Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жартысы жок осыны карандар.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180.95 Кб
Скачать
  1. Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы (“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Үздіксіз өсу”, “Бір адым ілгері, екі адым кейін”, т.Б.). Акма

Ғ.Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына «Тулаған толқында» мен «Американ бидайығы» шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. Ғ.Мүсірепов әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылған. «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Үздіксіз өсу», «Жайлау жолында», «Тұтқын қыз», Жеңілген Есрафил» тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі. «Талпақ танау» әңгімелері мен «Бір адым кейін, екі адым ілгері» повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жарық көреген. Оның бұл шығармалары қазақ әдебиетіне жазу стилі қалыптасқан, көркемдік шеберлігі ерекше жаңа суреткердің келгенін жария еткен еді. Шығармашылық жолының бір белесін аналар туралы әңгімелер топтамасымен түйіндеген жазушы енді кең тынысты туынды жазуға кіріседі. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғын ала ол өзінің тұлғалы туындысы «Қазақ солдаты» романын жазған. Роман тың тақырыбымен, образдарының көркем бейнеленуімен, сюжет құру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен таңдаулы қазақ романдарының қатарына қосылады. Бұдан кейін ол араға біраз уақыт салып барып, өзінің ең ірі салалы да салиқалы шығармасы «Оянған өлке» романын жариялайды.

Әдебиетке 20-жылдардың екінші жартысында келген Ғ.Мүсіреповтің алғашқы көлемді туындысы – «Тулаған толқында» хикаятында 1916 жылғы дүрбелең кезіндегі ауыл тіршілігі, әйел тағдыры, кейінгі азамат соғысының көрінісі бейнеленсе, «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Алғашқы адымдарда» еңбекші халықтың сана-сезімінің өзгергені суреттеледі. Ғ.Мүсіреповке тән шеберлікпен жазылған алғашқы әңгіме – «Қос шалқар»(1928). Әңгімеші-жазушы Қос шалқардың қойнауында екі түрлі өмірді көргенін, екі түрлі сезімді басынан кешіргенін тебірене баяндайды. Қос шалқардың қойнауында өскен сәби көз алдындағы кең өмірді құшақ жая құшуға дайын еді. Айналасы бақыт бақшасындай рақатқа, шаттыққа шақырғандай елестейтін. Бірақ Қос Шалқармен – шын өмірімен тұңғыш түйіскенде бала көңілі құлазып, қатты қиналады. Барлық бояуы өшіп, мұнарланып, бақыт бесігіне балаған Қос шалқар қапырық зындандай дем алғызбай, тұншықтырып жібере жаздайды. өйткені оның көз алдындағы Қос шалқар қиянатшыл екен, қойнауында – «Қосым байдың босағасында қабақтары қатыңқы, көңілдері кірбікті үмітсіз өкініш» бар. Қалың қауды шапқан жігіттердің даусы нәрестелердің шыңғыруымен ұласып, тым ащы шығып жатады. Шыбыртқы арқаларына емес, жандарына «шып-шып тигендей». Есейген шағында туған өлкесіне қайта оралған әңгімеші-жазушы Қос шалқардың өзі де, оны жайлаған жандардың да өзгергеніне куә болып, өмірдің бір шиеленіскен түйініне бойлағандай болады – көңіліне бір әсем жылылық ұялайды. Лирикалық сезіммен көмкерілген «Қос шалқар» қазақ әңгімесіндегі осы жанрдың бір жаңалық бастауы еді. Ғабит Мүсіреповтің азаматтық және қаламгерлік қасиетін айқындай түскен «Талпақ танау» мен «Шұғыла» сол кездегі қазақ әңгімесінің айтулы шығармаларының қатарына жатады. 1932 жылдың сұмдығы мен қулығы әшкереленген бұл қос шығарма – батылдығымен, қайсарлығымен бірге композиция мен сюжеті әдемі өрілген әсерлі шығармалар. Ол уақытты аштық пен жалаңаштықты ашық әшкерелеу қайда, тұспалдап, сыналап айтудың өзі қауіпті еді. Ғабең осы екі әңгімесінің бірінде әзілді суыртпақтап, бірінде жол хикаясын арқау етіп ащы да ауыр шындықты оқырманына жеткізеді. «Талпақ танаудың» (1933) астарлы ойы мен сюжет ағымы кейіпкерлердің сезім қылын шертіп, әдемі күлкі, әсем әзіл арқылы аңғарылады. Түйе жеккен арбамен «іркілдеп» жеткен екі шошқа, әй, жақсылықтың белгісі емес-ау! Сондықтан да ауыл жігіттері жаңа пәлеге «жақындамай, алысырақ иіріліп тұрып» осқырына қарайды. «Кәпірдің» түр-тұрпаты еркін өскен кең даланың перзенттеріне тым жат, тым өрескел көрінеді. Төрт түлігі мыңғырған елге «бауыры толған қаз-қатар емшек» «малдан көрі итке ұқсайтын бесінші түлік» жат-ақ. Ақыры ауылдың бір ақсақалын зорлықпен екі шошқаның соңына салады... Осы терең сыр ауыл жігіттері алғаш көргеннен-ақ «аузы малға ұқсамайтын талпақ танауды» деп басталатын әзіл-күлкімен, мінеп-шенеумен байқатады.