- •Хх ғасыр басындағы қоғамдық тарихи жағдайлар және әдебиет. (сыйлы)
- •Н. Наушабайұлы шығармашылығы және елдік ұстаным. (сыйлы)
- •С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы. (сыйлы)
- •Ұлттық газет-журналдардың тууы, қалыптасуы мен дамуы. (сыйлы)
- •Ә.Шәріпов «Партизан қызы» (1961) хикаяты. Меру
- •Абайтану ғылымының қалыптасып, дамуы меру
- •Ж. Жабаевтың ақындық өнері меру
- •Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952). Меру
- •Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы.Меру
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы. Ляззат
- •К.Төгісов шығармаларындағы қоғамның әділетсіздігі, замана шындығы. Ляззат
- •М.Әуезовтің әңгімелері. Көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Ляззат
- •Қ. Аманжолов поэмалары:“Құпия қыз” (1939), “Ақын өлімі туралы аңыз” (1943) . Жания
- •Ақылбек Сабалұлы шығармашылығы. Жания
- •Ш.Құдайбердиевтің «Қаламан-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларының тақырыптық, идеялық ерекшелігі. Жания
- •М.Иманжанов шығармашылығы. Жания
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының “Жарты нан” хикаясы, “Мәшһүрдің тырнамен айтысы”, “Мәшһүрдің ала қарғамен айтысы”т.Б. Шығармаларының идеялық, сюжеттік ерекшелігі. Жания
- •С. Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей» поэмасындағы адам тағдыры. Дидар
- •М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі. Дидар
- •Шәңгерей Бөкейұлы шығармашылығы. Дидар
- •Б.Майлин - әнгіме жанрының шебері. Дидар
- •Б.Соқпақбаев шығармашылығы. Дидар
- •С.Шәймерденовтің шығармашылығы. Гулнур
- •Тайыр Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» өлеңдер жинағы және «Қыз көрелік» романы. Гулнур
- •Сәкеннің алғашқы өлеңдері ("Жазғы түнде", "Туған ел", "Сағыну", "Нұра", "Кім басшы", "Жайлауда", т.Б.). "Асау тұлпар" атты өлеңдер жинағы. Гулнур
- •Ғ.Орманов лирикасы және ақын әлемі. Гулнур
- •І.Есенберлиннің тырнақалды туындылары. Раушан
- •С. Көбеевтің өмірі, аударма саласындағы қызметі. «Үлгілі тәржімә» кітабы. Раушан
- •Сәкен поэмаларындағы өршіл романтика сарыны ("Аққудың айрылуы"), "Көкшетау" (1929). Раушан
- •Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеттануының дамуы (1932-1956) раушан
- •С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы дала мен қала, қазақ зиялылары туралы көзқарасы. Акмарал
- •Мағжан прозасындағы психологизм. Акма
- •Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян. Акма
- •І.Жансүгіров –эпик ақын. «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары. Акма
- •Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы (“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Үздіксіз өсу”, “Бір адым ілгері, екі адым кейін”, т.Б.). Акма
- •И.Байзақов- импровизатор ақын. Гулайхан
- •С. Көбеевтің шығармашылығы және «Қалың мал» романы. Гулайхан
- •Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист» (1920) повестері. Гулайхан
- •Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” (1950) романы гулайхан
- •Ж.Аймауытов әңгімелерінің тақырыбы мен сюжеттік-көркемдік ерекшелігі. Гулайхан
М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі. Дидар
М.Әуезов қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен өмірлік, шығармашылық жолдарында зор табыстарға жетті. Жиырма жасында «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазғаннан кейін он шақты жыл ішінде көптеген әңгіме, повесть, пьесаларымен көзге түсті. Атап айтақанда: «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Көксерек», «Қыр» әңгімелері, «Жетім», «Қараш-қараш оқиғалары», «Қаралы сұлу», «Қилы заман» секілді прозалық шығармаларымен оқырман назарын бірден өзіне аударды. Прозаның шағын жанрының шебері екендігін көрсететін осы шығармаларында адамның іс-әрекетін әлеуметтік-қоғамдық жағдайлармен астастыра келіп, кейіпкер психологиясының терең иірімдерін, табиғат суретін, халықтың дәстүрлі тіршілігін, тынысын, ұлттық мінез-құлқын мейлінше қанық, толық суреттей білген. Жазушы адам бойындағы пәктік пен сұлулықты әділетсіздік пен азғындыққа қарсы қоя, жарыстыра суреттеу арқылы қазақ әдебиетіне классикалық психологиялық прозаның үлгісін әкелді. Осы туындылардың өзімен М.Әуезов құдіретті талант иесі екендігін танытқан болатын. Оның талантын шарықтатып, көркемдік дамудың шырқау биігіне жеткізген өмір жолы оңай емес еді. Ол таудай талпынудың, дамылсыз ізденудің, табанды еңбектенудің қиын-қыстау жолы. Сонымен бірге, халыққа адал қызмет етудің азаматтық, адамгершілік жүгін арқалаған ауыр да абыройлы жол болды. М.Әуезовтің қаламынан шыққан алғашқы туындылардың бірі – 1928 жылы жазылған «Қилы заман» повесі. Бұл туынды кезінде кейбір себептермен халыққа кең танылмай қалып қойған еді. Міне, сол повесть 1972 жылы Ш.Айтматовтың алғысөзімен «Новый Мир» журналында орыс тілінде «Лихая година» деген атпен жарық көрді.Аталмыш повесте Қазан төңкерісі алдындағы қазақ даласындағы ақ патшаның отарлау саясаты, екі жақты езгіде, тар қыспақта қалған халықтың ауыр тұрмысы, қайғы-мұңы, ашу-ызасы барынша шынайы көрсетілген.Бұл кезде болып жатқан 1-дүниежүзілік соғыстың зардаптары да қарапайым халықты жаншып, езе түскен. Міне, осы тұста халықтың ауыр жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне қарамай-ақ, патша үкіметі қара халықтан майданға әскер алу туралы жарлық шығарды. Жарлық халықтың ашу-ызасын келтіріп, ақ патшаға қарсы күрестің ашықтан-ашық басталуына әкеп соқты. Қалың жұрт қарсылық майданына жұмылды. Жұртты күреске ұйымдастырған халық басшылары- өмірде болған Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Ыбырай сияқты тарихи адамдар еді. Жергілікті байлар Дәулетбек пен Түнқатарлар халықты күреске бастаған Ұзақ пен Жәмеңкені қолға түсіріп, өздері патша жарлығын жүзеге асыруға әрекеттенеді. Бүлікті басып, басшыларын жазалауға орталықтан Клубницкий жіберіліп, Ыбырай бастаған жігіттермен арада қантөгіс қақтығыс болады. Автор осындай ұлт-азаттық көтерілістің қазақ, қырғыз, ұйғыр халықтарында күшейіп отырғанын, бірақ оның стихиялы түрде басталып, соғыс құралдарының жеткіліксіздігінен тез басылып қалып отырғанын жазады. Ұлы суреткердің шығармаларының қуатты, арналы мол саласы – оның прозалық туындылары. Ол «Қорғансыздың күні» (1921) деп аталатын алғашқы әңгімесі арқылы-ақ өзінің суреткерлік дарынын айқын танытты. Әңгімеде бас кейіпкер Ғазизаның күйзелісі табиғаттың ызғырық боранымен астастырыла суреттеледі. Әуезов адам бойындағы пәктік пен сұлулықты әділетсіздік пен азғындыққа қарсы қоя жарыстыра суреттеу арқылы қазақ әдебиетінде классикалық психологиялық прозаның үлгісін әкелді. Әңгіменің жанрлық табиғатына тән сюжеттік-композициялық тұтастықтың шебер өрілуі, уақыт пен кеңістіктің аясында негізгі кейіпкерлердің жан дүниесін аша білуі қазақ әдебиетіне көркемдік стилі өзгеше дара суреткер келгендігін байқатты. Жазушы келесі «Оқыған азамат» (1922) әңгімесінде өзінің азаматтық мұратын аңғартты. Оқыған адамның бәрі парасатты бола бермейді. Әңгімедегі басты кейіпкер бойындағы ұқсастық, келісімпаздық, сатқындық сияқты ұнамсыз қылықтарды көркемдік әдістермен әсерлі бейнелеу арқылы жазушы қазақ зиялы қауымының халық алдындағы жауапкершілік әлеметтік мәселе деңгейіне дейін көтерген. Қазақ жазушысының «Қаралы сұлу» (1925) әңгімесі прозаның озық үлгілерінің бірі. Жастай жесір қалған келіншек Қарагөздің әңгіменің шарықтау шегіндегі саналы және санасыз әрекеті, жан қуаты мен тән қуатының арпалысы шебер суреттеледі. «Қыр суреттері», «Жетім», «Кім кінәлі», «Ескілік көлеңкесінде», «Сөніп-жану», «Кінәмшіл бойжеткен», «Іздер», «Бүркітші» т.б. әңгімелері – Әуезов прозаның шағын жанрының шебері екендігін көрсетеді. Жазушы шығармаларында көп желілік, адам әрекетін әлеуметтік-қоғамдық жағдайлармен астастыра келіп, кейіпкер психологиясының терең иірімдерін, табиғат суретін, халықтың тұрмыс-тіршілігі тынысын, ұлттық мінез-құлықты мейлінше қанық, толық беру тән. Әуезовтің 1920 жылдардың соңында жазған «Қараш-Қараш оқиғасы» (1927), «Қилы заман» (1928), «Көксерек» (1929) аталатын үздік повестері проза жанрындағы ерекше көркемдік құбылысы болып табылады. Әңгіме жанры арқылы көрінген суреткерлік қуат бұл повестерде қанатын кең жайып, ашыла түскен. «Қараш-қараш оқиғасының» басты кейіпкері Бақтұғыл – рухы биік тұлға. Ар-намысын, адамдық қасиетін таптаған Жараспайды атып өлтіреді. Кісі өлтіру – адам күнәләрінің ішіндегі ең ауыры. «Қараш-қараш оқиғасы» повесінде әлеуметтік-әділетсіздікке қарсы шыққан қайсар жігіттің образы сомдалып, ішкі арпалысы тереңдігімен тәнті етеді. Табиғаттың өзі басты кейіпкер Бақтығұлдың ішкі психологиялық арпаласымен астасып, өзгеше көркемдік тұтастық құрайды.
