Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3list.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.09 Кб
Скачать

36. Қай уақыттан бастап шарттың жасалу мерзімі болды деп есептеледі?

Шарттарды жасау мерзімі келіссөз жүргізуге уәкілетті тұлғаларды тағайындаудан басталады. Жасау сатылары: 1)келіссөз жүргізуге уәкілетті тұлғаларды тағайындау; 2) уәкілеттерді ұсыну және үйлестіру; 3) шарттың мәтінің үйлестіру; 4) шарт жобасын талқылау және қабылдау; 5) шарт түпнұсқалығын анықтау; 6) шартқа қол қою; 7) ескертпелерді жариялау; 8) шартты бекіту; 9) бекіту грамотамен алмасу; 10) шартты промогациялау; 11) шартты БҰҰ да тіркеу.

37. Маңызды шешімдер қабылдайтын жағдайда конференцияға қатысушы мемлекеттер қалай дауыс береді?

Дауыс беру делегациялардың өз елдерінің атауы жазылған тақтайшалар көтеру әдісімен жүзеге асырылады, немесе кнопкаларды басу жолымен электрондық аппараттардың көмегімен жүзеге асырылады. Кез келген делегацияның өтініші бойынша әрбір делегацияның хаттамада

Кейбір процедуралық ережелерге сәйкес шешім қабылдау үшін дауыс беруге қатысқандардың 2/3 саны талап етіледі, бірақ процедуралық шешімдер әрқашанда қарапайым көпшілігімен қабылданады. Сондықтан, практикада консенсус ережесі қолданылады.

Дауысқа салынатын құжаттарға түзетулер енгізу нақты бір кезектілікке қойылады. Алдымен түзетуге дауыс салынады, содан кейін ұсыныстың өзі. Егер де бірнеше түзетулер болса, онда дауыс беру ұсыныстың мағынасына келмейтіндерінен басталады.

38. Шартты түсіндіру не қолдану нәтижесінде пайда болуы мүмкін дауларды арбитражға беруді қарастыратын әртүрлі шарттардағы арнайы ереже қалай аталады?

Халықаралық арбитраж – бұл тараптардың келісімімен ұйымдастырылған жеке тұлғаның (арбитр) немесе тұлғалар топтарының (арбитрлардың) дауды қарауы. Бұл кезде қабылдаған шешімді тараптар міндетті түрде орындауы қажет.

Арбитраждың 2 түрі бар: ad hoc арбитражы және институттық арбитраж.

ad hoc арбитражы (арнайы арбитраж) –нақты дауларды қарау үшін тараптар құрады. Бұл жағдайда дау-таластар арбитраждың қарауына тараптардың арбитраждық келісімі негізінде беріледі. Келісімде мыналар көрсетіледі: арбитражды тағайындау тәртібі немесе нақты тұлғаларды арбитр ретінде тағайындау тәртібі, дау-таласты қарау процедурасы, қаралатын орны мен тілі, және басқа да сұрақтар.

Институттық арбитражды – тұрақты әрекет ететін арбитраждық орган жүзеге асырады. Мемлекеттер алдын-ала қандайда болмасын келісімшартқа түсінік беру сұрақтары бойынша туындаған барлық дау-таластарды немесе дау-таластардың нақты категориялары бойынша болашақта туындауы мүмкін қайшылықтарды арбитражға беруге міндеттенеді.

Қайшылықтарды (ала ауыздықты) арбитраж арқылы шешу соттық тәсілге көп ұқсайды, бірақ сот процедурасынан айырмашылығы арбитраж органының құрамы дауласушы тараптарға байланысты құрылады.

39. Шарттар жасау аясындағы халықаралық ұйымдар құқық қабілеттілігінің көлемі қандай актімен айқындалады?

Халықаралық шарттарды дәйектеу, олардың мәтiнiн қабылдау, сондай-ақ қол қою туралы және осы актілердi жасасуға өкілеттiк беру туралы шешiмдердi тиiстi актi түрiнде:

1) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.

Халықаралық шартқа қол қою туралы тиiстi актi, егер мұндай халықаралық шартқа Қазақстан Республикасының Президентi қол қоятын немесе бұл халықаралық шартқа қол қою құқығын Қазақстан Республикасының Президентi шартқа тiкелей қол қояр алдында, басқа лауазымды адамға табыстаған, соның iшiнде ауызша табыстаған жағдайда, қабылданбайды;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан жасалатын халықаралық шарттарға қатысты, соның iшінде өз атынан осы актiлердi жасасу өкiлеттігін Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың басшыларына немесе олардың орынбасарларына беру туралы шешiмдердi - Қазақстан Республикасының Үкіметі;

3) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалатын халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қабылдайды.

40. Екі тарапты шарттар және аз мемлекеттер қатысатын шарттардың мәтіні келіссөздерге қатысқан барлық мемлекеттердің дауыс беруі арқылы қабылданады. Cұрақ: Халықаралық қауымдастықтың қалыптасқан тәжірибесінде халықаралық конференцияларда шешім қабылдау рәсімі білікті дауыстар санына, қанша дауысқа келтірілген?

Дауыс беру делегациялардың өз елдерінің атауы жазылған тақтайшалар көтеру әдісімен жүзеге асырылады, немесе кнопкаларды басу жолымен электрондық аппараттардың көмегімен жүзеге асырылады. Кез келген делегацияның өтініші бойынша әрбір делегацияның хаттамада

Кейбір процедуралық ережелерге сәйкес шешім қабылдау үшін дауыс беруге қатысқандардың 2/3 саны талап етіледі, бірақ процедуралық шешімдер әрқашанда қарапайым көпшілігімен қабылданады. Сондықтан, практикада консенсус ережесі қолданылады.

Дауысқа салынатын құжаттарға түзетулер енгізу нақты бір кезектілікке қойылады. Алдымен түзетуге дауыс салынады, содан кейін ұсыныстың өзі. Егер де бірнеше түзетулер болса, онда дауыс беру ұсыныстың мағынасына келмейтіндерінен басталады.

41. Түпнұсқалық мәтін деген – бір немесе бірнеше тілде жасалатын мәтін, олар бірдей түпнұсқалық деп қарастырылады және бірдей заңдық күші болады. Сұрақ: Қазіргі кездің шарттық тәжірибесінде мәтіннің түпнұсқалылығын бекітудің қандай нысандары қолданылады?

Шарт мәтінін қабылдау оның түпнұсқасын бекітумен жалғасады. Мәтіннің түпнұсқасы оның түбегейлі және шынайы екендігін білдіреді. 1969 ж. Вена конвенциясының 10-бабына сәйкес, «шарт мәтінің түпнұсқалығы мен соңғылығы» қатысушылар алдын-ала келісілген тәріппен немесе қол қою, ad referendum6 парафирлеу, конференцияның қорытынды актісін шығарумен бекітіледі.

42. Талқылау әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жасалады. Оларға грамматикалық, логикалық, тарихи және жүйелік талқылау жатады. Сұрақ: Осы жоғарыда аты аталған талқылауларға түсініктеме беріңіз?

Логикалық талқылау логиканың зандарын пайдалана отырып, заң мәтінінде қолданылған ұғымдар мен категориялардың, құбылыстардың, бір бірімен байланыстарына, арақатынастарына талдау жасау арқылы түсінік беру

Граматикалық талқылауда құқық нормаларының мәтініне, сөз құрылыстарына талдау жасау арқылы оның мазмұнын үғыну

Жүйелілік — кұқық нормаларының институт, құқық салаларымен байланыстарын, алатын орындарын ұғыну арқылы талқылау. Соның нәтижесінде талқыланған құқық норма басқа нормалармен салыстырылып, салалармен шектес екені айқындалады.

Тарихи-саяси талқылау нормативтік құқықтық кесімдердің қабылдануының тарихи жағдайларын түсіну арқылы олар-дың негізгі мақсаттарын айқындап, танып білу және зерттеу.

43. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2002 жылы Қазақстан Халқына Жолдауында былай деп мәлімдеді: “Біз өзімізге халықаралық міндеттемелерді көп алған жоқпыз ба; қазіргі таңда олардың барлығы да Қазақстанның қызығушылығына жауап бере ала ма; олар біздің ұлттық заңнамамызға, яғни Қазақстан Республикасының Конституциясына кедергі келтірмейді ма” деген еді.

Сұрақ: Сіздің осыған байланысты көзқарасыңыз?

44. Халықаралық ынтымақтастықтың жылдам әрі тез дамып келе жатқан бір түрі ол қазіргі мемлекеттердің өздері қалыптастырған шектегі қызметі болып табылады. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап ерекше институт, үкімет аралық ұйымдар атауын алды. Халықаралық қатынастар категориясының салаларын реттеуде белгілі бір құқықтық өкілеттілікке ие бола отырып мұндай құрылымдар халықаралық құқық субьектісі болып табылады. Оның құзіреттілігі мен оның халықаралық субьетілігі шектеулі, ал заңдық мәртебесі бірнеше ерекшеленумен сипатталады. Сұрақ: Мемлекеттердің халықаралық ұйымдардан ерекшелейтін қандай негізгі белгілеріне сипаттама бере алсыз?

Халықаралық құқық субъектісіретіндегі мемлекеттер үшін ерекше саяси-заңдық сипат, өз аумағындағы үстемдігі және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі тән. Мемлекет өз тәуелсіздігінің күші бойынша құық субъектілікке ие, яяғни өзінің өмір сүру фактісінің нәтижесінде ие болады. Мемлекеттердің әрекет қабілеттігі оның халықаралық шарттық тәжірибиелерге қатысуынан, дипломатиялық және елшілік қатынастарды орнату нәтижесінен, халықаралық ұйымдарға мүше болу мәселелерінен көрінеді. Мемлекеттің халықаралық құқық субъектісі ретінде болуы халықаралық жүйенің өзгешелігін құрайды. Мемлекет, бір жағынан алғанда, халықаралық жүйенің бір бөлігі болса, екінші жағынан, одан тыс та дами береді.

Халықаралық ұйымдардың тәуелсіздігі жоқ олар мемлекетке тәуелді яғни халықаралық ұйымдардың өмір сүруі үшін ммлекеттер ерік білдіруі керек.

45. БҰҰ шеңберінде жасалатын шарттар алты тілде жасалады. Сұрақ: Ол қандай тілдер, атап көрсетіңіз?

Ағылшын, араб. Испан, қытай, орыс, француз.

46. Халықаралық шарттар құқығының субъектілеріне халықаралық құқық субъектілерінің барлығы жатады. Сұрақ: Атап айтқанда қандай субъектілер жатады? Атап көрсетіңіз?

Халықаралық құқық субьектілеріне мыналар жатады :

  • Тәуелсіздігі бар мамлекеттер;

  • өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттар;

  • Халықаралық ұйымдар;

  • Мемлекеттер;

  • Мемлекет тәріздес құрылымдар;

  • Жеке тұлғалар;

47. Мемлекет басшысы халықаралық шартты жасаған кезде арнайы өкілеттікті қажет етпейді деп заңда көрсетілген. Сұрақ: Неліктен президентке өкілеттіктің қажеті жоқ? Ол дұрыс па?

Менің ойымша ол дұрыс жəне заң жүзінде қорғалған .

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Заңның

10-бап Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді өкілеттіктерсіз жасасу

1. Қазақстан Республикасының Президенті халықаралық шарттарды жасасуға қатысты барлық актілерді өкілеттіктерсіз жасасуға құқылы.

2. Осы Заңның 8-бабына сәйкес қабылданған шешімдердің негізінде мыналар:

1) халықаралық шарттарды жасасуға қатысты барлық актілерді жасасу мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

2) Қазақстан Республикасы мен өздерi тiркелген мемлекет арасындағы халықаралық шарттардың мәтiндерiн қабылдау мақсатында шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерiнiң басшылары;

3) халықаралық конференцияда немесе халықаралық ұйымда немесе оның органдарының бірiнде халықаралық шарттың мәтінiн қабылдау мақсатында осындай конференцияда, осындай ұйымда немесе осындай органда Қазақстан Республикасы өз атынан өкілдiк етуге уәкілдiк берген өкілдер, Қазақстан Республикасының атынан өкiлеттіктерсiз өкілдiк етедi деп саналады.

48. Алғашқы кезде шарттық міндеттемелер діни моральға негізделді.

Сұрақ: Діни моральға негіздеудің себебі неде? Сіздің пікіріңіз?

.

Ежелгі кездегі халықаралық-құқықтық нормалардың негізінде тайпалар арасындағы, сонымен қатар тайпалармен алғашқы пайда болған мемлекеттердің арасындағы қатынастарды әдет-ғұрыптар реттеп отырды. Халықаралық-құқықтық әдет-ғұрыптар жүздеген жылдар бойы халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылды. Сонымен бірге әдет-ғұрыптармен бірге бертін келе мемлекеттер өздерінің араларындағы қатынастарын нығайту үшін шарттарға отырған. Алғашында шарттар ауызша нысанда бекітіліп отырған. Кейінірек мемлекеттердің арасындағы қатынастардың нығаюымен байланысты мемлекеттер өз араларында жазбаша нысанда отыра бастады. Біздің уақытымызға дейін жеткен ең ежелгі шарт ретінде біздің эрамызға дейінгі 2100 жылы тас ғасырындағы шекара туралы Оңтүстік Мессопотамийдағы Лагаш пен Умма арасындағы шартты айтуға болады. Бұл шарт бойынша оны орындаудың кепілі ретінде құдайлар қатынасқа түседі деп есептеген

Ежелгі Римде шарт жасауды ерекше діни тұлғалар – фециалдар жүргізген болатын. Олар құрбандыққа шалынуы керек торайды таспен өлтіріп, шартқа адалдық антын берген. Сол сәт шарттың жасалу және күшіне ену уақыты деп есептелген.

49. Екіжақты және аз мемлекеттер қатысатын шарттар келіссөзге қатысқан барлық мемлекеттің дауыс беруімен қабылданады. Сұрақ: Осы заңды ма? Осы сұраққа қатысты сіздің пікіріңіз қандай?

Екі тарапты шарттар және аз мемлекеттер қатысатын шарттардың мәтіні келіссөздерге қатысқан барлық мемлекеттердің дауыс беруі арқылы қабылданады. Халықаралық қауымдастықтың қалыптсқан тәжіребиесінде қалықаралық конференцияларда шешім қабылдау рәсімі білікті дауыстар санына, атап айтқанда 2/3 дауысқ келтірілген.

Рәсім ережелері дауыс беру нысанын айқындайды. Оның ішінде ең көп қолданылатыны –қол көтеру арқылы дауыс беру. Маңызды шешімдер қабылданған жағдайда конференцияға қатысушы барлық мемлекеттер алфавитті тәртіпте жеке-жеке дауыс береді, оны конференцияның төрағасы жеребе бойынша айқындайды. Дауыс беру қорытындысы көпшілікке дауыстап айтылып конфеенцияның хаттамасында бейнеленеді.

50. Бір немесе бірнеше мемлекеттер, халықаралық ұйымдар немесе осындай ұйымның бас атқарушы лауазымды адамы депозитарии бола алады деп көрсетілген. Сұрақ: Осы сұрақтағы депозитариидің анықтамасын ашып көрсетіңіз?

Депозитарий (фр. deposіtaіre – сақтауға зат берілген тұлға, сақтаушы) – салымшы, салым ақша салушы; депозиттер сеніп тапсырылған заңды немесе жеке тұлға, Бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой қатысушы, депозитарлық қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға. Депозитарий ең алдымен соманы қазынашылықтың пайдасына немесе меншікті операциялар үшін қабылдауға мемлекет уәкілеттік берген банкілер мен басқа да несие-қаржы мекемелері. Айталық‚ инвестициялық қордың депозитарийі – бағалы қағаздармен‚ соның ішінде жекешелендіру чектерімен‚ қорға тиесілі ақшалай қаражатпен операцияларды жүзеге асыратын‚ қордың осы мүлкінің қозғалысы есебін жүргізетін және инвестициялық қор мен депозитарий арасында жасасылған басқа да атқарымдарды жүзеге асыратын банк немесе заңды тұлға. Депозитарий термині халықаралық көп тарапты шарттың түпнұсқа мәтінін сақтаушы мемлекет немесе халықаралаық ұйым деген мағынада да қолданылады. Бұл ретте депозитарийді халықаралық шартқа қатысушы мемлекеттер айқындайды. Бекіту грамоталары‚ қосылу туралы мағлұмдамалар‚ бір мемлекеттің екінші мемлекетке өзара жасалған шартының күшін тоқтату туралы хабарламалары және шартқа қатысты басқа да құжаттар депозитарийге өткізіледі.

51. Халықаралық құқықтың теориясында халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтың арасындағы мәселелер аса маңызды болып табылады. Бұл мәселемен Г.Трипель, Л.А.Камаровский, Ф.Ф.Мартенс, Г.И.Тункин, С.В.Черниченко және басқалар айналысқан. Сұрақ: Халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтың арақатынасы туралы негізгі теорияларды атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.

Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасы мәселесі өзінің маңыздылық деңгейіне байланысты көптеген халықаралық құқық мамандарының ерекше назарында. Халықаралық құқық доктринасында халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасының үш концепциясы қарастырылады: бір дуалистикалық және екі монистикалық теория.

Дуалисттік теорияның беделді ұстанушылары неміс халықаралық құқық заңгері Г. Триппель және оның итальяндық әріптесі Д. Анцилоттидің пікірлері бойынша халықаралық құқық пен ұлттық құқық «өзара жеке құқықтық тәртіптіліктен» тұрады.

Монистикалық концепциялардың жақтаушылары екі құқықтық жүйенің бірыңғайлығын танып, халықаралық құқық пен ұлттық құқықты бір құқықтық жүйенің құрамдас бөліктері ретінде қарастырады. Халықаралық –құқықтық ойдың монистикалық бағыттылығы өз кезегінде екіге бөлінеді:1) ұлттық құқық басымдылығы концепциясы; 2) халықаралық құқық басымдалығы концепциясы

Халықаралық құқық пен ұлттық құқық – құқықтық жеке жүйелер, олар өзара байланыста әрі өзара әрекеттесуде болады. Бір жағынан қарасақ, бір құқықтық жүйенің екінші құқықтық жүйеге қарағанда басымдылық ұғымы қолданыла да, бола да алмайды, себебі олар әр түрлі әлеуметтік қатынастарды реттейді. Алайда, халықаралық құқық нормаларының мақсаты болып бүкіләлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау,мемлекеттердің әр түрлі салалардағы ынтымақтастығын нығайту, басқаша айтқанда, адамдардың жоғары құндылықтарға жетуін қамтамасыз етеді, осыдан келе мемлекеттер өздерінің конституциялық және ағымдық заңнамаларыда халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқық нормаларына қарағанда басымдылығын жариялай алады. Бұл халықаралық құқық жүйесінің ұлттық құқыққа қарағанда басымдылығын анықтау үшін емес, адамзат өркениетінің жоғары құндылықтарына жету және қорғау ісіндегі екі құқықтық жүйенің күшін, мүмкіндігін біріктіру мақсатында жасалады.

52. Халықаралық құқық ғылымында халықаралық құқық пен мемлекет ішіндегі құқықты сәйкестендірудің заңды нысандарының арасынан мыналарды ажыратады: трансформация (тікелей және жанама), инкорпорация, рецепция, халықаралық шартқа сілтеме жасау, имплементация. Сұрақ: Олардың әрқайсысының мәнін анықтаңыз.

Трансформация теориясы бойынша, халықаралық келісімдер ұлттық деңгейде мемлекеттің аумағына тікелей әрекет ете алмайды. Халықаралық актілердің міндеттемелері орындалу үшін парламент арнайы имплементация актісін шығару, яғни, халықаралық актінің мазмұнын ұлттық заңнамаға трансформациялауы керек.

Инкорпорация жүйелеу түрі, яғни, біріншіден, инкорпорацияланған нормативтік актілердің мазмұнына тиіспейтін және екіншіден, объективті болып келетін құқық салаларын ескерусіз іске асатын тәртіпке келтіру (алфавитттік, хронологиялық және нысаналық).

Имплементация (лат. implemen­ta­tio – енгізу, жүзеге асыру) – ұлттық құ­­қықтық жүйеге халықаралық не­ме­се шетелдік құқық нормаларын енгізу про­цесін сипаттайтын термин. «Импле­мен­тация» термині көбінесе мемлекет ха­лықаралық-құқықтық актіні рати­фи­кациялағаннан кейін басталады, бі­рақ халықаралық құ­қық норма­ла­ры­ның ұлттық құқыққа им­пле­мен­та­циясы ратификацияға де­йін де жүзеге асы­рылады. Им­пле­мен­тация белгілі бір халықаралық шарт­тың қатысушы мем­лекетінің ха­лық­аралық құқық нор­маларын ішкі заң­намада қай­та­лау­мен бай­ла­нысты ғана құқық шы­ғар­машылық әреке­ті­мен шектелмейді.

53. Халықаралық құқық доктринасында мынадай даулы мәселе бар: жеке тұлғалар халықаралық құқықтың субъектілері болып табылады ма деген? Сұрақ: Сіз жеке тұлғаның құқық субъектілігін жоққа шығарасыз ба немесе оны халықаралық құқықтың субъектісі ретінде танисыз ба?

Халықаралық құқық субъектілері деп құқықтары мен міндеттері және атқаратын қызметі халықаралық құқықтық нормаларымен белгіленген халықаралық қатынастың қатысушыларын атаймыз. Халықаралық құқық субъектілерін екі топқа бөліп қарастырамыз: негізгі және қосымша.

Негізгі:

мемлекет;

Өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар мен халықтар;

Қосымша:

халықаралық ұйымдар;

мемлекет тәріздес құрылымдар.

Егер жеке тұлға мемлекет атынан әрекет етсе, онда оны халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тануға болады деп ойлаймын.

54 Халықаралық құқық ғылымында мемлекеттерді танудың рөлі және оның мәні жөнінде екі теория қолданылады. Сұрақ: Осы теорияларды атаңыз және олардың әрқайсысына сипаттама беріңіз. Қандай жағдайларда және неге қатысты құқықмирасқорлық туралы сұрақ көтерілетінін анықтаңыз.

Мемлекетті тану : де- юре, де – факто, ad-xoc. Бұлар халықаралық тану нысандары.Де юре,толық көлемде тану бұл танымды қайтіп алуға болмайды. Мұндай таным кезінде танылып жатқан мемлекетпен немесе танылып жатқан үкіметпен толық көлемде дипломатиялық консулдық және басқа да қатынастар орнатылады.Де факто,бұл жартылай тану,мұндай таным кезінде дипломатиялық қатынас орнатылмайды,тек консулдық немесе сауда қатынастары орнатылады.Мұндай таным қайтарылуы мүмкін. Әдетте жаңа мемлекетті танығанда емес,жаңа үкіметті танығанда қолданылады.Ад хос,бұл уақытша белгілі бір мәселеге байланысты тану,мұндай таным кезінде мемлекет танығысы келмеседе тануға мәжбүр болады.Мысалы,өз азаматтарын сауда жағынан қорғау.

Құқықмирасқорлық пайда болу белгілері: Мемлекеттік меншік, мемлекеттік қарызға, мемлекеттік шарттарға, мемлекеттік мұрағатқа қатысты.

55 Австранияның азаматы Борман Я. ҚР Президентінің атына оған ҚР азаматтығын беру өтінішін берді, алайда ол Австранияның да азаматы болып қалғысы келеді. Сұрақ: Борман Я. ҚР азаматы бола ала ма? Қос азаматтық пен азаматтығы жоқтықтың түсінігін ашыңыз. Азаматтықты алу жолдарын атаңыз.

Қос азаматтық— бір мезгілде екі бірдей елдің азаматтығын алу. Мысалы: Қос азаматтық — белгілі бір жағдайларда Қазақстан азаматы басқа бір мемлекеттің азаматтығын қатар алуы мүмкін.

Азаматтығы жоқтық, керісінше, әлемнің ешбір мемлекетінің азаматтығына ие болмаған адамдар.

Азаматтық алу жолдары:

филиация (топырақ және қан арқылы);

натурализация (өтініш беру арқылы);

оптация (таңдау құқығы);

реинтерграция (қалпына келтіру арқылы).

56. Малдованың Вашингтондағы елшілігінің 1 сыныптағы кеңесшісі Чаущеско М. жол-көлік оқиғасын жасады, оның нәтижесінде он жасар қыз қайтыс болды. Малдованың елші АҚШ құқыққорғау органдарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сұрақ: Шетелдік елшіні мекендік мемлекетте жауапкершілікке тартуға бола ма? Дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтардың түсінігін ашыңыз.

Шетелдік елшіні мекендік мемлекетте жауапкершілікке тартуға болмайды. Оны алдын ала қамауға алуға, тұтқындауға жол берілмейді.

Дипломатиялық иммунитет - шетел дипломатиялық өкілдіктеріне және олардың қызметкерлеріне берілген, жеңілдіктің, артықшылықтардың және дүние-мүліктің жиынтығы. Бұл иммунитеттің мақсаты – дипломатиялық өкілдіктердің міндеттерін жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасау.

Дипломатиялық қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің жеке иммунитетне мыналар жатады: жеке басқа, тұрғын-жайға тиіспеушілік; келген мемлекетінің қылмыстық заңи хұкімінен, сондай-ақ атқарушылық әрекетке қатысты тұрғыда азаматтық және әкімшілік заңи хұкімінен толық қорғалу иммунитеті; қазыналық (салықтық) иммунитет.Дипломатиялық өкілдікке және оның қызметкерлеріне келген елі дипломатиялық иммунитетпен қатар кедендік сипаттағы артықшылықтар да береді, яғни дипломатиялық қолжүктер кеден алымын, баж, т.б. салудан босатылады. Дипломаттар мен олардың отбасы мүшелеріне келген мемлекеті белгілеген жабық аймақтар туралы ережелерді ескере отырып, осы мемлекеттің аумағында еркін жүріп-тұру құқығын құрайтын артықшылық та беріледі.

57. ҚР Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы Жарлығымен бекітілген ҚР Мемлекеттік Хаттамасы мемлекет ішіндегі халықаралық шараларды өткізудегі ҚР лауазымды тұлғаларының хаттамалық ағалық қағидасын белгілейтін біріңғай хаттамалық-ұйымдастырушылық нормаларды бекітеді және қамтамасыз етеді. Сұрақ: Дипломатиялық хаттаманың дипломатияның саяси құралы ретіндегі ұғымын ашыңыз? Дипломаттардың ағалығы қандай критерилер бойынша анықталады?

Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы. Дипломатиялық хаттама ережесіне сәйкес дипломаттың келген мемлекеттің іс - әрекетіне, олардың ресми салтанаттағы киімімен анықталады.

Барлық мемлекеттер оның негізгі заңдарын сақтауға міндетті. Кейбір халқаралық нормрлардың заңды күші бар.Оларды бұзу (мемлекеттік, ресми келіссөзде отырс орындарын бұзу, қабылдаудан ерте кету, кешігу) дәрежелік белгісі, ол халықаралық аренада мемлекеттің беделін түсіріп, мемлекет арасындағы қатынаста қақтығысқа дейін әкелуі мүмкін.

Осылайша дипломатиялық хаттама мемелекеттің сыртқы саяси принциптерін іс жүзіне асыру құралы болып табылады. Әсіресе, елдің егемендік принципі, әнұран орында, мемлекеттік туға құрмет көрсету сияқты хаттамаларынан көрінеді. Мемлекеттің теңдігінің принципі альтернатив сақтап, яғни дәрежесіне, тапқа байланысты дипломатиялық өкілдерді отырғызудан көрінеді. Тағайындалған елші агреманы, дипломатиялық қызметке кіру салтанаты, визит картасын жасау, пайдалану. Мемлекеттің елшілік және консул құқығның хаттамаларының атрибуты болып табылады.

58 Ямайка мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнатқан соң Мантоге Бәй қаласындағы ҚР Елшілігінің басшысы ретінде Саудабаев Қанат Ахметкұлы тағайындалды. Сұрақ: Дипломатиялық өкілдіктің басшысын тағайындау рәсімін сипаттаңыз. Елшінің мәртебесі қандай құжатпен расталады?

Жауап: Дипломатиялық өкілдіктердің басшысын тағайындау. Өкілдіктің басшысын тағайындалар алдында аккредиттелген мемлекет нақты мемлекеттегі өкілдіктің басшысы етіп нақты тұлғаны тағайындауға баратын шетелдің құзырлы билік органынан агреман – келісім – согласие сұрайды. Агреманнан бас тарту немесе сұрауға жауап қайтармау тұлғаны өкілдіктің басшысы етіп тағайындауға кедергі келтіреді. Агреманнан бас тартуын мемлекет дәлелдеуге міндетті емес. Агреманды ағаннан кйін тұлға өкілдіктің басшысы болып тағайындалады және сенім қағазын беріледі.  Сенім қағазы – бұл осы мемлекеттің атынан баяндалатын осы тұлғаға сенуді сұрайтын, баратын елдің билігіне жіберілген құжат. Тағайындалған елге келгеннен кейін өкілдік басшысы өзінің сенім қағазын мемлекет басшысына немесе СІМ тапсырады.  ҚР шет елге жіберілген елшілігі (дипломатиялық өкілдігі) ҚР Парламентінің қаулысымен құрылады. Елшілікті (дипломатиялық өкілдікті) Төтенше және Өкілетті елші басқарады. Парламенттің келісімі бойынша және ҚР шетел министрінің ұсынысы бойынша ҚР Президентінің Жарлығымен тағайындалады. 

59 Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының шетелдерде 8 бас консулдығы және 11 консулдығы бар.Сұрақ: Консулдық мекеменің басшысы қалай тағайындалады және оның мәртебесі мен өкіліттіктері қандай құжатпен расталады? Консулдық округтің шекарасын кім бекітеді?

Жауап: Консулдық мекемелердің басшыларын жіберуші мемлекет өзі тағайындайды, ал оларға өз функцияларын атқару рұқсатын қабылдаушы мемлекет береді. Консулдың тағайындалуын және оның өкілеттіктерін куәландыратын құжат консулдық патент деп аталады (немесе соған ұқсас акт жасалады). Ол құжатта консулдың аты-жөні, класы, консулдық округі және консулдық мекеме орналасатын жер көрсетіледі. Кейбір елдерде бұл құжатқа мемлекет басшысы қол қойып (АҚШ, Франция, Германия т.б.), сыртқы істер министрі бекітеді. Ал басқа бір елдерде (мысалы Ресейде) консулдық патентке сыртқы істер министріқол қояды. Әдетте, дипломатиялық каналдар арқылы консулдық патент қабылдаушы мемлекеттің үкіметіне (көбінесе Сыртқы істер министрлігіне) жіберіледі.

Консулдық мекеме басшысына өз функцияларын атқаруды бастауға қабылдаушы мемлекет тарапынан рұқсат беретін құжат экзекватура деп аталады. Ол жеке құжат түрінде болады, бірақ кейде патенттегі сәйкес келетін қосымша жазу түрінде де болуы мүмкін. Мемлекет экзекватура беруден бас тарта алады, ал бас тартудың себептерін хабарлауға міндетті емес.

Экзекватура берілгенге дейін (көбінесе бұл ұзақ уақыт алады) консулдық мекеме басшысына кейде уақытша өз қызметін жүргізе беруге рұқсат етіледі.

Консулдық мекеме басшысына қызметін бастауға рұқсат берілгені жайлы қабылдаушы мемлекет сол консулдық округтің билік өкілдеріне хабарлауға міндетті.

* Ал елшіліктегі консулдық бөлімнің басшысы патент пен экзекватураны қажет етпейді.

Екі немесе бірнеше мемлекет қабылдаушы мемлекеттің келісімімен консулдық өкілетті тұлға ретінде (сәйкесінше сол мемлекеттегі консулдық өкілдік басшысы ретінде) бір адамды тағайындай алады.

60 Венэсуэлладағы дипломатиялық корпустың дуайены Қытай елшісі Чен И АҚШ-тың елшісін оның абайсызда Венэсуэлланың экономикалық жағдайын қалып кеткен деп айтқаны үшін «персона нон грата» ретінде жарияламауы туралы Венэсуэлланың Үкіметіне өтініш жасады. Сұрақ: Дуайенның және дипломатиялық корпустың мәртебесі мен функциясын анықтаңыз. Кім және қандай әрекеті үшін «персона нон грата» болып жариялануы мүмкін?

Жауап: Дуайен (франц. doyen — аға елші, ақсақал) — дипломатиялық корпустың басшысы. Дуайен міндетті түрде жоғары сыныпты және сол елде басқаларға қарағанда ұзағырақ тұрған дипломатиялық өкілдер арасынан таңдалады. Дуайеннің қызметі, негізінен, хаттамалық сипатқа ие. Ол дипломатиялық корпус атынан құттықтаулар жолдайды немесе көңіл айтады, түрлі салтанатты рәсімдер мен хаттамалық іс-шаралар кезінде дипломатиялық корпусты басқарып, қабылдаушы елдің сыртқы істер мекемелерімен тұрақты байланыста болады, сондай-ақ, жаңадан келген өз әріптестеріне сол елдің билік органдарымен қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша ақыл-кеңестер береді. 

Дипломатиялық корпус – қабылдаушы мемлекеттің үкіметі таныған шетелдік диломатиялық өкілдіктердің барлық дипломатиялық қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің ортақ атауы. Дипломатиялық корпус қандай да бір халықаралық құқық нормаларына негізделген институт немее заңды тұлға құқығы бар ұйым емес.

Дипломатиялық корпус : 1) берілген мемлекетте аккредиттелген шетел дипломатиялық өкілдіктері басшыларының жиынтығы; 2) дипломатиялық өкілдіктердің барлық дипломатиялық қызметкерлері және олардың отбасыларының мүшелері.

Кез-келген мемлекет миссия басшысын немесе оның дипломатиялық құрам мүшесін қабылданбайтын персона (персона нон грата) деп жариялауға және оны үкіметіне хабарлауға құқығы бар. Бұл жағдайда дипломат функциясы күшін жоғалтып ол еліне шақырытылады. Егер дипломат мемлекеті мұндай шаралар жасамаса онда қабылдаушы мемлекет оны миссия мүшесі деп танудан бас тартады. Персона нон грата деп жариялау дипломаттың келуінен кейін немесе келуіне дейін жүргізіледі және оның себебін беру талап етілмейді. Осы сияқты қабылданбайтын персона нон грата деп әкімшілік- техникалық персоналдар қызметкерлдеріне де жариялануы мүмкін. Дипломатты персона нон грата деп жариялаудың екі негізгі себебі бар: жеке кемшіліктерінен туындаған және дипломатиялық қолсұғылмастықты жеке пайдасына қолданып, қауіпсіздікке немесе басқада мемлекеттің мүддесіне қауіп төндіретін қылмыстық, антиәлеуметтік іс-әрекетке алып келетін алдын-ала ойластырылған әрекет

61 Бүгінгі таңда БҰҰ-ның 18 мамандандырылған мекемелері бар (МВФ, МБРР, МАР, ЮНЕСКО және т.б.). Олардың әрқайсысы дербес халықаралық ұйым болып табылады. Сұрақ: Халықаралық ұйымның негізгі белгілерін атаңыз. БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің түрлерін атап шығыңыз және олардың БҰҰ-мен байланысын негіздеңіз.

Жауап: Қазіргі таңда құрылған халықаралық ұйымдардың өздеріне тән белгілері бар. Бұл белгілерді төмендегідей атап өтуге болады:

-әр халықаралық ұйым көпжақты келісім шарт негізінде құрылады. Бұл көпжақты келісім шарт ұйымдарының халықаралық құқық нормаларына сай заңды түрде іс атқарғандығын дәлелдейді; -халықаралық ұйымдар белгілі бір мақсатта құрылуы тиіс. Бұл мақсат саяси, экономикалық, әскери, ғылыми немесе мәдени т.б. болуы мүмкін; -халықаралық ұйымдардың өз құрамында тұрақты органдары болуы қажет. Бұл органдар ұйымның мақсатына сай құрылып, іс атқарады; -ұйымдар халықаралық құқық нормаларына қайшы ешқандай бағыт немесе мақсат ұстанбауы тиіс.

БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекемелері:

Дүниежүзілік метеорология ұйымы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы

Дүниежүзілік почта одағы

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік.

Халықаралық даму ассоциациясы.

Халықаралық қайта құру және даму банкі.

Халықаралық валюта ұйымы.

Халықаралық теңіз ұйымы

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы

Халықаралық еңбек ұйымы

Электр байланысы одағы

Халықаралық қаржы корпорациясы

Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры.

БҰҰ-ның білім беру,ғылым мен мәдениет жөніндегі ұйымы.

БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы.

БҰҰ азық түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы

БҰҰ-ның айналадағы орта жөніндегі бардарламасы.

62 Жағалаудағы мемлекет үшін аумақтық сулардың сыртқы шекарасы оның теңіздегі мемлекеттік шекарасы болып табылады. 1982 жылғы Теңіз құқығы бойынша Конвенция аумақтық сулардың енін 12 теңіз миліне дейін белгіледі? Сұрақ: аумақтық сулардың бастапқы сызықтарын анықтаңыз.

Жауап: Ішкі және территориялық сулар ұғымы. Аймақтық теңіз – бұл жағалаудағы мемлекеттің ішкі теңіз суларына немесе аймақтық құрлығына жанасатын ені 12 теңіз миліне дейінгі теңіз белдеуі. Өзінің құқықтық мәртебесі бойынша аймақтық теңіз жағалауындағы мемлекет аймағының бөлігі ретінде танылады, ол өзінің егемендігін аймақтық теңіз суларына ғана емес, сонымен бірге оның түбіне, әуе кеңістігіне, аймақтық теңіз түбі мен қойнауына да жүргізе алады. Аймақтық теңізде мемлекеттік шекара оның теңіз сулары шегіндегі сызығымен ғана емес, сонымен бірге осы сызықпен өтетін вертикальды қабатымен, оның түбі мен қойнауы, әуе кеңістігін белгілейтін қабатымен де анықталады.  БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі ІІІ Конференциясы аймақтық теңіздің ең жоғарғы енін 12 теңіз милі ретінде Конвенциялық ережені бекітті. 1982 ж. БҰҰ теңіз құқығы бойынша Конвенциясының күшіне енгенінен кейін аймақтық теңіздің енін 12 теңіз милінен жоғарылатуды ұсынған бірқатар мемлекеттер өз заңдарын Конвенцияға сәйкестіндірді.  БҰҰ Конвенцияға сәйкес, аймақтық суларды есептеудің 3 негізгі тәсілдерін қарастырды:  — судың ең көп қайту сызығынан жағалаудағы мемлекеттің жағасын бойлай;  --- ¾ егер жағалаулық сызық қатпарлы, жырымдалған немесе жағалауға жақын жерде аралдар тобы болса, онда тікелей бастапқы сызық әдісі қолданылуы мүмкін, яғни теңіздегі мейлінше шығып тұрған аралдардың жене жағалаудың нүктесі;  —ішкі теңіз суларынан.  Аумақтық суда шетелдік кемелердің кәсіпшілік қызметіне жол бермейтіндіктен, жағалау мемлекеті кәсіпшілік үшін лицензия бepyi мүмкін. Әдетте, қызметтің мұндай тәртібіне екіжақты келісім негізінде жол беріледі.  БҰҰ конвенциясы шетелдік кемелердің аумақтық теңіз арқылы бейбіт түрде жүріп өту құқығын бекітті, бұл бұрыннан пайда болған және халықаралық әдет-ғұрып ережесі ретінде дамыды. Теңіз дауылы кезінде кемелердің шығанақтарға, койнауларға және өзге де қауіпсіз жерлерге тағалауына мүмкіндік беретін қауіпсіз теңіз жолдары және мейлінше ыңғайлы жолдар мемлекеттердің жағалауында орын алады. 

63 Айрықша экономикалық аймақ – аумақтық теңіздің сыртқы шекарасында орналасқан және оған 200 мильге дейінгі енімен жанасқан теңіз кеңістігінің белдеуі. Сұрақ: Экономикалық аймақтың бастапқы сызықтарын анықтаңыз. Бұл аймақ жағалаудағы мемлекеттің аумағына кіреді ме?

Жауап: Айрықша экономикалық аймақ дегеніміз аумақ суы және аумақ суының енінен өлшенетін бастапқы сызықтан бастап ені 200 теңіз милін қосып есептегендегі ауданынан аспайтын теңіздің сыртқы аумағы. Экономикалық аймақтың жағалауындағы және өзге де теңізге қатынасатын тыс мемлекеттерге 1982 жылғы Теңіз құқығы туралы конвенция ережелері қолданылады. Жағалаудағы мемлекеттің теқ қана аралдар салуға, тұрғызуға, оларды тәртіпке келтіруге және сол жағадағы мемлекеттің құқығын орынды, дұрыс пайдалануын бақылауға құқығы бар.

Экономикалық аймақ жағалаудағы мемлекеттің аумағына кірмейді.

64 1958 ж. Континенталдық қайраң туралы Конвенция және 1982 ж. Теңіз құқығы бойынша конвенция жағалаудағы мемлекет континенталдық қайраңдағы ресурстарды барлау және зерттеу мақсаттарында оған қатысты егеменді құқықтарды жүзеге асыратынын бекітті. Сұрақ. Континенталдық қайраңның анықтамасын ашыңыз. Жағалаудағы мемлекеттің құқықтары континенталдық қайраңдағы суға және оның үстіндегі әуе кеңістігіне таралады ма?

Жауап: Құрлықтық қайраң дегеніміз (ағьлшын тілінен аударғанда сөре, шығыңқы жер, саяз жер), теңіз түбі тігінің кенеттен ұлғаюы белгіленетін, жағалау сызығынан тереңдігіне дейін жайылып жататын материктер айналасындағы су асты жазығы.  Материктің су асты шетінің құрамдас бөлігі ретінде континенттік қайраңға: континенттік құрлықтық қайраң және континенттік (құрлықтық) тұғыр жатады.  1982 ж. Конвенция жағалаудағы мемлекеттің континенттік қайраңын, оның аймақ суынан тыс жайылып жатқан құрлықтық аумағының табиғи жалғасуынан материктің су асты шетінің сыртқы шекарасына дейін немесе бастапқы сызығы 200 теңіз миль ара қашықтықта созылып жатқан теңіз түбі және суасты аудандарының жер қойнауы деп анықтайды.  1958 ж. Конвенция және 1982 ж. Конвенция да жағалаудағы мемлекеттің қайраңға қүқығы - қайраң бетін жабатын судың жөне сол сулардың үстіндегі әуе кеңістігінің күқықтық мәртебесін қозғамайтыны туралы ережелерден тұрады. Жағалаудағы мемлекетке континенттік қайраңның ресурстарын барлау жөне оның табиғи ресурстарын өндеу мақсатында егеменді құқық беріледі. Бұл құқықтар, егер жағалаудағы мемлекет континенттік қайраңға барлау жүргізбесе және оның ресурстарын өндемесе ерекше болып табылады, ешкім мұндай жұмыстарды жағалаудағы мемлекеттің белгілі бір келісімінсіз жүргізе алмайды.  Жоғарыдағы құқықтар олардың қайраңды тиімді немесе жалған басып алуына не сол туралы тікелей жариялауына тәуелді емес.  Жағалаудағы мемлекеттің континенттік қайраңда егеменді қүқықтарын жүзеге асыруы кеме қатынасына, балық аулауға жөне Конвенцияда көзделген басқа құқықтар мен бостандықтарға шек қоймауы немесе кез келген дәлелсіз кедергілерге, олардың жүзеге асуына соқтырмауы тиіс.  Жоғарыда айтып өткендей, континенттік қайраңның бетін жабатын сулардың мәртебесі ашық теңіз суының бөлігі болады және сол бөлікте ашық теңіз қүқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады.

65 Халықаралық құқық ғылымында мемлекеттерді танудың рөлі және оның мәні жөнінде екі теория қолданылады. Сұрақ: Осы теорияларды атаңыз және олардың әрқайсысына сипаттама беріңіз.

Жауап: Жаңа пайда болған субъектіні екінші субъектінің мойындауы, тануы Халықаралық құқықта танудың теориясы бар:  1) конститутивті теория (ХІХғ. басында туындаған) – бұл теория тану актісіне шешуші роль береді, яғни бұл теорияға сәйкес мемлекет халықаралық құқықтың субъектісі ретінде оны басқа мемлекеттер таныған сәттен бастап қана бола алады дейді.  Оның өкілдері – мемлекет заңды құрылым, халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тек оны басқа мемлекеттер мақұлдағаннан кейін ғана пайда болады деп санайды; танылмаған мемлекет заңды түрде болмайды деп саналады.  Бұл теория мемлекеттік егемендік ұғымын жоққа шығарады. Пайда болған мемлекет басқа мемлекеттердің қолдауымен, ал кейбір жағдайда олардың еркіне тәуелді етеді.  2) декларативті теория конститутивті теорияға қарсы ықпал етудің нәтижесінде туындаған (бұл теорияны көптеген заңгерлер қолдайды.) Бұ теория - жаңа мемлекетке, халықаралық құқықтың жаңа субъектісіне қатысты нақтылау ролін атқарады; мойындаусыз (танусыз) халықаралық құқықтың субъектілері өмір сүре береді.  Мақұлдаудың (растаудың, танудың) саяси және заңды мәні ол мемлекетті халықаралық қатынасқа қатысушылардың құрамы ретінде кіре алады, оның басқа мемлекеттермен саяси, экономикалық, ғылыми – техникалық қатынастарын жақсартуға әкеледі, онгың халықаралық құқықтық субъектілігін жүзеге асыруға ықпал етеді.  Мойындау (тану) – танылатын мемлекетке дипломатиялық жолмен жіберілетін жазбаша жолдау ретінде немесе танитын мемлекеттің жоғары мемлекеттік органының қаулысы ретінде рәсімделеді. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]