
- •Хх ғасыр басындағы қоғамдық тарихи жағдайлар және әдебиет. (сыйлы)
- •Н. Наушабайұлы шығармашылығы және елдік ұстаным. (сыйлы)
- •С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы. (сыйлы)
- •Ұлттық газет-журналдардың тууы, қалыптасуы мен дамуы. (сыйлы)
- •Ә.Шәріпов «Партизан қызы» (1961) хикаяты. Меру
- •Абайтану ғылымының қалыптасып, дамуы меру
- •Ж. Жабаевтың ақындық өнері меру
- •Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952). Меру
- •Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы.Меру
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы. Ляззат
- •К.Төгісов шығармаларындағы қоғамның әділетсіздігі, замана шындығы. Ляззат
- •М.Әуезовтің әңгімелері. Көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Ляззат
- •Қ. Аманжолов поэмалары:“Құпия қыз” (1939), “Ақын өлімі туралы аңыз” (1943) . Жания
- •Ақылбек Сабалұлы шығармашылығы. Жания
- •Ш.Құдайбердиевтің «Қаламан-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларының тақырыптық, идеялық ерекшелігі. Жания
- •М.Иманжанов шығармашылығы. Жания
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының “Жарты нан” хикаясы, “Мәшһүрдің тырнамен айтысы”, “Мәшһүрдің ала қарғамен айтысы”т.Б. Шығармаларының идеялық, сюжеттік ерекшелігі. Жания
- •С. Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей» поэмасындағы адам тағдыры. Дидар
- •М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі. Дидар
- •Шәңгерей Бөкейұлы шығармашылығы. Дидар
- •Б.Майлин - әнгіме жанрының шебері. Дидар
- •Б.Соқпақбаев шығармашылығы. Дидар
- •С.Шәймерденовтің шығармашылығы. Гулнур
- •Тайыр Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» өлеңдер жинағы және «Қыз көрелік» романы. Гулнур
- •Сәкеннің алғашқы өлеңдері ("Жазғы түнде", "Туған ел", "Сағыну", "Нұра", "Кім басшы", "Жайлауда", т.Б.). "Асау тұлпар" атты өлеңдер жинағы. Гулнур
- •Ғ.Орманов лирикасы және ақын әлемі. Гулнур
- •І.Есенберлиннің тырнақалды туындылары. Раушан
- •С. Көбеевтің өмірі, аударма саласындағы қызметі. «Үлгілі тәржімә» кітабы. Раушан
- •Сәкен поэмаларындағы өршіл романтика сарыны ("Аққудың айрылуы"), "Көкшетау" (1929). Раушан
- •Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеттануының дамуы (1932-1956) раушан
- •С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы дала мен қала, қазақ зиялылары туралы көзқарасы. Акмарал
- •Мағжан прозасындағы психологизм. Акма
- •Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян. Акма
- •І.Жансүгіров –эпик ақын. «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары. Акма
- •Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы (“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Үздіксіз өсу”, “Бір адым ілгері, екі адым кейін”, т.Б.). Акма
- •И.Байзақов- импровизатор ақын. Гулайхан
- •С. Көбеевтің шығармашылығы және «Қалың мал» романы. Гулайхан
- •Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист» (1920) повестері. Гулайхан
- •Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” (1950) романы гулайхан
- •Ж.Аймауытов әңгімелерінің тақырыбы мен сюжеттік-көркемдік ерекшелігі. Гулайхан
Сәкен поэмаларындағы өршіл романтика сарыны ("Аққудың айрылуы"), "Көкшетау" (1929). Раушан
«Аққудың айырылуы» поэмасы. Сәкен Сейфуллин шығармашылырына тән тұрақты сипаттардың бірі — аллегориялық тәсілді символ бейнеге жиі пайдалануы. Оның «Аққудың айырылуы» поэмасында да мәңгілік те асқақ махаббатты жырлауға қазақтың ежелден бергі түсінігінде (аңыздарындағы) тазалық пен сұлулықтың, махаббатқа шексіз адалдықтың символы саналатын аққу бейнесі алынған.
Оқиға Арқадағы бір сұлу көлдің жағасында өтеді. Ақын маржан сөз, шымкесте өлең өрнегін төгілдіріп, алдымен әлгі көлдің кісіні тамсандырғандай көркем суретін салады.
Арқада бір жер бар еді
Жібек самал саясы
Саяда бір көл бар еді
Сырлы кесе аясы.
Лирикалық кейіпкер анда-санда бой жазып, демалуға осында келеді екен. Бұл жолы да әдетінше еркелеп келіп, көл жағасында жатьш, оның көрінісін тамашалайды. Бұрын байқамаған жаңа сипаттарына ғажаптана таңырқайды.
Кең айнадан өзін көріп,
Құстар билеп, ойнайды.
Су түбінен маржан теріп,
Сүңгіп терең бойлайды,
—деп көлдегі тіршілік базарының бір көрінісін көзге тосады. Көл бетін мекендеген қызғыш, тауқұдірет, шағала, сұқсыр, қасқалдақ үйректердің қылығы мен қызығы қандай келісті десеңізші!
Сөйтсе де ақын көңілі мұның бәрін олқысынады. Өйткені «аққу әні— жүрегінің тілегі» — жұбай аққу көл бетінде көрінбейді.
Аққулардың келуімен көл бетінің тіршілігі күрт өзгеріп, жайнап, жанданып сала береді. Жұбай аққудың бір-бірімен жолығысып, мауқын басьш көңілдері көншіген ерке, назды шағы — махаббат салтанаты өмір қызығына айналады.
Ақын да шат сезім, ыстық шабытпен үздіге жырлайды. Махаббат лирикасының сирек ұшырасатын інжу-маржандай үздік шумақтарын тудырады.
Жалғыз аққу жырақтағы
Әнге салды «келем» деп.
Сыңар аққу құрақтағы
Тұрды күтіп, көлеңдеп.
Сыңқылдатып, жарып көлді,
Жұпар майын жағынып;
Жұбайына аққу келді,
Алыс жерден сағынып.
Біз бұл шумақтарды оқи отырып, ондағы айтылғандардың бәрін лирикалық кейіпкерлермен бірге көріп, қызыға, сүйіне тамашалап тұрғандай әсер аламыз.
Ақынның сұлулықты сезінуі және соны көзге анық елестейтін құбыла кұлпырған жанды суретке айналдыру шеберлігіне тәнті боламыз. Табиғат әлеміндегі жарастық: күміс айдын, оның жиегіндегі судырлаған торғын шымылдық, су бетінде сүйісіп, ләззатқа бөленген кербез, сұлу аққулар — бәрі-бәрі қандай әсерлі бейнеленген.
Сол арада қамыс арасында жасырынған Сұр мерген жұбай аққудың бірін атып өлтіреді. Осылайша табан астында махаббат пен сұлулықтың, тазалықтың символы тас жүрек қатыгездіктің құрбаны болады. Жұбайынан айырылған сыңар аққудың жан азабы, шарасыз күйі трагедиялық шамырқаныспен суреттелген. Серігінен мәңгі айырылған жалғыз аққу, сыңарының өлімі өзегін шоқтай қарып, жанын қоярға жер таппай, зар жылайды:
Сыңсып аққу суды шашып,
Шырқ айналды зәлімді.
Сұр мергенге төсін ашьш:
«Мені де ат!» — деп жалынды.
Қып-қызыл қып қолын қандай
Ақ сұлудың қанына;
Ақын талантының күштілігі соншалық, біз әңгіме кәдуілгі құс (мейлі, аққу-ақ болсын) жайында емес, екі асылзада жас — ғазиз ғашықтар жайында болып жатқандай, оқиғаның өзі көз алдымызда өтіп жатқандай, өзімізді соның жанды куәгерлеріндей сезінеміз, шын қайғырьш, тамағымыз кеберсиді.
Сыңарынан айырылған аққу ендігі өмірін мағынасыз, керексіз санайды. Сондықтан: «Мені де ат!» — деп қанша жалынса да, мұны да өлтіруге жүрегі дауаламаған Сұр мергеннің алдына көктен құлап, жан тапсырады.
фПоэма адал махаббатты мадақтайды, өмірдің мәні мен сәні шынайы сүйіспеншілікте екеніне нандырады. Сонымен қатар, ақын өмірдегі де, табиғаттағы да ұлы жарасымды, гармонияны бұзудың орны толмас трагедияға апарып соғатынын көрсетеді, адамдарды абай болуға үндейді.
Дүниедегі сұлулықты Сәкен ақынның өлең жолдарымен сипаттауға болатындай.Жезді мекен Жезқазған жерінің тумасы Сәкен ақын қазақ халқының жүрегінде.Себебі өмірдің өзі бізге үлгі тұтатын жандарды сыйлап отыр.Біз солармен мақтануымыз керек.
Поэманы Көкше табиғатының сұлу көркін суреттеуден бастаған ақын ол туралы ел ішінде толып жатқан аңыздар барлығына назар аударады. Талай сыр ертегіні ел айтады, Ызындап таудан сокқан жел айтады. Сырласып, сыбырласқан жапырақтар, Күндіз-түн күңіренген көл айтады. Толғанып төмен қарап шал айтады, Тамсанып таңырқанып бала айтады. Тау-тасын тұнжыраған куә қылып, От басы қатын-қалаш бәрі айтады. Сәкен Көкше аңыздарының ішіне «Жеке батыр», «Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас» туралы әңгімелерді бөліп алады. Бұл аңыз әңгімелер Көкшетаудағы бірнеше жерлердің жоғарыдағы аттарға ие болуы жайын шертеді. «Жеке батыр» тауының аты қарауылда тұрған батырдың қалғып кетуімен байланысты туса, «Бурабай» сол көлді мекен еткен ақ бас бура тарихымен байланыстырылады. Ақынның ескі аңыз-әңгімелерге сын көзімен қарап, оған халықтық тұрғыдан баға бере білгенін осы тұста анық байқауға болады. Сәкен жырлауындағы ел аңызында Бурабай көлін мекендеген ақбас бура — ардақты ел күзетшісі, соның жақсылық, жаманшылығына ортақ жануар болып суреттеледі. Мұның өзі тіршілігі төрт түлік малмен байланысты болған халықтың сол малды аруақты деп табынуы кезіндегі ұғымның әсері болуы ықтимал. Ақ бура ел өміріне қатысы бар елеулі жайларды алдын ала сезетін болған деседі. Халықтың қас жауы Қасым төре Абылайұлының ел қасиеттеген, оның досы болған бураға оқ атуын ызамен жырлайды. Қасым — Абылай балаларының ішіндегі тентек, бас-бұзар болғаны тарихтан белгілі. Орта жүз қазақтары өз еркімен Россияға қосылған кезде Қасым бөлініп, өзінің хандық монархтық дәрежесін сақтауды көздеген. Ол және оның балалары Россияға қарсы феодалдық-монархиялық көтерілісті бастаушы болған. Сәкен пайдаланған аңыздарда Қасым бейнесі осы тарихи шыңдық негізінде сақталады. Ақын оның өзін «жасынан сотқарлығы басым төре» десе, қасындағы адамдарын көрінгенге «соқтыққан өңкей сотқар, жалаң-жалаң» еткен тентектер етіп суреттейді. Қасым хан туғаннан-ақ қанға құмар, Дірілдеп елім күткен жанға құмар, Анадан қан уыстап туған мұндар, Қан ұрттап жүрсе ғана көңілі тынар. Қасымның ақбас бураны атуы арқылы автор қанқұмар ханның халыққа қарсылығын тағы бір аңдатады. Оның халықтың киелі тұтатын, қадірлейтін бурасын атуы — осының дәлелі. Екінші жағынан аңыз Қасым тұқымының тозып кетуін халық қарғысынан деп түсіндіреді. Қарғыстың келуі жөніндегі діни ұғымның шеңберінде қалмағанмен, ақын бұл арқылы халықтың да ханға деген көзқарасын танытады. Ал, атылған ақбас бура мәңгі тас боп қатып, шөгіп қалған. Бурабай жөніндегі аңыздың қорытындысы осы. «Оқжетпес», «Жұмбақтас» аңыздары — Сәкен поэмасының негізгі тараулары. Ақын сол дәуірдің шындығын, ондағы таптық қарым-қатынастарды, ұнамды-ұнамсыз адамдар образдарын да осы тарауларда ашады. Бұл аңыздардың негізі — қазақ пен қалмақтар арасындағы ерте кездегі жауласушылықтың оқиғалары болып табылады. Қазақ ханы Абылайдың қалмақты жаулауын көрсететін бір эпизодты баяндай отырып, автор сол арқылы хандар ісіне халықтық көзқарасты баяндайды. Сәкен көрші отырған екі ел — қазақ пен қалмақтың ұзақ жылдар жауласып келуінің негізі де хандық құрылыспен, оның басында отырған феодалдардың мүддесімен байланысты деген қорытынды жасайды. Олар халықтың надандығын пайдаланып, сотқарлык қылықтарын іске асырған. Момын, бейбіт екі халықты біріне бірін жау етіп көрсеткен. Сәкен де поэмасында Кенесарының хандық тәртібінің ата салтқа кұрылғанын жазады. «Кенесары үңгірі» аталатын тарауда ол Кенесарының Абылайдың басқа балаларымен жауласушылық қаныпезерлігіне көңіл ау-дарады. Қасым хан туғанда қан уыстаған Мәз болып Кенесары «ту ұстаған»,— дейді. Ал, жалпы хандар озбырлығын: Үркітіп дүйім елді бүлдіргенге, Шулатып жабықтарын тілдіргенге Мәз болған хандарыңыз — ел шапқызып Торсықты керегеге ілдіргенге,— деп әшкерелейді. «Көкшетау» поэмасының негізгі геройларының бірі — осы шапқыншылықта қолға түскен қалмақ кызы. Автор оның аты-жөнін атамайды. Абылай қолға түскен олжаны бөліске салғанда осы қыз үшін хан мен оның сарбаздары арасында талас туады. Бәрі де кызды алудан дәмелі болады. Сұлу кызды ел тонаушылар біріне бірі қимай, ақыры таңдауды қыздың өзіне береді. Қыз ақылдылығы кімге тиюді таңдау өзіне берілген кезде байқалады. Ол көл жағасындағы биік шыңның басына орамал байлатып, кімде-кім соны атып түсірсе, соған тимек ойын білдіреді. Дұшпан қолындағы қыздың кысылған шақта ескерткіш орамалын ұсынуы сүйген жарын еске түсірумен бірге, екінші бір жайды тағы аңғартады. Орамал атып түсірілсе, елдегі жардан үміт үзу мүмкіндігі туатынын, егер оған оқ жетпей калса, жар мерейі үстем де жоғары сақталатынын қыз ескерген де тәрізді. Туған жерде өткен жас өмірдің қызықты күндері, сүйген жарымен қызықты кездесулер осы шақта кез алдынан сағымдай бұлдырап өтуі, оған ақынның назар аударуы адал махаббатты құрметтейтін гуманистік сезімді қозғамай қалмайды. Қыз бақытына қарай, Абылай «батырларының» бірде-бірі шың басына оғын жеткізе алмайды. Шыңның «Оқжетпес» атануы да осыдан дейді ақын. Тұтқын кыз амалсыз жаңа шарт қоюға мәжбүр болады. «Ер кезегі үшке дейін» деп, ол екінші шарт етіп күш сынасуды (төрт адамды арқалап мың қадам жүгіру) ұсынса, үшінші жолы өз өмірін жұмбақтап айтып, соны шешуді сұрайды. Ханның ақылсыз даңғой батырлары тек қара-күштің ғана иесі екенін ақын осы тұста бір аңғартып етеді. Төқт адамды арқалап мың кадам жүгіру арқылы күш сынасу кезінде олар бірінен-бірі оза алмайды. Бәйгіге түскен қырық адамның сегізі қыз тұрған тасқа қатар жетеді. Қайта талас туады. Енді қыз жұмбағы айтылады. Қыз жұмбағы ол өз басынан кешкен жайларды жұмбақтайды. Өзі және әңгімеге қатысы бар адамдар онда әртүрлі құстар түрінде бейнеленеді. Мысалы, ол өзін кептер етіп көрсетсе, қиянатшыл адамдарды қарақұс, жапалақ күйінде, лашын— елдің қамқор адамдары, сұңқар — өзінің сүйген жары, жыртқыш бүркіт — хан бейнесінде суреттеледі. Қыз тек өзін ғана емес, момын жыртқыштардан көп зәбір шегетін кептерге бүкіл әйел қауымын балайды. Осындай кептердің бірі — өзінің анасы болғанын айтады қыз. Төрт шақа балапанын өз еңбегімен жем тауып асырап жүрген, олар үшін рақат пен тыныштықтан безген ғазиз анасы — кептерді бір күні ұясына келе берген кезде қарақұс бас салып ұстап алады. Ол үлкен кептерді де, оның жас сәби балаларын да «дөп келдің шабытыма» деп мазақ етпек болады. «Құлашы сұңқардың да жетпей жүрген талайды тыпырлатып жұлдым» деп мақтанады. Қолға түскен ана мен шырылдаған жас балаларды бұл залымның қолынан лашын құтқарады. Қыз лашынды ел бағушысы, елдің камқоры етіп көрсетеді. Ол еңбегіне ештеме дәметпейтінін, тек мүсәпірлерді аяп келіп, жауын өлтіргенін айтады. Лашынның ерлігіне риза болған ана жас кептердің бірін ал, жар бол деп жалынады. Осымен біраз жыл өтеді... Жас кептерлер қанаты қатып өседі. Әсіресе төрт балапанның үлкені (қыздың өзі) мейлінше көркем болып ержетеді. Ақын мұны сұлулықтын символы ретінде әсем суреттейді. Ол лашынды күтеді. Қыздың сертке беріктігі сүйген жарымен кездесу кезінде аңғарылады. Сүйген жарына (сұңқарға) ол мойнында қарыз барын айтып, жас кезінде бұларды лашынның ерлікпен елімнен құтқарғанын әңгімелейді. Сұңқардың рұқсатымен ол лашынды өзі іздеуге шығады. Түнде ұшқан кептер байғұсты жапалақтар ұстап ап әуреге салады. Кептер бар өмірінің шындығын айтып бұларға да жалынады. Ақыры жапалақтар кептер жайын түсініп, оны босатады да, лашын ұясына дейін жеткізіп салады. Кептердің өзі іздеп келгеніне риза болған лашын оның басына азаттық береді де, еліне қайтарады. Сұңқардың, жолда кездескен үш жапалақтың ерлігіне сүйсінген ла-шын құс та езінің ер мінезділігін, жомарттығын дәлел-дейді. Бұдан кейін қыз кептердің сұңқарға жете алмай бүркіттің тырнағына ілініп қалғандығын айтады. Қыз жұмбақтаған бүркіт—Абылай хан. Қыз оны нағыз тау бүркіті — қыран етіп бейнелемейді. Жем үшін бейбіт жатқан тоғайдың жәндіктерін қырған, орман ішін у-шуға толтырып зарлатқан озбыр етіп көрсетеді. Ақынның қыз атынан айтатын: Бұл бүркіт қу жем үшін ойды кезген, Көркем шың, кербез биік таудан безген. Тоғайдык бейбіт жатқан жәндікnерін Әдеті — талғамастан бәрін езген. Бүркітке ерген тағы бір топ кұзғын Жем үшін жаннан безген қалын ызғын, Кәніккен қан ішкіштер кімді оңдырсын, Қан тырнак көрмеген соц ешбір тізгін,— деген сөздері Абылай мен оның сарбаздарының бейбіт көрші халықтарды соғыста қырып-жойған озбырлығын тағы аша түседі. Бұл — поэманың ұнамсыз геройларына халық пен оның өкілдері атынан айтылған айып. «Көкшетау» поэмасындағы Сәкеннің қолы жеткен ең басты табысы — табиғаттың сұлу керкін ерекше ақындық шабытпен әсерлі суреттеуінде. Және автор оны уақиғамен шебер байланыстырады. Көкшетау көрінісі мен ол туралы ақын әсері поэманың тек басында ғана емес, өнебойына еркін сіңісіп, сюжетпен органикалық байланыста беріледі. Тіл көркемдігі, суреттеу шеберлігі әрбір жарқын көріністе анық бой тастап, ойқастап отырады. Жартастың бір жағы шын, бір жағы су, Тау іші қалың орман, жап-жасыл ну. Орман да, тау да, көл де ертелі-кеш Сыбырлап сыңқылдаған бәрі ду-ду. Алтын күн күміс суға нұрын бүркіп, Сағыммен көкке ұшады торғындай бу. Сызылтып әдемі әнін сыңқылдатып Ертеді балатанын көлде екі аққу. Бұл—Жұмбақтас суреті. Осы бір шағын үзіндінің езі оқушының кез алдына үлкен бір әсем өмір картинасын жайып салады. Осындай суреттерде ақынның өзінің күй сезімі, ішкі жан дүниесі аса бір сезімталдықпен көрінеді. Табиғат тыныштығын акын былай суреттейді: Тек кана орман ептеп сыбырлайды, Жасырып тапқызбастай сыр ұрлайды. Ұры жел көзге ілінбей зыр жүгіріп, Көл беті, гүл жапырақ жыбырлайды. «Көкшетау» поэмасы реалистік стильде жазылған. Оның тілі бай, образды, бояуы көркем екені айтылды. Кезінде әртүрлі сын болғанына қарамастан, поэма ең әділ төреші — өмірдің ең сынынан өтті. Сәкен мұнда өткен дәуірлердің ұнамсыз сыпаттарына, қатыгез хандардың озбырлықтарына әділ үкім айтты. Социалистік заманның мылқау табиғатты да жаңартып жатқанын да көрді. Сондықтан «Кекшетау» біздің мәдени мұрамызға жаңа дәуір тудырған тамаша туындылардың бірі болып кірді.