
- •Хх ғасыр басындағы қоғамдық тарихи жағдайлар және әдебиет. (сыйлы)
- •Н. Наушабайұлы шығармашылығы және елдік ұстаным. (сыйлы)
- •С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы. (сыйлы)
- •Ұлттық газет-журналдардың тууы, қалыптасуы мен дамуы. (сыйлы)
- •Ә.Шәріпов «Партизан қызы» (1961) хикаяты. Меру
- •Абайтану ғылымының қалыптасып, дамуы меру
- •Ж. Жабаевтың ақындық өнері меру
- •Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952). Меру
- •Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы.Меру
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы. Ляззат
- •К.Төгісов шығармаларындағы қоғамның әділетсіздігі, замана шындығы. Ляззат
- •М.Әуезовтің әңгімелері. Көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Ляззат
- •Қ. Аманжолов поэмалары:“Құпия қыз” (1939), “Ақын өлімі туралы аңыз” (1943) . Жания
- •Ақылбек Сабалұлы шығармашылығы. Жания
- •Ш.Құдайбердиевтің «Қаламан-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларының тақырыптық, идеялық ерекшелігі. Жания
- •М.Иманжанов шығармашылығы. Жания
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының “Жарты нан” хикаясы, “Мәшһүрдің тырнамен айтысы”, “Мәшһүрдің ала қарғамен айтысы”т.Б. Шығармаларының идеялық, сюжеттік ерекшелігі. Жания
- •С. Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей» поэмасындағы адам тағдыры. Дидар
- •М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі. Дидар
- •Шәңгерей Бөкейұлы шығармашылығы. Дидар
- •Б.Майлин - әнгіме жанрының шебері. Дидар
- •Б.Соқпақбаев шығармашылығы. Дидар
- •С.Шәймерденовтің шығармашылығы. Гулнур
- •Тайыр Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» өлеңдер жинағы және «Қыз көрелік» романы. Гулнур
- •Сәкеннің алғашқы өлеңдері ("Жазғы түнде", "Туған ел", "Сағыну", "Нұра", "Кім басшы", "Жайлауда", т.Б.). "Асау тұлпар" атты өлеңдер жинағы. Гулнур
- •Ғ.Орманов лирикасы және ақын әлемі. Гулнур
- •І.Есенберлиннің тырнақалды туындылары. Раушан
- •С. Көбеевтің өмірі, аударма саласындағы қызметі. «Үлгілі тәржімә» кітабы. Раушан
- •Сәкен поэмаларындағы өршіл романтика сарыны ("Аққудың айрылуы"), "Көкшетау" (1929). Раушан
- •Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеттануының дамуы (1932-1956) раушан
- •С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы дала мен қала, қазақ зиялылары туралы көзқарасы. Акмарал
- •Мағжан прозасындағы психологизм. Акма
- •Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян. Акма
- •І.Жансүгіров –эпик ақын. «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары. Акма
- •Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы (“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Үздіксіз өсу”, “Бір адым ілгері, екі адым кейін”, т.Б.). Акма
- •И.Байзақов- импровизатор ақын. Гулайхан
- •С. Көбеевтің шығармашылығы және «Қалың мал» романы. Гулайхан
- •Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист» (1920) повестері. Гулайхан
- •Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” (1950) романы гулайхан
- •Ж.Аймауытов әңгімелерінің тақырыбы мен сюжеттік-көркемдік ерекшелігі. Гулайхан
Шәңгерей Бөкейұлы шығармашылығы. Дидар
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847-1920) Шәңгерей – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасып, дамыған қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің бірі. Ол Батыс Қазақстан облысының қазіргі Орда ауданында, Жасқұс құмында – хан ордасында дүниеге келген. Жәңгір ханның немересі. Ақын өзінің бір өлеңінде «Алпыс бөлме, жүз есік» көк орданың ішінде дүниеге келгенін айтады. Әкесі Сейіткерей Шәңгерей бес жасқа келгенде қайтыс болған. Бірақ жас Шәңгерей ауқатты ортада жетімдік көрмей өседі. Жасынан оқып, білім алады. Өнерге, өлең сөзге жас кезінен әуестенеді. Ордадағы медресені бітіріп, мұсылманша білім алғаннан кейін, Астраханьдағы реальды училищиге түседі. Одан кейін Орынбордағы Кадет корпусында екі жыл оқиды. Орыс тілін үйреніп, орыс әдебиеті, мәдениетімен танысады. Самар губерниясында (қазіргі Куйбышев облысы) бітімші сот (мировой судья) болып жұмыс істейді. Әділдік жолын іздеу, шындықты қорғау жолындағы ой-санасы осы тұста қалыптасқан сияқты. Ол әкімшілік-төрешіл биліктің зорлық, алдау, парашылдық сыр-сипатын көріп, бұл жұмыстан бойын аулақ салуды ойлайды. Сөйтіп, біраз жыл қызмет істегеннен кейін қызметін тастап, өз еліне келеді. Бұдан кейін кеңсе жұмысына араласпай, патша тарапынан дворян атағын алып, Самар губерниясындағы дворяндар тізіміне тіркеледі де, еңбекпен, өнермен шұғылданады. Орданың Жәнібек жағындағы Көлборсы деген жерді өз меншігі етіп, сол кездегі орыс помещиқтері сияқты тұрақ жай тұрғызады. Онда ағаштан, тастан сәулетті үйлер, мектеп, медресе, мешіт салғызып; туыстарының балаларын оқытады. Бау-бақша, алма ағашын ектіріп, егін салады. Асыл тұқымды мал өсіреді. Шәңгерей ашқан мектепте білікті мұғалімдер жұмыс істейді. Сондай бала оқытқан, білімді әрі талапты мұғалімнің бірі көрнекті ақын Ғұмар Қараш (1876-1921) еді. Ол Шәңгерейді аға тұтып, жиі араласып тұрады. Шәңгерей оның ой-өрісінің кеңеюіне, орыс әдебиетімен танысуына ерекше ықпал етеді. Ғ. Қараш «Жәңгір ханның немересі, сұлтан Шәңгерей Сейіткерейұлына» деген толғауында: Алғыр жүйрік сұлтаным, Ақылың жетіп алысқа Ілгеріні болжадың. Болжағанның белгісі, Атаңнан мұра қалған су — Көлборсыны меншіктеп, Жағасынан жер алдың... Кешегі өткен бабаңыз — Хан Жәңгірден үлгі алдың, — деп жырға қосқан. Сонымен қатар Шәңгерейдің ақындығын, тілге шешендігін, сөз асылын қадірлеген көсемдігін, серілігін тамаша суреттеген. Бұл толғауы ақынның 1914 жылы Уфада шыққан «Аға тұлпар» жинағында жарияланған. Осыдан бастап Шәңгерей өз мекенінде оқшау өмір сүріп, аңшылықпен айналысты, жақсы ат, қыран құс, құмай тазы ұстаған. Құс салып, ит жүгіртіп, саятшылық өнерін қызықтаған. Шәңгерейдің ерекше көңіл аударған бір ісі – әдебиет, өнер, ғылым болады. Ол орыстың классик жазушыларының шығармаларымен танысады. Лермонтовты, Гогольді сүйіп оқиды. Ән-күйге, сурет өнеріне, сән-салтанатқа ерекше көңіл қойған ол ақын, әнші, күйші, домбырашы, суретші сияқты өнерпаздарды өзіне жақын тартып, олардың өнерін тамашалайды. Ол қадір тұтқан өнер адамдарының бірі – орыс суретшісі Мальцев деген досы. Оған шеберхана да салып берген. Орыстың Фет, Тютчев сынды ақындарының да өлеңдерін оқып, әсерленеді. Шәңгерейдің бай кітапханасы болған. Ғылыми әдебиеттерді, әр түрлі қазақ және орыс тіліндегі газет-журналдарды алдырып оқыған. ХХ ғасырдың басында қазақ, татар тілінде басылған ақындардың кітаптарын оқып, қоғамдық, әдеби өмірдің беталысынан үнемі хабардар болып отырған. 1911-1913 жылдары қазақ зиялыларының ұымдастырумен Оралда «Қазақстан» газетін шығару мәселесі сөз болғанда, бұл істі қолдап, оған қажетті қаржыны толықтыруға көмектескен де Шәңгерей еді. Шәңгерей прозалық шығармалар жазған деген де дерек бар. «Қара мұрт» атты роман, «Сұрау-жауап» деген көлемді әңгіме жазса керек, бірақ ол туындылары сақталмаған. Ол 1917 жылы шамасында Көлборсыдағы қонысын тастап, аталас төре тұқымдары мекендеген Ақбақай деген жерге (Батыс Қазақстан облысы, қазіргі Қаратөбе ауданы) көшіп келеді. Қоныс аудару себебі де мәлімсіз. Бізге белгілісі – өмірінің соңғы кезінде ел ішінде даулы, талас-тартысты мәселелерге көп араласпай, оқшау өмір сүрген. Шәңгерей 1920 жылы қаңтарда сол Ақбақайда қайтыс болған. Ақынның біраз өлеңдері «Шайыр» (1910) және «Көкселдір» (1912) деген жинақтарда жарияланған. Бұл жинақтарды бастырған Ғ. Қараш еді. Кеңес дәірінде Қызылорда қаласында ақын өлеңдерінің жинағы (1933) басылды. Ақындығы Шәңгерейдің бізге белгілі шығармалары әлеуметтік өмірдің әр түрлі жақтарын қамтиды. Отаршылдық салдарынан туындап жатқан өзгерістерді көре білген ақын бұрынғы хандық дәуірдегі өмірді аңсайды. Оның қоғамдық ой-пікірлері, топшылаулары бірде өмір шындығын айқын көрсетсе, бірде өткенге алаңдау сарынында келеді. Жер-судың құты кетті, сәні кетті, бәрі адыра қалды. Бұрынғы асыл адамдар енді жоқ, бұрынғыдай билер, ерлер енді тумайды дейді. Адыра дедім Нарынды, Құсы ұшып көлінен, Құты кетіп жерінен, Саба құрсақ билерден, Еңіреген ерлерден, Айырылып адыра қалғанда..,— дейді. Ақынның "Қосаяқты" суреттеуі қай жағынан болсын, мінсіз. Өлеңдегі сөз қолданыстар шын мәнінде ерекше бір толғаныстан туындаған. Қосаяқ - Нарын құмында көп болатын кішкене ғана жәндік. Тышқанның бір түрі. Ақын оған арнаған өлеңін өзінің балалық шағы, өткен өмірімен байланыстырады. Бірақ ол өткен өмірді, Нарынның өткен күнін суреттегенде, оны қайта орнатамын деп әуреленбейді. Ол кездің жақсылығын айту үшін ой-қырын бірдей шолып та жатпайды. Келмеске кеткен бір өкініш, "Адыра қалған Нарында" деп қана жанап өтеді де, қосаяқты суреттеуге кіріседі. Қосаяқтың үздік портретін жасайды. Қосаяқ - қазақ әдебиетіндегі ең жақсы, ең керкем жасалған портреттің бірі. Өлеңді оқып шыққанда, көз алдыңда жанды тірі қосаяқ тұрады. Және оның портретін жасағанда, сол жануардың сұлулығына көрмеген адам шек келтірмейтіндей, әдемілігі үшін оны ұнататындай сезім қалдырады. Адам баласына әуелден сүйікті ұғымдағы нәрсені суреттеп, оны сүйкімді етіп көрсетуден гөрі, бұрын ондай ұғымда болмаған, тіпті ешкім ілтипатқа алып, көңіл аудармайтын бір тосын нәрсені суреттеп, жұрттың оған көңіл аударуы қиынырақ, ол үлкен шеберлікгі тілейді. Шәңгерей шеберліктің бұл міндетін толық атқара алған. Қосаяққа жұрттың көңілін аудару былай тұрсын, сол өлеңді оқып шыққанда, "одан сұлу нәрсе жоқ екен" деп айтып салғандайсың. Сол мақұлыққа рақымың түскендей, ең аяулы нәрсенің қатарына қойғандайсың.