- •Хх ғасыр басындағы қоғамдық тарихи жағдайлар және әдебиет. (сыйлы)
- •Н. Наушабайұлы шығармашылығы және елдік ұстаным. (сыйлы)
- •С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы. (сыйлы)
- •Ұлттық газет-журналдардың тууы, қалыптасуы мен дамуы. (сыйлы)
- •Ә.Шәріпов «Партизан қызы» (1961) хикаяты. Меру
- •Абайтану ғылымының қалыптасып, дамуы меру
- •Ж. Жабаевтың ақындық өнері меру
- •Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952). Меру
- •Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы.Меру
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы. Ляззат
- •К.Төгісов шығармаларындағы қоғамның әділетсіздігі, замана шындығы. Ляззат
- •М.Әуезовтің әңгімелері. Көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Ляззат
- •Қ. Аманжолов поэмалары:“Құпия қыз” (1939), “Ақын өлімі туралы аңыз” (1943) . Жания
- •Ақылбек Сабалұлы шығармашылығы. Жания
- •Ш.Құдайбердиевтің «Қаламан-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларының тақырыптық, идеялық ерекшелігі. Жания
- •М.Иманжанов шығармашылығы. Жания
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының “Жарты нан” хикаясы, “Мәшһүрдің тырнамен айтысы”, “Мәшһүрдің ала қарғамен айтысы”т.Б. Шығармаларының идеялық, сюжеттік ерекшелігі. Жания
- •С. Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей» поэмасындағы адам тағдыры. Дидар
- •М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі. Дидар
- •Шәңгерей Бөкейұлы шығармашылығы. Дидар
- •Б.Майлин - әнгіме жанрының шебері. Дидар
- •Б.Соқпақбаев шығармашылығы. Дидар
- •С.Шәймерденовтің шығармашылығы. Гулнур
- •Тайыр Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» өлеңдер жинағы және «Қыз көрелік» романы. Гулнур
- •Сәкеннің алғашқы өлеңдері ("Жазғы түнде", "Туған ел", "Сағыну", "Нұра", "Кім басшы", "Жайлауда", т.Б.). "Асау тұлпар" атты өлеңдер жинағы. Гулнур
- •Ғ.Орманов лирикасы және ақын әлемі. Гулнур
- •І.Есенберлиннің тырнақалды туындылары. Раушан
- •С. Көбеевтің өмірі, аударма саласындағы қызметі. «Үлгілі тәржімә» кітабы. Раушан
- •Сәкен поэмаларындағы өршіл романтика сарыны ("Аққудың айрылуы"), "Көкшетау" (1929). Раушан
- •Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеттануының дамуы (1932-1956) раушан
- •С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы дала мен қала, қазақ зиялылары туралы көзқарасы. Акмарал
- •Мағжан прозасындағы психологизм. Акма
- •Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян. Акма
- •І.Жансүгіров –эпик ақын. «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары. Акма
- •Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы (“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Үздіксіз өсу”, “Бір адым ілгері, екі адым кейін”, т.Б.). Акма
- •И.Байзақов- импровизатор ақын. Гулайхан
- •С. Көбеевтің шығармашылығы және «Қалың мал» романы. Гулайхан
- •Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист» (1920) повестері. Гулайхан
- •Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” (1950) романы гулайхан
- •Ж.Аймауытов әңгімелерінің тақырыбы мен сюжеттік-көркемдік ерекшелігі. Гулайхан
Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян. Акма
Тарлан ақын Тайыр Жароков 1908 жылдың 26 қыркүйегінде Орал облысының Орда ауданында дүниеге келді. Ақынның алғашқы «Аэроплан» өлеңі өз ауылындағы сауат ашу мектебін 1927 жылы бітіген жылы жазылды.Аталмыш мектеп орыс-қазақ балаларының сауатын ашатын бастауыш оқу орыны болатын.Зерек Тайыр бұл жерде өзінің білім-ілімге деген алғырлығын танытып,шәкірттердің арасында өзгеше дарынымен ерекшеленді.Ауыл үстінен арқырай ұшып өткен аэропланға» жыр арнаған Тайырдың шығармашылық жолы осылайша буырқанған тау бұлағының бастауындай қуатпен арна салды.Өзге де жырлары туды... Тайырдың әдебиетіміздің классигі Мұхтар Әуезов қайтыс болғанда ет жүрегі езіліп,шын қайғырып жазған жыры көпке дейін халық есінде жүрді.Оның осы бір өлеңінде айырықша адалдығы,пендешіліктен таза парқы,жас сәбидің жүрегіндей кіршіксіз жады айқын көрінді
Тайыр Жароковтың өмір жолы үнемі оқу-тоқудан,білімі мен өмірлік мұраттарын шыңдаудан тұратынын байқау қиын емес.Әлгінде айтқанымыздай,Орынбордағы халық ағатру институтынан соң,Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітіріп,одан іле 1931-35 жылдарда Ленинградтағы тарих,философия және әдебиет институтының аспирантурасында әлемдік танымға қанған Тайыр сол жылдардағы қазақ ақындарының арасындағы шоқтығы биіктердің сапында болды. Тарлан ақын Тайыр Жароковтың қазақ әдебиетінің классикалық үлгіде қалыптасуына қосқан өзіндік үлесінің Һәм ықпалының мол болғандығын оның Қазақстан Жазушылары Одағының хатшысы,Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары болған жылдарындағы сүбелі еңбектері куә.Ақынның осы дәуірдегі және одан кейінгі жылдардағы «Нефтьстан», «Мотор жыры», «Күн тіл қатты» , «Мұз тұтқыны», «Тасқын», «Отан дауысы», «Нарын» секілді кесек туындылары қазақтың кәсіби тұрғыдан кемелдене бастаған әдебиетінің ірге тасын қалады десек,ақиқаттан алыс кетпеспіз.Ақынның әйгілі «Мұз тұтқыны» қаһарман челюскиншілердің ерлік рухтарын,оларды құтқаруға барған жандардың жанкешті қадамдарын жырлап,адамдық асқақ сезімдерді сыр етсе,өмірді көтеріңкі леппен,романтикалық қуатпен жырлаған « «Мотор үні» , «Миллион толқын» , «Күн тіл қатты» поэмалары оқырманын жасампаз еңбекке,рух беріктігі мен отаншылдыққа шақырды.Ол өзінің «Тасқын» поэмасында Қайсар мен Жамал сынды кейіпкерлерінің іс-әрекеттері арқылы туған өлкенің игілігіне қажымай еңбек жасап, халықтың асыл мұраттарын ту етудің өнегесін жырына қосты. Ақын поэзиясының өрлеу кезеңі ретінде өткен ғасырдың алпысыншы жылдарын атасақ ләзім.Бұл мерзім жалғыз Тайыр Жароков шығармашылығында ғана емес,жалпы кеңестік,оның ішінде қазақ совет әдебиетінің осы жылдарындағы ренесанстық мезгіл болатын. Ақынның аталған дәуірдегі әдеби сыннан жақсы бағасын алған «Соғыстан соң», «Жеткіншек» , «Жапанды орман жаңғыртты» , «Қырда туған құрыш» , «Тау жырлайды» , « Теңіз баласы» секілді поэтикалық кітаптары Тайырдың кемелденген қаламгерлікке аяқ басқанын,қаламының шеберлікке нық ауысқанын аңғартты.Өмірінің соңғы жылында жазған «Тасқынға-тосқын» поэмасымен Тайыр Жароков инженер-геолог кейіпкері Арманның тіршіліктің ұстаным-әрекеттері арқылы қазақ азаматының мұқалмас рухын,терең білімдарлығын жырлады. Оның бейнесі негізінде қазақ ұлтының кемелдене бастаған болмысы мен қандай да қиындыққа төтеп берер қайратын,жасампаздыққа бейім жанын оқырманына өнеге етіп ұсына алды.
