- •1 Тарау
- •II тарау хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру
- •Хиругия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру
- •III тарау хириругиялық стоматология және жақ-бет ауруларын тексеру
- •IV тарау жансыздандыру және жалпы жансыздандырудың жақ-бет аймағындағы ерекшеліктері
- •Жалпы жансыздандыру
- •Хирургиялық стоматологиядағы жергілікті жансыздандыру
- •Хирургиялық стоматологияда жергілікті анестезияға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау
- •Жергілікті анестезияның күшін арттырып, әсерін ұзартатын заттар.
- •Өткізгіш анестезиялар
- •Жергілікті анестезиялардан кейінгі асқынулар
- •V тарау тіс жұлу операциясы
- •Тіс жұлу операциясын жасауға болатын және болмайтын жағдайлар
- •Тіс жұлу операциясын жасайтын жағдайлар
- •Тіс жұлуға болмайтын жағдайлар (жартылай)
- •Тіс жұлу әдістері
- •Кейін болатын асқынулар
- •Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар
- •VI тарау жақ бет айм ағының қабыну дерттері
- •Периодонтит
- •Созылмалы периодонтит
- •Жедел ағымды жақ сүйек периоститі
- •Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті.
- •Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі
- •Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті
- •Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар
- •Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар
- •Бет және мойын лимфадениті
- •Жедел лимфадениттер
- •Созылмалы лимфаденит
- •Лимфангоиттер
- •VII тарау тіс жарып шығу процесі дерттері
- •Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы
- •Жоғарғы жақ сүйек қуысының одонтогенді қабынуы
- •Жоғарғы жақ қуысы тубінің тесілуі және оның жыланкөзі
- •Дерттері
- •Актиномикоз
- •Туберкулез
- •Сібір жарасы
- •Нома немесе сулы рак
- •Тілме (рожа)
- •Х тарау
- •Сілекей бездерінің дерттері кезінде науқастарды тексеру
- •Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер
- •Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит
- •Сілекей-тас дерті (Сиалолитиазис)
- •Сілекей бездерінің жарақаттары
- •Беттің жүмсақ тіндерінің жарақаттануы
- •Жіктелуі
- •Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
- •Төменгі жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
- •Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі.
- •Тамақтандыру
- •Бет және мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Тістердің шығып кетуі және сынуы
- •Төменгі жақтың шығуы
- •Бет күйіктері
- •Электркүйіктер
- •Химиялық күйіктер
- •XII тарау
- •Үшкүл нерв жүйесінің невралгиясы
- •Мимикалық бұлшықеттердің салдануы
- •Төменгі жақ буынының аурулары
- •Самай-төменп жақ буынының артрозы
- •Самай-төменгі жақ буынының анкилозы
- •Төменгі жақтың контрактурасы
- •Парадонт ауруларын хирургиялық жолмен емдеу
- •XVII тарау
- •Туа пайда болған деформацияларды емдеу
- •Тіндерді еркін көшіру
- •Аралас трансплантаттарды еркін кешіру
- •Оразалин Жақсылық Бекбатырович Төлеуов Қалдан Төлеуович хирургическая стоматология
Х тарау
СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ ҚАБЫНУ ДЕРТТЕРІ (СИАЛОАДДНИТТЕР)
Сілекей бездері жақ-бет аймағының анатомиялық, функционалды құрамды бөлігі және ауыз қуысының қосымша бөлігі болып саналады. Сілекей бездерінің патологиясы мен дерттерін емдеу мәселелері стоматологиямен тығыз байланысты. Сондықтан да бұл мәселелерді терең зерттеу жұмыстарымен стоматологтар айналысады.
Ірі, жүп сілекей бездеріне құлақмаңы, жақасты және тіласты, ал майда және тақ бездерге ауыз қуысының шырышты қабығының бездері жатады. Бұлар өздерінің атауына сәйкес анатомия-топографиялық аймақтарда орналасады.
Қулақмаңы сілекей безі — ең ірі без (25—30 гр). Ол жақарты шұңқырында шайнау бұлшықетінің алдыңғы бетінің бір бөлігін жауып жатады. Бездің жоғарғы шекарасы сыртқы дыбыс жолы, ал төменгі жақтың бұрышы оның төменгі шекарасы болып саналады. Құлақмаңы безі беткі және терең бөліктерден тұрады. Олар бір-бірімен өзекше арқылы жалғасады. Бездің алдыңғы қырында, негізгі шығару түтігі жанында оның қосымша бөлігі орналасқан. Без капсүламен жабылған, оның латеральды беті қалың, ал меди-альды беті жұқа, кей жерлерде болмауы да мүмкін, осыған байланысты без жұтқыншақмаңы кеңістігінде өтіп кетуі де мүмкін. Сыртқы ұйқы артериясынан тарайтын бірқатар қан тамырлары бездің бойына торлай таралады, ал вена қаны жақарты венасына жиналады.
Лимфа тамырлары бөліктерінің арасында орналасқан құлақ-маңы лимфа түйіндеріне жиналады. Бет нервісі осы бездің бойыннан басталып өзінің тармақтарына, яғни самай-ұрт және ұрт-бет нервтеріне үлкен қаз табан жасай бөлінеді.
Ұзындығы 5—7 см болатын бездің шығару түтігі оның алдыңғы қырынан шығып, шайнау етінің алдыңғы бетін айнала отырып 90° бұрылып ұрт етін бойлай өтіп, ауыз қуысының кіреберісі не екінші үлкен азу тіс деңгейінде ашылады. Түтіктің ашылатын жерінде бүртік емізікшелер болады. Құлақмаңы безі негізінен белокты сүйықтық бөліп шығарады.
Төменгі жақасты сілекей безі төменгі жақ сүйегі мен қос қарыншалы ет аралығындағы кеңістікте орналасады. Бездің салмағы 7,77 гр. Оның артқы бөлігінде, төменгі сыртқы бетінен бет венасы өтеді. Ол бездің артқы бөлігін айналып алдыңғы бетіне өтіп, бет венасымен бірге төменгі жақ сүйегінің астыңғы қырына өтеді, Тіл нервісі қанатша ет арасындағы кеңістіктен шыққан соң, ауыз қуысы түбінің шырышты қабатымен бездің артқы бөлігінің арасынан өтіп, оның шығару түтігімен жақ тіл астауында, екінші үлкен азу тіс тұсында қиылысады. Бездің өзі тіласты нерві доғасын жауып жатады.
Бездің шығару түтігі ауыз қуысы түбінің шырышты қабатында, тіл үзеңгісінің жанында ашылады. Түтіктің ұзындығы 5—7 см.
Тіласты безі майда бөліктердің борпылдақ дәнекер тін арқылы қосылған жиынтығы болып келеді.
Бездің пішіні сопақ үсті шырышты қабықпен жабылған жақ-тіл етінің жоғарғы бетінде орналасқан. Ауыз қуысында без тіласты білігін құрайды. Оның көлемі 2 см, орташа салмағы 3,5 гр, негізгі шығару түтігінің ұзындығы 2 см, ал бездің үлкен бөлігінен басталып төменгі жақасты безінің шығару түтігіне келіп қосылады. Бездің майда бөліктері ауыз қуысы түбінің шырышты қабатына өте майда түтіктермен ашылады.
Жоғарыда аталған бездердің барлығы жұп бездер жалғыз бездердің болуы өте сирек кездеседі.
Сілекей бездері ас қорыту, шығару, эндокринді, инфекцияға қарсы және тістерге әсер ету функцияларын атқарады. Ересек адамда тәулігіне 1000—1500 мл сілекей бөлініп шығады.
