
- •Соғыс алдында
- •Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары
- •Москва үшін шайқас
- •Кубаға сапары
- •«Алаш» партиясының өмірге келуі[өңдеу]
- •Қазақстандықтардың Ленинград үшін шайқасты[өңдеу]
- •Өмірбаяны
- •Жетістіктері
- •Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925-1936)[өңдеу]
- •Ауданы және Халқы[өңдеу]
- •Қазревком мүшелері[өңдеу]
- •Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары[өңдеу]
- •1930 Жылдардағы халықаралық жағдай[өңдеу]
- •Қазақ кср-інің соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы[өңдеу]
- •Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы - 1983, Алматы) — қазақ жазушысы.Еңбек жолы
- •Наградалары[өңдеу]
- •Есімі берілген жерлер[өңдеу]
- •Конституция құрылымы
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925-1936)[өңдеу]
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР, Қазақстан) (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan,қаз. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы, Қазақстан) — Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.[1].
1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен. солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.
Ауданы және Халқы[өңдеу]
Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың. адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 тыс. адам болды.
Қазревком мүшелері[өңдеу]
С.Меңдешев (1882-1937)
1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;
1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;
1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;
1937 жылы репрессия құрбаны болды.
Ә.Т.Жангелдин(1884-1953)
1915 жылы коммунистік партия мүшесі;
1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;
1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы
1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.
А.Байтұрсынұлы(1873-1937)
"Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы.
1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі.
1937 жылы репрессия құрбаны болды.
3
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[1]
Оппозиция Назарбаевті келіспеушілікті басты деп айыптады. Ол жеңген президенттік сайлауды Қазақ оппозициясы және батыс бақылаушылары қатты сынға алып, сайлау демократиялық стандартарға сәйкес келмеді деді.[2]
Егемендік. Президент
Отбасылық жағдайы
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар:
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.[3]
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.
7-билет
1-сұрақ
Репрессия - [лат. repressio - басып-жаншу] - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді). Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз халқын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары.
Қазақстандағы репрессия[өңдеу]
Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж .Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды.
Қарағандыдағы екінші репрессия[өңдеу]
Қарағандыдағы екінші репрессия 1937-38 ж . жүргізілді .Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай репрессия басталған еді. Соның ызғары Қазақстанға да келіп жетті . Өйткені Карағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және коғам қайраткерлері , белгілі ғалымдар, ақын - жазушылар , артистер жұмыс істеді.Сондықтан да 1937 жылғы Қазақстандағы репрессия ең алдымен Қарағандыдан басталды.Осы жылы маусымайында Қарқаралы округтік партия комитетінің хатшысы М.Ғатаулин ұсталды .Өйткені ол 1932 жылдын өзінде-ақ Ғ.Мүсірепов ,М.Дәулетқалиев ,Қ.Куанышев , Е.Алтынбековтермен бірге Қазақстан өлкелік партия комитетінін сол кездегі 1-хатшысы Ф.И.Голощекиннің үстінен БК(б) ПОК-не хат жазған болатын. Бұл хат Қазқстан Компартиясы тарихында «Бесеудің хаты» деген атпен белгіледі.Осы хатқа байланысты М.Ғатаулин үнемі бақылауда жүретін.Сол тұста онымен бірге Н.Нұрсейітовты , М. Орддбаевты, Ж .Баймолдинді тұтқынға алады. Сол жылдың күзінде осы іс бойынша А.Асылбеков, Н.Нұрмақов , С.Сейфуллин , Т.Рысқұлов т.б. ұсталып, ату жазасына кесілді . Бұдан кейін осы облыста кызмет істеген Ғ. И. Пинхасик, Ә. Макатов, Ж.Сәдуакасов,М.Тәтімов , Ж.Сұлтанбеков , X.Әміров,О.Беков,X.Жүсіпбеков, Т.Нұртазин,С.Талжанов,Р.Әлсенов , А . Асылбековтыңәкесі-Мүсәпір , С.Сейфулиннің әкесі - Сейфулла , Хасен Жетпісбаев сияқты карттар камауға алынып, ауыр жазаға ұшырады .Сол жылдары Федоровда , Куперман,Мрачковский , Кадаленко, Шедин , Измаиловтардың тобы деген «істер» ұйымадастырылды , көптеген адамдар нақақтан - нақақ жауапқа тартылды. Солардын ішінде Смирнов , Смертюк, Парамонов,Хенкин , Скрипкин , Көрпебаев сияқты жұмысшы гвардиясының көрнекті өкілдері де кетті . Бұлардан басқа «Қарағанды ісі», «Қарқаралы ісі» деген жалған қылмыспен сан қазақ сотталды. Сөйтіп,1937 ж. кезінде Қазақстанның Петропавл, Қостанай ,Семей обл ның чекистері тәрізді Қарағанды обл . Ішкі істер басқарма сынын қызметкерлері де ерекше қаталдығымен көзге түсті .Тіпті Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында Карағанды чекистерінің ұйымдастыруымен 1944 ж. қаланың Жамбыл атындағы орта мектебінің бір топ жастары- 3.Әбділдин, Б. Жақсылықов, А.Рүстемов,Ж.Өмірбеков т. б . « ЕСЕП » («Елін сүйгенерлер партиясы » ) атты ұлтшылдық ұйым құрды » деген айыппен қамауға алынып ,жауапқа тартылды. Ал 1951-52ж. Карағанды оқытушылар институтының профессор К.Жұмашев , аға оқытушысы А.Нарешев, осы институттың түлектері Б. Ысқақов,М. Теміров, Р. Нарешев т.б. жоғарыда аталған ұйымға қатысы болған деген айыппен қамауға алынып, әрқайсысы ұзақ жаза мерзіміне сот алып кетті . Бұл репрессия нын жалғасы 1963-64ж. дейін созылып , сол жылдары ұлтшылдық ұйым құрды деген жаламен К. Жүнісов, К. Сауғабаев т.б . институттан шығарылып, түрліше жазаларға ұшырады.
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстанда 1998 ж. - «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланып, ашаршылық, репрессия жылдары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген мақалалар жарияланып ,игі шаралар ұйымдастырылды, тоталитарлық идеология әшкереленді.
2-сұрақ
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.
Жаудың қарақшылық соққысына бірінші болып шекарашылар ұшырады. Батыс шекараны күзеткен 485 шекара заставасы оның тегеуірініне төтеп берді. Буг өзеніндегі Брест қамалын қорғаушылар теңдесі жоқ ерлік, қайтпас қайсарлық, жеңіске деген асқан зор ерік-жігер көрсетті, олардың арасында КСРО-ның 30-дан астам ұлттары мен ұлыстарының өкілдері болды.
Тирасполь мұнарасы маңында лейтенант Алексей Наганов взводының жауынгерлері қаһармандықпен шайқасты. Қамалды қорғаушы қазақстандықтар В.Фурсов, Қ.Тұрдыев, 204-гаубица артиллериялық полкінің комсомол ұйымдастырушысы Ш.Шолтыров және басқа көптеген адамдар қаһармандық пен батылдық көрсетті.
Қазақстанда сонау азамат соғысы жылдарында құрылған 219-атқыштар полкінің солдаттары, сержанттары мен офицерлері 1941 жылғы маусымның 24-де Литваның Шяуляй қаласының оңтүстігінде алғаш рет ұрысқа кірісті. Олар Литваның, Латвия мен Эстонияның жерлерінде, Ораниенбаум алғы шебінде жау шабуылына табандылықпен тойтарыс берді. Дивизия комиссары, Оңтүстік-батыс майдан Әскери Кеңесінің мүшесі, Ертіс өңірінің даңқты перзенті Евгений Павлович Рыков Полтава облысының Шумейково тоғайында болған өліспей беріспейтін ұрыста ерлікпен қаза тапты.
Аса үлкен тас тұғырға мынандай сөздер қашап жазылған: « Бұл алапта майдан қолбасшысы, генерал-полковник М.П.Кирпонос, Әскери Кеңес мүшесі, Украина КП (б) Орталық Комитетінің хатшысы Бурмистенко, дивизия комиссары Е.П.Рыков және майданның штаб бастығы генерал-майор В.И.Тупиков басқарған Оңтүстік-Батыс майданның 800 жауынгері 1941 жылғы қыркүйектің 20-сында неміс-фашист басқыншыларының басым күштерімен шайқасқа түсті. Даңқты жауынгерлер үш тәулік бойы күш тең болмаған ұрыс жүргізіп, Отан алдындағы қасиетті борышын ақырына дейін орындап, бәрі дерлік қаза тапты». Қазақстандық комиссарды есте қалдыру үшін Украина астанасында өте әдемі көшелердің бірі соның есімімен аталып, ескерткіш тақта орнатылған. Жанқиярлық ерлігіне ризалық білдірген жерлестері Қатонқарағай орта мектебін Е.П.Рыковтың есімімен атады.
Біздің жерлесіміз, танк әскерлерінің генерал-майоры К.А.Семенченко фашистерге қарсы шайқастарда ерекше көзге түсті, оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1941 жылғы шілденің 22-сіндегі Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Атыраулық мұғалімнің ұлы, Қара теңіз флотының контр-адмиралы Л.А. Владимирский де батылдығымен елімізге айрықша танылды.
8-билет
1-сұрақ: Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.
Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдайҚазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді.Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді.
1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. СолтүстікҚазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.
Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т.б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды. Алматыда, Шымкентте және Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады.
Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі және Доссор көсіпшіліктері 1925 жылдың өзінде1913 жылғы деңгейден асып түсті. Өндірісті техникалық жағынан қайта құру ісі жүргізілді, мұнай өндіруге тереңнен соратын насостар қолданылды, кәсіпорындарды электрлендіру өріс алды, жабдықтар жаңартылды, кең барлаудың геофизикалық әдістері пайдаланылды. Полиграфиялық өнеркәсіп те біршама ілгері басып, соғысқа дейінгі деңтейге тез көтеріліп келе жатты, осының нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы көбейді.
Риддерде шахталарды, рудниктерді, байыту фабрикаларын, электр стансаларын, теміржолды, басқа да нысандарды қалпына келтіру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды, алайда жабдықтар мен ақшалай қаржының жетіспеушілігінен бұл кәсіпорындар техникалық күзет жағдайына көшіріліп, 1925 жылы ғана Риддер кәсіпорындарын қалпына келтіру жұмыстары қайтадан қолға алынды. #Қарағанды және Екібастұз көмір өндірістері, Спасск зауыты, Успен кең орны және басқа да тау-кен өндірісі орындары мен тау-кен зауыттарының кәсіпорындары тоқтап тұрды. 1925 жылдың аяғында ғана Қарсақбай мыс балқыту зауыты мен Байқоңыр — Қарсақбай-Жезқазған тар табанды теміржолын қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындар негізінде шаруашылық есеп жүйесі бойынша, кеңестік трестер атанған бірлестіктер құрылды. Орал-Ембі мұнай тресі, «Алтайполиметалл» тресі, Атбасар түсті металдар тресі, «Золоторуда» тресі (Қостанай аумағындағы алтын кең орындарының тобы) одақтық маңыздағы кәсіпорындарға айналды. Екібастұз және Риддер кәсіпорындарын РКФСР Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХШК) мандаты негізінде Қазақстанның Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) басқарды. Осы кеңестінтікелей басшылығына Илецк тұз тресі, Павлодар тұз тресі, «Южно-Урал-золото», «Ақжал золото» трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі берілді. Жыл өткен сайын Қазақстанның үлкенді-кішілі кәсіпорындарына, әсіресе өнімдері КСРО-ның индустриялық жағынан дамыған аймақтарына жөнелтіліп отыратын өнеркәсіптің өнім өндіруші салаларына (мұнай, түсті металлургия және т.б.) орталықтың басшылық ықпалы күшейе берді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты барған сайын айқындала түсті.
Транспортқа ерекше көңіл бөлінді, себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай, жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндетін — қала мен ауыл, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Республиканың негізгі теміржол арқауы — Орынбор —Ташкент күре жолына көп мөлшерде паровоздар мен вагондар, отын-көмір, ТЖХК (Теміржол халық комиссариаты) салғыртынан жиналған әр түрлі материалдар бөлініп, кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары, көлік-тасымал шаруашылығының білікті басшылары жіберіліп отырды. Жетісу теміржолының Луговой стансасына, одан ары Пішпек стансасына дейінгі жалғасы, Петропавл – Көкшетау жолы, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір магистралінің Славгород — Құлынды - Павлодар желісі және т.б. сияқты жаңа жолдар, әсіресе «астық желілері» жедел салынды. Бастапқы екі желі Жетісу мен Солтүстік Қазақстаннан елдің орталық аймақтарына астық тасуға, ал соңғысы Коряков кәсіпшіліктерінен тұзәк етуге арналды.
Алайда Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығының, құрал-жабдықтардың, ақшалай қаржының және білікті мамандардың жетіспеушілігінің, сондай-ақ жергілікті қиындықтардың себебінен өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі баяу қарқынмен жүргізілді, бұл кезең 1927 жылдың аяғына дейін жалғасты.
Түсті металлургия саласында оның барлық кәсіпорындарының 60%-ынан астамы жұмыс істеді. 1926 жылдың қарсаңында республиканың өнеркәсібі 1913 жыл деңгейінің 61%-ына ғана, ал ауыл шаруашылығы 82,9%-ына жете алды.
Сөйтіп, Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде аяқталды. Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспорттағы мемлекеттік сектор едәуір нығайып, дами бастады. Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағы 64%-на, ал ірі өнеркәсіпте 97,2%-ға жетті. Барлық теміржол желілері, сондай-ақ кемешілік ісі, кеме айлақтарын т.с.с. қосқандағы ірі су жолдары мемлекет меншігінде болды. Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда басқадай экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады.
Солай дегенмен де, бұл кенже қалған, революцияға дейінгі, отарлық деңгей болатын, ол Қазақстанның дамуына индустрияландыру жағдайында берік те дербес негіз бола алмас еді, ал жана экономикалық саясат жағдайында жұмыс істеген өнеркәсіп орындары мен теміржолдар техникалық жағынан артта қалушылық, өндірісте және азық-түлік пен шикізаттарды тасымалдау ісінің мейлінше ала-құлалығы, жол қатынастарының әлсіздігі, кейде заманға сай жол қатынастарының болмауы себептері нәтижесінде 20-жылдардың екінші жартысында — 30-жылдарда Мәскеудің,Ленинградтың, Донбастың, Оралдың, КСРО-ның басқа да дамыған аймақтарының кәсіпорындары сияқты жергілікті «индустрияландыру құралы» бола алмады. Оның үстіне ескі кәсіпорындар мен теміржолдарды техникалық жағынан жаңғырту немесе оларды жаңадан салу бағытындағы алғашқы қадамдарға жергілікті тұртындар арасында білікті жұмысшылардын болмауы, ақшалай қаржының, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі т.б. тікелей кедергі болып отырды.
Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі - оның аумағының геологиялық тұрғыдан аз зерттелуі еді. Төңкеріске дейінгі уақыттардың өзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер көп болғанымен, Кеңес өкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген болатын. Алғашқы бесжылдық жоспар жасалған уақытта сол кен орындарының көпшілігі «ақтаңдақ» денгейінде қалды, жергілікті жоспарлау органдарының әлсіздігі де бұған себеп болды. Осы және басқа да кемшіліктер себебінен КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында Қазақстанның мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында «халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер толық есепке алынбаған»,[1]. - деп атап өтуі кездейсок емес. Осыган байланысты КСРО-ның бесжылдық жоспарында көбінесе елдін негізгі табиғи қорларының толық зерттелмеуі, әсіресе өнеркәсіптік бағытта бағамдалмауы кең көлемді зерттеулерді, ізденістер мен барлауды Қазақстанның өнеркәсіптік жоспарының аса маңызды сипатына айналдырады, бұл жұмыстар келесі бесжылдықта салынатын құрылыс нысандарын даярлап қана қоймай, сонымен бірге осы бесжылдыққа белгіленген іс-жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыруға, нақтылауға, түбегейлі есепке алуға тиіс»,[2]. - деп ерекше атап өтілді.
2-сұрақ: Шаруаларды ұжымдастыру 1930-1932 жылдары жүргізілді. Ұжымдастыру В.И.Ленин жасаған жоспар бойынша асықпай, біртіндеп жүргізілуі керек еді. Шаруаларға күш көрсетпей, қайта шаруашылықты бірлесіп жүргізудің тиімді екеніне олардың көзін жеткізе отырып, ұжымшарға өз еркімен біртіндеп біріктіру болатын. Кеңес өкіметіне және оны басқарып отырған коммунистік партия басшыларына, әсіресе, И.В.Сталинге бұл жоспар ұнамады. Олар жеке шаруа қожалықтарын тезірек ірі шаруашылықтарға біріктірсек, соғұрлым шаруашылықты тез өркендетеміз деп есептеді. Сол себепті бүкіл елді бірнеше аймаққа бөліп, әрқайсысына ұжымдастырудың басталу және аяқталу уақытын белгілеп берді. Қазақстанда ұжымдарға біріктіру ерекше қарқынмен жүргізілді. 1931 жылы күзде республикадағы 122 ауданның 78-інде шаруалар ұжымдарларға біріктірілді. Ұжымдарларға мүше болғаннан кейін шаруалардың жағдайы бұрынғыдан да қиындай түсті. Өйткені Кеңес мемлекетіне өте көп мөлшерде астық, ет керек еді. Оны тек қана ұжымдар мүшелерінен алуға тура келді. Сондықтан шаруаларға шамадан тыс салықтар салынды. Қазақ аулының шаруашылығын күйзелткен тағы бір жағдай – көшпелі және жартылай көшпелі халықты күштеп отырықшылыққа көшіру болды. Шаруашылықтың бұл түрі әлі де ол кезде өз маңызын жоғалтпаған еді. Өзінің туып-өскен жерінде сан ғасырлар бойы мал бағып келе жатқан қазақтар бұл шаруашылықтың қыры мен сырын толық меңгерген еді. Жыл мезгілдері мен ауа-райының құбылмалы жағдайын ескере отырып, жүз мыңдаған малды кең даланың табиғат ерекшеліктерін шебер пайдаланып, аман-сау бағып өсірді. Сол мал қазақтарға тамақ та киім де болды.
Асыра сілтеушіліктер мен зорлық-зомбылықтар[өңдеу]
Шаруаларды ұжымдарға біріктіру кезінде Қазақстан халықтарына құлақ естіп, көз көрмеген озбырлықтар жасалды. Соның салдарынан қазақ халқы орны толмас апатқа ұшырады. Бір ауданда белсенділер жұртты қоныстандырамыз деп қыс ортасында әр жерде қыстауларында отырған шаруаларды үйлерінен айдап шықты. Мидай далаға көше-көше етіп киіз үй тіккізіп, көшелерге Қазақстан басшыларының аттарын қояды. Голощекин, Елтай, Құрамысов көшелері деген қаңылтыр тақтайшалар ілінеді. Қалың қардан ойып, қалқан жасап, оларға шаруашылық қораларындағы малдарды әкеліп қамады. Жоғарыға: «1932 жылы желтоқсанның 24- күні осындай ауданның көшпелі сегіз ауылы отырықшылыққа көшті, адам саны 420, мал басы 2300» деген ақпарат берді. Бірнеше күннен соң аққаладағы малдар қырылды. Шаруалар қораларындағы шөптерін қарда тасып жеткізе адмады. Көп ұзамай 40º аязда киіз үйлерде тұрған адамдар да қырылады. Ұжымдардан, оның мүшелерінен алынатын ет, астық салықтарын жинау кезінде «шолақ белсенділер» ерекше көзге түсті. Ауданнан келген өкілдер мен ауылдан қосылған белсенділерге ерекше құқық берілді. 1932 жылы Шұбартау ауданындағы (Семей облысы) бір жағдайды көзімен көрген куәгер былай деп әңгімелейді: «1932 жылы жоғарыдан ауданға ет тапсыру жоспары келді. Тек қой мен сиыр ғана өткізесіңдер деген тапсырма бар. Шұбартауда негізгі мал-жылқы болатын. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранның нағыз гүрілдеп тұрған кезі еді. Бұған дейін барлық қой мен сиырды өткіздік, бірақ жоспар орындалмады. Жоғарыдан «24 сағаттың ішінде орындамасаңдар, орындарыңнан алып сотқа береміз» деген қатаң жеделхаттар үсті-үстіне келіп жатты. Бастықтарда зәре жоқ. Қыс ортасында «жылқы тапсыруға болады» деген нұсқау келді. Сол кезде ауданда 175 мың жылқы бар еді. Соның қоңды деген 75 мыңын іріктеп алып, етке тапсыруға Аягөзге айдадық. Жол 250 шақырым, қыс қатты, тізеден күртік қар. Аш жануарлар қалың қарда дөңбекшіп өліп жатты. өлгенінен қалғанын Аягөзге жеткізіп едік, ондағы бастықтар: «Шұбартаудың жылқысын біз алмаймыз, Қарқаралыға тапсырыңдар»,-деді. Кері қайтып, ауданда қалған жүз мың жылқыны қосып алып, Қарқаралыға тарттық. Бұл екі орта 200 шақырымдай жер. Оған жеткенше жылқының тағы да жартысы қырылды. Қалғанын тапсырдық».
1931-1932 жылдардағы қуаңшылық пен ашаршылық[өңдеу]
Сөйтіп күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру қазақ халқының шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Негізгі күнкөрісі мал болғандықтан қазақтар екі-үш жылдың ішінде малдарынан түгелге жуық айырылды. 1928 жылы 45 млн-ға жуық мал болса, ол он есеге кеміп, 4,5 млн-ға дейін азайды. Малы жоқ тақыр кедейлер көбейді. Осының салдарынан қазақ халқы 1931-1933 жылдары аштыққа ұшырады, жері қуаңшылыққа айналды. Ашаршылық жылдары сол кезде Қазақстанда тұратын қазақтардың тең жартысы, шамамен (40%) 2 млн-ға жуығы қырылды.
Жергілікті халықтың реcпубликадан тыс жерлерге қоныс аударуы[өңдеу]
Ашаршылықтан құтылуға тырысқан халық республикадан тыс жерлерге қоныс аудара бастады. Олардың жалпы саны 1 млн-нан астам. Оның 400 мыңдайы қайтып оралғанымен, қалғандары келмеске кетті. Босқындар Өзбекстанға, Түрікменстанға, Тәжікстанға, Қырғызстанға, Ресейге көшті. Сондай-ақ Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Түркияға да мыңдаған қазақтар қоныс аударып барды.
Зорлық-зомбылықтарға қарсы наразылықтар, көтерілістер[өңдеу]
Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов және басқалар бастаған қазақтың кейбір мемлекет және қоғам қайраткерлері шаруаларды жаппай ұжымдастыру көшпелі және жартылай көшпелі қазақ ауылдарына өте ауыр тиетінін алдын ала ескерткен болатын. Орыс ғалымдары да көшпелі халықты отырықшыландыру ұзақ уақытты талап ететінін, сол себептен алдын ала дайындық жүргізуді қажет ететінін ғылыми түрде дәлелдеген еді. Бірақ, Кеңес өкіметінің басшылары бұл ұсыныстарға құлақ аспады. Ал отырықшыландыру мен ұжымдастыру кезінде орын алған асыра сілтеушілікті, зорлық-зомбылық пен күштеуді көрген көптеген адамдар қарап жатпады. Ол туралы тиісті орындарға хабарлады және тыйым салуды сұрады. Сталиндік билік үстемдік алып, қылышынан қан тамып тұрғанда мұндай хат жазу майдандағы ерлікпен парапар еді.
==Сәдуақасов Смағұл==
(1900-1933) – көрнекті мемлекет қайраткері, жазушы. Омбыдағы орта ауыл шаруашылығы училищесін (1918), көлік нженерлерінің Мәскеудегі институтын (1932) бітірген. Еңбек жолын 1915 жылы мектепте мұғалімдіктен бастаған. 1918-1920 жылдары «Кедей дауысы» газетінің редакторы, Орынбордағы РКЖО Қазақ облыстық комитетінің хатшысы, «Еңбекші жастар» газетінің редакторы болды. 1921-1928 жылдары қазақ ОАК-нің хатшысы, Түркістан ОАК жанындағы Қазақ АКСР өкілеттілігінің уәкілі, Қазақ АКСР Мемлекеттік Жоспарлау комиссиясыынң төрағасы, өлкелік «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы қызметтерін атқарды. С.Сәдуақасов өзінің бүкіл жастық жігерін, талант, қабілетін халық білімін көтеруге, жергілікті кадрларды тәрбиелеуге бағыттады. Принципті және жігерлі оқу ісінің халкомы республикасының бірінші басшысы Голощекиннің көңіліне жақпады. Алтыншы партия конференциясында ол «жікшілдік қызметі» үшін қызметінен босатылып, қазақ педагогика институтына (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) ректоры болып тағайындалды. Мәскеудегі оқуын бітіргеннен кейін, Қазақстанға қайтармау үшін ел басшылығы оны Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысына инженер-құрылысшы етіп жұмысқа жіберді. Сонда 1933 жылы дүниеден өтеді. С.Сәдуақасов өзін мемлекет қайраткері ғана емес, сонымен бірге жастардың жетекшісі, публицист, Қазақстандағы кооперативтік қозғалыстың ұйымдастырушысы, мәдениет қайраткері, қазақ театрын ұйымдастырушы ретінде де көрсете білді.
Рысқұлов Тұрар[өңдеу]
(1894-1943) – партия және мемлекет қайраткері, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына, Орта Азия мен Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға қатысушылардың бірі. Орыс-қазақ мектебінде, ауыл шаруашылық мектебінде, Ташкент мұғалімдер институтында оқыды. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты. 1918-1923 жылдары Түркістан Республикасының партия және кеңес органдарында, Ұлт істері жөніндегі Халық Комиссариатында істеді, Коминтерннің Монғолиядағы өкілетті өкілі болды. 1926-1937 жылдары РКФСР халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынбасары міндетін атқырды. 1923-1924 жылдары БК (б)П Ок мүшелігіне кандидат, БОАК-нің, КСРО ОАК-нің мүшесі болды. Т.Рысқұлов негізінен халық ағарту тақырыбында кең көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол ондаған кітап пен кітапшалар, жүзден астам мақалалар жазды. Т.Рысқұлов ересектер мен балалардың өз ана тілінде оқуына үлкен мән берді. Ол Қазақстандағы халыққа білім беру ісін дамыту мәселесі мәдени құрылыстағы негізгі орындардың бірін алуға тиіс екенін атап көрсетті. Сол кездің өзінде оқулықтар мен оқу әдебиетінің, әсіресе, қазақ тіліндегі оқулықтардың жеткіліксіз екендігіне көңіл аударды. Еш негізсіз қуғын-сүргінге ұшырап, тоталитарлық режімнің құрбаны болды. Қайтыс болғаннан кейін ақталды.
Ұжымдастыру қорытындылары[өңдеу]
Орны толмас аса зор құрбандықтар арқылы жүзеге асқан ұжымдастыру да аяқталды. Бас-аяғы 4-5 жылда 7 мыңнан астам ұжымдар құрылып, егістік жер түгел дерлік ұжымдардың меншігіне берілді. Онда 20 мыңнан астам трактор жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы жұмыстарын бірлесіп жүргізу мен техниканы қолдану егін және мал шаруашылығы өнімдерінің артуына жағдай жасады. Егіс көлемі өсті, дәнді дақылдар өнімі артты, мал басы көбейді. Бұған мыңдаған еңбекшілер үлес қосты. 30-жылдардың орта кезінде ерен еңбегімен құрметке бөленген ауыл шаруашылығының озаттары шықты. 30-жылдардан бастап Қазақстанда мол өнім беретін аса бағалы дақыл-күріш егіле басталды. Бұл дақылды тұңғыш еккен де, одан мол өнім алған да Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы «Казрис» ұжымының мүшелері еді.
Глоссарий:[өңдеу]
Кооперация (лат.ынтымақтастық) – шаруашылықты бірігіп жүргізу, кәсіпкерлікті, ұсақ өндіріс пен маусымдық еңбек қызметін ұйымдастыру жөніндегі ерікті серіктестік. Шаруашылық есеп – КСРО-да енгізілген шаруашылықты жоспарлы жүргізудің әдісі. Несие – бағалы заттарды ( ақша, тауарлар) қарызға беру. Дағдарыс – қандай бір нәрседегі шұғыл, тіке бетбұрыс. Ұжымдастыру – қоғамдастыру, социалистік елдердегі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру- ұсақ шаруа шаруашылықтарын біріктірудің негізінде ірі социалистік ауыл шаруашылық кәсіпорны, ауыл шаруашылық артельдері етіп қайта құру. Шаруалар – жеке дара отбасылық еңбекпен айналысатын ауыл шаруашылық өндірушілері. Орташа – бай шаруа мен кедей шаруаның арасындағы аралық экономикалық жағдайды иеленген шаруа. Трагедия – апатты зардаптары болатын қайғылы оқиға. Тәркілеу (конфискация) – қандай да бір дүние мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз-пұлсыз тартып алу. Геноцид – халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай жою.
3-сұрақ:Шаяхметов Жұмабай- Ресей Федерациясы Омбы облысының Шарбақты ауданында туған.
Полтавкадағы екі сыныпты қазақ-орыс училищесін бітірген (1917 ж). Мәскеудегі Н.Нариманов атындағы Шығыс институтында оқыған. Ж.Шаяхметов тарихи отанындағы еңбек жолын Текелі болыстық атқару комитетінің хатшысы болып бастап (1921-1923 жж.), уездік атқару комитетінің іс жүргізушісі болды. Халық ішкі істер комиссариатында 10 жыл жұмыс істеп, жедел уәкілдің көмекшісінен облыстық басқарма бастығының орынбасарлығына дейін жоғарлады (1936 ж.). 1938 жылы маусымда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің үшінші хатшысы болып сайланды. Бір жылдан кейін екінші хатшылыққа көтеріліп, Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан бойынша Мемлекеттік қорғаныс комитетіне басшылық жасады.
1946 жылы сәуірде ол Қазақстан Компартия Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Бұл уақыт соғыстан кейінгі ауыр кезең болатын. Шаяхметов басшылықта болған кезде Қазақстан халқы артта қалған, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргінді және соғысты бастан кешірген кезеңнен өтіп, аздап болса да ес жия бастаған болатын. Соғыс жылдары Қазақстанға КСРО-ның батыс аймақтарынан көптеген зауыт-фабрикалар, ғылыми және мәдени мекемелер көшіп келді. Осыған байланысты қаладағы халық саны күрт өсіп, жаңадан өндіріс ошақтары пайда болды. Мәскеуден,Ленинградтан, Киевтен, т.б. ірі-ірі қалалардан келген ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері республика басшылығы көмегімен жергілікті жағдайға тез бейімделіп, елдің ғылыми және мәдени өміріне белсене араласты. Осы ғалымдарды және жергілікті күшті жұмылдыра отырып, 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылды, жоғары оқу орындарының ғылыми-техникалық базасы нығайды, жаңа оқу орындары ашылды. Бұрынғы ұсақ ұжымшарлар біріктіріліп, жаңадан кеңшарлар құрыла бастады.
1937-1949 жылдары республика КСРО-ның түкпір-түкпірінен қуғынға ұшыраған халықтар (Солтүстік Кавказ халықтары, немістер, корейлер, т.б.) зорлықпен көшіріліп әкелініп, Қазақстан көп этносты өлкеге айналды. Соған қарамастан Шаяхметов басқарушы кадрлар арасында қазақ басшыларын көбейтті. Көптеген қазақ жастары Мәскеу мен Ленинградта оқыды, аспиранттар мен доктаранттар көбейді. Қазақстанда жаңадан жүздеген зауыттар мен фабрикалар салынды, мыңдаған шақырым темір жол төселді. Мырыш өндірісі, қара металлургия, машина жасау, мұнай өңдеу, ауыл шаруашылық тыңайтқышын өңдеу, т.б. салалар жаңадан құрылды. Қазақстан артта қалған елден аграрлық-индустриалық республикаға айнала бастады.
Ж.Шаяхметов «Медеу» мұз айдынының, Шымбұлақ спорт базасының салынуына да көп еңбек сіңірді. Сондай-ақ, ол кеңес империясы парламенті палатасының бірі - КСРО Жоғары Кеңесі Ұлттар кеңесінің төрағасы болған және 1950 жылы КСРО-ның «Бейбітшілік туралы заңына» қол қойған бірінші қазақ.
1953 жылы КСРО-ны ұзақ жылдар басқарған И.Сталин қайтыс болды. Осыған байланысты Мәскеуде болған саяси тартыстардан кейін билікке Н. Хрущев келді. Ол КСРО-ны азық-түлік жетіспеушілігінен аман алып қалу үшін Қазақстан мен Батыс Сібірдің тың және тыңайған жерлерін игеру қажет деп есептеді. Шаяхметов өз кезегінде Қазақстанның географиялық ерекшеліктерін және осыған байланысты қазақ халқының негізінен мал шаруашылығымен айналысқанын ескере отырып, жерді жаппай жыртуға қарсылығын білдірді. Сондықтан Ж.Шаяхметов орнынан алынып, 1954-1955 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне дейін төмендетілді.
2002 жылы мемлекет қайраткері тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды. Сол жылы соғыс ардагері Қасым Мұхаметқалиев пен журналист Ермек Зәңгіров құрастырған Ж.Шаяхметов туралы естеліктер жинағы, журналист Мәдат Аққозиннің «Вернуть из забвения» атты кітабы жарық көрді. Ж.Шаяхметов үш мәрте «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
9-билет:
1-сұрақ: 1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан унитарлы мемлекет болып табылады. Мемлекеттік өкіметтің бірден-бір қайнар көзі — халықтың өзі. Мемлекеттік өкімет бірегей, ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары болып бөліну қағидасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы негізі мен заңдарына сүйенеді.
Тәуелсіздік алғаннан бастап республикада демократияландыруға бағытталған саяси өмір өзгерістері байқала түсті. Бұрынғы уақытта «өкімет—қоғам» формуласы іс жүзіне асырылса, ендігіде, керісінше, «қоғам — өкімет» негізге алынды. Мемлекеттік басқару органдары халыққа қалтқысыз қызмет ету арқылы құқықтық мемлекет пен еркін нарықтық экономикаға негізделген алдыңғы қатарлы азаматтық қоғам қалыптастыруы керек. Мазмұндық және құрылымдық жағынан келгенде, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы 10 жылы ішінде мемлекеттік басқару органдары бірқатар өзгерістерді басынан кешірді. Құрылымдық өзгерістер мына төмендегіше көрініс тапты:
1990 жылдың 24 сәуірінен бастап Республика Президенті орнының енгізілуі;
Қазақстан Республикасының Конституциясы атап көрсеткендей, өкіметтің үш тармақтық принципінің қолданылуы;
орталық атқарушы органдардың қосалқы функцияларын жою, осыған байланысты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесін реформалаудың кезекті шаралары туралы»1997 жылғы Президент Жарлығы негізінде оларды ең кемінде 50%-ға қысқарту;
«Қазақстан — 2030» стратегиялық даму бағдарламасында белгіленген міндеттерді орындау мақсатында олардың өзара іс-әрекетін реттеу үшін атқарушы органдардың функцияларын өзгерту.
Мазмұндық сипаттағы өзгертулер 1997 жылғы 10 қазандағы Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуында («Кәсіптік мемлекет») нақты атап көрсетілді:
«Біздің міндет — Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын
мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиімді жүйесін жасау;
басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру;
ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру».
Аталған басымдылықты жүзеге асыру үшін 1999 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға өзгертулер мен қосымшалар енгізілді. Осы шешімге сәйкес алдағы уақытта кадрларды таңдау,аттестациялау және қызметке тағайындау механизмі реттеліп отыратын болды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік қызметке кадрлар даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясы мен Мемлекеттік қызмет агенттігі құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998—2000 жылдарға арналған іс-әрекет бағдарламасынан:
«Үкіметтің алдағы үш жылға арналған басым міндеттері: стратегиялық жоспарлау мен бақылаудың бірыңғай жүйесінің негізінде ведомствоаралық жене салааралық үйлестіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, кадрларды даярлау және іріктеу жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың функциясын орталықсыздандыру, олардың жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, тиісті заңдармен қамтамасыз ету болады».
3-сұрақ: Байтұрсынұлы Ахмет (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтыңақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.[2]
Туған жері — бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).
1882—1884 жж. ауыл мектебінде оқыды.
1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.
1895—1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды.
1912 ж. Оқу құралы. Қазақша алифбасы Орынборда жарық көреді.
1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді.
1918-19 жж. Алаш Орда қатарында болады.
1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.
1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.
1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.
1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жұбайы Бадрисафамен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.
10-билет
1-сұрақ 1930 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін[өңдеу]
1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В.Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.
Осындай жағдайда И. В. Сталин мен оның серіктері мүмкін болатын оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикаларда да біржолата талқандауды ұйғарды.
1928 жылдың ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Орталық, Ресейге жер аударылды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да соттан тыс және сот органдары 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалса, ал 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды. Ашық сот процестері 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т. б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нүрсейітов, М. Ғатаулин т. б. басшыларының үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. Алайда «халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү.Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О.Жандосов, Т.Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.
1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің айнымас серігі - мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді. Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілгенконтрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза - ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды.
Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне қарсы қойылған айыптауларды әділ, жан-жақты талқылайтын соттың қарастыруын талап ету сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды. БОАК-нің 1919жылғы 17 ақпандағы «Бүкілресейлік Төтенше Комиссия туралы» декретінің өзінде қарулы қарсылық (контрреволюциялық, бандиттік) көрсетілген жағдайда төтенше комиссияларға тікелей қару қолданып, жазалау әрекеттерін жүзеге асыру құқығын сақтаған ереже бекітілді.
Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Негізінен көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың жалған ақпараттарына негізделген, Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыптау да кең тарады. Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық, ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысқан ұлттық ауытқушылық үшін айыптау да кең қолданылды. Көптеген адамдар террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады.
«Әлеуметтік тапсырыс беру» мемлекеттік қуғындау-жазалау органдарын толық қуатымен жұмыс істеуге мәжбүр етті. Бұл жұмыстың көлемі ұлғайып, «тасқынды» сипатқа ие болды. БК(б)П ОК-нің саяси бюросы өз бастамасымен, республикалық және жергілікті партия, кеңес органдарының, НКВД өтініштерінің негізінде жекелеген аймақтардағы қуғын-сүргінге ұшырауға тиісті адамдардың шектеулі тізімін бекітті. Қызмет бабында өсуге, көрініп қалуға ұмтылушылықтың нәтижесінде республикалық және жергілікті органдар бұл тізімді кебейтуді ұсынған өтініштер білдірді.