Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жартысы жок осыны карандар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180.95 Кб
Скачать
  1. С. Көбеевтің өмірі, аударма саласындағы қызметі. «Үлгілі тәржімә» кітабы. Раушан

Спандияр Петропавлдағы екі кластық орыс-қазақ мектебіне орналасады, онда 1910 жылға дейін мұғалім боп істейді. Осы жылдарда (1908-1909) ол өзі Кішіқұмда бастап аударған Крылов мысалдарын көбейтіп, жөндеп, баспаға ұсынады. Ол аудармалар 1910 жылы Қазанда “Үлгілі тәржімә” деген атпен басылады.

“Осы жинақ шыққаннан кейін мен жазушылыққа бет бұрдым, - дейді ол “Орындалған арман” атты естелігінде, - Маған жазу жұмысы қолымнан келетін іс сияқты болып көрінді. Бірақ ол кезде ең алдымен мектеп балалары үшін қазақ тілінде оқу құралдары керек еді. Сондықтан мен ең алдымен оқу құралын жазып, кітап етіп бастырып шығаруға талаптандым”.

« Үлгілі тәржімә» кітабында: « Күйеу таңдаған қыз», « Емен ағашы мен тал шыбық», « Үш жігіт пен бір шал», « Шал менен өлім», « Қасқыр мен тырна», « Қомағай ит», « Қасқыр менен мысық», « Шымшық пен Көгаршын», « Маймыл мен Көзілдірік», « Маймылдар», « Аю мен мүсәпір шал» т.б қысқа әңгімілер жазылған. Мысалға: "Үлгілі тәржімә" кітабынан « Емен ағашы мен тал шыбық»

Бай болсаң, дәулетіңд көңіліңе алма, Көршіге семіздік қып қысым салма,

Мықтылықты күшін, болса орнымен қыл,Бәрін де беретұғын жалғыз алла,

Үлкен болсаң кішіні кемсінбей жүр,Неге десең ие ғой о да жанға.

Емен менен шыбықтан сөз басталды,Жақсылар, құлағың сап, кеңес тыңда.

Кей пенде айтып тұрған сөзін білмес,Жақсының ғибратын көңіліне ілмес,

Бір шыбық еменмен бір жерден екен Екеуі тұрды дағы құрды кеңес.

Басында әжептәуір әңгіме еді, Аяғы шайтан түртіп болды егес.

Кітаптан көргеннен соң жаза салдым, Қасында тыңдап тұрған біздер емес.

Емен айтты: - әй, шыбық, сезім тыңда, Болсаң да тұрмайтұғын өзің құнға,

Титтей желге бұлғаұтамай тұра алмайсың, Сына ма деп қорқамын майысқанда.

Шымшық қонса басыңа, иілесің Қылғандай жерге тәжім бүгілесің,

Шыбық көп бойыңда айта берсем, Құлағын, сал сөзіме, не білесің.

Қараймын, сол уақытта аяймын бек, Білсең де өз жайыңды тұрмайсың тек,

Дауыл болса, басын, барып жер соғады, Қорқамын сол уақытта сына ма деп.

Мен енді есерленбей маған қара,Көрген жан келмей кетпес тамашаға,

Желдетіп жаңбыр жауса өзі суық, Адам түгіл аңға да болам пана.

Шілдеде ыстық болса төзе алмайтын,Көлеңкем бір ауылға бұ да сая.

Шыдаймын күннің көзі көрінбейді, Қара тауға таласады бойым жана.

Жел түгіл дауылға қайыспаймын, Қарақұс қонса дағы майыспаймын,

Күйші түгіл дауылжан еш залал жоқ. Міндеті әрбір істің жалғыз хақта.

Тәуба қыл ғаси сөзден өзің тоқта. Үшеуі кеңес тамам қылмай тұрып,

Бір емдік солтүстіктен дауыл соқты,Манағы мықтымсынып тұрған емен

Құлапты қопарылып түбіменен Бұлғақтап олай – бұлай шыбық ағаш,

Қалыпты сол дауылдан аман есен.

С.Көбеевтің бұл кітабы «Үлгілі бала» – 1912 жылы Қазанда басылып шыққан, Спандияр Көбеевтің мектептегі қазақ оқушыларына арналған хрестоматиясы. Кобеев ұстазы Ыбырай Алтынсарин үлгісін пайдалана отырып бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді.Кітап Л. Толстойдың «Новая азбука», «Русская книга для чтения», К.Д. Ушинскийдің «Детский мир», Ы.Алтынсариннің «Мақтұбат», «қазақ хрестоматиясы» оқулықтарының негізінде жасалған.Кітапқа Л. Толстойдың «Азбукасынан» «Атасы мен немересі», «Қасқыр мен кемпір», «Шал мен өлім», «Екі жолдас», «Ат пен есек», «Етікші мен бай», т.б бірнеше әңгімелер, Ушинскийден «Екі соқа», «Аю мен бөрене», «Жанурлардың айтысы», «Сауысқан мен қарға» әңгімелері аударлып енгізілген. Сонымен өзінің төл шығармалары да енген.

«Үлгілі бала» хрестоматиясы қазақ тілінде жаңаша жасалған оқу кітаптарының бір ретінде өз уақытында үлкен жаңалық болған“Үлгілі тәржімә”, “Үлгілі бала” кітаптарының шығуы С.Көбеевтің әдебиетке деген ынтасын ұштай түсті. Оның үстіне жазушы осы екі кітабын жазу үстінде орыс әдебиетін оқып үйренді. Мұның барлығы жас жазушының болашағына игі әсер етті. Осы ізденудің сәтті жемісі болып “Қалың мал” романы туды.

Ол жөнінде жазушының өзі былай дейді: “Надандыққа, феодалдық ескішіл, өрескел, сорақы салтқа қарсы күрес жүргізудің бірден-бір жолы – халықты ағарту, балаларды оқыту, халықты сауаттандыру деп, оны мәдениет сатысына аяқ бастыру деп ұғынушылардың бірі мен едім. Бірақ сегіз-тоғыз жыл оқытушы болғаннан кейін феодалдық салтпен күресу үшін тек бір ғана балаларды оқыту жеткіліксіз екеніне көзім әбден жетті. Бұл күресте халық санасына күштірек әсер ететін басқа да құралдар керек сияқты көрінді. Іздене келе мен осы мақсатқа жету жолында ағартушыға ыңғайлы күрес құралдарының бірі – көркем әдебиет екен деген ой түйдім. И.Крыловтың мысал өлеңдері аудармасының мектеп оқушысы былай тұрсын, халық бұқарасына еткен әсері осы ойымның дерегі еді. Мен осы ойымды жүзеге асыру мақсатымен 1911 жылдан бастап “Қалың мал” романын жазуға кірістім” (Сонда, 246-б.).

Роман 1913 жылы Қазан қаласында басылады. Ол қазақ әдебиеті тарихында қарасөзбен жазылған алғашқы көлемді шығармалардың бірі.

Спандияр өмірінің соңғы жылдарына шейін өзінің туған аулы Ақсуаттағы (Меңдіқара ауданы) он жылдық мектепте оқытушылық қызмет атқарды. 1956 жылы 21 желтоқсанда 78 жасында қайтыс болды.

С.Көбеевтің алғашқы кітабы “Үлгілі тәржімә”, негізінен, Крылов мысалдарынан аударылған шығармалардан құралған. Бала оқытумен шектеліп қана қалмай, артта қалған қазақ аулында мәдениеттің жаршысы, адамгершіліктің насихатшысы болу қажеттігін Спандияр жақсы түсінген. Сондықтан да қолынан келгенше ол өмірін осы жұмысқа арнайды.

Кішіқұмда мұғалім болып жүрген кезде, - дейді С.Көбеев – “Әрдайым қол бос уақыттарда ауыл адамдарын жинап алып, жаратылыс, география, тарих, тағы басқа ғылымдардан хабар беріп отыратын болдым. Солармен қатар қазақтың ауыз әдебиетінен мысалдар келтіріп, орыстың жазба әдебиетін өзінше айтып беріп отырдым. Мұның өзі бір жағынан менің ауылда беделді болуыма үлкен себепші де болды.

Мен Пушкин, Лермонтов сияқты ақын-жазушылардың шығармаларының мазмұнын айтып, түсіндірумен қатар, әсіресе Крыловтың мысалдарын көбірек оқып беріп жүрдім” (Сонда, 218-219-б.).

И.А.Крылов мысалдарын кезінде Абай мен Ыбырай, одан кейін Спандиярдың замандастары А.Байтұрсынов пен Б.Өтетілеуов те аударған. Солардың бәрінің Крылов мысалдарына жүгінуі кездейсоқ емес еді. Сол дәуірдегі орыс қоғамы мен қазақтың тұрмыс-тіршілігінің, олардағы әлеуметтік теңсіздіктің, зорлық пен әділетсіздіңтің ұқсас жақтары да аз болмайтын. Сондықтан қазақ ақындары Крылов мысалдарында суреттелетін арыстан, аю, қасқыр, түлкі сияқты жыртқыштардың қой-қозы, өгіз тәрізді момын жануарларға жасаған зорлығынан ел өмірінің шындығын таныды, оны тұспалдай сынауға мүмкіндік алды. Көркемдік сапасы әр қилы болғанмен, мазмұнымен халыққа әсер еткен аударма еңбектердің қазақ арасынан қолдау тауып, сіңісіп кетуі де осыны дәлелдейді.

С.Көбеевтің де аудармашылық қызметі осы негізде туды. Қарапайым ауыл мұғалімі қазақ аулындағы надандық пен тоңмойын мінез-құлықты сынау, шенеу, әшкерелеу мақсатында Крылов мысалдарына қол созды, соларды аударды.

1910 жылы аударған мысалдарын жинақтап «Үлгілі тәржіма» атпен кітап етіп шығарады.

Ресми аты: Үлгілі тәржіме. Қазақ шиуәсінде. Мөхәррирі: И.А.Крылов. Мөтәржимі: Спандияр Көбейф. Нәшерлерлі: борадәран Кәримофтар. Қазан: матбәға-и Кәримия, 1910.- 104 б.

Мысалдар мен танымдық өлеңдердің бәрі де сол кездегі қазақ қоғамының жетілуіне, өз-өзіне сын көзімен қарауына себепші еді. Әрбір хайуан мен басқа да тіршілік иесінің жақсылы-жаманды әрекеті немесе шығармалық бейнесі өмір қиындықтарынан сабақ алуға мүмкіндік туғызды.

1912 жылы К.Д.Ушинскийдің «Родное слово» оқулығының үлгісімен «Үлгілі бала» атты оқулық жазып жариялады.

Ресми аты: Үлгілі бала. Қазақша оқу кітабы. Мектептерде һәм үйде оқу үшін кәнд тілдердегі тәуір оқу кітаптарынан алынып қазақша жазылды. Спандияр Көбейф. Нәшерлерлі: борадәран Кәримофтар. Қазан: матбәға-и Кәримия, 1912.- 76 б.

Мұнда С.Көбейұлы көп ізденіп, балалардың ой-өрісін, азаматтық ұстанымын, адамгершілігін қалыптастыратын материалдар ұсына алған. Әсіресе мектеп жасындағы ұл-қыздарға өте жақын табиғат, аң-құс суреттемелері оқулықтың өн бойында бір жүйеде көрініп отырады.