
- •Хх ғасыр басындағы қоғамдық тарихи жағдайлар және әдебиет. (сыйлы)
- •Н. Наушабайұлы шығармашылығы және елдік ұстаным. (сыйлы)
- •С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы. (сыйлы)
- •Ұлттық газет-журналдардың тууы, қалыптасуы мен дамуы. (сыйлы)
- •Ә.Шәріпов «Партизан қызы» (1961) хикаяты. Меру
- •Абайтану ғылымының қалыптасып, дамуы меру
- •Ж. Жабаевтың ақындық өнері меру
- •Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952). Меру
- •Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы.Меру
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы. Ляззат
- •К.Төгісов шығармаларындағы қоғамның әділетсіздігі, замана шындығы. Ляззат
- •М.Әуезовтің әңгімелері. Көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Ляззат
- •Қ. Аманжолов поэмалары:“Құпия қыз” (1939), “Ақын өлімі туралы аңыз” (1943) . Жания
- •Ақылбек Сабалұлы шығармашылығы. Жания
- •Ш.Құдайбердиевтің «Қаламан-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларының тақырыптық, идеялық ерекшелігі. Жания
- •М.Иманжанов шығармашылығы. Жания
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының “Жарты нан” хикаясы, “Мәшһүрдің тырнамен айтысы”, “Мәшһүрдің ала қарғамен айтысы”т.Б. Шығармаларының идеялық, сюжеттік ерекшелігі. Жания
- •С. Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей» поэмасындағы адам тағдыры. Дидар
- •М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі. Дидар
- •Шәңгерей Бөкейұлы шығармашылығы. Дидар
- •Б.Майлин - әнгіме жанрының шебері. Дидар
- •Б.Соқпақбаев шығармашылығы. Дидар
- •С.Шәймерденовтің шығармашылығы. Гулнур
- •Тайыр Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» өлеңдер жинағы және «Қыз көрелік» романы. Гулнур
- •Сәкеннің алғашқы өлеңдері ("Жазғы түнде", "Туған ел", "Сағыну", "Нұра", "Кім басшы", "Жайлауда", т.Б.). "Асау тұлпар" атты өлеңдер жинағы. Гулнур
- •Ғ.Орманов лирикасы және ақын әлемі. Гулнур
- •І.Есенберлиннің тырнақалды туындылары. Раушан
- •С. Көбеевтің өмірі, аударма саласындағы қызметі. «Үлгілі тәржімә» кітабы. Раушан
- •Сәкен поэмаларындағы өршіл романтика сарыны ("Аққудың айрылуы"), "Көкшетау" (1929). Раушан
- •Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеттануының дамуы (1932-1956) раушан
- •С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы дала мен қала, қазақ зиялылары туралы көзқарасы. Акмарал
- •Мағжан прозасындағы психологизм. Акма
- •Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян. Акма
- •І.Жансүгіров –эпик ақын. «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары. Акма
- •Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы (“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Үздіксіз өсу”, “Бір адым ілгері, екі адым кейін”, т.Б.). Акма
- •И.Байзақов- импровизатор ақын. Гулайхан
- •С. Көбеевтің шығармашылығы және «Қалың мал» романы. Гулайхан
- •Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист» (1920) повестері. Гулайхан
- •Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” (1950) романы гулайхан
- •Ж.Аймауытов әңгімелерінің тақырыбы мен сюжеттік-көркемдік ерекшелігі. Гулайхан
Ұлттық газет-журналдардың тууы, қалыптасуы мен дамуы. (сыйлы)
1905 жыл революциясынан кейін қазақша газет, журналдар да шыға бастады, қазақ тілінде 6 газет, журнал шықты; ол газет, журналдар:
«Серке» газеті Петербурда татар тілінде шығып тұрған «Үлфәт» деген газетке қосымша ретінде 1907 жылы Петербурда шыққан. Бір нөмірі шығып тоқтап қалған. Редакторы Хажы Ыбраимов.
«Қазақ ғазиты» 1907 жылы март айында, Троицкі қаласында шыққан. Бір нөмірі шығып тоқтап қалған. Шығарушысы -Хайм Шумлих, жартылай ресми газет еді.
«Қазақстан» газеті, 1911 жылы 16 марттан бастап Ордада екі тілде, шағын көлемді, 6 бет болып шықты. Ол жылы 4 саны шығып тоқтап қалып, 1913 жылы, 28 январьдан қайта шыға бастады. Барлығы 13-14саны шықты.
Қазақ» газеті – 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының үні болған бұл тарихи газет сол тұстағы қазақ баласының ойын, ұлттық өресін тәрбиеледі. Бірінші саны 1913 жылғы 2 ақпанда шыққан. 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шығып тұрған. Бастырушысы – «Азамат» серіктестігі. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл – «қазақ ұлты» деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды. «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы – А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. «Қазақ» газетін метрополияның Киевтен Қазанға, Санкт-Петербургтен Томскіге дейінгі университеттерінде білім қуып жүрген қазақ студенттері жаздырып оқығаны туралы деректер кездеседі. Аз уақыт ішінде «Қазақ» 5 миллионға жуық көшпенді халықтың көпшілігі білетін басылымға айналды.
«Айқап» қазақ халқының қоғамдық ой –пікірінің, әдебиетінің, өнері мен тілінің дамуына үлкен әсер етті. Оның бетінде халыққа білім беру, мәдени – ағарту мәселелері көтерілді. Медицина, агротехника, ғылым мен техниканың табыстарына недәуір көңіл бөлінді. Журналда, сонымен қатар, әйелдердің намысын қорлайтын (қалың мал, бірнеше әйел алу, теңсіз неке сияқты) феодалдық қалдықтарды жою туралы көптеген мақалалар жарияланды. «Айқаптың» хатшысы болып 1911-1912 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-1914 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров істеді.
«Садақ» атты қолжазба журналды (1915-1918) Уфа қаласындағы «Ғалия медресесінде» оқып жүрген қазақ жастары шығарып тұрған. Оны ұйымдастырушы Бейімбет Майлин және Жиенғали Тілепбергенов болды. Журнал мақсаты – оқуға келген қазақ жастарына жол – жоба көрсетіп, қалам ұстауды, сөз жазуды үйрету, өткендегі өмірдің жақсылық жағын өнеге етіп, жаманшылығынан бездіру. Онда Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Білімдіден шыққан сөз» деген махаббат, тәлім – тәрбие жөніндегі және «Әкесінің баласы, адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» деген сияқты жастарға арналған бірнеше нақыл сөздер басылған. «Садақта» новелла сияқты қысқа әңгімелер, көлемді повестер, очерктер, сын мақалалар, қазақтың ауыз әдебиетінің нұсқалалары жарияланды. Жалпы алғанда журналдың бағыты мәдени-ағартушылық сипатта болды. Омбыда оқитын қазақ жастары 1913 жылдың күзінде «Бірлік» атты жасырын ұйым құрған болатын. «Ешім даласы» газеті 1913 жылғы сентябрь айынан бастап Петропавлда екі тілде (қазақ, татар тілдерінде) шыға бастап, жыл аяғында жабылып қалған. Ол шығын көлемді, жетісіне үш рет «Ишимский край» газетінің баспаханасында басылып тұрған «Ешім даласы» жөнінде татар баспасөзінің тарихын зерттеуші И.Рамиль былай деп жазады… «Бұл газет қазақтарды отырықшыландыру мақсатын көздеді. Жыл аяғында газет жабылды. Шығарушылар жазаға бұйырылады» Тегінде, орталықта және шет аймақтарда революциялық қозғалыс өрлеп тұрған және бірінші империалистік соғыс басталып кеткен жағдайда аграрлық мәселенің шешілуін талап еткен газеттің өмірі ұзақ болуы мүмкін емес еді.
Шәкәрім шығармашылығы: ағартушылық және рухани ізденіс. Сыйлы
Арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, Абай ағасының басшылығымен жан сарайын байытқан Шәкәрім өз заманында қазақ арасындағы, қала берді, бүкіл Түркістан өлкесіндегі аса білімдар, ойшыл адамдардың бірі атанады. Араб, парсы, түрік тілін білді, орыс тіліне жетік болды. Үлкен үміт арқалап 1905-1906 жылдары Меккеге барып барып қайтады. 1909-1910 жылдар шамасында Шәкәрім елден аулақтап, Шақпақ деген жерде жалғыз үй өмір сүреді. Ондағы мақсаты өмір бойы жинаған білім қазынасын оңашада қағаз бетіне түсіру, кейінгі ұрпаққа жеткізу еді. Өзінің «Кейбіреу безді дейді елден мені» деп аталатын: Мен жалғыз, сендер елде қойдың қалып, Ешкімнің кеткенім жоқ малын алып. Елу бес жыл жинаған қазынамды, Оңашада қорытам ойға салып.1917 жылғы Ресейдегі төңкерістерден кейін ақын ел ортасына оралып, белсенді қызметпен айналыса бастайды. Баспасөзде бірқатар мақалалар жариялайды. Бірақ көп ұзамай шындыққа көзі жеткен Шәкәрім Шақпақтағы үйіне қайтады да, өмірінің соңына дейін сонда болады. Көлемді көркем саласы – оның поэзиялық туындылары, әсем лирикасы.
Шәкәрімнің ақын болып, айналасына таныла бастауы - өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяқ шені. Осы тұста туған «Жастық туралы», «Кәрілік туралы», «Жаз келер», «Жастарға», «Шын сырым», «Арман». 1879 жылы жазған «Жастық туралы» атты өлеңіндегі сыршыл шумақтар болса, Шығыс поэзиясының дәстүрінде жазылған «Шын сырым» атты өлеңі бар. Шәкәрім лирикасындағы Абай дәстүрінің іздері оның өлеңдеріндегі гуманистік, адамгершілік сипаттан да айқын көрінеді.
Шәкәрім лирикасының аса бір ауқымды саласы – оның Абай дәстүрінде жазылған ағартушылық сарындағы өлеңдері. Ғылымға қол жеткізудің бірден-бір жолы адал еңбек ету деп білген данышпан Абай: Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп,Екі жаққа үңілдім, –десе, Шәкәрім: Күні-түні дей көрме, ғылым ізде, Қалсын десең артыңда адам атың дейді.
Ақын өз халқының басындағы кемшіліктерді ең алдымен европалық, әлемдік ғылым-білімнен шет қалуының салдары деп білді: Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа, Қазақ жүр құмарланып құр атаққа, -деп күйзелді. «Ашу мен ынсап» өлеңінде: Үйренсе ғылым менен сан өнерін,Білер еді-ау өнердің не берерін. «Молдалар өзгелерді кәпір дейді»9 атты өлеңінде әлемдік ғылым мен мәдениеттің биігіне ұмтылды. Сол жақсылықтарға халқының назарын аударуға тырысты. Өзге елдер әдебиетінің үздік шығармаларын қазақ тіліне аудару арқылы осы идеясын жалғастыра түсті.
Қазақ халқының жақсы болашағы туралы ақынның үні 1917 жылғы оқиғалар кезінде ерекше қуатты секілді. «Бостандық таңы атты», «Бостандық туы жарқырап», «Қош, жұртым» сияқты өлеңдерінде ақын қазақты оянуға, марғаулықтан арылуға шақырды.
Ақын ойларының дәлдігі, Шәкәрім жүрегінің сезімталдығы мен көрегендігі оның шығармаларын бүгінгі күнмен де үндестіріп, олардың өміршеңдігін танытып жатыр. Шәкәрімнің өз заманында айтқан терең ойлары мен сырлы сөздері дәл қазір өмірге келгендей сезілетіні бар.
Еңбек тақырыбы - Шәкәрім лирикасындағы ең басты тақырыптардың бірі. Шәкәрім әлеуметтік прогреске жетудің екі жолы бар, оның бірі сауатсыздықты жойып, адамдардың оқуға, білім мен ғылымға ұмтылуы, ал екіншісі адал еңбек ету жолы деп таныды. «Адамдық борышыңң, «Жолама, қулар, маңайғаң, «Піскен мен шикің сияқты көптеген шығармаларында ақын оның бүкіл адамзат баласының дамуындағы биік ролі мен тарихи маңызына зер салды. Адам болғаннан кейінгі ең басты борышың еңбек ету деп түсіндірді. Шәкәрiм өлеңдерiнде ұлт сөзi көп айтылмайды. Ол көбiне ел, халық, қазақ ұғымымен берiледi. Ақын халқын жиi сынайды. Шәкәрiм сыны – Абай сыны секiлдi, жанашырлықтан, сүйiспеншiлiктен, имандылықтан туған сын.