
- •Хх ғасыр басындағы қоғамдық тарихи жағдайлар және әдебиет. (сыйлы)
- •Н. Наушабайұлы шығармашылығы және елдік ұстаным. (сыйлы)
- •С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы. (сыйлы)
- •Ұлттық газет-журналдардың тууы, қалыптасуы мен дамуы. (сыйлы)
- •Ә.Шәріпов «Партизан қызы» (1961) хикаяты. Меру
- •Абайтану ғылымының қалыптасып, дамуы меру
- •Ж. Жабаевтың ақындық өнері меру
- •Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952). Меру
- •Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы.Меру
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы. Ляззат
- •К.Төгісов шығармаларындағы қоғамның әділетсіздігі, замана шындығы. Ляззат
- •М.Әуезовтің әңгімелері. Көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Ляззат
- •Қ. Аманжолов поэмалары:“Құпия қыз” (1939), “Ақын өлімі туралы аңыз” (1943) . Жания
- •Ақылбек Сабалұлы шығармашылығы. Жания
- •Ш.Құдайбердиевтің «Қаламан-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларының тақырыптық, идеялық ерекшелігі. Жания
- •М.Иманжанов шығармашылығы. Жания
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының “Жарты нан” хикаясы, “Мәшһүрдің тырнамен айтысы”, “Мәшһүрдің ала қарғамен айтысы”т.Б. Шығармаларының идеялық, сюжеттік ерекшелігі. Жания
- •С. Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей» поэмасындағы адам тағдыры. Дидар
- •М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі. Дидар
- •Шәңгерей Бөкейұлы шығармашылығы. Дидар
- •Б.Майлин - әнгіме жанрының шебері. Дидар
- •Б.Соқпақбаев шығармашылығы. Дидар
- •С.Шәймерденовтің шығармашылығы. Гулнур
- •Тайыр Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» өлеңдер жинағы және «Қыз көрелік» романы. Гулнур
- •Сәкеннің алғашқы өлеңдері ("Жазғы түнде", "Туған ел", "Сағыну", "Нұра", "Кім басшы", "Жайлауда", т.Б.). "Асау тұлпар" атты өлеңдер жинағы. Гулнур
- •Ғ.Орманов лирикасы және ақын әлемі. Гулнур
- •І.Есенберлиннің тырнақалды туындылары. Раушан
- •С. Көбеевтің өмірі, аударма саласындағы қызметі. «Үлгілі тәржімә» кітабы. Раушан
- •Сәкен поэмаларындағы өршіл романтика сарыны ("Аққудың айрылуы"), "Көкшетау" (1929). Раушан
- •Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеттануының дамуы (1932-1956) раушан
- •С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы дала мен қала, қазақ зиялылары туралы көзқарасы. Акмарал
- •Мағжан прозасындағы психологизм. Акма
- •Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян. Акма
- •І.Жансүгіров –эпик ақын. «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары. Акма
- •Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы (“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Үздіксіз өсу”, “Бір адым ілгері, екі адым кейін”, т.Б.). Акма
- •И.Байзақов- импровизатор ақын. Гулайхан
- •С. Көбеевтің шығармашылығы және «Қалың мал» романы. Гулайхан
- •Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист» (1920) повестері. Гулайхан
- •Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” (1950) романы гулайхан
- •Ж.Аймауытов әңгімелерінің тақырыбы мен сюжеттік-көркемдік ерекшелігі. Гулайхан
Ғ.Орманов лирикасы және ақын әлемі. Гулнур
Ақынның “Қыр сабағы”, “Боран күні” сияқты туындыларында да кедей адамның тіршілігіне аяушылық білдіру басым. Қыстың боранды күндерінде жұлығынан шұлғауы шығып, қарға омбылап қой соңында жүрген қойшы бала көктемнің шуақты, жаздың аптап ыстығында да өз міндетін орындап жүргенін көреміз. Арқадан Сырға жалғасқан көштің күйін жыр ететін “Көштер күйі”, “Қиын жол” өлеңдерінде дәулетті көш пен қара құрым көш салыстыра суреттеледі. “Ескілік суреті”, “Екідай” өлеңдерінде ақын жарлы мен байдың арасы қашан да аспан мен жердей алшақ болатынын, сырт көзге тату достай көрінгенмен, іштей қағысып жататындықтан олардың мәңгі қосыла алмайтындығын көрсеткен. Қараша үйлердің жел соқса құлап кететіндей жабырқау, жұпыны күйіне жаны күйзелген ақын осынша қорлыққа үйренген елге таң қалады. Ескінің жұрнағындай болған сол бір күйден құтылу үшін тірлік жасамай, бұйығы күйде, күнінің өткеніне “тәуба” жасаған елге жаны ашығандық білдіреді. Ақын өлеңдерінің лирикалық кейіпкері осы ортадан өсіп шығады. Ол – ізденіс пен еңбектің адамы. “Ұяда” өлеңінде: Өзімді байлап арқанға, Ұяға батып мен түстім. Сабалап бұршақ арқама, Дауылмен ойнап бұлт құштымi
- деп, ол шаншыла біткен зеңгір құздың басына қыран балапанын алуға шығады. “Асылған ұядағы” балапанды көргенде: “Менің де кенет кеудемде, Сілкініп кетті бір бүркіт”, - деп, өз бойындағы жаңа өмірге деген сілкінісін байқатады. Сол лирикалық кейіпкер “Алғашқы адым” өлеңінде жұпыны, жүдеу өмірден оқу-білім алуға қалаға аттанады: Аттандым ауыл-анадан, Оқуға кеттім қалаға. Жабыла маған қараған, Жалтаңдай кеттім далаға. Ақын осы өлеңімен– ақ бейнелі сөзбен картина жасаудың шебері ретінде көрінеді. Дала біткеннің жабыла қарауы, лирикалық кейіпкердің жалтаңдап аттануы Ғали ақынның образ жасаудағы қадамдарын нақтылай, даралай түсті.
Ғұмар Қараш шығармашылығы және әдеби-сын пайымдар. Гулнур
Ғұмар 1917 жылғы ақпан төңкерісіне және “Алаш” партиясына үмітпен қарайды. Оның 1918 жылы “Тұрымтай” жинағында жарияланған “Көреміз бе?”, “Келер ме екен?”, 1918 жылы 22 январьда “Сарыарқада” жарық көрген “Алаштың азаматтарына” деген арман мен үмітке толы өлеңдері осы кезеңде жазылады.
Ғұмардың “Неден қорқам?”, “Кіреміз бе?”, “Келер ме екен?”, “Күн туды”, “Алаш азаматтарына” деп аталатын бір кезде ұлтшылдық сарынға таңылған туындылары бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда шын меніндегі алтын сүйген, халық тағдырын ойлаған перзенттік сезімнен туған терең тебіреністі өлеңдер еді. Ондағы негізгі ой елдік, бірлік мәселесі, өз билігі өзіндегі дербес ел болу, халыққа қызмет ету болатын. Сонымен қатар бұл өлеңдерде (“Күн туды”, “Неден қорқам?”) жастайынан дін жолын қуып, имандылық әдет-ғұрып бойына сіңіріп өскен Ғұмардың дүниені қанды қасап, ойран ботқа қылып келген төңкеріске сын көзімен қарағандығын да аңғару қиын емес.
Мезгілсіз ерте туған таңнан қорқам,
Жауынсыз құр желдеткен шаңнан қорқам,
Таң туды, мезгіл жетті деп адасып,
Құрылған қараңғыда заңнан қорқам.
Айқын Нұрқатов Ғ.Қараштың поэзиялық мұрасын “Абайдың ақындық дәстүрі” (1966) деген еңбегінде көркемдік түр жағынан қарастыра отырып, “Көп еңбек еткен, көп мұра қалдырған ақындардың бірі деп көрсеткен. Ал, Ы.Дүйсенбаев “Қазақ әдебиеті тарихының” ІІ-томына (екінші кітап, 1965) жазған “ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті” тарауында және “Ғасырлар сыры” (А., 1970) атты еңбегінде Ғұмарды “ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі” деп бағалайды. Бірақ, А.Нұрқатов та, Ы.Дүйсенбаев та Ғұмар шығармаларын нақты талдап дәлелдеп жатпаса да, сол кезеңге сай “оның мұрасында қос-қыртыс қайшылықтар мен қателіктер аз емес” (А.Нұрқатов), “көз салатыны өткен заман, ата-бабалар жолы. Ол ақынға қапысы жоқ қимас дүниедей. Ақын оның көлеңкелі кеселді жақтарын көрмейді, көргісі де келмейді”. (Ы.Дүйсенбаев) деп сынап та қояды. Әрине, бұлар уақыт ауанына қарай айтылған пікірлер. Сол зерттеушілер бұл күндерде арамызда болса, осы сынап отырған жайларын ақынның азаматтығы, көргендігі, халқына деген перзенттік сезімі деген болар еді.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы тұжырымды деректер “Қазақ совет энциклопедиясының” 6-томында да (А., 1975) кездеседі.
Жазушы М.Мағауиннің 1978 жылы Ленинград қаласынан шыққан “Қазақстан ақындары” жинағына Ғ.Қарашев шығармаларын енгізіп, өмірбаяндық деректер беруі де, сондай материалдарды “Жұлдыз” журналында (1989, № 2) жариялауы да игілікті іс болды.
М.Сералиннің ағартушылық еңбегі. «Топжарған», «Гүлқашима» қиссасының қазақ әдебиетіндегі орны. Раушан
«Гүлқашима» поэмасына сүйгеніне қосыла алмаған білімді, шығармашыл жігіт Баймағамбеттің өлммен аяқталған махаббат трагедиясы өзек болған. Ақын Гүлқашима-Баймағамбет оқиғасын әрі жанама, әрі тікелей куә ретінде көріп-біледі. Бір жолы ол Боқырау жәрмеңкесіне бара жатып Сыр бойынан көшіп келген Тілеуберген деген шалдың үйіне қонады. Шал-кемпірдің жалғыз перзенті бар екен. Сипаттауларына қарағанда, болайын деп тұрған жігіт. Ақын оны көре алмайды. Жәрмеңке біткен соң «Тобыл бойында бір жігіт өзін-өзі бауыздапты. Артына бір ауыз өлең сөз қалдырыпты» дегенді естиді. Бұл - әлгі шал-кемпірдің жалғызы болып шығады. Ақын жолай оларға бата оқи кіреді. Баймағамбеттің жазғандарымен танысады. «Қазақтың бұрмаланған салты, махаббатты сорлатқан өмірі кінәлі» деп, осы поэманы кейінгілерге сабақ етіп жазады.
Тобылдың суы терең, жары биік,
Қорғалар алабында қашқан киік.
Басында биік шыңның тамды мола,
Молаға шоқ тал біткен басын иіп,
Басына көк тас қойған жылын айтып,
Марқұмның қабырдағы сырын айтып...
Ақын жырда әлеуметтік және саяси астары терең бостандық, ғашықтық, кісілік мәселесіне жіті үңіледі. Баймағамбеттің соңғы хатындағы «Келмеді көтеруге оны шамам... Мақсатқа ұйғарылған жетпеген соң...» деген үмітсіз жолдар оқырманның сай сүйегін, жан жүйесін қозғап жібереді.