Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Office Word (20).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200.28 Кб
Скачать

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жалпы адамзаттық құндылықтар туралы

Орындаған: Шакарова А

Қабылдаған: Амирова

Алматы-2014

Жалпы адамзаттық құндылықтар туралы

Құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы жәнс педагогикддағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады. Мөселен, философияда құндылық қоршаған дүниедегі объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнің (игілік, жақсылық пен жаманшылық, әсем және; көріксіздік) түсіндіру үшін қолданылады. Жалпыадамзаттық құндылықтардан философтар, прогресшіл ойшылдар мен педагогтар адамның құқығын, оның бостандығын және соған сәйкес келетін тәрбие мен білімді бөліп қарастырған. Кез келген халықтың өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтардың орнығуы қоғамның тарихи дамуының занды нәтижесі болып табылады. Мамандар оқушылардың рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыру ісі оларға адамзат баласының қолы жеткен қоғамдық-тарихи тәжірибесін игерту және тұтастай алғанда әлеуметтік-этикалық нормалар мен жалпыадамзаттық ізгіліктерді қатар игертуге болатынын дәлелдеп берді. Бұл өлшемдер халықтық дәстүрлерде, адамгершілік уағыздарда, діни мәдениетте нақты жазылып қойылған және әлеуметтік ойдың тәуір белгілері, тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері шоғырландырылған күйде әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді.

Бүгінде біздің қоғамда дінге деген ынта-ықылас күшеюде. Алайда, оның ұрпақ тәрбиесіне байланысты тәрбиелік үлкен әсері бар құбылыс екенін мойындауға тура келеді. Елімізде жетпіс жыл бойы дін адамның санасын уландыратын апиын деп келген кеңестік дәуірде қалыптасқан көзқарасты бір күнде өзгертуге болмайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.Бүгінде дін жөніндегі көзқарас кіріктірушілік қызметімен бірге, қоғамды бұзушы да болып отыр. Мысалы, Косово мен Хорватиядағы, грузиндер мен абхаздар арасындағы ұлттық ала-көздік діни көзқарасқа байланысты туындауда.Діннің әлеуметтік ақиқат, шындық фактор екенін есте сақтауға тура келеді. Ол адамзат қоғамында адам санасынан тысқары өмір сүрген емес, қоғамдық өмірдегі сананың бір бөлігі болып саналады. Сондықтан оны қоғамнан алшақтатуға болмайды. Ол әлеуметтік өмірдің мәніне кірігіп кеткен құбылыс.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабында “әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға хақылы” делінген.Бұл адамдардың қай дінді қабылдаса да, немесе мүлде дінді мойыңдамаса да өз еркі өзінде деген бас бостандығын уағыздауды қолдайтын демократиялық құқық қорғаудан туындаған ұстаным. Конституцияның 14- бабында “тегіне, әлеуметгік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтыда дінге көзкарасына немесе тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды” деп Қазақстан азамат-тарының жеке басының құқығын қорғауды камтамасыз еткен.Казақстан Республикасының білім беру заңында мемлекеттік саясатының басты бағыты ретінде “мемлекеттік оқу орындарында жастарға діни ұғымнан тысқары ғылыми көзқараста білім беріледі және ол діни бірлестіктерден бөлектелінген” деп мемлекеттің оқу-ағарту саласындағы дін жөніндегі саясаты ашық көрсетілген.Ата-аналар немесе олардың орнын басушылар өз баласын от басында өз көзқарасынша тәрбиелеуге құқықты, бірақ бұл істе баланы зорлап дінді мойындатуға жол берілмейді.Дінді оқытуда оны адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде қарастыру керек. Барлық дінде де сүйііспеншілік, үміт, бейбітшілік, әділдік, ізгілік, қайырымлыдылық деген ұғымдарға бірыңғай көзқарас бар. Жастарды адмгершілік қасисттерге, құндылықтарға тәрбиелеудс дінің таза ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін ұстанымдарына ден қоюға болады. Бүгінгі мектептерде діннің осы ұстанымдарын уағыздай отырып, оқудың ғылыми негізіне баса көңіл бөлуге тура келеді, яғни білім беру мен тәрбие ісінде ғылымилық, оның күнделікті өмірмен байланыстылығы, баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру, еріктілік ұстанымдарын басты қағида етуді үнемі еске сақтау қажет.Кез келген халықтың адамгершілік-рухани өмірінің барлық кезеңінде халықтық педагогика үлгілері бай және сан алуан, өйткені ол сан түрлі этникалық ұлыстардың мыңдаған жылғы тәжірибесімен жасалған педагогикалық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Дәстүрлердің ескісі де, жаңасы да бұрын болмаған өзгерістерге ұшырауда. Бірақ олардағы басты нәрсе — өтіп бара жатқан ұрпақ пен келер ұрпақтьщ арасындағы жанды байланыс сақталып келеді. Сондықтан осы заманғы тәрбиенің мәні халықтар-дың прогрессия ізгілікті дәстүрлерін қайта жандандыру арқылы ұрпақтардың адамгершілігін нығайту болып табылады.Жоғарыда айтылғандарды еске ала отырнып, ғалым-педагогтар осы заманғы педагогиканың алдында екі басты міндет тұр деп санайды. Бір жағынан, педагогиканы жалпыәлемдік құндылық деңгейіне көтеруге әрекет жасаған жөн; екінші жағынан барынша жетілген, адамзатгық идеалды құру, жоғары және тұтас екі мәнді мәдени мұраны кіріктіруден пайда болған адами мұрат жасау.Бұл міндетгерді орындауға жету үшін үйлесімді даму баланың табиғатпен, мәдениетпен үйлесуін көрсете жалпыадамзаттық құндылықты — бостандық пен сүйіспеншілікті ескеру керек.Осы күнге дейін адамды жоғары құндылық деп тануда, адамның тұлғасына, оның қасиетіне, жақсылық мұратына рухани күшіне құрмет көрсетумен қарау, оны қоғам дамуының елеулі қозғаушы күші деп санау халықтық педагогиканың жалпыадамзаттық мұратының негізгі мәні болып келді.Халықтардың өмірінде түрлі тарихи дәуірде пайда болған жалпыадамзаттық құндылықтар белгілі бір ұлттың және интернационалдық құндылықтардың жиынтығы, олар бірін-бірі толықтырушы және дамытушы, бірақ олар адамзаттың жалпы мүлдесіне қайшы келмейді.Жалпыәлемдік құндылықтар — түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсатгарын жақындастыратын, туыс ететін құбылыс. Сол себепті де ол жалпыадамзатгық деп аталады, өйткені олар біртіндеп жинақталды және XX ғасырдың соңында Халықаралық топ алғашқы рет дүниежүзілік тарихта адамның құқықтары туралы халықаралық негізге алынатын қүжаттар жасады (“Адам құқықтарының жалпыға бірдей-Декларациясы”, “Баланың құқықтары туралы конвенция» және т. б.), оларда тәрбиенің методологиясы мен теориясы, оның жаңартылған мақсат, мүлделері қарастырылған.Мәдени-тарихи тәжірибе дәлелдегендей, жалпыәлемдік құн-дылық болып саналатын: қайырымдылық, сүйіспеншілік, еркінділік дегендерді педагогикада адамгершілік өлшемдердің көрсеткіші деп санайды. Олар, біріншіден, өз бетімен болушылық-пен, ойына келгенді істеушілікпен, адамгершілік тұрғыдан ауа жайылушылықпен, екінші жағынан, қаталдықпен, немқұрайдылық-пен, озбырлықпен, волюнтаризммен сыйыспайды. Сондықтан педагогтар мен тәрбиешілер мәдениет қана негізінен адамдардын рухани бейнесін қалыптастыратынын берік есте ұстауы керек. Олай болса, педагогикалық халықтық мәдениет сияқты, педагогикалық дәстүрлік-тұрмыстық мәдениет те ең алдымен жасөспірімнің тұлғасын қалыптастырады. “Халықтық педагогика” деген терминнің мәнін бұқара халықтың педагогикалық санасы, ал “дәстүрлі педагогика” деген терминнің мәні белгілі бір ұлтқа ортақ, этникалық педагогикалық санасы деп қараған жөн1.Бүгінгі заманғы тарихи жағдайларда осы мәдениеттен педагогикаға “жалпыадамзаттық мақсаттар” деген ұғым енді. Ол қай елде, қандай да болмасын ұлттық мектепте жүзеге асырылмасын, біртұтас әлеуметтік қызметті, мақсатты, тәрбиенің мазмұны мен бағыттылығын көрсетсді. “Жалпыәлемдік мақсаттар” деген ұғымның өзін танымдық, әсерленгіштік және мінез-құлықты қалыптастырушылық сипаттарын қамтитын әлеуметтік мақсат ретінде қарастыру керек. Осы заманғы өркениет жалпыадамзаттық құндылықты бірінші орынға қоя отырып, демократияны, адам құқығын оның маңызды бөліктері деп қарайды.Тәрбиенің негізі болып саналатын жалпыәлемдік құндылық-тардың бірі — тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адамдарды сүйе білу қажеттілігі болып табылады. Әр адамның тағдыры әрқашан өлемдік дүниемен, адамдармен, ұжыммен байланысты. Сондықтан демократияландыру, адамның құқығы мен бостандығын сақтау жағдайларында ұжымдағы қарым-қатынас мәселелері бұл күнде ерекше маңызға ие болуда.Ондаған жылдар бойына оқушының жеке басын ұжымдық ықпал ету арқылы қалыптастыру туралы мәселе отандық педагогикалық әдебиетте қарастырылмай келді десе де болады. Тұлға ұжымға сөзсіз бағынуы керек деп саналды. Қазіргі кезде уақыт шешімінің рухына сөйкес адамның терең филососриялық тұжырымдары мен дүниежүзілік педагогикалық ойдың тәжірибесіне сүйене отырып жаңалық іздестіру қажет болып отыр.Оқушыны ұжымдық қатынастар жүйесіне ендіру аса күрделі, бір мәнді емес, көп жағдайда қарама-қарсы мәнді болып келетін үрдіс. Оқушылар, ұжымның болашақ мүшелері, бір-бірінен денсаулығы, сыртқы пішіні, мінез-құлық ерекшелігі, көпшілдігі, білімі және басқа көптеген қасиет терімен ерекшеленеді. Сондықтан олар қарым-қатынастар жүйесіне әр түрлі болып енеді. Жолдастары тарапынан түрліше жағдайға тап болады, ал ол ұжымға керісінше әсер етеді.Ұжымдық қатынастар жүйесіңде жеке бастың жағдайын шын мәнінде дербес, әлеуметгік тәжірибеге байланыс болып келеді.

Мамандардың тұжырымдауынша, ұжымдағы қарым қатынас-тардың әлеуметтік-психологиялық негізін, онда қабылданған құндылықтар құрайды, яғни, ұжым балан өмірі мен қызметіне, оқушының жеке басы мен мінез құлқына аса маңызды және мәнді саналатын қасиеттерд ендіреді.Бұл — ұжымдағы адамдардың көпшілігі жоғары бағалайтын жеке сапалар мен қылықтар. Сыныпта, мәселені адалдық, қайырым-дылық, ізгілік, батылдық қасиетгер ерекше бағалануы, тіпті тұлғалық сапалар басқалардың еліктеуіне тұратын үлгі ретінде қарастырылуы мүмкін. Осы арада оның күрделі құбылыс болып табылатыньп-ескерген жөн. Оны үш топқа бөлуге болады:

1) ұжымшылдық — тиімді бірлескен қызмет ынтымақ-тастық және ұйьшшылдық орта;

2) ұжымшылдық – топтың, ұжымның мүдделеріне адалдық;

3) ұжымшылдық — көңілдестік, өздігінен түсінушілі басқаларға қамқорлық.

Бұл орайда әрбір оқушыны өзіндік пікірі бар сирек кездесетін тұлға ретінде қарастыру керек. Тәрбиеші кез келген баланы, тіпті ол оның көзқарасымен келіспеген жағдайда да құрметтей білуі керек. Құрмет адамдар көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, оған жеке басының құндылығын сезінуге мүмкіңдік туғызады. Басқаларды құрметтей білетін адамның бойында нақты қасиет болады, себебі ол өз бойындағы жылылықты басқаларға ұсына алады. Маңайындағы-ларды құрметтей білмейтін адамның басқаларға ұсынар ештеңесі болмайды.Құрмет — бұл кейде оның бойында кемшіліктері бола тұрса да, біз бағалайтын қарым-қатынастық қасиет. Басқаша айтқанда, құрмет оның қателеріне қарамастан, адамға деген онды қарьш-қатынас болып табылады. Өз бойында адамдарға деген осындай құрметті тәрбиелеу, ол кез келген адамнан ең алдымен оңды қасиетгерін көре білуді үйренген кезде ғана пайда болатын қасиет.

Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап, бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптастады. Бұл көзқарас Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрініс тапқан. Онда: «Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі», - деп жазылған .Тәрбие иен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді. Осы аталмыш құндылықтардың бастау көзі халықтың мол мұрасында. Ол мұра – халық пайда болғалы онымен бірге жасасып, бірге дамып келе жатқан құнды дүниелер.

Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Өйткені, жалпы адамзаттық құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей көрсеткіші. Сондықтанда болар, құндылықтың мәні мен табиғаты, оның адам мен қоғам тіршіліктеріндегі алатын орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ықпалы т.б. мәселелер ғалымдарды толғандырары анық.  Еліміздегі болып жатқан өзгерістер жасөспірімдердің мінез-құлықтарында бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жаһандану заманында сұранысы артып отыр. Жаңашылдық үстем құрған уақытта адамгершілік құндылықтары жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталуында. Мәселен, құндылықтарға бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа көңілінен орын алатын мәдениетті қарым-қатынас жасау жүйесі жеке тұлғаның өмірлік мәні, ой-санасы, бет-бейнесі болып табылады.

Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді» - дейді.

Философ Т.Қ.Ғабитов «құндылықтар – қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Яғни, философиялық тұрғыдан алсақ құндылықтар – адам үшін пайдалы мәнге ие болатындардың барлығы, адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндерің барлығы құндылық болып табылады. Психологтар құндылықтарды тұлға аралық қатынас тұрғысынан қараудың өзіндік мәні бар екенін айтады. Құндылық ұғымында құндылық қатынастың обьектісі болып табылатын заттардың сыртқы қасиеттерінің сипаттамасы, осы қатынастың субьектісі болып табылатын адамның психологиялық сапалары, құндылықтың жалпы мәнділігін көрсететін адамдардың өзара қарым-қатынасы ұштасады.

Педагогикалық сөздікте «құндылық - адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсетілетін тұрақтылығы, қайырымдылығы, мейірімділік тәрбиесі», - делінген. Сондықтан біз «құндылық» ұғымын адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырамыз.Қазіргі күрделі әрі аумалы-төкпелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын орны ерекше. Құндылықтарға бейімделу адамзатқа тән. Болмыс құбылыстарының құндылықтарынсыз әлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де, өмірінің мәні де болмайды.Өмірдің мәнін түсіну жағымды эмоционалдық жағдай ретінде мақсатқа ұмтылушылықпен, қарым-қатынастағы өз орнын сезінумен, басқа адамдарға деген қызығушылықпен, олармен бірігу сезімімен, белгілі ережелерді ізгілік ережелері ретінде қабылдаумен, болмыстағы өз орнын, арман-тілегін сезінумен қоса жүреді.

Мәселен, адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Себебі әрбір адам - өзінше жеке тұлға.Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды тәрбиелік міндеттер: біріншіден, рухани-адамгершілік, руханилық, әсемдік, ақиқат, ізгілік, еркіндік, рахымшылдық, кешірімділік, тәуелсіздік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтардың өмірге еркін ене бастауы; екіншіден, жалпыадамзаттық құндылықтармен қатар, ұлттың өз мәдениетін меңгере отырып, әлемдік рухани ынтымақтастық рухта басқа ұлттармен бейбітшілікті сақтау; үшіншіден, оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, жан дүниесін адами құндылықтар арқылы рухани-адамгершілік пен руханилықты берік орнықтыру.

Сонымен жоғарыда айтылғандарды топшылай отырып, біз рухани-адамгершілік құндылықты белгілі бір бағытты, мақсатты, жүйелі ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе деп түсіндіреміз. Яғни, рухани-адамгершілік құндылық – адамның ішкі жан–дүние қасиетінің өлшемі адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өмір сүруге талпынысы, өмірді дұрыс сүру мәселелері жайында ізденуі, өзін-өзі танып, өзін-өзі бағалап, сол арқылы дүниені, әлемді тануы.

Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру – рухани азғындықтан шығудың ең басты жолы. Осы орайда бүгінгі таңдағы мектептерде жүргізілетін тәрбиенің өзіндің басты мақсаты да осында айқындалып, бағыты белгіленуі қажет.

Сондықтан, қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие процесі ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзеді.