Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3list.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.09 Кб
Скачать

34 Катар мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнатқан соң Доха қаласындағы қр Елшілігінің басшысы ретінде Бердыбай Азамат Рахманкулұлы тағайындалды.

Сұрақ: Дипломатиялық өкілдіктің басшысын тағайындау рәсімін сипаттаңыз. Елшінің мәртебесі қандай құжатпен расталады?

Жауап: Дипломатиялық өкілдіктердің басшысын тағайындау. Өкілдіктің басшысын тағайындалар алдында аккредиттелген мемлекет нақты мемлекеттегі өкілдіктің басшысы етіп нақты тұлғаны тағайындауға баратын шетелдің құзырлы билік органынан агреман – келісім – согласие сұрайды. Агреманнан бас тарту немесе сұрауға жауап қайтармау тұлғаны өкілдіктің басшысы етіп тағайындауға кедергі келтіреді. Агреманнан бас тартуын мемлекет дәлелдеуге міндетті емес. Агреманды ағаннан кйін тұлға өкілдіктің басшысы болып тағайындалады және сенім қағазын беріледі.

Сенім қағазы – бұл осы мемлекеттің атынан баяндалатын осы тұлғаға сенуді сұрайтын, баратын елдің билігіне жіберілген құжат. Тағайындалған елге келгеннен кейін өкілдік басшысы өзінің сенім қағазын мемлекет басшысына немесе СІМ тапсырады.

ҚР шет елге жіберілген елшілігі (дипломатиялық өкілдігі) ҚР Парламентінің қаулысымен құрылады. Елшілікті (дипломатиялық өкілдікті) Төтенше және Өкілетті елші басқарады. Парламенттің келісімі бойынша және ҚР шетел министрінің ұсынысы бойынша ҚР Президентінің Жарлығымен тағайындалады.

35 Боливиядағы дипломатиялық корпустың дуайены Франция елшісі Жан Рене АҚШ-тың елшісін оның абайсызда Боливияның экономикалық жағдайын қалып кеткен деп айтқаны үшін «персона нон грата» ретінде жарияламауы туралы Боливия Үкіметіне өтініш жасады.

Сұрақ: Дуайенның және дипломатиялық корпустың мәртебесі мен функциясын анықтаңыз. Кім және қандай әрекеті үшін «персона нон грата» болып жариялануы мүмкін?

Жауап: Дуайен (франц. doyen — аға елші, ақсақал) — дипломатиялық корпустың басшысы. Дуайен міндетті түрде жоғары сыныпты және сол елде басқаларға қарағанда ұзағырақ тұрған дипломатиялық өкілдер арасынан таңдалады. Дуайеннің қызметі, негізінен, хаттамалық сипатқа ие. Ол дипломатиялық корпус атынан құттықтаулар жолдайды немесе көңіл айтады, түрлі салтанатты рәсімдер мен хаттамалық іс-шаралар кезінде дипломатиялық корпусты басқарып, қабылдаушы елдің сыртқы істер мекемелерімен тұрақты байланыста болады, сондай-ақ, жаңадан келген өз әріптестеріне сол елдің билік органдарымен қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша ақыл-кеңестер береді.

Дипломатиялық корпус – қабылдаушы мемлекеттің үкіметі таныған шетелдік диломатиялық өкілдіктердің барлық дипломатиялық қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің ортақ атауы. Дипломатиялық корпус қандай да бір халықаралық құқық нормаларына негізделген институт немее заңды тұлға құқығы бар ұйым емес.

Дипломатиялық корпус : 1) берілген мемлекетте аккредиттелген шетел дипломатиялық өкілдіктері басшыларының жиынтығы; 2) дипломатиялық өкілдіктердің барлық дипломатиялық қызметкерлері және олардың отбасыларының мүшелері.

Кез-келген мемлекет миссия басшысын немесе оның дипломатиялық құрам мүшесін қабылданбайтын персона (персона нон грата) деп жариялауға және оны үкіметіне хабарлауға құқығы бар. Бұл жағдайда дипломат функциясы күшін жоғалтып ол еліне шақырытылады. Егер дипломат мемлекеті мұндай шаралар жасамаса онда қабылдаушы мемлекет оны миссия мүшесі деп танудан бас тартады. Персона нон грата деп жариялау дипломаттың келуінен кейін немесе келуіне дейін жүргізіледі және оның себебін беру талап етілмейді. Осы сияқты қабылданбайтын персона нон грата деп әкімшілік- техникалық персоналдар қызметкерлдеріне де жариялануы мүмкін. Дипломатты персона нон грата деп жариялаудың екі негізгі себебі бар: жеке кемшіліктерінен туындаған және дипломатиялық қолсұғылмастықты жеке пайдасына қолданып, қауіпсіздікке немесе басқада мемлекеттің мүддесіне қауіп төндіретін қылмыстық, антиәлеуметтік іс-әрекетке алып келетін алдын-ала ойластырылған әрекет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]