
- •Хх ғасыр басындағы қоғамдық тарихи жағдайлар және әдебиет. (сыйлы)
- •Н. Наушабайұлы шығармашылығы және елдік ұстаным. (сыйлы)
- •С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы. (сыйлы)
- •Ұлттық газет-журналдардың тууы, қалыптасуы мен дамуы. (сыйлы)
- •Ә.Шәріпов «Партизан қызы» (1961) хикаяты. Меру
- •Абайтану ғылымының қалыптасып, дамуы меру
- •Ж. Жабаевтың ақындық өнері меру
- •Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952). Меру
- •Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы.Меру
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы. Ляззат
- •К.Төгісов шығармаларындағы қоғамның әділетсіздігі, замана шындығы. Ляззат
- •М.Әуезовтің әңгімелері. Көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Ляззат
- •Қ. Аманжолов поэмалары:“Құпия қыз” (1939), “Ақын өлімі туралы аңыз” (1943) . Жания
- •Ақылбек Сабалұлы шығармашылығы. Жания
- •Ш.Құдайбердиевтің «Қаламан-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларының тақырыптық, идеялық ерекшелігі. Жания
- •М.Иманжанов шығармашылығы. Жания
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының “Жарты нан” хикаясы, “Мәшһүрдің тырнамен айтысы”, “Мәшһүрдің ала қарғамен айтысы”т.Б. Шығармаларының идеялық, сюжеттік ерекшелігі. Жания
- •С. Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей» поэмасындағы адам тағдыры. Дидар
- •М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі. Дидар
- •Шәңгерей Бөкейұлы шығармашылығы. Дидар
- •Б.Майлин - әнгіме жанрының шебері. Дидар
- •Б.Соқпақбаев шығармашылығы. Дидар
- •С.Шәймерденовтің шығармашылығы. Гулнур
- •Тайыр Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» өлеңдер жинағы және «Қыз көрелік» романы. Гулнур
- •Сәкеннің алғашқы өлеңдері ("Жазғы түнде", "Туған ел", "Сағыну", "Нұра", "Кім басшы", "Жайлауда", т.Б.). "Асау тұлпар" атты өлеңдер жинағы. Гулнур
- •Ғ.Орманов лирикасы және ақын әлемі. Гулнур
- •І.Есенберлиннің тырнақалды туындылары. Раушан
- •С. Көбеевтің өмірі, аударма саласындағы қызметі. «Үлгілі тәржімә» кітабы. Раушан
- •Сәкен поэмаларындағы өршіл романтика сарыны ("Аққудың айрылуы"), "Көкшетау" (1929). Раушан
- •Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеттануының дамуы (1932-1956) раушан
- •С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы дала мен қала, қазақ зиялылары туралы көзқарасы. Акмарал
- •Мағжан прозасындағы психологизм. Акма
- •Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян. Акма
- •І.Жансүгіров –эпик ақын. «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары. Акма
- •Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы (“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Үздіксіз өсу”, “Бір адым ілгері, екі адым кейін”, т.Б.). Акма
- •И.Байзақов- импровизатор ақын. Гулайхан
- •С. Көбеевтің шығармашылығы және «Қалың мал» романы. Гулайхан
- •Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист» (1920) повестері. Гулайхан
- •Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” (1950) романы гулайхан
- •Ж.Аймауытов әңгімелерінің тақырыбы мен сюжеттік-көркемдік ерекшелігі. Гулайхан
Тайыр Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» өлеңдер жинағы және «Қыз көрелік» романы. Гулнур
Тайыр Жомартбаевтың өлеңдері, прозалық шығармасы «Қыз көрелікң романы әдеби мұрасы болып саналады. Сонымен бірге, аудармалары мақалалары, әдістемелік еңбектері де оның шығармашылық жұмысының көп қырлы болғандығын дәлелдейді.
Алғашқы кітабы «Балаларға жеміс» деген атаумен, 1912 жыл Семейдегі Ярдам баспаханасынан жарық көркен. 1913 жылы «Айқапң журналында «Замандастарға қарапң атты өлеңі жарияланыпты. Ақынның «Балаларға жеміс» (1912) атты кітабының сыртқы беті ақынның оқырманға сөз ұлағатын ұғындыру талабын аңдататын жеке шумақпен басталады: Неге болды кісіде, Екі құлақ, жалғыз тіл? «Көп естісін, аз сөйлеп, Дегені ғой, соны біл! [3, 25].
«Балаларға жемісң оқулық кітабындағы өлеңдердің барлығы да педагогикалық ой-пікірлерге негізделіп жырланған.
«Мектептің ішінде», «Мектепке шақыру», «Ижтиһадты бала», «Балаларға насихат», «Жалқау бала», «Балаларға өнеге», «Балалардың тілегі», «Рақымды кемпір», «Рахымды жолдас» атты өлеңдері сөз өнері тарихындағы дәстүрлі дидактикалық-ағартушылық сарынмен жырланған. Өлеңдердің барлығында да балалардың мінез-құлық психологиясына лайықталып берілген поэтикалық бейнелеулер арқылы адамгершілік-эстетикалық ықпалы бар тәлім-тәрбиелік ойлар насихаттық арнау, үгіт, өнегелеу көзқарастары жырланған. Балалардың тез түсінуіне сәйкестендіріп, олардың жас ерекшеліктеріне лайықты күнделікті тұрмыс, жаратылыс суреттері, қоршаған әлеуметтік қозғалыстағы тіршілік иелерінің де қатысуы үйлесімді қамтылады. Өлеңдердегі сұхбаттық, оқиғалық құрылым арқылы адамдардың және табиғат мүшелерінің жан-жүйесіндегі үздіксіз байланыстағы психологиялық байланыстардың шынайылығын аңғартады. Мысалы, «Мектептің ішінде» өлеңінің сюжеттік-композициялық желісіндегі авторлық баяндаумен мектептен келген ұл мен үйдегі қыз-қарындасы екеуінің диалогтары арқылы ақынның ағартушылық ойы берілген: біріншісі – мектеп үйінің ішкі, сыртқы үлгілі қалпы, шәкірттердің бірыңғай тәлім-тәрбие талаптарын (тазалық сақтау, киімдерді ілу, сыныптағы оқу, мұғалімнің дәрісі, сабақты әркімнің меңгеру дәрежесі) орындауы; екіншісі – ертеңгі тапсырмаларды үйде тиянақты орындау талабы.
Сәкеннің алғашқы өлеңдері ("Жазғы түнде", "Туған ел", "Сағыну", "Нұра", "Кім басшы", "Жайлауда", т.Б.). "Асау тұлпар" атты өлеңдер жинағы. Гулнур
С.Сейфоллаұлының өткен және өтiп жатқан күндер туралы толғанысы. Ол күндер - бодандықта булыққан күндер. Сол уақыттың бейнесiн ақын “Нұра” өлеңiнде дөп сипаттайды: Қош, Нұра, тағы көргенше, Есендiк берсiн бiр құдай. Ендi қайтiп келгенше, Ескi иең жүрер құр жылай! Бұрынғыдан қайғылы Құстарың да сайрайды: Қолдан келер еш не жоқ, Жүрек от боп қайнайды.
Осы шумақтарда рухани өмiрдiң, әдебиет қалпының суретi жоқ деу қисынсыз. Құстың қайғылы сайрауын ақын ғана ести алса керек, немесе сол уайым сазын шығарған “құстың” өзi – ақын. Жерi мен елi таланған ақын неге қайғырмасын? Сол үшiн там-тұмдап күрескен “Бiрлiк” ұйымына қайтiп кiрмесiн? Ал осы “Бiрлiк” өмiр мен өлiм күресiн әуезе ететiн өлеңi бар кiтапты қалай шығармасын? ХХ ғасыр басындағы әдебиеттiң iлгерi дамуына қал-қадерiнше өлеңiмен де, әдеби-эстетикалық еңбегiмен де үлес қосыпты. Оның алғашқы шығармаларында әлеуметшiлдiк сарын аясындағы дәстүршiлдiк пен жаңалыққа ұмтылыс орайлы үйлесiм тапқан.