Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жартысы жок осыны карандар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180.95 Кб
Скачать
  1. С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы. (сыйлы)

Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) - қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері. 1926-1928 жылдары баспасөз орындарында қызмет атқарып, республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1928 жылы Петропавл қаласының «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және Жазушылар бөлімінің жетекшісі болған. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетикалық мәні жоғары да бағалы. Ол 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар, қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер, тағы басқа сан-салалы кітаптар жазды.  Сәбит Мұқановтың алғашқы өлеңдері мен поэмалары, мақалалары мен әңгімелері («Көңілім», 1917; «Бостандық», 1919, т.б.) 1917 жылдан жариялана бастады. Ол 1924 жылы өлеңдер мен мақалалардан және аударма шығармалардан тұратын «Совет өкіметі һәм қазақ әйелі» атты тұңғыш кітапшасын шығарған. 20 жасынан поэма жаза бастады: «Балбөпе», «Жетім қыз», «Батырақ», «Қанды көл», «Жүйткі, қара айғырым», 1926-1927 жылдары «Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы», «Октябрьдің еткелдері» поэмалары, «Ақбөпенің сыры» повесі жарық көрген. 1928 жылы «Сұлушаш» дастаны, 1931 жылы «Адасқандар» романы қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романдардың бірі саналды. Ол бұл романды едәуір өзгерістер енгізіп, 1959 жылы «Мөлдір махаббат» деген атпен қайта бастырып шығарды. 30-жылдары «Майға сәлем», «Сөз - Советтік армия» атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938), т б туындыларынан замандас бейнесі, қоғам кескіні аңғарылады. Одан соң «Теміртас» , «Есіл» романдары, «Достар» повесі, тағы басқа шығармалары жарыққа шыққан. «Жұмбақ жалау» (1938, «Ботагөз», 1948, орыс тілінде «Ботагоз») романында Қазақстандағы 1910-1920 жылдардағы күрделі оқиғаларды бейнелеген. 1-дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі, Азамат соғысы, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, тағы басқа ірі тарихи оқиғалар роман сюжетіне аркау болған. Романдағы басты тақырып - қазақ халқының, Қазақстанның тарихи тағдыры.

         Сәбит Мұқанов 40-жылдары «Менің мектептерім» романын, «Балуан Шолақ» повесін, «Сырдария» романын, «Поэзия маршалы», «Майданға хат», «Жеңімпаз Қызыл Армия», «Фашизмнің ажалы», тағы басқа прозалық жөне поэзиялық шығармаларын жазды. Прозада ол роман мен мемуарлық әдебиеттің дамуына үлес қосты. 50 жылдары «Шоқан Уәлиханов» драмасын, «Тындағы толқындар» романын жазды. «Саяхаттар», «Туған жердің тыңында», «Тыңда тұнған байлық», «Алыптың адымдары», «Адам-Атаның шоқысында» кітаптарын шығарған. Өлеңмен жазылған «Замандас туралы аңыз» атты шығармасын 1961 жылы жариялады. «Шоқан Уәлиханов» пьесасы мен «Жарқын жұлдыздар» атгы зерттеу еңбегі туды. Сәбит Мұқанов өмірінің соңғы жылдарында Шоқан өмірінен «Аққан жұлдыз» романын жазып, оның екі кітабын шығарған. Жазушы 4 том ретінде жоспарлаған бүл роман аяқталмай қалған. Драматургия саласында да көп еңбектенді. «Шоқан Уәлиханов», «Қашқар қызы», «Сәкен Сейфуллин» пьесалары - көрермендер тарапынан жоғары бағасын алған шығармалар.   Сын, әдебиеттану саласына жазушы көп еңбек сіңірді. 18-19 және 20 ғасырлардағы әдебиет тарихы және ақын-жыраулар шығармалары туралы зерттеу еңбектер жазды. Сәбит Мұқановтың қазақ әдебиеті туралы зерттеу нысандарын, негізінен, 18-19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Шоқан Уәлиханов пен Абай Құнанбайұлы, 20 ғасыр басындағы қазақ әдебиеті деп бөлуге болады.

Сұлушаш - Сәбит Мұқановтың 1928 жылы драмалық оқиғаға құрылған поэмасы. Поэмада қазақ ауылындағы әлдінің адамның бас бостандығы жоқтығы суреттелген. Туындының оқиғасы Алтай мен Сұлушаштың төңірегіне құрылған, осы екі жастың сүйіспеншілігі махаббаты жырланады. Поэма Сұлушашты Алтайдан айырудан басталады. Поэманың кейіпкерлері Сұлушаш пен Алтай екі түрлі әлеуметтік ортадан шыққан. Сұлушаш атақты Тілеуберді байдың ерке өскен қызы болса, Алтай — байдың малын бағып жүрген жалшы жігіт. Өмірден көрген қиындығы мен таршылығы Алтайдың намысшыл, жігерлі болып өсуіне ықпал етеді. Оның бойында тағдырдың әділетсіздігіне қарсылық ерте оянады. Армандарына жету жолында жастар көп қиындықтар көреді. Алтай мен Сұлушаштың озбыр топтан қашып шығып, қол ұстасып иесіз тауды паналаған кездерінде, ашығьш-тарыққанда оларға осы сезім қуат береді. Алтайдың жанында сенімді серігі Қайсар болады.Алтайды сүйгенінен айырады. Ақырында қуғын - сүргін көрген Алтай мен Сұлушаш қайғыдан құса болып, азапта өледі.