Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жартысы жок осыны карандар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180.95 Кб
Скачать
  1. Ж.Аймауытов әңгімелерінің тақырыбы мен сюжеттік-көркемдік ерекшелігі. Гулайхан

Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты. Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада алғашлиризм әкелген, сондай-ақ пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер. 1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай»журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды. А-тың көркем шығармалары эстет. бояуының қашықтығымен, көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды. А. пед. оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) т.б. бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.

Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Пси­хология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.

Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.

Ж.А ның үш әңгімесі бар олар «Әнші», «Елес», «Елеусіз ерлер» «Елес» әңгімесінің қысқаша мазмұны Ж. Аймауытұлы өз атынан жазады. Бір күні ол тунгі екі үш кезінде аймақтық жастар комитеті тапсырыс берген мақаланы жазуға кірісіп отырады. Бірақ оның қаламы жүрмей не жазырын білмей әбден шаршап оытрған сәтте жоқтан бір жігіт сап етіп келе қалады. Ол не жазып отырсың деп сурай бастайды. ақын жауап бергісі келмей отырады. Сосын жігіт одан бағытың жолың қандай дейді. Ақын төңкеріс жолындамын дейді. Екеуі осы төғкеріс мәселесі төңірегінде сөз қозғайды. Төңкеріс жайлы не жазып жүрсіңдер дейді жігіт : ақын оған : төңкерістің берген бостандығы, төңкеіріс жолында құрбан болған ерлерді, еңбекшілерді тап күресіне, әйелдер бостандығы туралы жазамыз деп жауап береді. Жігіт оған өзінің сынын айтады: төңкеріс өткеннен бері жеті жыл өтті әлі жырлап жүргендерің бір нәрсе дейді.Біреулерің бұрынғыны аңсап «Асанқайғы», «шортанбай» боп жүрсіңдер , біреулерің қызбен гуляттаған жігітті жазып, енді біреуің орысқа жағып ақын атанайын деп жүрсіңдер дейді. Бүгінгі шенқұмарлық, кеңсешілдік, ата ру намысы, губер намысы, орынға таласу , жікке бөліну осыны неге жазбайсыңдар деп ұрсады. Негізгі идеясы: сол кездегі ақындарды сынау. Әнші әңгімесі Бұл әңгіме атақты Әміре қашаубаев жайлы. Әміре қашаубаев «Ардақ» «Балқадиша», «Гаухар қыз», « Қорлан», «Дударай» әндерін орындаған. Әнші әңгімесін қысқаша былай бөліп қарастыруға болады: 1.Әншімен алғашқы танысу 2.Ән құдіреті 3.Наурыздағы сауық той 4.Аруақты әнші 5.Әмірханның үйінде 6.Әншінің жүдеу тұрмысы 7. Ән салу улкен өнер 8.Әнші де жылайды екен

  1. С.Мұқановтың “Ботакөз”, “Мөлдір махаббат” (1959) романдарында көтерген қоғам мәселесі назко

  2. Т.Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы. Назко

  3. М. Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы, «Бақытсыз Жамал» романының көркемдік ерекшелігі.назко

  4. М.Жұмабаевтың «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы» помаларындағы мифтік-аңыздық сарын. назко

  5. Ғ.Мүсіреповтің ана туралы шығармалары. назко

99 Шәкәрім. Шығармалары. – 211-б.

5

i