Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3list.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.09 Кб
Скачать

31 Айрықша экономикалық аймақ – аумақтық теңіздің сыртқы шекарасында орналасқан және оған 200 мильге дейінгі енімен жанасқан теңіз кеңістігінің белдеуі.

Сұрақ: Экономикалық аймақтың бастапқы сызықтарын анықтаңыз. Бұл аймақ жағалаудағы мемлекеттің аумағына кіреді ме?

32 1958 ж. Континенталдық қайраң туралы Конвенция және 1982 ж. Теңіз құқығы бойынша конвенция жағалаудағы мемлекет континенталдық қайраңдағы ресурстарды барлау және зерттеу мақсаттарында оған қатысты егеменді құқықтарды жүзеге асыратынын бекітті.

Сұрақ. Континенталдық қайраңның анықтамасын ашыңыз. Жағалаудағы мемлекеттің құқықтары континенталдық қайраңдағы суға және оның үстіндегі әуе кеңістігіне таралады ма?

Жауап: Құрлықтық қайраң дегеніміз (ағьлшын тілінен аударғанда сөре, шығыңқы жер, саяз жер), теңіз түбі тігінің кенеттен ұлғаюы белгіленетін, жағалау сызығынан тереңдігіне дейін жайылып жататын материктер айналасындағы су асты жазығы.

Материктің су асты шетінің құрамдас бөлігі ретінде континенттік қайраңға: континенттік құрлықтық қайраң және континенттік (құрлықтық) тұғыр жатады.

1982 ж. Конвенция жағалаудағы мемлекеттің континенттік қайраңын, оның аймақ суынан тыс жайылып жатқан құрлықтық аумағының табиғи жалғасуынан материктің су асты шетінің сыртқы шекарасына дейін немесе бастапқы сызығы 200 теңіз миль ара қашықтықта созылып жатқан теңіз түбі және суасты аудандарының жер қойнауы деп анықтайды.

1958 ж. Конвенция және 1982 ж. Конвенция да жағалаудағы мемлекеттің қайраңға қүқығы - қайраң бетін жабатын судың жөне сол сулардың үстіндегі әуе кеңістігінің күқықтық мәртебесін қозғамайтыны туралы ережелерден тұрады. Жағалаудағы мемлекетке континенттік қайраңның ресурстарын барлау жөне оның табиғи ресурстарын өндеу мақсатында егеменді құқық беріледі. Бұл құқықтар, егер жағалаудағы мемлекет континенттік қайраңға барлау жүргізбесе және оның ресурстарын өндемесе ерекше болып табылады, ешкім мұндай жұмыстарды жағалаудағы мемлекеттің белгілі бір келісімінсіз жүргізе алмайды.

Жоғарыдағы құқықтар олардың қайраңды тиімді немесе жалған басып алуына не сол туралы тікелей жариялауына тәуелді емес.

Жағалаудағы мемлекеттің континенттік қайраңда егеменді қүқықтарын жүзеге асыруы кеме қатынасына, балық аулауға жөне Конвенцияда көзделген басқа құқықтар мен бостандықтарға шек қоймауы немесе кез келген дәлелсіз кедергілерге, олардың жүзеге асуына соқтырмауы тиіс.

Жоғарыда айтып өткендей, континенттік қайраңның бетін жабатын сулардың мәртебесі ашық теңіз суының бөлігі болады және сол бөлікте ашық теңіз қүқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады.

33 Халықаралық құқық ғылымында мемлекеттерді танудың рөлі және оның мәні жөнінде екі теория қолданылады.

Сұрақ: Осы теорияларды атаңыз және олардың әрқайсысына сипаттама беріңіз.

Жауап: Жаңа пайда болған субъектіні екінші субъектінің мойындауы, тануы Халықаралық құқықта танудың теориясы бар:

1) конститутивті теория (ХІХғ. басында туындаған) – бұл теория тану актісіне шешуші роль береді, яғни бұл теорияға сәйкес мемлекет халықаралық құқықтың субъектісі ретінде оны басқа мемлекеттер таныған сәттен бастап қана бола алады дейді.

Оның өкілдері – мемлекет заңды құрылым, халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тек оны басқа мемлекеттер мақұлдағаннан кейін ғана пайда болады деп санайды; танылмаған мемлекет заңды түрде болмайды деп саналады.

Бұл теория мемлекеттік егемендік ұғымын жоққа шығарады. Пайда болған мемлекет басқа мемлекеттердің қолдауымен, ал кейбір жағдайда олардың еркіне тәуелді етеді.

2) декларативті теория конститутивті теорияға қарсы ықпал етудің нәтижесінде туындаған (бұл теорияны көптеген заңгерлер қолдайды.) Бұ теория - жаңа мемлекетке, халықаралық құқықтың жаңа субъектісіне қатысты нақтылау ролін атқарады; мойындаусыз (танусыз) халықаралық құқықтың субъектілері өмір сүре береді.

Мақұлдаудың (растаудың, танудың) саяси және заңды мәні ол мемлекетті халықаралық қатынасқа қатысушылардың құрамы ретінде кіре алады, оның басқа мемлекеттермен саяси, экономикалық, ғылыми – техникалық қатынастарын жақсартуға әкеледі, онгың халықаралық құқықтық субъектілігін жүзеге асыруға ықпал етеді.

Мойындау (тану) – танылатын мемлекетке дипломатиялық жолмен жіберілетін жазбаша жолдау ретінде немесе танитын мемлекеттің жоғары мемлекеттік органының қаулысы ретінде рәсімделеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]