Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жартысы жок осыны карандар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180.95 Кб
Скачать
  1. І.Жансүгіров –эпик ақын. «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары. Акма

Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.

 Қазақтың лирик әрі эпик  ақыны Ілияс Жансүгіров өнерлі жанұяда өсіп, мейірімі қанғанша сусындаған.Ілиястың табиғат лирикасына орай  жазылған қай  өлеңін алып  қарасаңыз да, ондағы стил өрнегі, қаламгерлік дара тұлғасы айқындалып тұрады. Өлеңіндегі эпикалық  кеңдік, теңеу, эпитет, метафора, градация, эпифора, анафора байлығы  оның поэзиясындағы  негізгі   белгілері десек, одан  халықтыќ, фольклорлық  леп  ескендей сезіледі. Олай болуы заңды да. Халқымыздың құт- берекесі дарыған, көне  заманнан  даналық  пен  ақындық  мекені  болған Жетісу  жерінің  перзенті Ілияс  бала  күннен  бастап  өлең мен  жырдың  қойнауында  туып, сонда  өсіп-өркендеген. Нәтижесінде,  нағыз  халықтық  пафоста, танымдық-білімдік тұрғыдан берері мол, этнографиялық  ғылым саласына  жақын  жазылған  өлеңді  оқып  тамашалайсыз.

Тұтастай алғанда, «Күй» - ақынның тарихи тақырыпқа поэма жазудағы алғашқы творчестволық  сәтті ізденістерінің жемісі. «Күй» - қазақ  поэмасының тарихындағы өнер тақырыбына арналған алғашқы сәтті туындының  бірі. 

Ілиястың 1934 жылы жазылған «Күйші» поэмасы қазақтың эпикалық поэзиясындағы елеулі құбылыс болды. «Күй» ақынның поэма жанрындағы өнер тақырыбын қозғауының басы, әдемі бастамасы болса, «Күйші» соның сатылы, заңды жалғасы еді. «Күйшіде» ақын өнер тақырыбын өрістете түсті. Көркемдік шешімі тұрғысынан қарағанда, ақын ілгеріледі. Сюжеттік, композициялық, образдық, тілдік шеберлік бағытында ақын алғашқы поэмасынан гөрі «Күйшіде» өсу, биіктеу үстінде болғанын толық аңғартты.

Поэма басында Арқадан көшіп, Алатауға беттеген хан Кененің ордасы бейнеленеді. Халық жиналып, ханға қошемет көрсетіп, той жасайды. Біреулер ерулікке бие сойса, біреулер ат сыйлап, мәре-сәресі шығып жатыр. Көп халықтың ішінен не берер малы, не сыйлығы жоқ, жалғыз шешесі бар кедей жігіт күйші келіп, дүйім жұртқа күй арқылы қуаныш, ләззат сыйлайды. Рахаттан кім қашсын? Кененің сылқ-сылқ күлген сұлу қарындасы Қарашаш Күйшінің рахат берер күйлеріне тәнті, соған ғашық болады. Осы тұста шығарма желісі оқыс оқиғаға тап болады. Күйшінің майталман  өнерпаздығы өзіне пәле болып жабысады. Ол туған ел мен жерін, шешесін тастап, Қарашашқа күй шертіп, рахатқа батыру үшін басы бүтін құлдыққа берілмек. Күйшіге бұл ауыр тиген соққы. Әрине, қара жұмыс істемейді, тек Қарашашқа күй тартып беру керек. Осы сәтте еркіндік, бостандықтан айырылған күйші ескі сарынды, қайғылы, күйінішті  күй тартып, мұңға батады. Оның бүкіл әуенінен  қуанышты леп су сепкендей басылған. Азаттықтан айырылып, жарым көңіл күй кешкен өнерпаз, көп ұзамай тағдыр жазуына мойын ұсынып, Қарашаш отауына да үйренеді. Үйренгені аздай «қара қас, қалың қабақ, ордадағы сырықтай, бойы сымдай, балға ашытқан қымыздай» ханшаға сезім көңілі оянып, ғашықтың дертіне ұшырайды. Осы тұста Күйшінің  күй ырғағы да сезім толқындарына толып, ұшқыр қиялды елестететін, түлкі алатын құмайға, аңға шапқан тазыға айналып, шат-шадымын, шабыт шақырар әуенге бет бұрады. Күй тартқан күйшінің ішкі тебіренісі Қарашашқа әсер етпей қоймайды. Күйшінің домбырасынан төгілген күй тасқыны қыздың көз алдына фантастикалық бейне, көріністерге айналып, дегбірін алады. Өйткені, Күйшінің ой-қиялы  шексіз, бірде самал желге айналса, қыздың бетінен өппек, суға айналса, шомылдырмақ, қымыз болып сусынға айналса, сұлудың ернінен сүймек, ал алтын, күміске айналса, қолынан білезік болып тағылып, жүрек лүпілін сезбек. Домбыра пернесінен төгілген  күй Қарашашты тебірентіп, есінен айырады, Күйшіге қосылмақ ойы да болады. Бірақ ол ойынан тез қайтады. Хан тұқымын қалай былғамақ.

Ендігі  тұста сюжеттік  желіге мына жайт тап болды. Түн мезгілінде Әлімқұл датқаның ерке, сері баласы Сапақ Қарашашты оятпақ боп қасына барғанда, ұйқысы сергек қыз оянып, көзін аша сала, Наркескенге ұмтылады. Ашуы бұрқ-сарқ қайнайды. Ел-жұртты аяғынан тік тұрғызады.

Ғашық дертіне шалдыққан күйші көрген түсіме, әлде өңі ме, сон біле алмай әрі-сәрі күй кешеді. «Қызды оятқан өзім шығармын» деп ажал құрығына даяр тұрады. «Зәнталақ! Пері қаққан! Сен жүрсің бе!»– деп күйшіге тап берген жендетті қыз тоқтатып, «Тиіспе менің күйшіме, оны істеген ол емес, Әлімқұлдың шолжаң ұлы» деп зекіп тастайды. 

Боз баланың бұл қылығы соғыс өртін тұтандыратын үлкен зобалаң, кесапат әкеледі. Түбінде Үйсін, Дулат ортақ мәмілеге келіп, жгіттің бет -  аузынан  күйелеп, мойнына масқаралап құрым байлап, киімін түк қалдырмай шешіп алып, жаяу-жалпылатып Қарашаштың алдына әкеледі. Көңілі танып, халыққа сес көрсеткен қыз-жігітті өлтірмей, көзінен сорасы аққан әкесі Әлімқұлға береді. 

Осы оқиға Күйшінің өрекпіген көңілін басып, жүрегін суытып, қанын қарайтады. Күй сарыны да өзгеріп, тартылып жүрген тәтті, сырлы, сезімді әуен  мұңды, қайғылы, өлімді сарынға айналады. «Күйген» , «Суға кеткен», «Желмая», «Атылған аққу» күйлерін бірінен кейін бірі кезектесіп, Қарашаштың салтанатты, әшекейлі сұлу сарайын мұңға батырады. Күйші сұлу Қаршашқа деген сезімі жоғалған, оны сұр мегежінге, жиырылған кесірткеге, албасты, мыстан  кемпірге балайды, күй сарыны үнемі осыны сездіреді. Қыз өз қиялында «бұл жігіт емес, жылап отыр, саусағы да  жез тырнақтың тұяғы секілді»  деп күйшіден жеріп, күйді тоқтатады.  

Бір мезет көңілі тасып тұрған  Қарашаш Күйшіден «тілегің не ?» деп сұрағанда, «Тілегім мың қайтара – бір-ақ тілек, басыма бостандық бер, елге қайтам» дейді. Мұндай жауап күтпеген кербез қыз, ұзақ ойланып, жібергісі келмесе де, «болсын» дейді. Одан күн артынан күн өтіп, ай артынан ай келеді. Қыз жігітті жібергісі жоқ.

Ақырында қыз жүрегі жеңіледі. Күйшіге астына ат мінгізіп, еліне қайтарады. Еліне келгенде Күйші шабыттанып, «Азат» деген күйді шертеді.        

Ілияс  Жансүгіровтің осы «Күйші» поэмасы кең тынысты, асқақ әуенді, қатыгездік пен зұлымдықты  өнер арқылы жеңе  білген қазақ әдебиетіндегі қайталанбас ірі де көркем туынды. Мұнда негізгі сюжетпен қоса, Қарашаш пен Күйші арасындағы терең психолгизм, адам сезімдерінің шарпысулары  ақынның шалқар шабытына, шексіз фантазиясына, табиғи ағысына барынша ерік берілгені айқын аңғарылады. 

Қарашаш – «Күйші» поэмасындағы басты кейіпкердің бірі. Автордың түпкі ой қазығы бойынша, ол – ұнамсыз тұлға. Солай бола тұрса да, оның кейбір адамдық қасиеттерін де ақын жарқыратып алға жайып салған. Ол алған беттен таймайтын, орта жолда бөгеліп қалмайтын, алдына қойған мақсатын орындамай тынбайтын, қайратты, кесек мінезді тұтас характер. Ол мәмілеге келуді, шегінуді білмейтін өр тұлға ретінде есте қалады. Қарашаш ақылсыз әумесер де емес. Ашумен қатар ақылы да бар.  

Қарашаш - әр алуан сыр-сипатымен терең бейнеленген күрделі кейіпкер. Ол тарихи тақырыпқа жазылған поэмалардағы дараланған типтің бірі. 

Поэмада күйші жігіт жөнінде онша көп мәлімет жоқ. Кедей екені, шешесі бар екені айтылады. Ақын оның портретін, мінездемесін бере қойған жоқ. Бізге дейінгі зерттеушілер айтып жүргендей, поэмадағы күйші жігіт екі түрлі сыр-сипатымен, яғни өнерпаздығымен көзге түседі. Ал, хан феодалдарының құлдық бұғауынан босатуға ұмтылу, рухани байлықты жасау – халықтық қадір-қасиет үйсін күйші жігіт арқылы көрінеді. 

Күйші жігіт өмірінің нақтылы көріністерін, сезім күйін, арман дүниесінің бұралаң-қалтарыстарынан нәзік те әсерлі тіл бояуларымен суреттеу арқылы халық өкілінің әп-әдемі бейнесін ақынның мүсіндеп бергені – поэмадағы елеулі көркемдік жетістік. Оның ең басты қасиеті бойына жинаған асқан халықтық дарыны - өнерпаздығы. Шығарманың «Күйші» атануы да осы бір  өзекті сарынмен тікелей байланысты.

Күйші жігіт басында оянған махаббат сезімін де ақын келістіре толғайды. Жалпы жастық, махаббат деген үлкен рухани күш. Ол адамды шабыттандырады, қанат бітіріп, көкке ұшырады. Бойға бұрқыраған жігер-күш беріп, тау қопартады. Адам санасын нұрландырып, мол жарыққа кенеледі. Қарашашқа ынтыққан поэмадағы күйші жігіт халі осындай. Бұрынғы өзі тартып жүрген  тоқсан түрлі  күйді қоя тұрып, шабыт қанатына мінген өнерпаз өз жүрегінің жаңа күйін – махаббат күйін төгеді. 

Поэмадағы күйші жігіт – есте қаларлықтай кесек тұлға. Ақын оның асқан өнерпаздығын, өміріндегі бұралаңы бар күрделі сәттерді құлпырта сөз бояуларымен айқын суреттеп берген. Домбырадағы тоқсан құбылған құдіретті күйдің  адам сезімдерімен  ұштасқан кейде реалистік, кейде романтикалық кейпін -өрісін ақын өрен шабытпен өлең өрнегіне шебер түсірген. Күйші жігіттің барлық қадір–қасиеті – халықтың бойындағы асыл мінез, қадір-қасиеттердің жарқын көріністері. Бұл шығарманың бүкіл рухынан көрініп тұр.            Поэмада адамдар тұлғасы нақтылы сипатталған. Бірі ұнамды, бірі ұнамсыз дегендей. Поэманы оқығанда есте қалып қоятын кейіпкердің бірі  - хан Кенесары Қасымов. Кенесары – тарихи шындыққа сәйкес, өзінің зұлымдығымен, жауыздығымен айқын көрінеді. Бұл жөнінде акаемик  Қ. Жұмалиев: «Ақын сөз арасына, кейбір ғана қысқаша сурет, баяндау, репликалар арқылы, Кененің жексұрындық мінез-құлық әрекеттері де шеберлікпен көрсетеді. ...Жауыздық, қара жүректілік, менмендік, қара халықты менсінбей, оларға тәкаппарлықпен қараушылық бәрін бір-екі шумақпен-ақ ақын түйіп берген емес пе?»- деп поэмадағы Кенесары бейнесі жөнінде дәл топшылау жасады.