
- •Хх ғасыр басындағы қоғамдық тарихи жағдайлар және әдебиет. (сыйлы)
- •Н. Наушабайұлы шығармашылығы және елдік ұстаным. (сыйлы)
- •С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы. (сыйлы)
- •Ұлттық газет-журналдардың тууы, қалыптасуы мен дамуы. (сыйлы)
- •Ә.Шәріпов «Партизан қызы» (1961) хикаяты. Меру
- •Абайтану ғылымының қалыптасып, дамуы меру
- •Ж. Жабаевтың ақындық өнері меру
- •Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952). Меру
- •Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы.Меру
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы. Ляззат
- •К.Төгісов шығармаларындағы қоғамның әділетсіздігі, замана шындығы. Ляззат
- •М.Әуезовтің әңгімелері. Көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Ляззат
- •Қ. Аманжолов поэмалары:“Құпия қыз” (1939), “Ақын өлімі туралы аңыз” (1943) . Жания
- •Ақылбек Сабалұлы шығармашылығы. Жания
- •Ш.Құдайбердиевтің «Қаламан-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларының тақырыптық, идеялық ерекшелігі. Жания
- •М.Иманжанов шығармашылығы. Жания
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының “Жарты нан” хикаясы, “Мәшһүрдің тырнамен айтысы”, “Мәшһүрдің ала қарғамен айтысы”т.Б. Шығармаларының идеялық, сюжеттік ерекшелігі. Жания
- •С. Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей» поэмасындағы адам тағдыры. Дидар
- •М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі. Дидар
- •Шәңгерей Бөкейұлы шығармашылығы. Дидар
- •Б.Майлин - әнгіме жанрының шебері. Дидар
- •Б.Соқпақбаев шығармашылығы. Дидар
- •С.Шәймерденовтің шығармашылығы. Гулнур
- •Тайыр Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» өлеңдер жинағы және «Қыз көрелік» романы. Гулнур
- •Сәкеннің алғашқы өлеңдері ("Жазғы түнде", "Туған ел", "Сағыну", "Нұра", "Кім басшы", "Жайлауда", т.Б.). "Асау тұлпар" атты өлеңдер жинағы. Гулнур
- •Ғ.Орманов лирикасы және ақын әлемі. Гулнур
- •І.Есенберлиннің тырнақалды туындылары. Раушан
- •С. Көбеевтің өмірі, аударма саласындағы қызметі. «Үлгілі тәржімә» кітабы. Раушан
- •Сәкен поэмаларындағы өршіл романтика сарыны ("Аққудың айрылуы"), "Көкшетау" (1929). Раушан
- •Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеттануының дамуы (1932-1956) раушан
- •С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы дала мен қала, қазақ зиялылары туралы көзқарасы. Акмарал
- •Мағжан прозасындағы психологизм. Акма
- •Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян. Акма
- •І.Жансүгіров –эпик ақын. «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары. Акма
- •Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы (“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Үздіксіз өсу”, “Бір адым ілгері, екі адым кейін”, т.Б.). Акма
- •И.Байзақов- импровизатор ақын. Гулайхан
- •С. Көбеевтің шығармашылығы және «Қалың мал» романы. Гулайхан
- •Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист» (1920) повестері. Гулайхан
- •Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” (1950) романы гулайхан
- •Ж.Аймауытов әңгімелерінің тақырыбы мен сюжеттік-көркемдік ерекшелігі. Гулайхан
И.Байзақов- импровизатор ақын. Гулайхан
Байзақов - импровизатор ақын. Ақынның алғашқы шығармалары. Поэмалары. “Құралай сұлу” (1825), “Қойшының ертегісі” (1925). Бұл екі поэмаға тән ортақ белгілер мен дара ерекшеліктер. Халық өмірі мен жастардың әлеуметтік теңсіздік, оған қарсы күрес шындығының суреттелу жолдары.“Алтай аясында” (1933-34) поэмасы. Шығармадағы оқиғаның желісі. Ақынның образ жасау шеберлігі. Балағаз, Жоламан, қаутін, қырмызы, құсан, Кәпік, Көбік. “Он бір күн, он бір түн” (1938), “Кавказ” (1939) поэмалары. “Ақбөпе” (1940) поэмасы: тақырыбы, сюжеті. Әмірхан, Тәуке, Ақбөпе образдарының даму, өсу жолы. Ақбөпе образының ақын творчествосындағы үлкен жетістік екендігі. Ақын поэмаларының тіл байлығы. Поэмаларының жанрлық ерекшеліктері, олардың поэтикалық жүйесінде фольклор мотивтерінің қызметі.
С. Көбеевтің шығармашылығы және «Қалың мал» романы. Гулайхан
Жазушының бұл шығармасындағы негізгі кейіпкері Ғайшаның тағдыры арқылы қазақ қызының сол бір бейуақыттағы аянышты өмірін, аңсаған арманы мен үмітін, сол жолдағы талабы мен күресін шынайы түрде жинақтап көрсеткен және әлеуметтік теңсіздік пен соған қарсылық тақырыбын да қамтыған. Бұл Көбеевтің творчествосындағы прогресшіл бағыт пен демократтық беталыстың айқын да, даусыз шындығы еді. Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнелеумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер характерін даралап көрсеткен.
Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист» (1920) повестері. Гулайхан
Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” (1950) романы гулайхан
«Қазақ солдаты» романының тілі бай. Ғабит Мүсірепов романының басты кейіпкері Қайроштың образын жасауда, оны тұлғаландыра түсуде барынша күш салған.Романның бірінші бөлімінде Қайрош Кеңестік тәрбие көрген азамат, оның жастық шағы, өсіп, ер жетуінде өмірде жолын тауып, оқу іздеп қалаға қашуы айқын бейнеленеді.«Мүмкін менің алдымда сағым теңіздей құлпырып, алыстан қол бұлғап тұрарлық» деген сөздерінен жарқын болашағына үлкен үмітпен қарауын аңғартады.Ғабит Мүсірепов романда Қайроштың табандылығы мен қайсарлығын көркем көрсете білген. Бір сөзбен айтқанда адам – образ, мінез-құлқын жасауда аса көркемдіктің биік шыңына көтерілген.Тағы айта кететін жайт, Қайроштың алғаш қалаға келіп тапқан достары – Шеген мен Бораш болатын. Соған орай, жазушы суреттеуіндегі Шегеннің Қайрош көзімен көрген сипаты мынадай: Шегеннің мүше-мүшелерін бар сымбатында тізе біліп, жаңа көрген балаға Шегеннің сақылдап күлгеніне дейін қызғылықты, жанына жылы және ұзаққа естелік болып қалатындай. Бір жағынан оның сөйлеген сөздері де ерекше.«Сен оқуың керек!», «Алтын жатса – алмаймыз, Өтірік айтпаймыз!» - деген сияқты сөздері ағалық мейірімін танытады. Сонымен қоса, өзінен жасы кішілеу болса да іні болып кеткен Бораш образын да ерекше атап көрсетуге болады. Сөйте тұра Бораштың өнерге, әсемдік атаулыға құштарлығы қаршадай болатын.Бірі аға, бірі іні ретінде қадірі өткен осы екі кейіпкердің образын автор барынша көркем, барынша жоғары деңгейде жеткізе алды.Жазушы романда кейіпкерлерді тарих сахнасына алып шығып, кілең сайып қырандар иық тірестіре тұра: «Жаудың бірлігі – күште, біздің күшіміз - бірлікте» - деп, Отан мен адам проблемасын негізінен алғанда осылайша сенімді суреттейді.Демек, Ғ.Мүсірепов айтулы шығармасында Ұлы Отан соғысының жылдарындағы халықтар достығының кесапаты мол ауыр сынға төтеп береді. Володя Толстов, Самед Абдуллаев, Зонин, Гришин сияқты Кеңес елінің ұлт өкілдерінен құралған армия жауынгердерінің жүрегіндегі интернационалдық сезім күйлері олардың іс-әрекеттерінен, бүкіл мінезінен көрінеді. Сонымен, көп ұлтты кеңес жауынгерлерінің көптеген сыры Қайрош арқылы ашылды.Сөйтіп, автор ел басына түскен трагедияны аса суреткерлікпен барша шындық, көркем шығарманың толық ашылар қасиеті мен нанымдылығы, шебер композициясы айқын жеткізгені сөзсіз.«Қазақ солдаты» романында майдан шындығы, әсіресе, Қайроштың ерлігі реалистік тұрғыда бейнеленген. Туған жері есіне түскен сайын қанаттанып, көкке жүзгендей болады. Алайда соғыс оның өмірінде үлкен із қалдырады. Содан бері ол Қайрош Сарталиев алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей жан болып қалды.