- •1. Танудың негізгі түрлері және нысандары
- •2.Қандай жағдайларда құқықмирасқорлық туралы сұрақ көтеріледі?
- •3. Мемлекеттің қандай органдары өкілеттіксіз халықаралық шарттарды бекіте алатынын анықтаңыз және шарттарды бекітудің кезеңдерін атаңыз.
- •29. Бүгінгі таңда бұұ-ның 18 мамандандырылған мекемелері бар (мвф, мбрр, мар, юнеско және т.Б.). Олардың әрқайсысы дербес халықаралық ұйым болып табылады.
- •31 Айрықша экономикалық аймақ – аумақтық теңіздің сыртқы шекарасында орналасқан және оған 200 мильге дейінгі енімен жанасқан теңіз кеңістігінің белдеуі.
- •33 Халықаралық құқық ғылымында мемлекеттерді танудың рөлі және оның мәні жөнінде екі теория қолданылады.
- •34 Катар мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнатқан соң Доха қаласындағы қр Елшілігінің басшысы ретінде Бердыбай Азамат Рахманкулұлы тағайындалды.
- •36. Қай уақыттан бастап шарттың жасалу мерзімі болды деп есептеледі?
- •37. Маңызды шешімдер қабылдайтын жағдайда конференцияға қатысушы мемлекеттер қалай дауыс береді?
- •38. Шартты түсіндіру не қолдану нәтижесінде пайда болуы мүмкін дауларды арбитражға беруді қарастыратын әртүрлі шарттардағы арнайы ереже қалай аталады?
- •39. Шарттар жасау аясындағы халықаралық ұйымдар құқық қабілеттілігінің көлемі қандай актімен айқындалады?
29. Бүгінгі таңда бұұ-ның 18 мамандандырылған мекемелері бар (мвф, мбрр, мар, юнеско және т.Б.). Олардың әрқайсысы дербес халықаралық ұйым болып табылады.
Сұрақ: Халықаралық ұйымның негізгі белгілерін атаңыз. БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің түрлерін атап шығыңыз және олардың БҰҰ-мен байланысын негіздеңіз.
Жауап: Қазіргі таңда құрылған халықаралық ұйымдардың өздеріне тән белгілері бар. Бұл белгілерді төмендегідей атап өтуге болады:
-әр халықаралық ұйым көпжақты келісім шарт негізінде құрылады. Бұл көпжақты келісім шарт ұйымдарының халықаралық құқық нормаларына сай заңды түрде іс атқарғандығын дәлелдейді;
-халықаралық ұйымдар белгілі бір мақсатта құрылуы тиіс. Бұл мақсат саяси, экономикалық, әскери, ғылыми немесе мәдени т.б. болуы мүмкін;
-халықаралық ұйымдардың өз құрамында тұрақты органдары болуы қажет. Бұл органдар ұйымның мақсатына сай құрылып, іс атқарады; -ұйымдар халықаралық құқық нормаларына қайшы ешқандай бағыт немесе мақсат ұстанбауы тиіс.
БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекемелері:
Дүниежүзілік метеорология ұйымы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы
Дүниежүзілік почта одағы
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік.
Халықаралық даму ассоциациясы.
Халықаралық қайта құру және даму банкі.
Халықаралық валюта ұйымы.
Халықаралық теңіз ұйымы
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы
Халықаралық еңбек ұйымы
Электр байланысы одағы
Халықаралық қаржы корпорациясы
Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры.
БҰҰ-ның білім беру,ғылым мен мәдениет жөніндегі ұйымы.
БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы.
БҰҰ азық түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы
БҰҰ-ның айналадағы орта жөніндегі бардарламасы.
30 Жағалаудағы мемлекет үшін аумақтық сулардың сыртқы шекарасы оның теңіздегі мемлекеттік шекарасы болып табылады. 1982 жылғы Теңіз құқығы бойынша Конвенция аумақтық сулардың енін 12 теңіз миліне дейін белгіледі? Сұрақ: аумақтық сулардың бастапқы сызықтарын анықтаңыз.
Жауап: Ішкі және территориялық сулар ұғымы. Аймақтық теңіз – бұл жағалаудағы мемлекеттің ішкі теңіз суларына немесе аймақтық құрлығына жанасатын ені 12 теңіз миліне дейінгі теңіз белдеуі. Өзінің құқықтық мәртебесі бойынша аймақтық теңіз жағалауындағы мемлекет аймағының бөлігі ретінде танылады, ол өзінің егемендігін аймақтық теңіз суларына ғана емес, сонымен бірге оның түбіне, әуе кеңістігіне, аймақтық теңіз түбі мен қойнауына да жүргізе алады. Аймақтық теңізде мемлекеттік шекара оның теңіз сулары шегіндегі сызығымен ғана емес, сонымен бірге осы сызықпен өтетін вертикальды қабатымен, оның түбі мен қойнауы, әуе кеңістігін белгілейтін қабатымен де анықталады.
БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі ІІІ Конференциясы аймақтық теңіздің ең жоғарғы енін 12 теңіз милі ретінде Конвенциялық ережені бекітті. 1982 ж. БҰҰ теңіз құқығы бойынша Конвенциясының күшіне енгенінен кейін аймақтық теңіздің енін 12 теңіз милінен жоғарылатуды ұсынған бірқатар мемлекеттер өз заңдарын Конвенцияға сәйкестіндірді.
БҰҰ Конвенцияға сәйкес, аймақтық суларды есептеудің 3 негізгі тәсілдерін қарастырды:
— судың ең көп қайту сызығынан жағалаудағы мемлекеттің жағасын бойлай;
--- ¾ егер жағалаулық сызық қатпарлы, жырымдалған немесе жағалауға жақын жерде аралдар тобы болса, онда тікелей бастапқы сызық әдісі қолданылуы мүмкін, яғни теңіздегі мейлінше шығып тұрған аралдардың жене жағалаудың нүктесі;
—ішкі теңіз суларынан.
Аумақтық суда шетелдік кемелердің кәсіпшілік қызметіне жол бермейтіндіктен, жағалау мемлекеті кәсіпшілік үшін лицензия бepyi мүмкін. Әдетте, қызметтің мұндай тәртібіне екіжақты келісім негізінде жол беріледі.
БҰҰ конвенциясы шетелдік кемелердің аумақтық теңіз арқылы бейбіт түрде жүріп өту құқығын бекітті, бұл бұрыннан пайда болған және халықаралық әдет-ғұрып ережесі ретінде дамыды. Теңіз дауылы кезінде кемелердің шығанақтарға, койнауларға және өзге де қауіпсіз жерлерге тағалауына мүмкіндік беретін қауіпсіз теңіз жолдары және мейлінше ыңғайлы жолдар мемлекеттердің жағалауында орын алады.
