
- •Соғыс алдында
- •Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары
- •Москва үшін шайқас
- •Кубаға сапары
- •«Алаш» партиясының өмірге келуі[өңдеу]
- •Қазақстандықтардың Ленинград үшін шайқасты[өңдеу]
- •Өмірбаяны
- •Жетістіктері
- •Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925-1936)[өңдеу]
- •Ауданы және Халқы[өңдеу]
- •Қазревком мүшелері[өңдеу]
- •Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары[өңдеу]
- •1930 Жылдардағы халықаралық жағдай[өңдеу]
- •Қазақ кср-інің соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы[өңдеу]
- •Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы - 1983, Алматы) — қазақ жазушысы.Еңбек жолы
- •Наградалары[өңдеу]
- •Есімі берілген жерлер[өңдеу]
- •Конституция құрылымы
Қазақстандықтардың Ленинград үшін шайқасты[өңдеу]
Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста. Қазақстандық жауынгерлер Ленинград түбінде ерлікпен шайқасты. Қазақстанда құрылған 310-атқыштар дивизиясы 1941 жылғы қыркүйектің 9-ынан бастап, сәл кейінірек 314-дивизия Ленинградты қорғауға және оны қоршап алған неміс әскерлерінің құрсауын бұзуға белсене қатысты. Гитлершіл қарақшыларға қарсы үздіксіз ұрыс сала отырып, қазақстандық жауынгерлер жаудың адам күштері мен техникасын ауыр шығындарға ұшыратты. Олар Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, қоршаудағы қаланың «үлкен жермен» тұрақты байланыс орнатып, «өмір жолын» салуына қатысты. Ленинград үшін шайқастардың ауыр күндерінде партия ұйымдастырушысы Сұлтан Баймағамбетов Александр Матросовтың өшпес ерлігін қайталап, сол үшін оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Балтық флотындағы қазақстандық кировшілер жауға қарсы шебер де батыл шайқасты. Балтық әскери- теңіз флотының қолбасшысы адмирал В.Ф.Трибуц 1943 жылғы сәуір айында қазақ халқына хатында былай деп жазды: « Қазақ халқының ұлдары Отан үшін шайқасушы жауынгерлердің алдыңғы қатарында келеді. Барлық Балтық бойы теңізшілерімен бірге олар Отанымыздың Балтық бойы шебіндегі құрметті вахтаны қырағылықпен атқарып,сүйікті астанамыз, революция бесігі даңқты Ленинградты ерлікпен қорғауда. Тек бір ғана «Киров» қызыл тулы крейсерінде 156 қазақстандық жауынгерлік сапта тұр. Олардың көбісі батылдығы мен ерлігі үшін жоғары мемлекеттік марапаттар-КСР Одағының ордендері мен медальдарын алды».
Невадағы қала төңірегіндегі қоршауды бұзу жолындағы шайқастарда жауынгерлердің ұрыс қимылдарына 372- атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротасының бөлімше командирі, комсомол мүшесі Қойбағаров шебер басшылық етті.
«Оның бөлімшесі,– делінген Волхов майданының 2-екпінді армиясы комсомол ұйымдарының жұмысы туралы баяндамада,– ілгері қарай тез жылжып, дұшпанның сым-темір қоршауларынан бірінші болып жол салды да, дзотты қоршап алды. Қойбағаров жолдас: «Неміс оккупанттарына өлім келсін, Ленин қаласы үшін!»– деп айқай салып, взводтың басқа жауынгерлерін соңынан ертіп, неміс траншеяларына бірінші болып басып кірді».
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Ораниенбаум алғы шебінде 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы ұжымшар мүшесі, қатардағы жауынгер Г.П.Зубков бастады. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артиллериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С.Жылқышиев та ерекше көзге түсті.
Ленинград қоршауының аса қиын кездерінде оны қорғаушылар бүкіл Кеңес мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын үнемі сезініп отырды.
1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім!» деген жырын арнап, онда көп ұлтты еліміздің бүкіл еңбекшілерінің ой-пікірін, сезімі мен алаңдатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы әнұранына айналды.
«Қазақтың данышпан жыршысының үні арқылы,– деп жазды 1941 жылдың күзінде «Ленинградская правда» газеті,– бүкіл еліміз: «Мен сендермен біргемін, ленинградтықтар!»– деді».
Жамбыл шығармасынан алған әсері туралы жазушы В.Вишневский былай деп жазды: «Осы бір толғауды көзіңе жас алмай және тебіренген қуаныш сезімінсіз оқу мүмкін емес. Біз бұл хатты тың күш келіп жеткендей бағаладық. Қазақстан халқы бізге туысқандық сәлемін, сүйіспеншілігі мен достығын жолдады, ол біздің күшімізді еселей түсіп, жаумен шайқасқа кірістік».
Енді Ленинград үшін шайқасып, ерлік үлгісін көрсеткен батырларға тоқталайық.
Баймағамбетов Сұлтан Біржанұлы -1920 жылы Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Қояндыағаш ауылында дүниеге келген. Кеңес Одағының Батыры. 1940 жылы әскер қатарына алынып, 1941 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатынасты. Алдымен мергендер ротасында, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінде қызмет етті. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) түбіндегі ұрыстарда 50-ден астам дұшпанның көзін жойды. 4 рет жараланған. 1943 жылғы шілдедегі Ленинградты «Үлкен жермен» байланыстырып тұрған қылтаны кеңейту үшін жүргізілген ұрыстарда Баймағамбетов Ленинград майданының 67-армиясы, 43-атқыштар дивизиясына қарасты, 147-атқыштар полкінде пулемет бөлімшесінің командирі болды. 1943 жылы 25 шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты. КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының шешімімен Баймағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (21.2.1944). Қостанай қаласы мен Әулиекөл кентіндегі екі көшеге Баймағамбетов есімі берілді. Қояндыағаш ауданында батырға ескерткіш орнатылған.
-сұр