- •Хх ғасыр басындағы қоғамдық тарихи жағдайлар және әдебиет. (сыйлы)
- •Н. Наушабайұлы шығармашылығы және елдік ұстаным. (сыйлы)
- •С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы. (сыйлы)
- •Ұлттық газет-журналдардың тууы, қалыптасуы мен дамуы. (сыйлы)
- •Ә.Шәріпов «Партизан қызы» (1961) хикаяты. Меру
- •Абайтану ғылымының қалыптасып, дамуы меру
- •Ж. Жабаевтың ақындық өнері меру
- •Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952). Меру
- •Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы.Меру
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы. Ляззат
- •К.Төгісов шығармаларындағы қоғамның әділетсіздігі, замана шындығы. Ляззат
- •М.Әуезовтің әңгімелері. Көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Ляззат
- •Қ. Аманжолов поэмалары:“Құпия қыз” (1939), “Ақын өлімі туралы аңыз” (1943) . Жания
- •Ақылбек Сабалұлы шығармашылығы. Жания
- •Ш.Құдайбердиевтің «Қаламан-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларының тақырыптық, идеялық ерекшелігі. Жания
- •М.Иманжанов шығармашылығы. Жания
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының “Жарты нан” хикаясы, “Мәшһүрдің тырнамен айтысы”, “Мәшһүрдің ала қарғамен айтысы”т.Б. Шығармаларының идеялық, сюжеттік ерекшелігі. Жания
- •С. Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей» поэмасындағы адам тағдыры. Дидар
- •М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі. Дидар
- •Шәңгерей Бөкейұлы шығармашылығы. Дидар
- •Б.Майлин - әнгіме жанрының шебері. Дидар
- •Б.Соқпақбаев шығармашылығы. Дидар
- •С.Шәймерденовтің шығармашылығы. Гулнур
- •Тайыр Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» өлеңдер жинағы және «Қыз көрелік» романы. Гулнур
- •Сәкеннің алғашқы өлеңдері ("Жазғы түнде", "Туған ел", "Сағыну", "Нұра", "Кім басшы", "Жайлауда", т.Б.). "Асау тұлпар" атты өлеңдер жинағы. Гулнур
- •Ғ.Орманов лирикасы және ақын әлемі. Гулнур
- •І.Есенберлиннің тырнақалды туындылары. Раушан
- •С. Көбеевтің өмірі, аударма саласындағы қызметі. «Үлгілі тәржімә» кітабы. Раушан
- •Сәкен поэмаларындағы өршіл романтика сарыны ("Аққудың айрылуы"), "Көкшетау" (1929). Раушан
- •Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеттануының дамуы (1932-1956) раушан
- •С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы дала мен қала, қазақ зиялылары туралы көзқарасы. Акмарал
- •Мағжан прозасындағы психологизм. Акма
- •Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян. Акма
- •І.Жансүгіров –эпик ақын. «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары. Акма
- •Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы (“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Үздіксіз өсу”, “Бір адым ілгері, екі адым кейін”, т.Б.). Акма
- •И.Байзақов- импровизатор ақын. Гулайхан
- •С. Көбеевтің шығармашылығы және «Қалың мал» романы. Гулайхан
- •Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист» (1920) повестері. Гулайхан
- •Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” (1950) романы гулайхан
- •Ж.Аймауытов әңгімелерінің тақырыбы мен сюжеттік-көркемдік ерекшелігі. Гулайхан
М.Әуезовтің әңгімелері. Көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Ляззат
Мұхтар Әуезов десек, бірден ауызға «Абай жолы» түсері сөзсіз. Одан бөлек, жазушы әдебиет қоржынына «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Қарагөз», «Бәйбіше-тоқал» сынды өлмес туындылар қалдырды. Шығармалары арқылы қоғам бейнесін ашып, тұспалды ой айтты. М. Әуезов әңгімелері сан түрлі образдарды суреттеп, сол образдар арқылы қазақ тілінің бай, әдеби сөздік қорын кеңінен көрсетуімен ерекшеленеді.Әуезовтің алғашқы әңгімелерінен бастап оның суреткерлік бағытқа бет бұрғанын аңдар едік. Суреткердің басты ерекшелігі – сол адам жаны мен жүрегіндегі терең иірімдердің күрделі сырын ашу, күнделікті болып жатқан өмір оқиғаларына адам жанының қатысын анықтау, оқиға арқылы дәл адамды емес, оқиғаның сырын адамның болмысы арқылы ашу. «Қорғансыздың күні», «Кім кінәлі?», «Барымта» тағы да басқа 1920 жылдары жазылған тырнақалды туындыларындағы дара қолтаңба, ерекше мәнер – жаңа қалыптасып келе жатқан қазақтың көркем прозасына үлкен дарын иесінің келгенін аңдатып, оның шығармалары арқылы әдебиетіміз бұдан да биік өрелерге жететінін көрсетіп берді. Сондықтан да біз жазушының алғашқы әңгімелері туралы сөз қозғағанда, оларға тек қаламгер шығармашылығының алғашқы тәжірибиелері ретінде ғана қарамаймыз, ол әңгімелерді өзінше поэтикалық әлем ретінде бағалап, соған орай толыққанды көркем дүниелер ретінде танимыз. Сондықтан да бұл әңгімелерге көркемөнер туындысы ретінде де қарай отырып, оның поэтикалық ерекшеліктеріне талдау жасаудың әбден жөні бар. Шығарма кейіпкерлерінің мінезін аңғартуда, дәуір болмысын танытуда уақыт пен кеңістікті үлкен шеберлікпен беру – «Қорғансыздың күні» әңгімесінде айрықша байқалады. Бұл әңгімеден әлем мен жалғыздықты, дүние мен жетімдікті, кеңістіктегі адамның қорғансыз, жалғыздық қалпын, табиғат пен өмірдің ақтүтек боранының алдындағы адамның рухани тұлдай жалаңаш болмысын көреміз. Бұл әңгіменің шарықтау шегі - Ғазизаның өз тағдырына, яки жалмап, жұтуға айналған өлімге қарсылығынан байқалады. Әңгіменің өн бойында елес ретінде ғана өмір сүрген өлім енді шындыққа айналады. “...Бірталай отырған соң, ептеп есі кіре бастағандай болды. Бірақ есі кірген сайын ойына келген нәрсе өзгеше суық түрде. Әуелі әкесі өлгеннен бергі басына түскен ауыр хал түгелімен көз алдына тез елестеп өтті. Ақырында соқыр болып, мүгедектеніп отырған шешесі, қартайып қайратынан айырылып, кемтар болып отырған әжесі есіне түседі. Басында бір ойына келген нәрсе шешелеріне барлық көрген қорлығын айтып жылап, зарлап жету еді. Артынан әлгілердің әлсіздігін ойлағанда: іші құсаға толып, жас жүрегі шаншылып, бұл күнге шейін көрмеген азабын тартты... Бұрынғы бейнет, бишаралық былай тұрсын, мынау көрген мазақ не? Осынша қорлау, рәсуалау не?.. Бүгінгі өмір бойында құлағы естімеген зорлық, зұлымдықты көруге не жазық қылып еді?.. - Ешбіріне жауап жоқ. Бірақ бір жылау”. Ғазиза осылайша өзінің бүкіл өмірін көз алдынан өткізеді.Басында Ғазиза өз тағдырына мойынсұнғандай кейіп танытса, оның аяғына таман ширығып, қатая түседі. Шындық алдында, тағдыр - “қорғансыздық”, яғни өлім алдында қатаю. Автор кеңістікті әдейі алай-дүлей боранға толтырып, кейіпкерін соған қарсы қояды.Алайда Ғазиза – тағдырына мойынсұнбаған, тіпті оған қарсылық көрсетуге талпынулы. Сондықтан “Ол - әулие!” (“Қорғансыздың күнінің” алғашқы, 1922 жылғы нұсқасы: “ол ғазаптан, қайғыдан, жауыз, зұлымдықтан құтылған. Ол - әулие” деп аяқталған).1920 жылдары жазылған әңгімелерінің поэтикасынан жас жазушының оқиғаны берудегі, сюжет құрудағы өзіне тән стилінің қалыптаса бастағандығына куә боламыз. Бұл ретте оның «Қорғансыздың күні», «Кім кінәлі?», «Жетім», «Барымта», «Қаралы сұлу», «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Ескілік көлеңкесінде», «Оқыған азамат», «Сөніп-жану» атты прозалық жанрдағы шағын үлгілерін атаймыз. Осы әңгімелерімен жіті танысу барысында – бұлардың қай-қайсысына да тән бірнеше көркем құбылысты аңғармау мүмкін емес. Жазушы поэтикасының келесі бір ерекшелігі – оның авторлық баяндауына байланысты. Мұхтар Әуезовтің көркемдік стиліне оқиғаны асықпай, байсалды түрде баяндау тән. Мұхтар Әуезов оқиғаны баяндай отырып, әр түрлі жай-жағдайларға, кейіпкерлердің әр қадамының дәлелді болуын құнттап, түсінік беретін тұстары да аз емес. Оқиғаны асықпай баяндаған кезде бұл тәсілді көбірек қолданады» - деп жазады. Айталық, «Ескілік көлеңкесінде» әңгімесінде бас қаһарман Қабыш былай деп суреттеледі: «Бұл орта дәрежелі оқу бітіріп, биыл жаз елге келген Қабыш деген жігіт еді. Қасындағы жігіт – Қабыш елде жүргенде ұдайы қасында жүретін пысық жолдасы Жұматай. Қабыш – Мойылды болысындағы тәуір оқыған жігіттердің бірі болатын. Бұл ел маңайдағы өзге болыстардың ішінде көзі қарақты азаматтары – оқығандары көп, «басты» дейтін елдің бірі еді. Оқығандардың ішінде Қабыш көзге толымды, көрнекті деп саналатын. Биылғы жылы елге шығуда Қабыштың ішіне жиған бір сыры бар-ды». Бұл – Мұхтар Әуезовтің кейінірек «Абай жолы» роман-эпопеясынан кең орын алатын жан-жақты, толымды баяндау стилі. Жоғарыдағы сөйлемдер арқылы автор Қабыштың оқығандығын, Мойылдыдағы көрнекті жігіттердің бірі екендігін, қасындағы жолдасын, сондай-ақ, «ішіне жиған бір сыры» бар екендігін аңғартып тұр. Бұл бір қарағанда әдеби кейіпкерді сипаттау сияқты болғанымен, мұнда жалаңдық жоқ. Дарынды қаламгер осы бірнеше сөйлемге жалпы әңгімеде болатын өмір шындығының тарауларын ишаралап болса да сыйғызып тұр.Жазушының осы алғашқы әңгімелерінен бастап кейінгі повесть, романдарына дейін стильдік ерекшелігі ретінде сөйлемдердің ішінде бірнеше сөздің жұптасып, селбесіп, құбылысты мейлінше жан-жақты ашу мақсатында қатарласа қолданғанын байқаймыз. Бұл сөздер идеялық мазмұнмен бірге стильдік реңк тудырады әрі сөйлемнің, тіпті мәтіннің ырғақты жүйесін түзуге де тірек сөздер болады. Алғашқы әңгімелерінен-ақ Мұхтар Әуезов өзінің дара суреткерлік қолтаңбасы қалыптасқан жазушы екендігін мойындатты. Қаламгердің дәуір шындығын, сол кезеңдегі қазақ қоғамын, адам болмысын терең білетіндігі жазушының осы әңгімелерінен бастап бүкіл шығармашылығында одан әрі тереңдей түсті. Осындай ұлы дарын, кемел суреткерлік - қазақ перзенті, алаш ұланы Мұхтар Әуезовті әлемдік биікке жеткізді.
40-60 жылдардағы проза жанрының идеялық-көркемдік ерекшеліктері. Ляззат
"Қазақ әдебиеті тарихының" 8-томы кеңес дәуірінің екінші кезеңіне арналған. Онда ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы әдебиет дамуының жолдары талданады. Сонымен бірге аталған кезеңдегі әдеби процесте жетекші рөл атқарған ақын-жазушылардың (М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мүстафин, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин) шығармашылық жолына баға беріледі. Қазақ әдебиеті тарихының ең бір күрделі кезеңі саналған бұл дәуірдегі әдеби ағымдар мен туындыларды жаңаша бағалауға ұмтылыс жасалды. Томға сол дәуірдегі әдеби өмір шежіресі мен библиографиялық көрсеткіш берілді.Қазақ прозасының даму сипаты. С.Мұқановтың «Сырдария» романы (1947), Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» повесі (1948), «Қарағанды» романы (1952), олардың тақырыбы мен идеясы, образдар жүйесі. М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесінің жарық көруі. Ж.Тілеков, С.Шаймерденов, З.Қабдоллов, Б. Соқпақбаев, К.Оразалин, Ә.Нұрпейісов, т.б. жас қаламгерлердің әңгіме, очерк, повесть, романдары.
“Қазақ” газетінің тарихи маңызы. Ляззат
1913 жылдың 2 ақпанында қазақ даласында тарихи маңызы зор, алаш тарихындағы рухани сілкіністі оқиға орын алды. Дәл осы күні дүниеге алты алаштың жоқтаушысына айналған «Қазақ» газеті келді.Өткен ХХ ғасыр басында ұлт мұраты, ел мүддесі қатаң сынға түскен кезең болғандықтан, сол тұстағы зиялы қауым өкілі қазақ жұртының да өркениетті елдердегідей сауатты болуын тілеп, ең бастысы ұйқыға кеткен қоғамның саяси сауатын ашуға белсене кіріскен болатын. Осы бағытта ұлттың жоғын жоқтайтын, байтақ далаға қоныстанған ел арасына ендеп кете алатын, сол арқылы ұлттық идеяны, бостандық пен бірлікті насихаттай алатын баспасөздің рөлі ерекше сезілген еді. Мұндай мақсат-мұратты 5 жыл ғұмыр кешіп, 265 нөмірін жарыққа шығарып үлгерген "Қазақ" газеті шебер орындап шықты. Алаштың алғашқы алдаспаны туралы Мұхтар Әуезов: "Қазақ" газеті - ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жинап, патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз, деп талап қыла бастаған уақытқа тура келді. Бұл тұтынған жолда "Қазақ" газеті өз міндетін дөп атқарды", - деп жазады.Шындығында да 1913 жылы ақпанның 2-сінен бастап жарыққа шыққан "Қазақ" газетінің басты мақсаты "есігін тарс бекітіп, қалың ұйқыға кеткен" жұртты түндіктен сәуле болып кіріп, ояту болатын. Алғашқы саны 1913 жылғы ақпанның 2-сiнде жарық көрген "Қазақтың" оқырманы да сол кездегі өлшеммен алсақ зор болды. Газетті көзі ашық Ресей аумағында сауат ашып жүрген студенттерден бөлек, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жаздырып алушылар қатары көбейді.Мәселен, 1914 жылғы 45-санында: «Қазақ» газетасын 10 облысқа қараған киіз туырлықты қазақ байдың баласынан 1913 жылдың ішінде алдырып тұрғандардың есебі мынау: Торғай - 694, Семей - 612, Ақмола - 582, Сырдария - 327, Орал - 301, Жетісу - 157, Ішкі ордалық - 136, Ферғана - 30, Самарқан - 8, Закаспий - 5, өзге жерлерден: Орынбор - 37, Уфа -14, Қазан - 13, Қытай қазағы - 10, Петербург - 9, Түркия - 5, Мәскеу - 3, Томск - 3 һәм басқа шаһарлар - 57», - деп көрсетіледі. Бұған тоқтамай, жұрт қалаулылары тарапынан газетті жиі шығаруға деген сұраныстардың болып, газет басшылығының да бұған ұмтылысы да айқын аңғарылады. Аптасына үш рет шығаруға деген қажеттіліктер туралы сөз болады. Алайда, бұған түрлі қолбайлаулар жол бермегені көрінеді.Газеттің алғашқы сандарында басылған Шәкәрім Құдайбердіұлының "Қазақ құтты болсын" атты өлеңі де сол кездегі ұлт баспасөзінің беделін шын айғақтаса керек. Бұл жырында ақын Шәкәрім:"Дүниеге келді бір талапты ұл,
Ержетсе бар қазақтың басшысы бұл.Бөгеттен ауру-сырқау аман сақтап,А, Құдай, Құтты өмірлі, бақытты қыл"- деп бата береді.
1915 жылдан аптасына екi рет шыға бастады. Алғашында 3 мың дана таралыммен шыққан газетті кей тарихшылар таралымының 8 мың данадан асып жығылғанын алға тартады. Шындығында бұның өзі сол кездегі ұлт баспасөзі үшін зор жетістік еді. Дегенмен, бодан елдің керегіне қызмет ететін газет шығару ісі оңай болған жоқ. Мәселен, 1913 жылдың ақпанынан 1918 жылдың 16 қыркүйегіне дейінгі аралықта әскери цензураға сәйкес бірқатар мақалалар жарияланбай қалған болса, енді бір жағдайлар себебінен "Қазақтың" бас редакторы Ахмет Байтұрсынұлы бірнеше рет қатарынан тұтқынға алынып, әртүрлі мерзімге абақтыға жабылды, айыппұл төлеу секiлдi түрлi жазаға тартылды. Алайда ұлт зиялылары өздері арқалаған тарихи маңызы зор жүкті жетер-жеріне дейін жеткізуден еш танған емес.Түптеп айтқанда, "Қазақ" газеті жарық көрген уақыт ішінде өзі көтерген міндетті аса табысты орындап, ұлттық-демократиялық даму жолындағы алға қойған өз мақсатын ғаламат орындап шыға алды. Сол кездің өзінде тәуелсіз ел болуға үндеген, ұлт мұратын ұрпаққа аманат еткен алаш баспасөзінің атасы өзінен кейінгі баспасөз қадіріне қатысты үлкен даңғыл ашты. "Қазақтың" әр сөзіне үңіліп, әр парағын қайта-қайта ақтаруға келешек ұрпақты мәжбүр етті. Ондағы айтылған ойдың, ұлттық, алаштық идеяның әлі күнге өзегін жоймай келе жатқаны да соның жарқын айғағы. Өзі айтпақшы "Халықтың көзі, құлағы һәм тілі" бола алған алаштың алдаспан газеті халық жадында ұдайы жаңғырып, тәуелсіз елдің тірлігімен қазіргі таңда да сабақтасып тұратынына еш дау жоқ. Ендеше 100 жыл бұрынғы жаңғырыққа қарай жақындау алаш баласына әруақытта пайдалы болмақ.
