Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тургын уй жинак банки Диплом 2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.12 Mб
Скачать

3 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын жетілдіру жолдары

3.1 "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" ақ-ның депозиттік саясатын жетілдіру ұсыныстары

Қазіргі уақытты коммерциялық банктердің кездестіретін мәселелерінің бірі ресурстық базаның қалыптасуы.

Ресурстық база, макроэкономикалық фактор болғандықтан коммерциялық банктер өтімділігі мен төлем қабілеттілігіне тікелей әсерін тигізеді. Коммерциялық банктердің қызмет көлемдері, яғни табыс көлемі олардың тартылған ресурстар көлеміне, соның ішінде депозиттер көлеміне байланысты. Осыдан банктердің арасында ресурстарды тарту үшін бәсекелестік күрес басталады.

Ресурстық базаның қалыптасуы, жаңа клиентура тартуды ғана қамти қоймай, коммерциялық банктердің активтері мен пассивтерін басқарудың икемді құраушы бөлігі болып табылатын ресурстарды тартудың қайнар көздер құрылымының әрдайым өзгеруін қамтиды. Пассивтерді тиімді басқару сапалы депозиттік саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл қызмет саласының ерекшелігі, пассивті операцияның бір бөлігінде банк қалауы белгілі клиенттер тобымен шектелген.

Банкаралық бәсекелестіктің дамуына байланысты ресурстардың шектеулігі, белгілі клиенттермен тығыз байланыста болуына әкеледі. Егер аталған клиенттердің саны аз болса, банктердің оларға тәуелдігі өте жоғары. Сондықтан, біздің ойымызша, ресурстық базаны нығайту үшін банктерге сапалы депозиттік саясат қажет, оның негізі әртараптылықтың қажетті деңгейін ұстау, басқа қайнар көздерден ақша ресурстарын тарту мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету және активтердің мерзім бойынша, көлем және пайыз мөлшерлемесі бойынша тепе-теңдікті қамтамасыз ету болып табылады.

Ресурстық мүмкіндіктерін нығайту мақсатында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-на өз депозиттік саясатын белсендендіруі қажет. Осыған байланысты банктің приоритетті бағыттарының бірі сапалы депозиттік саясатты жүргізу жолымен депозиттік портфельді арттыру болып табылады, соның ішінде клиенттердің қолжеткізерлік салымдар санын арттыру, клиенттер үшін жаңа қызмет түрін енгізу.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның депозиттік саясаты барлық әлеуметтік және азаматтардың жастарына байланысты қажеттіліктерін есепке алуы керек – жұмыс істеушілер және зейнеткерлер, жастарды және орта жастағы адамдарды, сонымен қатар әлеуметтік жағдайы төмен адамдармен қатар, орта және жоғары табыс деңгейі бар халықтың мүмкіндіктерін ескеруі жөн.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның депозиттік базаны нығайтуға арналған шаралар кешені қаржылық және маркетингтік құралдарды қамтиды, оның нақты көрінісі 20 суретте көрсетілген.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-мы әрбір клиентпен ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынаста болуына тырысуы қажет. Осы мақсатпен банк клиенттер қажеттіліктерінің дамуын, банк бизнесінің жаңа бағыттарының пайда болуын болжамдауы тиіс, маркетингтік зерттеулерді жүргізіп, банктік қызметтердің толық кешенін қалыптастыруы және ұсынуы тиіс.

Сурет 20. " Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі " АҚ депозиттік саясатын жетілдіру құралдары

Дерек көзі: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Депозиттік мәліметтері 2011-2013жж. [28].

Өз клиенттерінің қатарына жас ұрпақты тарту үшін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-мы халықтың осы тобына ерекше назар аудару үшін депозиттер қатарына "Студенттік" депозитін кіргізуіне болады деп ойлаймын. Ол үшін салым бойынша келесі талаптарды енгізу қажет:

- минималды сома 10000 теңге;

- салымды сақтау мерзімі 36 ай;

- жылдық пайыз %;

- жас шектеуі 18 жастан 23-ке дейін.

Аталған депозитке салымшыларды қызықтыру үшін, жастарды ынталандырушы факторлар қажет. Мысалы, жол жүру билетіне жеңілдік немесе белгілі дүкендерге барғанда жеңілдіктерді енгізу, бірақ бұл қызметтерді осы салымдағы қаражат есебінен және ол салым бір толық сақталу мерзімін өтегеннен кейі,н төленеді.

Сонымен қатар, басқа банктермен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да депозиттер бойынша ұтыс ойындарын өткізу тиімді болады, мысалы әрбір 15 салымшы белгілі ұтыс иесі немесе мерзім соңында келісім шарт нөмірі бойынша лотореялық ұтыстарды ойнаттырған халық үшін ынталандырушы күш болады деген ойдамыз.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ клиенттері үшін мақсатты салымдар тиімді болады, депозит бойынша төлемдерді демалыс кезеңіне, туған күніне немесе басқа да мейрамдарға қарсы жүзеге асырады. Олардың мерзімдері басқа депозиттерден қысқа, ал пайыздары жоғары. Мысалы, мақсатты салымға жаңа жылдық немесе наурыздық салымдар болуы мүмкін, жыл бойы банк Жаңа жыл немесе Наурыз мейрамын атап өтуге салымдар жинайды, ал осы мейрам уақытында салымшыларға ақшасын төлейді. Егер қалаушылар болса, олар келесі жылға дейін депозит мерзімін ұзарта алады.

Депозиттік базаны нығайту мақсатымен "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, біздің ойымызша жинақ сертификаты сияқты ресурстарды тарту құралына көңіл аударуы қажет, ол әлуетті клиенттер үшін және банк үшін өте тиімді болады. Сертификаттар мерзімді салымдар үшін және банк үшін тиімді. Біріншіден, сертификаттарды шығару кезінде шаруашылық субьектілерді несиелендіруге бағытталған міндетті резерв қорына ақша қаражаттары аударылмайды. Екіншіден, сертификаттарды айналысқа шығару және тарату үшін көптеген қаржылық делдалдардың болу есебінен, әлуетті инвесторлар саны артады [29].

Сонымен қатар жинақ сертификатының иесі үшін де қолайлы. Мысалы, сертификат иелері салық төлеуде табыстың аз бөлігін жоғалтады, себебі сертификат бойынша салық салу бағалы қағаздар бойынша салық салуға ұқсас. Сонымен қатар, бағалы қағаздардың екінші нарығында сертификат уақытынан бұрын басқа тұлғаға сатылуы мүмкін, сонымен қатар банкте сақталған уақыты үшін табысты иелене алады, ал мерзімді депозит уақытынан бұрын алынса, онда табысты жоғалту мүмкіндігі бар, ал банк ресурс бөлігінен айырылады.

Бұл сұрақ төңірегінде "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ы ресурстық базасын тұрақтандыру мақсатында, банк өз қаржылық жағдайына әсерін тигізетін, халық мерзімді салымдарын уақытынан бұрын алуын шектеу керек. Мерзімді салымдарды уақытынан бұрын алуынан қорғау керек, себебі бұл салымдар экономикаға қажетті ұзақ және орта мерзімді несиелендіруді нығайтады. Салымшылар үшін уақытынан бұрын алуды шектеу үшін, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ салымдар үшін жоғары пайызды және шектеулі мерзімді ұсынуы қажет.

Клиенттер банктің депозиттері туралы ақпараттарды тез және оңай алу үшін телемаркетинг қызметін қалыптастыру жөн – банктік салымдар жарнамасын ақысыз телефон арқылы клиенттерге жеткізу.

Телефон арқылы клиентке қызмет көрсету клиенттермен жеке қызмет етуге мүмкіндік береді, ол көбінесе қызмет көрсетудің, кеңес берудің қалыпты жағдайы қанағаттандырмайтын клиенттерге арналған. Ол үшін осы банктің клиенті болу міндет емес. Аталған қызмет түрі туралы және оларды иемдену тәртібі туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Клиенттердің қалауы бойынша, банктің нақты осы саласындағы қызметкерлерінен, мамандарынан кеңес алуына мүмкіндік жасауы керек.

Егер клиент өз ойын дұрыс жеткізе алмаса, телемаркетинг қызметінің мамандары сұрақтар қою арқылы клиентқалауын біле алады, мысалы, депозитке ақшаны қандай мерзімге салғысы келеді, қандай табысты көздейді және т.б. Содан кейін клиент талаптарына сай депозитті ұсынады. Егер клиент белгілі депозит түріне қызығып, өзі туралы мағлұматтарды берсе, банк банктің жаңа қызметтері туралы ақпаратты, қажетті құжаттар тізімін пошта арқылы жіберсе, клиенттер үшін өте қолайлы.

Сонымен қатар, банк жарнамалық саясатқа жүйелік бағыттарды қалыптастыруы қажет, бұл жаңа клиенттік базаның қалыптасуына мүмкіндік береді.

Сонымен, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ы басшылығына депозиттік саясаты қалыптастыру кезінде оны оңтайландырылған белгілі критерилерге сүйенуі керек, оның ішінде келесілерді атап өтуге болады:

- қаржылық тұрақтылықты, сенімділікті қамтамасыз ету үшін банктің депозиттік, несиелік және басқа операцияларының өзара байланыстылығы;

- тәуекелді азайту мақсатымен банк ресурстарының әртараптылығы;

- клиенттер бойынша депозиттік портфельді сегменттеу;

- клиенттердің әр топтарына саралау;

- банктік қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі;

Біздің ойымызша, аталған критерилер "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның депозиттік саясатын жетілдірудің мүмкін жолдары. Қорытындылай келе, әрбір банк өз депозиттік саясатын депозит түріне, мерзіміне, депозит бойынша пайызына, депозиттік операцияны өткізу ережелеріне, экономикадағы инфляциялық процестерге және басқа банктер тарапынан бәсекелестік факторларға, өз қызметінің ерекшелігіне сүйене отырып қалыптастырады.