
- •Мазмұны
- •1 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының теориялық негіздері
- •1.1 Банктердің депозиттік операцияларының экономикалық мәні
- •Сурет 1. Қайтарып алу нысаны бойынша депозиттер
- •1.2 Қазақстанның депозит нарығының жіктелуі мен құрылымы
- •1.3 Депозиттік саясат және оның банк ресурстарын қалыптастырудағы рөлі
- •Коммерциялық банктің депозиттік саясаты
- •Депозиттік саясаттың шекаралары
- •2 Қазақстан республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік операцияларына талдау («қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ақ мысалы негізінде талдау)
- •2.1 Қазақстан Республикасынының коммерциялық банктерінің депозиттік қызметінің қазіргі жағдайы мен оны талдау ерекшеліктері
- •2.2 “ Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ” ақ-ның қаржылық жағдайына талдау
- •2.3 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ақ-ның заемдары мен тарифтік бағдарламаларын сараптау
- •3 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын жетілдіру жолдары
- •3.1 "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" ақ-ның депозиттік саясатын жетілдіру ұсыныстары
- •3.2 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі депозиттерді сақтандыру жүйесінің даму келешегі
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Кіріспе ……………………………………………………………………....5 |
|
1 коммерциялық банктердің депозиттік саясатының теориялық негіздері.............................................................................8 |
|
1.1 Банктердің депозиттік операцияларының экономикалық мәні...............8 |
|
1.2 Қазақстанның депозит нарығының жіктелуі мен құрылымы................23 |
|
1.3 Депозиттік саясат және оның банк ресурстарын қалыптастырудағы рөлі........................................................................................................................29 |
|
|
|
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНА ТАЛДАУ («ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ МЫСАЛЫ негізінде талдау)................................................................37 |
|
2.1 Қазақстан Республикасынының коммерциялық банктерінің депозиттік қызметінің қазіргі жағдайы мен оны талдау ерекшеліктері .........................37 |
|
2.2 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қаржылық жағдайына талдау.........................................................................................46 |
|
2.3. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның заемдары мен тарифтік бағдарламаларын сараптау...........................................................53 |
|
|
|
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.................................................................................61
3.1 " Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі " АҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру ұсыныстары........................................................................61
3.2 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі депозиттерді сақтандыру жүйесінің даму келешегі................................................................65
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................71
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................74
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтар айындағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ең басты мәселесі әлеуметтік жаңғырту мемлекет дамуының басты бағыты болып табылады.
Жолдауда Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері жайында айтылған. Экономикамызды нығайту мен дамытудың негіздерінің бірі мемлекеттегі ақша – несиелік жағдайын жақсарту, қаржы институттарын дамыту, халықтың қолында бар ақша-қаражаттарын экономика дамуының салаларына салу, ол арұылы халықтың пайда табуы болып табылады [1].
Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі. Бұл таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыты. Президент барлық Жолдауында осы көкейкесті тақырыпты көздеген.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының банк жүйесi экономиканың өcyiнe ықпалын тигiзетiн және макроэкономикалық тұрақтылыққа жету мақсатына негізделген мемлекеттің, экономиканың негізгі бiр құрамдас бөлiгi. Банктiк жүйенiң экономикалық мәні қайта өндiру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін оларды несиелер мен инвестицияларға айналдыру жолымен – артық капиталды қайта бөлу болып табылады. Сонымен қатар, нарықтың бiр секторына көшу арқасында экономика артық ақша қаражаттарды қайта бөлу проблемасын шешуде тұрақты және сенімді банктiк жүйенi талап етедi.
Қазiргi уақытта қаржылық нарықтың дамуы мен тұрақтылық шарттарында, банктiк жүйенiң құрылымы да тез өзгередi. Қаржылық ұйымдардың жаңа түрлері, несие құралдарының жаңа түрлерін, заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша жаңа операциялар пайда болуда. Банк жүйесiнде заңды және жеке тұлгалардың маңызы өте зор. Өйткенi, заңды және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары арқылы банктер өздерiнiң ресурстарын жинақтайды.
Банктiк ресурстар - белгiлi бiр коммерциялық банктiң заңды қызметтерiн жүзеге асыратын ресурстар жиынтығы. Банктiк ресурстар әртүрлi көздерден құралады және әртүрлi мақсаттарға жұмсалады. Ресурстарды орналастырудағы банк мақсаттарының бiр ғана шарты бар - ол табыс көзiн молайту арқылы банктiң өтiмдiлiгiн өте жоғары деңгейде ұстay.
Өз мақсаттарын жүзеге асыру үшiн банктер бiр қатар ic әрекеттi жүзеге асыру керек, олар - банктiк операциялар деп аталады. Бұл депозиттiк операциялар тек банктiң жұмысының жүзеге асуында ғана емес, өнеркәсiп салаларының, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының дамуында үлкен рөл атқарады.
Коммерциялық кәсіпорын түрлерінің бірі ретінде банктік мекеменің өзіндік ерекшелігі оның ресурстарының басым бөлігі меншікті құралдардан емес, тартылған құралдардан құрылуында. Қаражаттарды тартуда банктердің мүмкіндіктері шектеулі және кез келген елде Орталық Банк тарапынан реттеледі. Банк капиталының мөлшері мен тартылған қаражаттар көлемі арасындағы ара қатынасты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі міндетті экономикалық нормативтер арқылы реттейді.
Біздің мемлекетімізде депозиттік саясаттың қалыптасу мәселелеріне қажетті көңіл аударылмай келді. Бұл жоғары инфляция және арзан ресурстардың қолда бар болған кезде банктік операцияларға сұраныс ұсынысқа қарағанда елеулі асты, ал осы шарттар банктік операциялар тәуекелінің табиғатын өзгерте отырып, жоғары пайда нормасын қамтамасыз етумен байланысты болды. Пайда нормасының төмендеуі, банкаралық несиелер және мерзімді валюталық нарықтағы операциялар сияқты табыстың дәстүрлі көздерінің жоғалуы өздерімен тартылған қаражаттың құрылымын оңтайландыру және олар бойынша пайыздық шығындарды қысқартуда коммерциялық банктер депозиттік саясаттың қалыптасуын бірінші орынға шығарды. Жалпы, 1998 жылы және 2008 жылдары болған банктік дағдарыс және одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы коммерциялық банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің, сонымен қатар жетілдірудің қажеттілігін растады.
Осы жұмыстың теориялық және практикалық негізі ретінде экономистердің мемлекетіміздегі депозитке байланысты мәселелерді зерттеген материалдары, Қазақстандық коммерциялық банктердің жұмысын талдау барысында алынған материалдар, статистикалық материалдар және мерзімді басылымдардың мәліметтері табылады.
Дипломдық жұмыста ресурстарды тарту аясында коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының қалыптасуының теориялық аспектілері, депозиттердің жіктелуі егжей-тегжейлі қарастырылған, олардың ерекшеліктері, сонымен қатар екі жақ үшін де депозиттердің артықшылықтары мен кемшіліктері айқындалды.
Депозиттердің экономикалық мәнін түсіндірген отандық ғалымдар: Ш.Р. Абдилманова, Г.Т. Калиева, К.К. Ильясов, У.М. Искаков, Ж.О. Ихданов, Н.К. Мамыров, Д.М. Мажитов, В.Д. Мельников, Г.С. Сейткасымов, Н.Н.Хамитов, А. Челекбай және т.б.
Диплом жұмысының мақсаты коммерциялық банктің экономикалық тұрақтылығын күшейту жүйесінде оның депозиттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау болып табылады.
Диплом жұмысы мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
- депозиттік операцияның экономикалық мәнін ашу;
- банктік депозиттердің жіктелуін қарастыру;
- халық қолындағы салымдарды коммерциялық банкке тартудағы бағыттарды жетілдіру жолдарын анықтау;
- «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ депозиттік қызметтерін зерттеп, ҚР банк нарығындағы орнын анықтау;
- коммерциялық банктің тұрақтылығын күшейту мақсатында оның депозиттік саясатын оңтайландырудың перспективалы бағыттарын анықтау.
Диплом жұмысының пәні коммерциялық банктердің депозиттік операциялары және оның қалыптасуы, жүзеге асырылу үрдісіндегі экономикалық және ұйымдастырушылық қатынастары болып табылады.
Диплом жұмысының объектісі − «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ депозиттік саясаты және операциялары.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс 74 бет көлемінен, негізгі бөлімі кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, сонымен қатар қолданыған 37 әдебиеттер тізімінен, тұрады. Жұмыста 14 кесте және 20 сурет бар.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімі коммерциялық банктердегі депозиттік саясаттың қалыптасуының негіздерін, депозиттердің сыныпталуын теориялық тұрғыдан қарастырады.
Жұмыстың екінші бөлімінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мысалында Қазақстандағы депозит нарығы мен оның салыстырмалы талдауы берілген.
Үшінші бөлім ҚР депозиттік саясатының өзекті мәселелерін ашып, оларды шешу жолдары мен жетілдіру құралдарын атап өткен.