Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жартысы жок осыны карандар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180.95 Кб
Скачать
  1. Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952). Меру

Интернетте қысқаша мазмұны, әрі нақты мәлімет жоқ, кітапханадағы кітаптардан жазбасақ

  1. Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы.Меру

С.Дөнентайұлының өмірі мен шығармашылығын қарастыру, зерттеудегі алғашқы ізденіс «Абай» журналында жарияланған М.Әуезов пен Ж.Аймауытовтың («Екеу») «Абайдан соңғы ақындар» мақаласынан (1918) бастау алады. Олар Абай дәстүріндегі ұлттық поэзияның тақырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық үрдісіне тән басты сипаттарды екшеп, сол тұстағы қазақ ақындарын бірнеше жікте саралайды. С.Дөнентайұлы шығармашылығын халықтық ақындар қатарында қарастырып, поэзиясының негізгі ерекшелігі мен шеберлік қырларына қатысты: «Халықшыл ақындардың ішіндегі алдыңғы қатардағы Сәбит. Сәбиттің өлеңі қысқа, дәмді, аз сөзге көп мағына сыйғызғыш. Сөзді ойына құл қылған, тілі тәтті, дәл келеді. Сәбит өлеңінде көңілге шақ еткізе түсіретін тапқыштық, салыстырғыш, сыншылдық, аса терең болмаса да төрт тағандап түсетін нығыздық бар. Мысалы: «Әр жан, әр түрде», «Той», «Азаттық күні», «Жаңа жылға» әм басқалары сықылды. Өлеңдері сұлулығы, ұғымдылығы, тілге жеңілдігі, тәттілігімен қандай надан адамның болсын көңіліне қона кетеді.

Ұлтты ояту, отарлық қыспақтағы ел мүддесі, қазақ халқының азатттығы – Сәбит поэзиясының басты өзегі. Дәуір талабынан туындаған бұл келелі тақырыптарға үн қосқан ақын ізденісі әдебиеттегі ұлттық сарынның терең қоғамдық және әлеуметтік сипат алуын да көрсетеді. Бұл ретте әлеуметтік ой-пікірді құлдық санадан арылтуда «Қазақ», «Айқап» басылымдарының қоғамдық маңызы мен ықпалы зор болды. Өз кезегінде Сәбиттің ең алғашқы өлеңдері де халық санасына азаттық пен азаматтық, ағартушылық пен адамгершілік ізгі қасиеттер дарытқан осы басылымдарда жарияланды

Ояну дәуірі ұлт әдебиетіне әлеуметтік, қоғамдық күрделі мәселелерді алға тартты. Дәстүр жалғастығына орай әдебиеттегі ағартушылық, демократтық, гуманистік ой-пікір ендігі кезекте мақсаты айқын саяси күрес сипатындағы ұлттық (Алаш) идеямен жаңғыра түсті. «Құл болған халықтан туып, құлдықтың қорлық, зорлығын көріп отырып қазақ қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын жеңілдету, ауруын азайту жолына жұмсамасқа мүмкін емес» (А.Байтұрсынұлы) екенін ХХ ғасыр басындағы ұлт әдебиетінің озық өкілдері жан-тәнімен сезінді. Сәбиттің «Уақ түйекң жинағына (Уфа.1915) енген өлеңдеріндегі басты арнада ұлттық бірлік, халық қамы және әр азаматтың өз еліне адал қызмет етуі болатын.

«Қызмет көрсет халқыңа,

Игі ат қалсын артыңа,

Діндесіңді бауыр тұт,

Қарамай қазақ, сартына

Аз нәрсеге мас болып, -

«Мен пәленң деп шалқыма,

Пайдалы басқа өнерден,

Ұлт керегі дегеннен,

Жан қиналып жолында,

Бас кетсе де тартынбаң5, – («Замандастарң)

деп жырлаған ақын әлеумет міндетін отаншылдық ілкі қасиетпен сабақтастырды.

Ақын ұлт бірлігін сол халықтың жеріне, еліне ие болуы және жасампаздығының басты қасиеті, өлшемі – бірлік жай ғана тірліктің емес, ұлттың ұлт болып ұйып, асқақтауының да алтын арқауы де ұғындырады: «Таласты алалықпен тастамасаң, //Бір күні туған жерге айтарсың «қошң Бірлікпен илеу салған құмырсқа да, //Қазағым, ісің оңбас бірікпей қосң («Бірлікң). Сондықтан да Сәбит: «Бірін бастап, бірін тастап, ұлт ісімен ойнамаң («Жүреккең) деп, бүгінгі тәуелсіздік талабымен астасып жатқан мәңгілік қағиданы ту етіп көтерді.

Өз дәуірінің ділгір мәселелеріне терең үңілген ақын туған халқына «Заман кімдікі?» деген ой сала отырып, «Қазақтың білгендеріне» және «Қазақтарға қарап», «Жер», «Ақыл», «Ой», «Бірлік», «Қайда кеткен?» (өлеңдерінің аты ) деп елдік ұстанымды алға тартады. Ұлт зиялыларының саяси күрес жолындағы қайраткерлігіне сенім артқан ақын олардың халық мүддесін көздеген іс-әрекетін қолдау – қазақ баласына міндет екенін де терең толғайды.