Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жартысы жок осыны карандар.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180.95 Кб
Скачать
  1. Н. Наушабайұлы шығармашылығы және елдік ұстаным. (сыйлы)

Наушабайұлы ояну кезеңiнде тұлғаның орнын айрықша атады. Ол көшбасшы алды-артын серпiлту қажет дегендi айтты. “Манзумат қазақия”, “Алаш” жинақтарын жариялаған Нұржан дәстүрлi өлеңмен халқын оятуға жұмылды. “Адаммын, өтiрiк қылу ғадетiм жоқ” деген Нұржанның негiзгi пайым арнасы мына жолдардан көрiнедi: Абзалы мехнат шегiп, рахат тапқан.Тiрлiкте лайық емес қарап жатқан. Жеткiзулiк мақсатқа – бiр өзiңнен,Ықыласпен тiлесең жаппар хақтан. Тұсындағы алаш баласы қандай жырды қажет етуi мүмкiн дегенге: Тыңдаушылар естiсiн жырды тыңнан, Нақыштап сөздерiңдi өткiз сыңнан дейді. Нұржан Шәкәрiм қажы тәрiздi, ескiнiң мағыналы сөзiнен үйрену керек деп есептейдi, ақын өлеңiн сынауды ұрпаққа аманат етедi: Бар сөзiмнiң не мiнi, Кетейiн тастап артыма. Өзiм қайдан бiлейiн, Сынап бiлер тыңдаушы, Бiлгенiм бүтiн, жарты ма? Н.Наушабайұлының әдеби пайымы дидактикалық пiкiрлерiмен астасып жатады. Ағарып үлгермеген халыққа, сөз жоқ, ақыл-кеңес, насихат керек едi. Діни ағартушылық және әдебиеттегі тұлғатану мәселесі бізде негізсіз көтерілген жоқ. Елді ағарту үшін және дәстүрге сай имандылықпен жаңа өмірге аяқ басу үшін діннің – жүйелі, көшбасшының халыққа адал болмағы қажет-тін. Ақын үшiн бiлiмнiң культi – надандықтан ағару ғана емес, әлдiден қорғану. Ы.Алтынсарин жөнiнде: Құр жерге, су үстiне от жақтырған, Қараңғы адасқанға жол таптырған, Талып, шаршап жүргеннiң нешеулерiн, Ойдан алып биiкке лақтырған,-деп жазған. Ол да Шәкәрiм сынды ғылым мен дiндi бiртұтас қарап: Шарғыны жүргiзуге ғылым керек, Даһиды, зейiнiңдi бөлу керек. Мағыналы ұлағатпен тiзiп қойып, Байлауға сөздi қысқа бiлiм керек,- дейдi.

Көзі тірісінде үш кітабы жарық көрді. “Манзұмат қазақия” (1903 жыл), “Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидың жұмбақ айтысы” (1908 жыл) және “Алаш” (1910 жыл) араб әріптерімен басылып, Қазан революциясына дейін жарияланған болса, тәуелсіздік алғаннан кейін “Алаш” деп аталатын кітабы жарық көрді.

Ақын жырлары негізінен толғау, терме, өсиет, тақпақ болса, оныелі де тақтақ деп атаған. Тақтақ сөйлесе сөзге бөгелмейтін, тау суындай сарқыраған, таңдайы тақылдаған, ылдидан шапса, төске озған, ертемен шапса кешке озған жүйрік жыршы.

Нұржанның өзі де: Сөздері топқа салынған, Бұрынғы шешен тақтақтың, Керегі көп заманға, Ескі мақал, тақпақтың. Лайығы кем деп ойлаймын, Босқа қарап жатпақтың, Әр жерден жинап, сөз қылдым, Реттеп басын қоса алмай, Сарыны осы деп соқпақтың, Жастықпен жүріп әуре боп, Әр білімнен хабарсыз, Ісін істеп ақымақтың. Бұл күнгіше бос жүрдік, Өмірді зайық өткізіп, Көзін ашпай бұлақтың”, – дейді. 

Нұржан туралы Бейсенбай Кенжебаев “ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындары шығармалары” кітабында мол мағлұмат беріп: ”Нұржанның бір өзгешелігі – ол өлеңдерінің көбін бұрынғы араб, парсы, шағатай ақындарының үлгі, стилінде жазады: діни сөздерді, араб, парсы, ескі кітаби сөздерді көп қолданады. Бірсыпыра өлеңдерінде Нұржан заман жайын, қазақтың бұрынғы, өз заманындағы тұрмысын, ел билеген адамдардың іс-әрекеттерін, оқу, өнер, білім, дәулет, бақыт, мінез-құлық мәселелерін сөз етеді. Солар жөнінде бірталай орынды, маңызды, келісті өсиеттер, мақал-мәтел, нақыл сөздер айтады. Оның шығармалары ойлы, мағыналы болып келеді”, – деп баға береді.