске қарамастан халықтың банк секторына деген сенімі жоғалған жоқ. 2012 жыл ішіндегі халықтың екінші деңгейдегі банктердегі салымының өсуі шамамен 29%-ды құрап, 2013 жылдың басында абсолюттік мәні 1,9 трлн. теңгеге жетті. 2013 жылдың 1 қаңтарының қарсаңында салымдардың жиынтық көлемі 6 621 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың қаңтарының мезетіндегі көрсеткіштен 2,5 есе көп.
Ірі салымдар көлеміндегі өзгерістер 2012 жылы депозиттік негіздің өсуінің анықтаушы факторы болды, осы өсім 15 млн.теңгеден асады – 660 млрд. теңгеден 869 млрд. теңгеге дейін немесе 32%. Мерзімді депозиттердің көлемі 1-ден 5 млн теңгеге дейін – 87 млрд. теңгеге елеулі өсті. Одан басқа, жылдық өсім шамамен 65 млрд. теңгені құраған ағымдағы шоттардағы қалдық ақшалардың өсуі, сонымен қатар, талап еткенге дейін салымдар көлемінің 33 млрд.теңгеге өсуі маңызды роль атқарды. Кепілдік берілген өтемақы сомасы 2008 жыл 5 млн. теңгеге дейін артқаннан кейін жеке тұлғалардың 5 млн теңгеге дейінгі мерзімді депозиттерінің жиынтық көлемі 489 млрд. теңгеден 580 млрд теңгеге дейін немесе 19%-ға өсті.
Бұл кезде банктердiң мiндетiне сақтандыру қорларында белгiленген көлемдегi депозиттердi сақтау бойынша төлемдердi жасау кiредi. Шығындарды жабу үшін сақтандыру жарналары жетiспеген жағдайда мемлекеттiк бюджет қаржылары қолданылады. Салымшыларға банктерде орналастырылған депозиттерiн қайтару кепiлдiгiн беру банктiк жүйе тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты әдістерінің бiрi болып табылады.
5 млн. теңгеге дейінгі сома шоттары барларды қоса алғанда ЕДБ-дағы жеке тұлғалардың шоттарының жалпы саны 99,8%-ды, ал мұндай депозиттердің мөлшері 45%-ды құрады.
Қордың болжамдары бойынша, ЕДБ-дағы жеке тұлғалардың депозиттік базасы шамалы қарқынмен ғана өсетін болады.
Бұдан, Банк жүйесінің даму тенденциясын ескере отырып, Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері өз қызметінің, әсіресе жеке тұлғалардың жинақтарын басқару бойынша әдістерін жетілдіру қажет.