Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жартысы жок осыны карандар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180.95 Кб
Скачать
  1. Мағжан прозасындағы психологизм. Акма

Қазақ поэзиясына жаңа леп әкелген ұлы ақындарымыздың бірі Мағжан Жұмабаев заманында саяси көзқарасы, ағартушылық қызметі, эстетикалық-философиялық ұстанымы өз дәрежесінде қанатын кең жая алса, ақыл-ойга басқаша бір өріс ашып, халқының қолына ерекше бір әлемнің кілтін ұстатқан болар еді. Бірақ тагдыр оған жазбады, ол қуғын-сүргіннің кұрбаны болды.

ХХ ғасыр басындағы қазақ көркем прозасының көшбасшылары Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов,Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов,т.б сынды сирек кезде­сетін талантты топтың шығармалары ұлт­тық рухани мұрамыздың алтын қорына қосылды

М.Жүмабаев шыгармашылыгы әңгіме болғанда, прозалық туындыларының ішіндс кобіне »Шолпанның күнәсі» әңгімесіне ғана назар аударылып отырады. Оның прозасындағы керкемдік шеберлігін жете зерттеген жұмыстар - әзірге санаулы әдебиеттанушы-ғалымдардың «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі зерттеулер ғана.

Осы тұрғыдан келгенде Мағжан Жұмабаев шағын әңгімелері әдеби-сын зерттеулері, оку құралдары, аудармалары прозалық туындылар дел қарастырылып, зерттеудің басты нысаны етіп алынды.. Әдебишығармашылығын әр түрлі коғамдық, педагогикалык қызметпен байланыстыра білген М.Жұмабаев әдебиеттің әр жанрьнда қалам тартумен бірге, ғылым саласында да зерделі зерттеулер жасаган каламы қарымдм, ойы ушқыр жазушы больш танылды.

Мағжан прозасы мен поэзиясы – қуатты ақындық бастаудан нәр алатын біртұтас жүйе. Ақын прозасына дәстүрлі прозалық талаптар тұрғысынан баға бермек болсақ, Мағжан әңгімесінің табиғаты толық ашылмасы анық. Ақын прозасын зерттеу оның тек көркемдік қырын ғана емес, ақынның жан әлемін тануға мүмкіндік бермек. Мағжан прозасын баяу, байыппен, әр сөзге, оның астарына мән беріп, ой ырғағы мен кідірістерге зер сала оқыған дұрыс. Осылайша ақын шығармашылығындағы поэтикалық ойдың даму ерекшелігін тануға мүмкіндік аларымыз хақ

«Ессіз жүрек тулады, бермеді ырық, Ақыл сорлы ере алмай қалды тұрып»; «Ессіз жүрек аспанға қол сермеді; ессіз жүрек ақылға жол бермеді» деген жол- дар романтик ақынның шығармашылығына баға бергенде есте ұстарлық негізгі сырдың бірі. Шығарма сюжетін оқиғаға емес, жүрек сөзі, сезім мен ой байланысы, оның ішкі қозғалысына құрған Мағжан «Шолпанның күнәсінде» де оқырман назарын «жас жүректің есалаң тілегіне» аудартады. Әңгімеде де, поэзияда да жиі қолданылған «есалаң жүрек, есалаң тілек» тіркестері жан қалауының даралығы мен дәстүрлі қалыпқа сыймайтын романтикалық табиғатты танытса керек. Автор негізгі кейіпкерін Шолпан атағанымен, шығармадағы негізгі жүк – жүректе. Шолпанның образын ашатын символдық мәнге ие «жүрек» сөзі оның ессіз тілегін орындаудағы негізгі әміршісі де. Шолпан алғашқы тілегінен айныған тұста оның «желдей есалаң жүрегін қара жыландай қап-қара ойлар орап алып, улай бастайды», бар тілегі бала болған сәттерде «көзден емес, жүректен ыстық жас төкті», пірәдарлық жолға түскенде «жүрегіндегі жараны ешкімге ашқан жоқ», оның ойынша «жүрек сырын шеттің ұғуы мүмкін емес», сондықтан «жүрек жарасын ешкімге сездірмеді», өмір Шолпанның «жүрегінен саулап аққан қанына, қанаты сынып өліп жатқан жанына кідіріп, бұрылып қарамады», оның «жүрегіне түскен жара мәңгі жазылмайтын жара болғаны ма» деген сұрағына жауап тапқандай бо- лып, Әзімбаймен қосылғанда «тас болып келген жүректің не үшін бүгін жібігенін айтпақшы еді». Алайда, «есалаң жүректің есалаң тілегінің жұмбағын» «өлім» шешті. Шолпан ойымен өріліп жатқан автор сөзімен қорытындылар болсақ: «Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ. Адам – шешуі жоқ жұмбақ. Шешуі деп атауға болатын болса, адамның шешуі – жалғыз өлім». Мағжан символизміндегі жүрек пен өлімнің сырыШолпан образы арқылы көркемдікпен тағы бір қырынан ашылады Мағжанпрозасы–қазақәдебиетіндебұрын-соңдыболмағанкөркемдіктіңжаңа әлемі. «М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесі қара сөзбен жазылған өлең сияқты оқылады» [6, 30 б.] деген пікірдің айтылып келе жатқандығына біраз болды. Алайда, ақын әңгімесінің «өлең сияқты оқылатындығының» сыры біздің ойымызша әлі де толық ашыла қоймады.. Мағжан прозасы – «ақындықтың тәтті сұлулығынан» бастау алған проза. «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі ақындық тілдің табиғаты қазақтың «өлеңмен айтқан билік, жыр- мен айтқан өсиет, тақпақпен айтқан дауының» көркем жалғасы.