Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жартысы жок осыны карандар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180.95 Кб
Скачать
  1. Б.Соқпақбаев шығармашылығы. Дидар

БЕРДІБЕК  СОҚПАҚБАЕВ  1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған. Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың, Гауһар» секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым Қожа» фильмі (Б.Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаев тірі болғанда биыл 80 жасқа толар еді. «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді» демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгіме, хикаялар қалдырды. Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы әрбір шығармасында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды суреттерін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген. Б.Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады.

  1. Әлихан Бөкейхан және жаңа әдебиет. санду

  2. Мағжан лирикасындағы символизм, ұлт, қоғам мәселесі. санду

  3. Қ.Бекхожин шығармашылығы. санду

  4. А. Байтұрсыновтың ұлт мәдениетін дамытудағы орны. «Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы. санду

  5. С.Мұқановтың “Ботакөз”, “Мөлдір махаббат” (1959) романдарында көтерген қоғам мәселесі. санду

  6. С.Шәймерденовтің шығармашылығы. Гулнур

С.Шаймерденов шығармашылығы (15.4.1922 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылы — 23.2.2007, Алматы) — жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы (1995). Алғашқы көркем шығармасы — “Болашаққа жол” романы 1953 жылы жарық көрді. Романда Қазақ университетінің зиялы қауымы — профессорлары, оқытушылары және студенттерінің өмірі суреттеледі. ьШ. “Инеш” (1958) романын, “Мінез” (1960), “Мезгіл” (1964), “Таныс көрші” (1965), “Қарғаш” (1967), “Жыл құсы” (1969), “Сыбызғы сазы” (1971), “өмір нұры” (1972), “Селдің екпіні” (1977), “Мәжнүн тал” (1980), “Әдеби толқындар” (1985), “Ағалардың алақаны” (1987) әңгіме-повестер жинақтарын, балаларға арналған “Жанар мен Данар” (1964), “Шалдуар”, тағы басқа кітаптар жазған. Оның “Дөкей келе жатыр” (1979), “Өкіл әке” (1982), тағы басқа пьесалары республикалық және облысы драма театрларында қойылған. Бірқатар шығармалары орталығы және респ. баспалардан орыс тіліне аударылып жарияланды. Мәдениетминистрлігі репертуарлық коллегиясының бастығы болған.{mospagebreak}

"Болашаққажол" атты алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді. Бұл туынды кейін"Инеш" деген атпен орыс тіліне аударылды. "Өмір нұры" аттыповестер цикліне тақырыбы, идеясы жағынан өзекті бір желі, бір нысанағабагындырылған алты повесть - "Мезгіл", "Қарғаш", "Өмірнұры", "Ит ашуы", "Мәжнүн тал" кіреді. Олар шетелтілдеріне әлденеше рет аударылған.

"Қайдасын,Зарина?", "Қыр гүлі", "Әнім сен едің", "Марғау","Төрт бойдақ, бір қыз", "Өкіл әке", "Түйе көтерген","Аруана дүние" пьесалары көптеген қазақ театрларының сахнасындақойылып келеді.

Үнді жазушысы Р.Тагордың "Күйреу", "Гәуірмақан" романдары мен "Алтынсағым" деген атпен жарық көрген әңгімелер жинағын, Л. Толстойдың"Альберт" повесін, беларусь драматургі А.Макаеноктың "Трибуналын",француз композиторы Эрве мен драматург А.Мильяждың "Түлкі бикеш"комедиясын аударған.

"Жыл құсы"повесі 1974 жылы ВЦСПС пен КСРО Жазушылар одағының жұмысшы тақырыбына арналғанконкурсында жүлделі орынға ие болды. Ал Р.Тагордың "Күйеу" романыныңаудармасы үшін 1984 жылы Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығын, "Ағалардыңалақаны", "Әдеби толқындар" атты кітаптары үшін 1988 жылы республиканыңАбай атындағы Мемлекеттік сыйлығын алды.