Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3list.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.09 Кб
Скачать

1. Танудың негізгі түрлері және нысандары

Тану бұл танылып жатқан мемлекетпен заңды қатынастарға түсу үшін қажетті акт. Бұл институт халықаралық құқық норамларымен және жекелеген көпжақты, екі жақты шарттармен реттеледі. Танудың екі теориясы бар: Декларативті бұл белгілі бір халықаралық құқық субъектілерінің пайда болғанын айтады,бірақ үлкен заңды маңызы жоқ, Конститутивтік бұл мемлекет тек оны басқа мемлекеттер таныған кезде ғана таниды. Мемлекетті тану жазбаша нысанда болады. Танылып жатқан мемлекет ол тануды дипломатиялық нота арқылы белгілейді. Халықаралық танудың нысандары: де юре құқық субъектісін пайда болғаннан толықтай тану, де факто құқық субъектісі пайда болғаннан жартылай тану,ад хос құқық субъектісін пайда болғаннан бір реттік тану.танудың түрлері: мемлекетті тану,үкіметті тану конституциялық жолмен емес, биліктің ауысуы жағдайында тану, ұлт азаттық қозғалысты тану.

2.Қандай жағдайларда құқықмирасқорлық туралы сұрақ көтеріледі?

Бұл бір нақты оқиғалар мен жағдайлардың нәтижесінде бір мемлекеттің құқықтары мен міндеттерінің екінші бір мемлекетке өтеді. Ол құқықмирасқорлық деп аталады. Мирасқорлық мынандай жағдайларда туындайды: мемлекет бөлінгенде, мемлекеттен территорияның бөлігі бөлінгенде, мемлекеттерді бір мемлекетке біріктейді,әлеуметтік революцияның нәтижесінде жаңа мемлекет пайда болғанда, отардан азат ету процессі нәтижесінде жаңа мемлекеттер пайда болғанда. Сонымен қатар құқықмирасқорлық туындаған жағдайдағы оның негіздері: мемлекеттік меншікке,мемлекеттік шарттарға,мемлекеттік мұрағатқа, мемлекеттік қарызға. мирасқорлықтың реттейтін екі конвенциялары: 1983 ж.мемлекеттік меншікке,мұрағатқа және қарыздарға байланысты мемлекеттің құқықтық мирасқорлық туралы Вена конвенциясы; 1978 ж. Шарттарға байланысты Вена конвенциясы.

3. Мемлекеттің қандай органдары өкілеттіксіз халықаралық шарттарды бекіте алатынын анықтаңыз және шарттарды бекітудің кезеңдерін атаңыз.

Халықаралық келісімшарт құқығының субъектісі болып халықаралық құқытың барлық субъектілері болып табылады, өйткені олардың халықаралық келісімшартты жасасуға құқытық қабілеті бар.бірақ осындай құқық қабілеттілік халықаралық құқықтың негізгі қағидаларынан немесе басқа да императивті нормаларымен шектелген. Шартты арнай құжат өкілеттілік берілген тұлғалар ғана жасауына болады.ол өкілеттілік шарт жасаудың барлық немесе жекелеген кезеңдеріне ғана берілуі мүмкін.1969жылғы конвенцияға сәйкес мемлекет басшылары,үкімет басшылары және сыртқы ведомстволарының басшылары келісім шарт жасауға арнайы құжат қажет етпейді.өкілеттіліктің берілуі мемлекеттің ішкі заңымен реттеледі. Қазақстанның заңына сай шартты Президентке, Премьер министрге, Сыртқы істер министріне оны жасауға арнайы өкілеттіліксіз жасауға құқық берілген.ал шартқа қол қоюды арнайы рұқсаттың негізінде жүргізеді. Халықаралық келісім-шарттарды жасау сатылары:1) мәтінді дайындау және оның түпнұсқалығын белгілеу;2)келісімшарт мәтінін қабылдау, 2/3 дауыспен қабылдайды;3)келісімшарттың міндеттілігіне келісімін беру, аутенттикалығын белгілеу(келісім беру);3)халықаралық шартқа қол қою. Қол қоюдың ерекше тәртібі бар. Ол альтернат деп аталады. Альтернат мемлекет жасасқан шарттардың теңдігін білдіреді.

4. ҚР 2005 жылғы 30 мамырдағы «Халықаралық шарттар туралы» заңының 11-бабында ҚР ратификациялауға жататын халықаралық шарттары көрсетілген. ҚР Конституциясы 4-бабының 3-тармағында ҚР ратификациялаған халықаралық шарттар оның заңдарының алдында басымдыққа ие деп көрсетілген Cұрақ: Осы ережеге байланысты өзіңіздің пікіріңізді білдіріңіз?

ҚР «халықаралық шарттар туралы» заңының 11-бабында ратификациялауға жататын шарттар тізімімен талаптары көрсетілген. Олар:

1) нысанасы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары болып табылатын;

2) орындалуы қолданыстағы заңдарды өзгертудi немесе жаңа заңдарды қабылдауды талап ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге ережелердi белгілейтiн;

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының өтуi туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ерекше экономикалық аймағын және құрлықтық қайраңын межелеп бөлу туралы халықаралық шарттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен аумақтық межелеп бөлiнуi туралы;

4) мемлекетаралық қатынастардың негіздерi туралы, қарусыздану немесе қару-жараққа халықаралық бақылау жасау, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер бойынша, сондай-ақ бітімгершілік халықаралық шарттар мен ұжымдық қауiпсiздiк туралы халықаралық шарттар;

5) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық бірлестiктер мен халықаралық ұйымдарға қатысуы туралы, егер мұндай халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарының бір бөлігін жүзеге асыруды оларға берудi көздейтiн болса немесе олардың органдары шешiмдерiнің Қазақстан Республикасы үшiн заңдық тұрғыдан мiндеттілігін белгiлесе;

6) мемлекеттік қарыздар туралы;

7) гуманитарлық көмектi қоспағанда, Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де көмектер көрсетуi туралы;

8) қол қою кезiнде келiссөздерге қатысушы тараптардың кейiннен оларды ратификациялау туралы келiскен;

9) егер халықаралық шарттарда мұндай келісім ратификациялау арқылы бiлдiрiлетiнi көзделсе, халықаралық шарттар ратификациялауға жатады.

Бұл баптағы талаптарға сүйенетін болсақ, Қр Конституциясындағы талаптарға ешқандай қарама-қайшылық тудырып отырған жоқ. Сондықтан оның басым күші болуға ешқандай кедергі жоқ.

5. ГФР-ның азаматы Геринг Я. ҚР Президентінің атына оған ҚР азаматтығын беру өтінішін берді, алайда ол ГФР-ның да азаматы болып қалғысы келеді. Сұрақ: Геринг Я. ҚР азаматы бола ала ма? Қос азаматтық бен азаматтығы жоқтықтың түсінігін ашыңыз. Азаматтықты алу жолдарын атаңыз.

ГФР азаматы Геринг Я. Қазақстан республикасының азамттығын, егер ГФР дағы азаматтығынан бас тартқан жағдайда ғана алала алыд. Себебі Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа тиым салынған.

қазақстан Республикасының азаматтығы:н алу жолдары:       1) тууы бойынша;        2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;        3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша; 

Белгілі бір жағдайларда бір  азаматы басқа бір мемлекеттің азаматтығын қатар алуы мүмкін. Адамның мұндай жағдайы қос азаматтық деп аталады.

6. 1966 жылғы Адам құқықтары туралы Пактінің депозитарийі болып БҰҰ Бас хатшысы табылады. Сұрақ: Мемлекет халықаралық шарттың депозитарийі бола ала ма? Депозитарийдің түсінігін ашыңыз және оның функцияларын анықтаңыз.

Депозитарий дегеніміз халықаралық шарттың мазмұнын және оның ратификацияланғаны жөніндегі құжаттарды сақтауға міндет алған мемлекет немесе халықаралық ұйым. Яғни мемлекет халықаралық шарттың депозитарийі бола алады. Депозитарийдің функциясы халықаралық негізде болғандықтан, ол еш кемшіліксіз орындалуға тиіс. Депозитарий мынадай функциялады орындайды:

Шарттың мазмұнының түпнұсқасын және депозитарийге берілген өкілеттіктерді сақтау;

Шарттың көшірмелерін жасау және оның басқа тілдегі мазмұнын дайындау;

Шартқа қол қойдыру және оған қатысты барлық құжаттарды, хабарламаларды сақтау;

Қойылған қолдар, құжаттар, хабарламалардың белгілі формада орналасу мәселесін шешу;

Шарттың қатысушысы болуға құқылы мемлекеттерді немесе тұлғаларды шарт туралы хабарламалармен, құжаттармен таныстыру;

БҰҰ Хатшылығынды шарттарды тіркеу.

7. Қазіргі кезде ҚР шетелдерде 49 дипломатиялық өкілдіктері (42 елшілік, 7 дипломатиялық миссия), халықаралық ұйымдардың жанында 4 тұрақты өкілдіктері және 17 консулдығы бар. Сұрақ: Дипломатиялық өкілдіктердің сыныптарын, консулдық мекемелердің түрлерін анықтаңыз. Олардың функцияларын атаңыз.

Дипломатиялық өкілдіктер бұл мемлекеттің шетелдік сыртық қатынас органдары ішіндегі орталық орган болып табылады.Тұрақты дипломатиялық өкілдіктерге:елшіліктер,миссиялар,сауда және мәдениет өкілдіктері мен миссиялар, халықаралық ұйымдардағы және мекемелердегі тұрақты өкілдіктер,екіжақты және көпжақты халықаралық конференцияларда конгрестерге қатысу үшін жіберілетін делегациялар,уақытша өкілдіктер.Дипломатиялық өкілдіктің екі түрі бар:Елшілік,Миссия. Елшілікті Төтенше және Өкілетті елші.Миссияны Төтенше жіне Өкілетті Елші өкіл немесе сенім білдірілген өкіл басқарады.Дипломатиялық өкілдіктің басшылары үш класқа бөлінеді: Төтенше және Өкілетті Елшілер – мемлекет басшылары жанынан аккредиттелген; Төтенше және Өкілетті Елші –Өкілдер – мемлекет басшылары жанынан акредиттелген; СЕнім білдірілген Өкіл – Сыртқы істер министрі жанынан аккредиттелген.Дипломатиялық өкілдіктің атқаратын функциялары мынандай: келген елде өз мемлекеттің өкілдігін жүзеге асыру;келген елде аккредиттелген мемлекеттің,оның азаматтарының мүдделерін қорғау;келген елдің үкіметімен келіссөз жүргізу;келген елдегі жағдайлар мен оқиғаларды барлық заңды құралдармен анықтайды;аккредиттелген мемлекетпен және келген елдің арасындағы достық қатынастрады қолдау.

Мемлекеттер арасында консулдық қатынастар орнағанда консулдық мекеме ашылады. Ол үшін сол консулдық өз қызметін атқаратын мемлекеттің келісімі қажет. Консулдықты ашу жөніндегі келісімге өзара ортақ негізде қол жеткізіледі. Сонымен қатар, қабылдаушы мемлекетпен жасалатын шарт бойынша, консулдық округ анықталады; яғни, консулдық өз функцияларын қабылдаушы мемлекеттің осы ауданы шеңберінде жүзеге асырады. Келісімде, сонымен қатар, консулдық мекеменің класы да қарастырылады. Халықаралық тәжірибеде консулдық өкілдіктердің төрт класы қалыптасқан:1) бас консулдық; 2) консулдық;3) вице-консулдық;4) консулдық агенттік. Оларды сәйкесінше бас консул, консул, вице-консул және консулдық агент басқарады. Консулдық мекемелердің басшыларын жіберуші мемлекет өзі тағайындайды, ал оларға өз функцияларын атқару рұқсатын қабылдаушы мемлекет береді.

8. Бүгінгі таңда БҰҰ-ның 18 мамандандырылған мекемелері бар (МВФ, МБРР, МАР, ЮНЕСКО және т.б.). Олардың әрқайсысы дербес халықаралық ұйым болып табылады. Сұрақ: Халықаралық ұйымның негізгі белгілерін атаңыз. БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің түрлерін атап шығыңыз және олардың БҰҰ-мен байланысын негіздеңіз.

Халықаралық ұйымдардың негізгі белгілері:

Ұйым мүшелерінің ұйымдастырушылық құқықтық бірлігі; мемлекетаралық келісімнің бірыңғайлығы; өз атынан шығады, өз еркіндігін көрсетеді; өз заңдары бойынша жұмыс жасайды жәнедамиды.

БҰҰ мамандандырылған мекемелер БҰҰмен арнайы келісім арқылы байланысты жеке халықаралық ұйымдар. Мамандандырылған мекемелер үкіметаралық ұйымдардың келісімі негізінде құрылады.

Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым; Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы; Бүкіләлемдің интеллектуалдық меншік ұйымы; Бүкіләлемдің почта одағы; Халықаралық даму ассоциациясы; Халықаралық теңіз ұйымы; Халықаралық азаматтық авиация ұйымы; Халықаралық еңбек ұйымы; Халықаралық қаржы корпорациясы; Халықаралық реконстркуция және даму банкі; Халықаралық валюта қоры; Халықаралық электробайланыс одағы; Хал. Ауылшаруашылығын дамыту қоры; ЮНЕСКО, Өндірістік даму жөніндегі БҰҰ, ФАО, Бүкіләлемдің туризм ұйымы.

9. Соңғы онжылдықта ғалымдар мен саясаткерлер арасында мемлекеттердің әрекеттерін келістіретін демократиялық бастамада бейбітшілік және халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін орталық ретінде құрылған БҰҰ қазіргі заманның ғаламдық және басқа да мәселелерін шеше алмайды және де ол жаңа жағдайларға бейімделіп, жаңарып, қайта құрылуы қажет деген пікір айтылып жүр. Сұрақ: БҰҰ-ның құрылымын ашыңыз және оның қайта құрылуы мүмкін деген өзіңіздің ойыңызды негіздеңіз.

БҰҰ құрылымы:

Бас Ассамблея – БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені талқылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді, Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Қауіпсіздік және Экономикалық-әлеуметтік кеңестерге мүшелерді тағайындайды. Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен Бас хатшыны 5 жылдық мерзімге тағайындайды және Халықаралық сот мүшелерін тағайындадйды. Бас Ассамблея отырысы жыл сайын қыркүйек пен желтоқсан айлары арасында өтеді.

Қауіпсіздік кеңесі – халықаралық бейбітшілік пек қауіпсіздік үшін күреседі. Оның шығарған барлық шешімдеріне БҰҰ мүшелері бағынуы тиіс. Бес тұрықты мүшелері (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай) вето құқығына ие. Ал қалған 10 түрақсыз мүшелерді БҰҰ уставының 23-бабына сәйкес сайланады.

Хатшылық - бұл әлемнің барлық БҰҰ кеңселерінде түрлі ресми жұмыстармен айналысатын халықаралық персонал. Негізгі кеңселері Нью-Йоркте, Женевада және Венада.Хатшылықты бас хатшы басқарады.

Экономикалық және әлеуметтік кеңес – 5 аймақтық комиссиядан тұрады: Европалық экономикалық комиссия, Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссия, Батыс Азия үшін Экон. және әлеум. Ком., Африка үшін, Латын Америкасы және Кариб бассейні үшін.

Қамқорлық жөніндегі кеңес – негізгі міндеттеріне қамқорлыққа алынған территория тұрғындарының саяси, экон., әлеум. пргресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін өзі басұаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогресситі дамуына жәрдемдесу жатады. 1994 ж. 1 қарашада уақытша жұмысын тоқтатты.

Халықаралық сот – мемлекеттер арасында даулы мәселелрді шешетін, сондай-ақ, БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығаратын ең басты ұйым саналады. 15 тәуелсіз соттардан тұрады. Олар басқа жүмыстармен айналысуға құқықтарынан айрылған және дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге ие. Сотқа тек мемлекеттер қатыса алады, ал жеке және физикалық түлғалар қатыса алмайды.

16 арнаулы мекеме: Дүниежүзілік банк, МАГАТЭ, ЮНЕСКО, Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ-ң балалар фонды,БҰҰ-ң өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекесі,т.б., және арнаулы комиссиялар: Халықаралық Құқық комиссиясы, Халықарықаралық Сауда құқығы жөніндегі комиссиясы.

Ресми тілдері: ағылшын, араб, испан, француз, қытай, орыс. БҰҰ-ң Жарғысы осы ұйымның бас құжаты болып табылады. Онда мүше-мемлекеттердің барлық міндеттері мен ұйымның қағидалары баяндалған.

10. Адамзаттың даму тарихының барысында аумақтық мәселелерге қатысты даулар және де аумақтың тиісінше бөлінуі бойынша мәселелер ежелден мемлекеттер арасында соғыстар туғызуы мүмкін маңызды мәселелерге жатқызылған. Сұрақ: Бүгінгі таңда мемлекеттік аумақтың бөліп бекітудің қандай тәсілдері құқыққа сай деп саналады? Басқыншылық (оккупация) пен иелену мерзімінің ескіруіне байланысты аумақты меншікке айналдыруға қатысты не ойлайсыз?

Бұрынғы кезеңдерде территорияны иемденудің жиі кездесетін тәсілдері басып алу (оккупация) және иемденудің ұзақтығы болды.

Басып алу (оккупация) - белгілі-бір мемлекеттің егемендігіне тиесілі емес, яғни ешкімдікі емес болып табылатын территорияны алып қою және басқару.

Иемденудің ұзақтығы - бұрын өзге мемлекетке тиесілі болуы мүмкін, алайда ол мемлекет жаңа егеменге ұзақ уақыт бойы қарсылық білдірмеген, территорияны іс-жүзінде ұзақ және бұзылмас иелену жолымен иемдену.

Территорияны иеленудің бұл 2-ші әдісі, соғыста, өзге бір әдіспен өзгенің территориясын жаулап алуда тыйым салынбаған, ал халықаралық құқықты территориялық біртұтастық және халықтардың өз тағдырын өздерінің шешуі қағидалары болмаған кездерде орын алған. Халықаралық құқық тәжірибесінде территорияны арттыру (аккреция) және тағайындау (адъюдикация) тәрізді иемдену тәсілдері де белгілі.

Территорияны арттыру ретінде табиғи немесе жасанды себептермен жаңадан пайда болған құрлық территорияларды қосып алу түсініледі. Кей жағдайларда осылайша пайда болған құрылымдар мемлекет территориясының өзгеруіне әкеп соқпайды (территориялық су шеңберінде пайда болған арал).

Ал, көп жағдайларда құрлық территориясының өзгеруі, оның су шекарасының өзгеруіне де алып келеді. Халықаралық - құқықтық әдебиеттерде, арбитраждың немесе халықаралық соттың шешімі бойынша территорияны тағайындау, көбіне - көп территорияны алудың тәсілі ретінде айтылады.

Кейбір авторлар мемлекеттер конференциясының шешімінде осының қатарына жатқызады, яғни жеңімпаз - державалар конференциясы соғыс аяқталғанда, жалпы бейбітшілік реттеу кезінде территорияны белгілі- бір мемлекетке береді.

Адъюдикация, шын мәнінде, территорияны иемденудің дербес тәсілі ретінде көрініс алмайды. Тараптар дау туған кезде немесе бірінің құқығы бұзылған жағдайда арбитражға немесе сотқа жүгінеді. Территорияның шын мәнісінде кімге тиесілі екендігін тек сот қана анықтап береді.

11. ҚР мемлекеттік шекарасының өтуін белгілеу және өзгерту халықаралық шарттарға және ҚР заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Сұрақ: ҚР мемлекеттік шекарасының құрлықта, теңізде, кеме жүзетін өзендерде өтуін анықтаңыз. Делимитация, демаркация және редемаркация түсініктерінің мағынасын ашыңыз.

1. Қазақстандық және шетелдік (суүсті және суасты) кемелер, әскери корабльдер, мұз үстімен жылжитын құралдар Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес теңізде, өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында Мемлекеттік шекараны кесіп өтеді.

2. Шетелдік суасты кемелері (құралдары) аумақтық суларда (теңізде) Мемлекеттік шекараны су үстімен және туын көтеріп кесіп өтеді және жүзеді.

3. Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің порттарына кірмей, Мемлекеттік шекараны кесіп өте отырып, шекаралық өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында кеменің жүзуі Қазақстан Республикасы ратификациялаған, шектес мемлекетпен жасалған халықаралық шартпен реттеледі.

4. Қазақстандық және шетелдік (суүсті және суасты) кемелер, шетелдік әскери корабльдер, мұз үстімен жылжитын құралдар Мемлекеттік шекараны кесіп өткен және Қазақстан Республикасының порттарына (рейдтеріне) кіріп немесе кірмей, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда жүзген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының порттарынан (рейдінен) Мемлекеттік шекараға қарай жүзген кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің талап етуі бойынша:

1) егер өз туы көтерілмеген болса, оны көрсетуге;

2) егер ол жүзу үшін тыйым салынған немесе уақытша қауіпті ауданға, сондай-ақ жасанды аралдың, қондырғының немесе құрылыстың айналасында белгіленген қауіпсіздік аймағына бағыт алса не жүзу режимін басқа да бұзушылыққа әкеп соғатын болса, бағытын өзгертуге;

3) аумақтық суларға (теңізге) немесе ішкі суларға кіру мақсаты, қозғалыс схемасынан ауытқу себептері туралы хабарлауға;

4) тексеру (кеме жайларын қарап тексеру) үшін тоқтауға және қарап тексеру тобын қабылдауға, кеме және навигация құжаттарын, экипаж мүшелері мен жолаушылардың құжаттарын, жүктерге немесе тауарларға құжаттарды ұсынуға;

5) бағытты өзгертіп, Қазақстан Республикасының портына немесе өзге де көрсетілген пунктке баруға;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.

Осы баптың 4-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелері шетелдік әскери корабльдер мен коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын шетелдік мемлекеттік кемелерге қолданылмайды.

Делимитация - мемлекеттік шекара сызығы жалпы бағытының карталарда және с.с. документтерде өтуін шарттық тәртіпте анықтау. Делимитация кезінде шекара сызығының өтуі арнайы таңдап алынған және келісіп қойылған табиғи немесе жасанды нүктелерге не ориентирлерге негізделе отырып, схемалар мен карталарда, екіұшты талқылануға жол бермей, толық суреттеледі.

Демаркация - бұл мемлекеттік шекара сызығын арнайы шекара белгілермен (пирамида, бағана, буй, шамшырақ) көрсету арқылы жүргізу. Демаркация жүргізгенде протокол - әрбір шекаралық белгінің ерекше белгілерінің суреттемелері енгізілген жерлерде шекара сызығы өтуінің схемалар мен фотографиялармен бірге жан-жақты суреттемесі жасалады.

Редемаркация - бұрын демаркацияланған шекараны тексеру және айқындау, жойылған немесе бүлінген шекаралық белгілерді жөндеу, қалпына келтіру, шекаралық белгілердің бір түрін басқа түрмен ауыстыру, қосымша белгілерді орнату және т.б.

12. Жағалаудағы мемлекет үшін аумақтық сулардың сыртқы шекарасы оның теңіздегі мемлекеттік шекарасы болып табылады. 1982 жылғы Теңіз құқығы бойынша Конвенция аумақтық сулардың енін 12 теңіз миліне дейін белгіледі? Сұрақ: аумақтық сулардың бастапқы сызықтарын анықтаңыз.

Аумақтық сулар – белгілі бір мемлекет иелігіне енетін, сол мемлекет аумағының бір бөлігі

БҰҰ Конвенцияға сәйкес, аймақтық суларды есептеудің 3 негізгі тәсілдерін қарастырды:

— судың ең көп қайту сызығынан жағалаудағы мемлекеттің жағасын бойлай;

¾ егер жағалаулық сызық қатпарлы, жырымдалған немесе жағалауға жақын жерде аралдар тобы болса, онда тікелей бастапқы сызық әдісі қолданылуы мүмкін, яғни теңіздегі мейлінше шығып тұрған аралдардың жене жағалаудың нүктесі;

—ішкі теңіз суларынан.

Осы конвенцияда өзгеше көзделмесе, аумақтық сулардың енін өлшеу үшін бастапқы сызығы жағалаудағы мемлекеттің кең ауқымды теңіз карталарында ресми танылған жағалаудың бойындағы ең ауқымды судың қайтуы болып табылады.

13. Айрықша экономикалық аймақ – аумақтық теңіздің сыртқы шекарасында орналасқан және оған 200 мильге дейінгі енімен жанасқан теңіз кеңістігінің белдеуі. Сұрақ: Экономикалық аймақтың бастапқы сызықтарын анықтаңыз. Бұл аймақ жағалаудағы мемлекеттің аумағына кіреді ме?

Ерекше экономикалық аймақ ерекше заңды дәрежесі бар, шетелдік кәсіпкерлерге жеңілдік берілген шектелген аумақ. белгілі бір аймақ территориясының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету үшін шетелдік инвестицияны, озық технология мен басқару тәжірибесін тарту мақсатымен құрылатын, нақты айқындалған әкімшілік шекарасы және ерекше заңды режимі бар арнайы территория. ЕЭА-ның шаруашылық мәселелерін шешуде кеңейтілген дербестігі болады, онда басқарудың ерекше тәртібі орнатылады, шетелдік және отандық кәсіпкерлердің экон. қызметі үшін жеңілдіктер жасалады. ЕЭА кейде мемлекеттің жалпы кедендік шеңберінен шығарылады. Сыртқы экон. қызметінің, кәсібінің, берілген еркіндіктің және шаруашылық жағынан мамандануының сипатына қарай еркін сауда аймақтары: экспорттық-өнеркәсіптік аймақ, технол. аймақ және кешенді аймақ болып ажыратылады. Еркін сауда аймағының негізгі мақсаты сауданы дамыту болып табылады. Сондықтан тауарларды сыртқа шығарып, шеттен әкелуге кеден салығынан босату, саудаға шек қоюшылықты алып тастау, тауарларды қоймада сақтауға және олардың жергілікті рынокқа бейімделуіне барлық жағдай жасау көзделген. Экспорттық-өнеркәсіптік аймақтар экспорттық өнімдерді шығаруды дамыту үшін құрылады. Олардың территориясында тиісті өнімдер шығаратын кәсіпорындар үшін кедендік баж салығы мен басқа да салықтар бойынша жеңілдіктер беретін арнайы кедендік режим қабылданады. Технологиялық аймақтарда зерттеу, жобалау және ғыл.-өндірістік фирмалар шоғырланады, олар салық және қаржы жағынан жеңілдіктердің бірыңғай жүйесін пайдаланады және тех., қаржылық және қаржылық емес сипаттағы әр түрлі қызмет атқарады. Кешенді аймақтар жекелей әкімш. құрылымдардың территорияларында шаруашылық қызметке ерекше жеңілдіктер беру тәртібімен құрылады.

14. 1958 ж. Континенталдық қайраң туралы Конвенция және 1982 ж. Теңіз құқығы бойынша конвенция жағалаудағы мемлекет континенталдық қайраңдағы ресурстарды барлау және зерттеу мақсаттарында оған қатысты егеменді құқықтарды жүзеге асыратынын бекітті. Сұрақ. Континенталдық қайраңның анықтамасын ашыңыз. Жағалаудағы мемлекеттің құқықтары континенталдық қайраңдағы суға және оның үстіндегі әуе кеңістігіне таралады ма?

Құрлықтық қайраң дегеніміз (ағьлшын тілінен аударғанда сөре, шығыңқы жер, саяз жер), теңіз түбі тігінің кенеттен ұлғаюы белгіленетін, жағалау сызығынан тереңдігіне дейін жайылып жататын материктер айналасындағы су асты жазығы.

Материктің су асты шетінің құрамдас бөлігі ретінде континенттік қайраңға: континенттік құрлықтық қайраң және континенттік (құрлықтық) тұғыр жатады.

1958 ж. Конвенция және 1982 ж. Конвенция да жағалаудағы мемлекеттің қайраңға қүқығы - қайраң бетін жабатын судың жөне сол сулардың үстіндегі әуе кеңістігінің күқықтық мәртебесін қозғамайтыны туралы ережелерден тұрады. Жағалаудағы мемлекетке континенттік қайраңның ресурстарын барлау жөне оның табиғи ресурстарын өндеу мақсатында егеменді құқық беріледі. Бұл құқықтар, егер жағалаудағы мемлекет континенттік қайраңға барлау жүргізбесе және оның ресурстарын өндемесе ерекше болып табылады, ешкім мұндай жұмыстарды жағалаудағы мемлекеттің белгілі бір келісімінсіз жүргізе алмайды.

Жоғарыдағы құқықтар олардың қайраңды тиімді немесе жалған басып алуына не сол туралы тікелей жариялауына тәуелді емес.

Жағалаудағы мемлекеттің континенттік қайраңда егеменді қүқықтарын жүзеге асыруы кеме қатынасына, балық аулауға жөне Конвенцияда көзделген басқа құқықтар мен бостандықтарға шек қоймауы немесе кез келген дәлелсіз кедергілерге, олардың жүзеге асуына соқтырмауы тиіс.

Жоғарыда айтып өткендей, континенттік қайраңның бетін жабатын сулардың мәртебесі ашық теңіз суының бөлігі болады және сол бөлікте ашық теңіз қүқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Бүл бостандықтарға кеме қатынасы, балық аулау, ұшу, су асты кабельдері мен құбырларын жүргізу, жасанды арал және құрылғылар салу бостандықтары жатады.

БҰҰ Конвенциясы бойынша, жағалаудағы мемлекеттерге жасанды арал жасауға рұқсат беру және оның қызметін реттеу, сонымен қатар пайдалану және қолдану, континенттік қайранда экономикалық мақсаттарға қажетті құрылғылар мен жабдықтар орнатуға айрықша құқықтар беріледі.

15) 1993 жылғы 22 қаңтарда ТМД елдері қабылдаған Отбасы, азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Конвенцияда экстрадиция туралы ережелер белгіленген. Қазақстан Экстрадиция туралы келісімді Монғолиямен, Қытаймен, АҚШ-пен және өзге де мемлекеттермен бекітті. Сұрақ. Экстрадицияның түсінігін ашыңыз және оның құқықтық шарттарын анықтаңыз.

Халықаралық құқық теориясында «беру» (экстрадиция – французша extraditition

сөзінен және латынша ex – сыртында + traditio – тапсыру сөздерінен шыққан) ұғымына

үлкен көңіл бөлінді.

Экстрадиция – тергеу және сот үшін тұлғаны бір мемлекеттен екінші мемлекетке беру;

халықаралық шартқа сәйкес немесе онсыз болуы мүмкін, бірақ саяси қылмыстарға

айыпты тұлғалар берілуге жатпайды.

Экстрадиция туралы көптеген екіжақты шарттар бар. Бұл, мысалы, Германия және

Югославия арасындағы келісім (1970 ж.), Германия және Австралия арасындағы (1987 ж.),

Италия және Австралия арасындағы (1973 ж.), Испания мен Мексика арасындағы (1978

ж.), Бельгия және Австралия арасындағы (1985 ж.), Бельгия және Норвегия арасындағы

(1981 ж.), Ирландия және АҚШ арасындағы (1983 ж.), сондай-ақ Латын Америкасы,

Еуропа елдері арасындағы және т.б. келісімдер. Аймақтық келісімдердің ішінен 1966

жылы Ұлттардың британдық ынтымақтастығының мүшелерімен жасалынған

қылмыскерлерді беру туралы шартты еске алуға болады.

16) БҰҰ Халықаралық Сотының Статутының 38 бабында халықаралық құқықтың қайнар көздерінің тізімі бар. Алайда, бұл тізімнің ішінде халықаралық конференциялардың және халықаралық ұйымдардың актілері көрсетілмеген. Сұрақ: Халықаралық құқықтың қайнар көздерін атап шығыңыз. Халықаралық конференциялар мен халықаралық ұйымдардың актілерін халықаралық құқықтың қайнар көздеріне жатқызуға болады ма?

Халықаралық жариялық құқықтың әлі күнге дейін жалпыға та­нылған, бірыңғай қайнар көздері түрлерінің тізімінің жоқ екендігін айта кету қажет. Бұл тізімінің бір нұсқауы ретінде, БҰҰ Халықаралық сотының Статуты пайдаланылуы мүмкін. 38 бабында халықаралық құқық қайнар көздерінің са­наттарын көрсетеді. Біріншіден- олар халықаралық шарт, ха­лықаралық әдет өұрып пен құқықтың ортақ қағидалары. Екіншіден- құқықтық нормаларды анықтау үшін көмекші құралы ретінде- сот шешімдері мен доктрина келтіріледі.

Ең ақыры аяғында, біржақты халықаралық актілер мен ұлттық заңды сонымен қатар, халықаралық құқықтың қайнар көздеріне орай ұлттық соттардың сот шешімдерін сипаттау қажет. Біржақты халықаралық актілері болып, ең басты халықаралық үкіметаралық ұйымдардың актілері, сондай-ақ мемлекеттердің біржақты актілері табыла­ды. Халықаралық үкіметаралық ұйымдардың актілері, ішкіұйым­дық бола тұра, орындауға міндетті сипатына ие болуы мүмкін. Яғни ішкі мәселелерді реттеп, міндеттер орната алады, мұндағы айталық, халықаралық ұйымның құрылымындағы белгілі бөлімшелердің міндеттерін орнатуы.

17) Орыстың атақты ғалымы Г.И.Тункинның пікірі бойынша «Халықаралық жеке құқық – ішінара түрлі мемлекеттердің ұлттық құқықтық жүйесіне және ішінара халықаралық жария құқыққа (халықаралық шарттар) жататын құқықтық нормалардың кешені». Сұрақ: Халықаралық жеке құқық халықаралық жария құқықтың дербес саласы болып табылады ма? Халықаралық жеке құқықтың халықаралық жария құқықтан айырмашылығын атаңыз.

Қазіргі жаңа кезендегі халықаралық құқықты, халықаралық көпшілік (ХКҚ) және халықаралық жеке құқық (ХЖҚ) болып екіге бөледі. Бұл оқулық халықаралық жеке құқы мәселесін қамтитын сұрақтарды қарамайды, ХКҚ және ХЖҚ-ты салыстырмалы түрде алып қарайды. Негізінен үш көз-қарас қалыптасқан.

Халықаралық жеке құқық ұлттық құқықтың бөлігін құрайды және құқық ретінде мүлдем қарастырылмайды, сонымен бірге азаматтық құқық жүйесіне жатады. Бұл, тұжырым алғашқы рет 1926-шы жылы И.С. Перетерскийдің еңбегінде аталып өтті.

Халықаралық жеке құқық халықаралық құқықтың құрамы, интернационалдық бағытты ұстайды, яғни халықаралық құқық тең ХЖҚ, қосылған ХКҚ. Бұл көз қарасты С.Б. Крылов пен В.Э. Грабарь ұстанды.

Халықаралық жеке құқық азаматтық құқықтың арнайы салаларының бірін құрайды бірақ, негізінен ХКҚ-пен тығыз байланысты.

Халықаралық көпшілік құқық негізінен халықаралық өзара қарым-қатынастарды реттейді. Халықаралық жеке құқық шетел элементтерімен байланысты, азаматтық құқықтық қатынастарды реттейді. Халықаралық жеке құқық мемлекет ішіндегі құқықтың бір бөлігі болып табылады және өзінің реттеу әдісі мен өзіндік бағыты бар, мемлекет ішіндегі саласы бола тура, өзнің алатын жеке орны бар.

Халықаралық көпшілік құқық пен Халықаралық жеке құқықтың өзара қарым-қатынасы былай көрінеді:

Халықаралық көпшілік құқық пен Халықаралық жеке құқықтың өзара қарым-қатынасы

Өзара байланысы

Халықаралық құқық пен халықаралық жеке құқықтың айырмашылығы

Бір жақты бағыты

Халықаралық қатынастарды реттейді

Жалпы бастамасы

ХЖҚ іліміндегі ХҚ негізгі қағидаларының өзгеше түсіндірілуі.

Мемлекетрдің тануы

Басқа мемлекеттердің құқықсубъектілігін тану

Халықаралық жеке құқық туралы халықаралық шарттар халықаралық құқықтың қағидаларына қайшы келмеуі тиіс

Әртүрлі саладағы халықаралық қызметтестік үшін құқықтық жағдай жасаудың жалпы мақсаты

Мемлекет Жеке және заңды

Мемлекет тәріздес Субъектілер тұлғалар

құрылымдар

Мемлекет аралық Объектілері Халықаралық, жеке

билік қатынастар құқықтық қатынастар

(азаматтық, еңбектік)

Халықарылық шарт Ұлттық заңдар,

Халықаралық әдет Қайнар көздері халықаралық

ғұрып шарттар,сауда әдет-ғұрыпы

Мемлекет еріктерінің Реттеу әдістері коллизияны жою

сәйкестігі

Халықаралық Жауапкершілік азаматтық құқықтық

құқықтық

Халықарылық құқықтың Қолдану аясы ұлттық

басты субъектілері субъектілер

18) Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары – бұл халықаралық құқықтың басқа да нормалары секілді заңды категория. Алайда, олар халықаралық құқық нормалары жүйесінде айрықша орынға ие болатындай ерекшеліктерге ие. Сұрақ: Сол ерекшеліктерді анықтаңыз.

Негізгі қағидалардың кейбіреулері көне заманнан бері өмір сүріп, халықаралық құқықтың бастауы болған. Бірақ олардың барлығы халықаралық түрінде тек қана 1945 ж. БҰҰ Жарғысында құрылып, жазылған. Ал содан кейін 1970ж. БҰҰ БА-мен ''БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекетаралық достық қарым-қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларацияда'' жүйеленіп, келісімді талқыға түсіп, кодификацияланған.

Негізгі қағидалар тек қана мемлекет үшін емес, сонымен қатар халықаралық құқықтың басқа субъектілеріне де міндетті. Мемлекеттің ішкі құқығымен қатар үкіметаралық ұйымдардың сыртқы қызметі оларға бағынады. Халықаралық құқықтың субъектісі болған барлық халықтар да оларды қадағалауы қажет. Олардың маңыздылығы халықаралық құқықтың субъектілері ғана үшін емес, сонымен бірге бүкіл халықаралық қатынастар үшін де құқықтық негіз қалайды.

1969ж. халықаралық келісім құқығы туралы Веналық конвенцияның 53-бабына сәйкес, негізгі қағидалардың кез-келгені тек қана орнына басқа қағиданың қойылуы негізінде өзгере алады және күшін жоя алады.

БҰҰ Жарғысында және халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларацияда негізгі 7 қағида тіркелген. Олар:

  • халықаралық қатынастарда күш қолданудан бас тарту;

  • халықаралық дауларды бейбіт амалдармен шешу;

  • басқа мемлекеттің ішкі істеріне араласпау;

  • БҰҰ Жарғысына сәйкес басқа мемлекттермен ынтымақтасу;

  • халықтардың тең құқықтылығы мен өзін-қзі анықтау;

  • мемлекеттердің егеменді тең құқықтылығы;

  • БҰҰ Жарғысына сәйкес қабылданған мемлекттердің өз міндеттерін адал орындау.

1975 ж. СБСЕ-нің қорытынды акті оларға тағы үшеуін қосты: шекара беріктігі; территория тұтастығы; адам құқықтарын құрметеу. Олардың ішінен бірінші қағида ғана жалпы халықаралық құқықтың құрамына кіре алмаған Оның негізгі таралу аймағы Еуропа болып табылады.

Қорытындылай келе, қазіргі заман халықаралық құқықта ресми түрде 10 қағида бекітілген.

19)Халықаралық құқықтың теориясында халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтың арасындағы мәселелер аса маңызды болып табылады. Бұл мәселемен Г.Трипель, Л.А.Камаровский, Ф.Ф.Мартенс, Г.И.Тункин, С.В.Черниченко және басқалар айналысқан. Сұрақ: Халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтың арақатынасы туралы негізгі теорияларды атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.

Ұлттық (ішкі мемлекеттік) құқық пен халықаралық құқық арақатынасы мәселесі заң

ғылымында бұрыннан талқыланып келе жатқан мәселелердің бірі.

Ұлттық және халықаралық құқық арақатынасы мәселелерін зерттеу ұлттық заңнаманы

құру мен жетілдірудегі, оны халықаралық-құқықтық стандарттарға сәйкес

бірыңығайластырудағы, сондай-ақ ұлттық құқықтық жүйенің бір бөлігіне айналған

халықаралық-құқықтық нормаларды имплементациялау мәнінің өсуіне байланысты

күрделі мәселелерді шешу үшін қажет.

Халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасы мәселелерінің теориялық аспектілері

отандық та, шетелдік ғалымдардың да еңбектерінде көрініс тапқан. Бұл мәселе кеңестік

заң ғылымының да назарында болған. Соның ішінде зерттеулердің көбі құқықты

теориялық тұрғыдан зерттейтін заңгерлерге қарағанда халықаралық құқық мамандарымен

жүргізілген. Имплементация мәселелерін құруда кеңестік құқықтық жүйе артықшыққа ие

болған. Ал бүгінгі күні бұл мәселенің көптеген теориялық және практикалық

аспектілерінің жаңа шешімдері қажет.1

Д. Левин халықаралық және ішкімемлекеттік

құқықтың арақатынасы мәселесі үш аспектіге ие деп атап көрсеткен. Олар: халықаралық

құқық нормаларының құрылуы мен дамуына ішкі құқық нормаларының фактілі түрдегі

әсері, мемлекеттің аумағында халықаралық құқық нормаларының формальді күші мен

оны орындалу тәсілдері, халықаралық және ішкі мемлекеттік құқық нормалары

арасындағы коллизиялар, яғни қарама-қайшылықтар және оларды шешу жолдары. 2

Екі құқықтық жүйенің арақатынасында негізгі орынды әрбірінің ішкі жүйелік

байланыстары емес, халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтың жалпы қасиеттері

алады, себебі олардың арасында жүйе аралық байланыстар туындайды және дамиды. Ал

екі құқықты оқшаулауға әрбір жүйенің ерекше қасиеттері мен ішкі жүйелік байланыстары

әсер етеді.

2О) Халықаралық құқық ғылымында халықаралық құқық пен мемлекет ішіндегі құқықты сәйкестендірудің заңды нысандарының арасынан мыналарды ажыратады: трансформация (тікелей және жанама), инкорпорация, рецепция, халықаралық шартқа сілтеме жасау, имплементация. Сұрақ: Олардың әрқайсысының мәнін анықтаңыз.

« Трансформация » термині (латынның тransformatio – қайта құру, өзгерту) қайта құруды, өзгертуді білдіреді. Көбінесе қоғамдық ғылымдар бұл түсінікті радикалды құрылымдық өзгерістерді суреттеу үшін қолданады. Ол қоғамдық ұйымның жаңа сапалы жағдайына көшуді білдіреді. Трансформациялық процесс келесідей сатылардан өтеді: қоғамның осы күнгі жағдайын қайта бағалау; әлеуметтік диагностика, дағдарыстан шығудың мүмкін жолдарын анықтау; ескірген жүйені бөлшектеу; қоғамның жаңадан өзін-өзі билеуі.

 Рецепция  (лат. recepcio – қабылдау) бұл бір елдің, қоғамның осы немесе басқа елде, басқа кезеңінде туындаған құқықтық, мәдени және басқа да құндылықтарын қабылдауы, соған бейімделуі. Құқықтағы  рецепция деген осы елдің аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымның немесе құқықтық жүйенің жоғалған тұстарын қайта қалпына келтіру немесе басқа елдің, халықтың, жергілікті өркениеттің тәжірибесін алуды білдіреді.

 Инкорпорация  (лат. incorporatio – құрамына енгізу, қосылу) –имплементациялаумен қатар  халықаралық  құқық нормаларын ұлттық құқыққа енгізудің,  халықаралық   шарт  ережелеріне байланысты ұлттық заңнама нормаларын өзгертудің жалпы процесі ретінде қарастырылады

  Имплементация  (лат. implementatio – енгізу, жүзеге асыру) – ұлттық құқықтық жүйеге  халықаралық  немесе шетелдік құқық нормаларын енгізу процесін сипаттайтын термин.  Имплементация  термині көбінесе мемлекет  халықаралық-құқықтық  актіні ратификациялағаннан кейін басталады, бірақ  халықаралық  құқық нормаларының ұлттық құқыққа имплементациясы ратификацияға дейін де жүзеге асырылады (Қазақстан тәжірибесінен көруге болады).

Мемлекеттер тәжірибесінде ұлттық-құқықтық имплементацияның екі негізгі тәсілі қолданылады: біріншісі – халықаралық  міндеттемелерді орындау мақсатында жаңа нормаларды шығару, өзгерту немесе қазіргі ұлттық құқық нормаларының күшін жою. Екіншісі –  халықаралық  құқық нормалары (шарттық және (немесе) әдеттегі) ұлттық құқық аясында, мемлекет ішінде тікелей әрекет ете алатындай ұлттық құқықты  халықаралық  құқыққа сілтеме  жасау . Бірақ қандай жағдай болмасын ұлттық заңдар  халықаралық  келісімдерге қайшы келмеуі тиіс.

21) Халықаралық құқық доктринасында мынадай даулы мәселе бар: жеке тұлғалар халықаралық құқықтың субъектілері болып табылады ма деген? Сұрақ: Сіз жеке тұлғаның құқық субъектілігін жоққа шығарасыз ба немесе оны халықаралық құқықтың субъектісі ретінде танисыз ба?

Халықаралық құқықтың субъектісі–халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық пен міндетті тасушы тұлғалар.  Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады.  1) Алғашқы (егеменді) субъектілер, оларға егемендігі бар мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттарды жатқызуға болады.  2) Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тәрізді құрылымдар.  Халықаралық құқықтың субьектілерінің ерекше тобы - жеке тұлғалар. Ерекше құқық жүйесі ретінде халықаралық құқықтың ерекшелігі халықаралық құқық субьектіліктің ерекшелігін айқындайды және сонында халықаралық субьектілерінің сапалы сипатында анықтайды. 

Жеке тұлғалардың халықаралық құқық субъектілігі. Көпке дейін халықаралық-құқықтық әдебиеттерде индивидтің құқық субъектілігі жоққа шығарылып келді. ХХ ғ. 80-жылдарының аяғында индивидтің халықаралық құқық субъектілігінің жеке элементтерін мойындайтын еңбектер алғаш рет жариялана бастады. Жеке тұлға құқықтарының орындалуын бақылау мақсатында БҰҰ шеңберінде қосымша институттар құрылды. Сөйтіп, жеке тұлғаның халықаралық құқық субъектілігін үзілді-кесілді жоққа шығару қазіргі кезде ескірді деуге болады. Бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастарда жеке тұлғалардың халықаралық құқық субъектілерінің көлемі кеңеюде.

22. Халықаралық құқық ғылымында мемлекеттерді танудың рөлі және оның мәні жөнінде екі теория қолданылады. Сұрақ: Осы теорияларды атаңыз және олардың әрқайсысына сипаттама беріңіз. Қандай жағдайларда және неге қатысты құқықмирасқорлық туралы сұрақ көтерілетінін анықтаңыз.

Халақаралық тану мәселесін қарастыратын болсақ, халықаралық құқықтану – бұл танылып жатқан мемлекетпен заңды қатынастарға түсу үшін қажетті акт. Танылып жатқан (мемлекет) жақ болып табылуы мүмкін жаңадан пайда болған мемлекет, жаңа үкімет, тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар, ұлт-азаттық көтеріліс, халықаралық ұйымдар.

Тану дегеніміз – танып отырған мемлекеттің тиісті қоғам не үкіметтің өзін-өзі басқаруға, билеуге және соғысуға қабілеті бар мемлекеттілік белгілі қасиетке ие болғаны туралы берген декларациясы.

Халақаралық құқық теориясында тану туралы екі теория бар:

Декларативтік теория;

Конститутивтік теория.

Декларативтік теория бойынша тану белгілі бір халықаралық құқық субъектісінің пайда болғанын айтады. Бірақ үлкен заңды маңызы жоқ. өйткені мемлекеттің халықаралық құқықтың субъектісі ретінде пайда болуы тануға байланысты емес.

Конститутивтік теория бойынша мемлекет тек оны басқа мемлекеттер таныған кезде ғана халықаралық құқықтың субъектісі болады. Бұл теория мемлекеттердің басты белгісі – мемлекеттік егемендігінің маңызын төмендетеді. Мемлекет басқа мемлекеттердің еркіне, қалауына байланысты пайда болады.

Халықаралық құқыкта құқықмирасқорлықтың объектілері: мемлекетгік мұрағат жэне меншік, халықаралық шартгар, мемлекеттік қарыздар.

Танылатындар болып мыналар табылады:

• Жаңа үкімет;

• Мүлдем жаңа мемлекет;

• Ұлт азаттық қозғалыс;

• Өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар;

Халықаралық құқықта мемлекеттердің құқықтық мирасқорлығы туралы мәселелері мынадай жағдайларда туындайды:

• Мемлекет бөлінгенде;

• Мемлекеттен территорияның бөлігі бөлінгенде;

• Мемлекеттерді бір мемлекетке біріктейді;

• Әлеуметтік ревалюцияның нәтижесінде жаңа мемлекет пайда болғанда;

• Отардан азат ету процессі нәтижесінде жаңа мемлекеттер пайда болғанда.

23. Австранияның азаматы Борман Я. ҚР Президентінің атына оған ҚР азаматтығын беру өтінішін берді, алайда ол Австранияның да азаматы болып қалғысы келеді. Сұрақ: Борман Я. ҚР азаматы бола ала ма? Қос азаматтық пен азаматтығы жоқтықтың түсінігін ашыңыз. Азаматтықты алу жолдарын атаңыз.

Қазақстандық азаматтықты қабылдауда сұраныс берушіге егер ол басқа мемлекеттердің азаматтығында болса «Азаматтық туралы» Заңның 17-бабының 7-тармақшасына сәйкес бас тартылатын болады. Сондықтан жоқ, бола алмайды.

Азаматтық:

а) туған кезде;

б) халықаралық келісімшарт негізінде натурализация әдісімен;

в) шағымдану және қайта қалпына келтіру жолдарымен алынады.

Туғаны бойынша азаматтыққа ие болу. Көптеген мемлекеттердің заңнамаларын зерттеу мынаны көрсетіп отыр: туғаны бойынша азаматтықты алу 2 қағидаға негізделетіндігін:

1) қан құқығы қағидасы- тұлғаның азаматтығы ата-анасының азаматтығына байланысты және туған жеріне байланыссыз ие болуы. Европаның көптеген мемлекеттері осы қағиданы ұстанады, мысалы, Австрия, Норвегия, Италия, Финляндия және т.б.

2) топырақ құқығы қағидасы –бастапқы сәт болып мемлекететрдің территориясы болып табылады, қай мемлекеттің территориясында адам туса;

Қос азаматтылық- бипатризм –двойное гражданство – бұл тұлғаның екі мемлекетпен саяси – құқықтық байланысы. Қос азаматталық екі елдің заңдарының коллизиясы (қақтығысы- столкновения) туындайды, мысалы, “қан құқығы” қағидасын қолданатын Финляндия азаматы болып табылатын ата-анадан “топырақ құқығын” қағидасын қолданатын (Перу) мемлекеттің территориясында туған бала туған сәтінен бастап бір уақытта ПЕру және Финляндияның азаматтығына ие болады.

Бипатризм басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаушы тұлға натурализация кезінде өз елінің азаматтығын жоғалтпаған кезде туындауы мүмкін.

Азаматтығы жоқтық немесе апатризм – бұл ешқандай мемлекеттің азаматты болмайтын тұлғаның құқықтық жағдайы және ол мынадай жағдайларда туындайды:

а) өз елінің азаматтығынан ерікті түрде шыққанда;

б) азаматтылыққа тиістілігін мемлекет айырғанда;

в) егер әйел адам өз азаматтығын бірден бермейтін мемлекеттің азаматымен некеге отыруына байланысты; әйел адамды шетел азаматымен некеге отырғаны үшін бірден азаматтығынан айыратын мемлекеттің азаматы болса.

Апатридтер – қай елдің территориясында тұрса, сол елдің заңдарына бағынады (апатризм сұрақтарын реттейтін халықаралық-құқықтық нормалар жоқ).

24. Малдованың Вашингтондағы елшілігінің 1 сыныптағы кеңесшісі Чаущеско М. жол-көлік оқиғасын жасады, оның нәтижесінде он жасар қыз қайтыс болды. Малдованың елші АҚШ құқыққорғау органдарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сұрақ: Шетелдік елшіні мекендік мемлекетте жауапкершілікке тартуға бола ма? Дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтардың түсінігін ашыңыз.

Дипломатиялық иммунитет – шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, олардың келген еліндегі басшыларына және қызметкерлеріне берілетін ерекше құқықтар мен пұрсаттылықтар. Бұл иммунитеттің мақсаты – дипломатиялық өкілдіктердің міндеттерін жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Оның заңи табиғаты мынаған негізделеді: бір егеменді мемлекет екінші егеменді мемлекеттің билігіне бағына алмайды, ал дипломатиялық өкілдіктер мен оның дипломатиялық қызметкерлері сол мемлекеттің бет-бейнесі болып табылады.

Дипломатиялық агенттің қылмыстық, азаматтық және әкімшілік юрисдикциядан иммунитеті бар. Дипломатиялық агент үстінен тергеу органдары қылмыстық іс қозғамайды, ол жауапқа тартылмайды, оны сот органдары соттамайды, ол куәгер ретінде сотқа жауап бермеуі керек, ол айыпқа н/е өзге де әкімшілік шараларға тартылмайды.

Жоқ, жауапкершілікке тартуға болмайды.

25. ҚР Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы Жарлығымен бекітілген ҚР Мемлекеттік Хаттамасы мемлекет ішіндегі халықаралық шараларды өткізудегі ҚР лауазымды тұлғаларының хаттамалық ағалық қағидасын белгілейтін біріңғай хаттамалық-ұйымдастырушылық нормаларды бекітеді және қамтамасыз етеді. Сұрақ: Дипломатиялық хаттаманың дипломатияның саяси құралы ретіндегі ұғымын ашыңыз? Дипломаттардың ағалығы қандай критерилер бойынша анықталады?

Хаттаманың негізі – халықаралық сыпайылық принципі болып табылады.

Дипломатиялық хаттама үкіметтің, шетел ведомстваларының, дипломатия өкілдерінің, ресми тұлғалардың халықаралық құқықтағы жалпы қабілет ережелерінің, дәстүрлерінің, шарттарының бірлестігі. Дипломатиялық хаттама мемлекеттің сыртқы саяси принциптерін іс жүзіне асыру құралы болып табылады. Әсіресе елдің егемендік принципі, әнұран орында мемлекеттік туға құрмет көрсету сияқты хаттамаларынан көрінеді.

Дипломаттарға қойылатын талаптар:

арнайы білімі: өз мемлекетінің және екінші мемлекеттің географиясын, тарихын, мәдениетін, саясатын, әлеуметтік жағдайын, экономикалық, демографиялық қҧрылымдарын, халықаралық сауда және қаржы салаларын т.б. білуі қажет;

-жігерлік;

-топбасшылық;

-атқарушылық;

-жауаптылық;

-дербестік;

-батылдық, еңбекқорлық, күш-қуаттылық, жоғары төзімділік, ғұламалық, жан тәнімен берілушілік, алғыр ақылдылық, әдептілік сезімі, борыштық сезім, мысқыл сезім, мұқияттылық, сараптай білу, сауаттылық, ауызша және жазбаша тіл байлық, серіктесіне және қоршаған ортасына ықпал ету

кәсіби дағдылар:

-кҥнделікті дипломатиялық қызмет пен келісімсӛз жҥргізу дағдысы;

-баяндама дайындау және сараптама жасау, бақылау дағдысы;

-миссияны басқару дағдысы;

-жария дипломатиялық дағдысы мен коммуникативті дағды;

-әртҥрлі мәдениетті салыстырумен байланысты дағдылар;

жеке қасиеттер:

-саяси білім;

-интеллектуалды әуесқойлық және оқып ҥйренуге деген ҧмтылыс;

-интеллектуалды кӛпжақтылық;

-топбасшылық;

-практикалық ой.

26. Ямайка мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнатқан соң Мантоге Бәй қаласындағы ҚР Елшілігінің басшысы ретінде Саудабаев Қанат Ахметкұлы тағайындалды. Сұрақ: Дипломатиялық өкілдіктің басшысын тағайындау рәсімін сипаттаңыз. Елшінің мәртебесі қандай құжатпен расталады?

Дипломатиялық өкілдік басшысын тағайындау.

Тағайындау алдында дипломатиялық өкіл тағайындалатын ел үкіметінің келісімін – агреман сұрату керек. Агреман- (agreement/ agreer- деген француз сөзінен шыққан, мақұлдау, келісу мағынасында) бір елдің дипломатиялық өкілі ретінде белгілі бір адамды тағайындауға екінші бір елдің алдын-ала келісім беруі. Агреман не үшін сұратылады. Біріншіден, көпшілік таныған халықаралық іс- тәжірибеге байланысты. Агреманды сұратпауға және оны алмай тұрып, дипломатиялық өкілді тағайындауға болмайды. Екіншіден, бірде-бір үкімет өз мемлекетінің сыртқы саясатына қарсы баспа сөз ретінде немесе ауызша нысанда жағымсыз сөйлеген адамды өз еліне қабылдамайды. Дипломатиялық өкілдік орналасқан ел үкіметі өз елдеріне халықаралық қатынас іс-тәжірибесінде объективті түрде және адал ниетпен қатысқан адамның келуіне сенуге құқығы бар. Өкіл өзінің Сыртқы саясат ведомствосынан тиісті нұсқау алғаннан кейін дипломатиялық өкілділік орналасқан елдің сыртқы істер министірлігіне барып, ауызша нысанда осы елдегі өз лауазымынан кететінін және басқа кандидатураға агреман сұратуды тапсыру туралы хабарлайды. Ауызша хабарламаға агреман сұратылатын адам туралы бар қажетті мәлімет қосымша тапсырылады. Халықаралық іс- тәжірибеде агреманды телефон арқылы сұрату жағдайлары да кездеседі. Әдетте, бұл атымен жүргізетін саяси қызметі күмән туғызбайтын мемлекеттік қайраткерлерге таралады. Халықаралық іс- тәжірибе агреман сұрату фактісін абсолютті құпиялықта сақтауды талап етеді. Агреман сұратуға жауап қандай да бір саяси түсініктерге байланысты болмаса, қысқа мерзімде беріледі.

27. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының шетелдерде 8 бас консулдығы және 11 консулдығы бар. Сұрақ: Консулдық мекеменің басшысы қалай тағайындалады және оның мәртебесі мен өкіліттіктері қандай құжатпен расталады? Консулдық округтің шекарасын кім бекітеді?

Консулдық мекеме басшысына өз функцияларын атқаруды бастауға қабылдаушы мемлекет тарапынан рұқсат беретін құжат экзекватура деп аталады. Ол жеке құжат түрінде болады, бірақ кейде патенттегі сәйкес келетін қосымша жазу түрінде де болуы мүмкін. Мемлекет экзекватура беруден бас тарта алады, ал бас тартудың себептерін хабарлауға міндетті емес.

Экзекватура берілгенге дейін (көбінесе бұл ұзақ уақыт алады) консулдық мекеме басшысына кейде уақытша өз қызметін жүргізе беруге рұқсат етіледі.

1. Консулдық мекеме басшысы тағайындалғанға дейін өкілдігін жіберген мемлекет осы адамның консулдық мекеме басшысы ретінде мойындалатындығы жөнінде оның консулдық орналасқан мемлекеттің келісімін алатындығына дипломатиялық жолмен көз жеткізуге тиіс.

Консулдық орналасқан мемлекеттің келісімі алынғаннан кейін өкілдігін жіберген мемлекет өзінің дипломатиялық өкілеттігі арқылы немесе тиісті басқа бір жолмен консулдық орналасқан мемлекеттің сыртқы істер министрлігіне консулдық мекеме басшысының толық аты-жөні мен фамилиясы, дәрежесі, ол үшін белгіленген консулдық округ және консулдық мекеменің мекен-тұрағы көрсетілген консулдық патент жолдайды.

2. Консулдық патент қабылдағаннан кейін консулдық орналасқан мемлекет мүмкіндігіне қарай қысқа мерзімде консулдық мекеме басшысын осы тұрғыда мойындайтын экзекватура береді.

Алайда, консулдық орналасқан мемлекет өз шешімінің себептерін түсіндіруге міндетті болмастан, экзекватура беруден бас тарта алады.

3. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық экзекватура бергеннен кейін консулдық мекеме басшысы өз міндеттерін орындауға жіберіледі.

4. Экзекватура берілгенге дейін консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеме басшысын өз міндеттерін орындауға уақытша жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда оған осы Конвенцияның ережелері қолданылады.

5. Консулдық экзекватура берілгеннен кейін консулдық орналасқан мемлекет бұл туралы консулдық округтің құзыретті өкімет орындарына хабарлайды және консулдық мекеме басшысының осы Конвенцияда көзделген міндеттерді орындай алуы және осы Конвенциядан туындайтын артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдалана алуы үшін қажет шаралардың бәрін қолданады.

"Консулдық округ" - консулдық функцияларды орындау үшін консулдық мекемеге бөлініп берілген консулдық орналасқан мемлекеттің аумағын білдіреді.

28. Венэсуэлладағы дипломатиялық корпустың дуайены Қытай елшісі Чен И АҚШ-тың елшісін оның абайсызда Венэсуэлланың экономикалық жағдайын қалып кеткен деп айтқаны үшін «персона нон грата» ретінде жарияламауы туралы Венэсуэлланың Үкіметіне өтініш жасады. Сұрақ: Дуайенның және дипломатиялық корпустың мәртебесі мен функциясын анықтаңыз. Кім және қандай әрекеті үшін «персона нон грата» болып жариялануы мүмкін?

Дуайен (франц. doyen — аға елші, ақсақал) — дипломатиялық корпустың басшысы. Дуайен міндетті түрде жоғары сыныпты және сол елде басқаларға қарағанда ұзағырақ тұрған дипломатиялық өкілдер арасынан таңдалады. Дуайеннің қызметі, негізінен, хаттамалық сипатқа ие. Ол дипломатиялық корпус атынан құттықтаулар жолдайды немесе көңіл айтады, түрлі салтанатты рәсімдер мен хаттамалық іс-шаралар кезінде дипломатиялық корпусты басқарып, қабылдаушы елдің сыртқы істер мекемелерімен тұрақты байланыста болады, сондай-ақ, жаңадан келген өз әріптестеріне сол елдің билік органдарымен қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша ақыл-кеңестер береді.

Дипломатиялық корпус -

  1. берілген мемлекетте аккредиттелген шетел дипломатиялық өкілдіктері басшыларының жиынтығы;

  2. дипломатиялық өкілдіктердің барлық дипломатиялық қызметкерлері және олардың отбасыларының мүшелері.

Дипломатиялық корпус – қабылдаушы мемлекеттің үкіметі таныған шетелдік дипломатиялық өкілдердің барлық дипломатиялық қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің ортақ атауы. Дипломатиялық корпус қандай да бір халықаралық құқық нормаларына негізделген институт немесе заңды тұлға құқығы бар ұйым емес.

Persona non grata – латын тілінде «қажетсіз адам» дегенді білдіреді. Дип­ломатиялық тәжірибеде дипломатиялық өкілге шетел үкіметі оның келуіне агре­мандық бермей, сенімсіз, қажетсіз деп жариялауын «нон-грата тұлға» деп атай­ды. Егер шетелде қызмет етіп жүрген елші ағат кеткені, тыңшылық жасағаны немесе тұрып жатқан елдің заңын бұзғаны үшін нон-грата деп жарияланса, ол дереу еліне қайтарылуы тиіс. Қазіргі кезде бір елдің ар-намысына тиетін мәлімдемелер жасайтын кейбір сүй­кімсіз саясаткерлерді «нон-грата адам» деп атап, босағасынан аттатпайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]