
12 Cурак
Баяндауыш
Дара тұрып, түбір күйінде көбірек баяндауыш болатын сөздер етістіктер. Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Дегенмен көбінесе баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді жіктегенде, олар мынадай басты басты негізгі екі салаға бөлінеді: 1)Етістік баяндауыштар: 2) Есім баяндауыштар. Етістік баяндауыштар да, есім баяндауыштар да дара күрделі және ол екі түрлі аралас айтылған құрама болуы мүмкін.
Етістікті баяндауыштар
Етістіктерден болған дара баянд.р
Етістіктердің сөйлемдегі негізгі қызметі баяндауыш болу. Қазақ тілі сөйлемдері баяндауыштарының ден етістікті баяндауыштар. Айттым, болды. Кестім, үзілді!.. Тараңдар! Жүр ( Ғ.Мүср). дегендегідей олар дара күйінде ақ баянд. Қызметте бір құрамды тиянақты сөйлем болып та келеді. Көсемше тұлғалы етістіктер дара күйінде құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары болып келе береді. Негізгі етістіктер мен көмекші етістіктер түйдекті топ құрып күрделі баяндауыш болғанда, субьектінің қимыл процесінің әр түрлі құбылыстарын, мыс. Істің, қимылдың біткенін, бітпегенін, бастау, аяқтау кезеңдерін білдіреді. Қазақ тілінде орыс тіліндегідей видтік категория жоқ. Бірақ күрд. Етістіктерді болған баяндауыштар әр түрлі құрамда айтылып, әр түрлі қимыл кезеңдерін білдіреді. Олардың бастылары мыналар: 1) Қимылдың басталуы. Қал, жатыр, кел, баста, жөнел т.б. Таң бозарып атып келеді. 2) Қимылдың болып жатқан кезеңі. Тұр, кел, жүр, түс . Ол тағы бірдеме үйретіп жүр. 3) Қимылдың аяқталып қалған кезеңі. Қал, кел, жазда. Жұмыс аяқталып қалды. 4) Қимылдың аяқталған кезеңі. Жібер, кет, таста. Хатты кеше баласынан беріп жіберді. 5) Қимылдың дүркінділігі. Қой, бер, отыр. Абай күрсініп қояды.
З.е. көлемдік септіктерде, әсіресе жатыс, шығыс жалғауларында баянд. Қызм. Айтылады: Вагонда ояу тірі жан жоқ. Бәрі де шырт ұйқыда. Қой баласы қозыдан. Сапалық есімдер мен есімдіктердің бәрі де баяндауыш қызметінде жұмсала береді. Сапалық есімдер тәуелдеулі зат есімнен бастауышы бар сөйлемдердің баяндауышы болып жиі кездеседі: Кіре берістегі әскери адамның өңі суық, сөзі қысқа.
Бар, жоқ сөздері баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, бастауыш болған заттардың қайда, кімде, неде екенін, бар жоқтығын факт ретінде баяндайды. Алматыда Омарбек деген жолдасым бар. Жылқы да өт жоқ. Есімдерден болған сөз тіркестері де баяндауыш қызметінде жұмсалады. 1) Күрделі атаулар мен күрделі есімдер: Бейбітшілік ордасы - халықтар достығы. 2) Изафеттік тіркестегі есімдер тобы: Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.
Құрама баянд.р есімдер мен етістіктерден құралады. М. Кәсібі – ағаш шабу. (Қазіргі қазақ тілі. М.Б. Т.С) Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүшебаяндауыш деп аталады. Баяндауыш қайтті, не істеді, не қылды? деген сұраққа жауап береді.
Баяндауыштың негізгі белгілері: 1) бастауыштың жай-күйін білдіреді;
2) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады; 3) кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады; 4) сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұрады; 5) қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағынажауап береді.
Баяндауыш дара, күрделі және үйірлі болып үшке бөлінеді.
Дара баяндауыш бір сөзден жасалады. Бұл сөзге бәрі жамырай күлді. Дәмеш осы үйдің үлкені. Жолаушылар саны – отыздай.
Күрделі баяндауыш екі немесе одан да көп сөзден тұрады. Бұл сөзге бәрі жамырай күліп жіберді. Дәмеш осы үйдің үлкені еді.
Үйірлі баяндауыш Тілек бұл сөзге онша таңқалған жоқ. Оның бар мақсаты – тезірек ер жету.