
- •Хх ғасыр басындағы қоғамдық тарихи жағдайлар және әдебиет. (сыйлы)
- •Н. Наушабайұлы шығармашылығы және елдік ұстаным. (сыйлы)
- •С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы. (сыйлы)
- •Ұлттық газет-журналдардың тууы, қалыптасуы мен дамуы. (сыйлы)
- •Ә.Шәріпов «Партизан қызы» (1961) хикаяты. Меру
- •Абайтану ғылымының қалыптасып, дамуы меру
- •Ж. Жабаевтың ақындық өнері меру
- •Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952). Меру
- •Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы.Меру
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы. Ляззат
- •К.Төгісов шығармаларындағы қоғамның әділетсіздігі, замана шындығы. Ляззат
- •М.Әуезовтің әңгімелері. Көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Ляззат
- •Қ. Аманжолов поэмалары:“Құпия қыз” (1939), “Ақын өлімі туралы аңыз” (1943) . Жания
- •Ақылбек Сабалұлы шығармашылығы. Жания
- •Ш.Құдайбердиевтің «Қаламан-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларының тақырыптық, идеялық ерекшелігі. Жания
- •М.Иманжанов шығармашылығы. Жания
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының “Жарты нан” хикаясы, “Мәшһүрдің тырнамен айтысы”, “Мәшһүрдің ала қарғамен айтысы”т.Б. Шығармаларының идеялық, сюжеттік ерекшелігі. Жания
- •С. Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей» поэмасындағы адам тағдыры. Дидар
- •М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі. Дидар
- •Шәңгерей Бөкейұлы шығармашылығы. Дидар
- •Б.Майлин - әнгіме жанрының шебері. Дидар
- •Б.Соқпақбаев шығармашылығы. Дидар
- •С.Шәймерденовтің шығармашылығы. Гулнур
- •Тайыр Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» өлеңдер жинағы және «Қыз көрелік» романы. Гулнур
- •Сәкеннің алғашқы өлеңдері ("Жазғы түнде", "Туған ел", "Сағыну", "Нұра", "Кім басшы", "Жайлауда", т.Б.). "Асау тұлпар" атты өлеңдер жинағы. Гулнур
- •Ғ.Орманов лирикасы және ақын әлемі. Гулнур
- •І.Есенберлиннің тырнақалды туындылары. Раушан
- •С. Көбеевтің өмірі, аударма саласындағы қызметі. «Үлгілі тәржімә» кітабы. Раушан
- •Сәкен поэмаларындағы өршіл романтика сарыны ("Аққудың айрылуы"), "Көкшетау" (1929). Раушан
- •Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеттануының дамуы (1932-1956) раушан
- •С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы дала мен қала, қазақ зиялылары туралы көзқарасы. Акмарал
- •Мағжан прозасындағы психологизм. Акма
- •Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян. Акма
- •І.Жансүгіров –эпик ақын. «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары. Акма
- •Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы (“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Үздіксіз өсу”, “Бір адым ілгері, екі адым кейін”, т.Б.). Акма
- •И.Байзақов- импровизатор ақын. Гулайхан
- •С. Көбеевтің шығармашылығы және «Қалың мал» романы. Гулайхан
- •Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист» (1920) повестері. Гулайхан
- •Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” (1950) романы гулайхан
- •Ж.Аймауытов әңгімелерінің тақырыбы мен сюжеттік-көркемдік ерекшелігі. Гулайхан
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының “Жарты нан” хикаясы, “Мәшһүрдің тырнамен айтысы”, “Мәшһүрдің ала қарғамен айтысы”т.Б. Шығармаларының идеялық, сюжеттік ерекшелігі. Жания
“Мәшһүрдің ала қарғамен айтысы”т.б. шығармаларының идеялық, сюжеттік ерекшелігі.
Мәшһүр-Жүсіптің «Жарты нан» өлеңінде алдымен жолаушы боп келе жатқан бір жаяу адамның «жарқыраған» бір сандық тауып алғанына қуанып, оны ашқаны айтылады: Сандықтың ала сала аузын ашты, Сап-сары көрді ішінде алтын тасты. «Жоқ жерден берді ғой деп құдай маған!» Шаттанып қуанғаннан судай тасты. Өлеңде одан әрі жолаушының қолына алғаны әп-сәтте айдаһарға айналғаны, оның: «Ауызға ашылған соң қорек керек, Жұтамын енді амалсыз сені» дегені сөз болады. Өзіне көмектесер деген үмітпен алдымен кез болған отыз кісіге, кейін ұшырасқан бес кісіге бұл жолаушы өзіне төнген қауіптен құтқаруға өтініш білдіреді. Әйтсе де айдаһар күш-қуатынан сескенген олар еш көмек жасай алмай өтіп кетеді де, ең соңында тап болған жарты кісі (демек бір қол, бір аяғы жоқ) тапқырлық танытады. Алып айдаһардың кішкентай сандық ішіне сыйып жатқанына жарты адам күмән келтіреді де, айдаһар сонда жатқанын дәлелдеу үшін «Жұлындай түтін болып аспанға ұшып», қайтадан сол сандыққа кіреді де, тапқыр адам сандық аузын «тарс еткізіп» жауып, жаяуды өлімнен құтқарады. Өзін өлімнен арашалаған жарты адамның кім екенін жаяу білгісі келгенде, құтқарушы мынаны айтады: Ақымақ, ақылың жоқ сенің өзің, Осыған жетпей тұр ма әлі көзің?! Не дейсің, бұл айдаһар, дәнеме емес, Аузыңнан абайсызда шыққан сөзің. Жамандық алтындай боп түсер көзге, Қызықты нәрсе жоқ боп онан өзге. Аузыңнан бір жаман сөз шығып кетсе, Қаларсың бір орында жанжал сөзге. Жамандық қайдан туар, тілден туар, Әркім де ғақыл болса, тілін буар. Шығарсаң бір жаман сөз сен аузыңнан, Артыңнан айдаһар боп сені қуар. Оразаң отыз күнгі – отыз кісің, Бес кісі – бес намазың, білемісің. Жоқ қылып жамандықты жойылтуға, Бұлармен дәнемеге келмес күшің. Қысылды, мен болмасам, шыбын жаның, Дәрменің қалмап еді, құрып әлің. Танып қой, танымасаң, мен боламын, Дүниеде қылған қайыр – жарты наның! Шықпаған, сараңдықтан, бүтін қолдан, Қалмас ең болса бүтін, мұнша жолдан. Дүниеде қылған қайыр ықсаныңыз, «Тар жер, тайғақ кешуде» пана болған. Бұдан біз нені көреміз? Біреуге қайырым жасап, жарты нан беруі кейін ол адам қысылғанда, сүйеніш қызметін атқарады. Демек, өлеңнің негізгі идеясы: «Біреуге жасаған жақсылығың босқа кетпейді, ендеше Аллаға тек құлшылық етумен, бес уақыт намаз оқып, отыз күн ораза ұстаумен шектелмей, алдымен басқаларға қайырым көрсете біл – дегенге саяды. Бұл шығармадағы негізгі басты идея болса, қосалқы екінші идея мәні де осал емес. Ол: «Кез болған «сап-сары… алтын» тасқа, яғни дүниеге мәз болма. Оп-оңай тегін келген байлық жақсылық әпермейді!» – идеясы. Бұл аз десеңіз, үшінші идея тағы бар. Жарты кісінің айдаһар туралы: «Не дейсің бұл айдаһар дәнеме емес, Аузыңнан абайсызда шыққан сөзің» – дегені назар аудартады. Мұның бәрі белгілі бір адамның, яғни кейіпкердің бір сәттегі сезімін ғана беруге арналған лирика жанрына да күрделі шындықты, яғни эпос жанрына артылуға тиіс ауқымды жүкті сыйғызу шеберлігін танытады. Мәшһүр Жүсіптің айтыс өлеңдері
Лирика жанры аясында орын алғанымен, эпосқа бір табан жақын, тіпті аралық лиро-эпикалық жанр түріне жатқызуға болатын үлгінің бірі – айтыс өлеңдері. Бұл сипатты туындылардың ерекшелігі: онда бір адам емес, екі адам қатар әрекет етеді, екеуінің сөзі алма-кезектесіп беріледі. Мәселен, ақынның «Сүлеймен мен Байғыз» өлеңінде алдымен Сүлеймен пайғамбардың бір сұлуға үйленгені, кейін сол сүйіктісінің айтқанын орындаймын деп, яғни құс сүйегінен үй салмақ болып, орынсыз қан төге жаздағаны, мұндай теріс ниеттен оны Байғыздың тапқырлығы құтқарғаны бейнеленген. Мәселен, Сүлейменнің: «Тіріні өліменен салыстырсаң, // Білдің бе екеуінің қайсысы артық?!» - деген сауалына Байғыз жауап бере келіп, әйел тілін алған Сүлейменнің өзін өліге санағанын айтады. Сүлеймен сыннан қорытынды шығарып, тамам құсты азат қылады:
Қаралдың жұдырықтай, ақылың-зор,
Қатын тілін алғанды қылдың ғой қор! Айырдың қан төгетін көп кінәдан, Байғызым, қанша дүние тұрғанша тұр! Қылыпты тамам құстың бәрін азат, Байғыздың бұл сөзіне көп болып шат. Қатынның басын сонда алдырыпты: «Сен мені жұртқа рәсүр қылдың, - деп, - мат.» Талайды қатын жолдан аздырыпты, Ақымақтың көбіне көр қаздырыпты. «Хазірет сөзі кейінгіге қалсын, - деп, - жад!» Кітапқа мұны-дағы жаздырыпты [22, 279 б.].
Міне, осындағы соңғы шумақта лирикалық қаһарманның да Байғыз пікірін құптауын сездіртуі жүзеге асуы – бәрі туындының лирика жанрына жататынын дәлелдей алады. Сырт қарағанда, «Мәшһүр Жүсіптің шабдар атпен айтысы» өлеңінде екі-ақ бейне: Мәшһүр Жүсіп және шабдар ат қана бар тәрізді. Онда Имамбек қажының ұлы Исламбектің (Сләмбектің) қырқына барған Мәшһүр Жүсіпке өлік шыққан үйдің туыстарының бір шабдар атты сыйға бергені, аттың ұрлықтан түскен олжа екенін білген ақының атқа сауал беруі және оның жауабын тыңдауы сөз болады.
Мәшһүр Жүсіп.
Сен, Шабдар, қай жағымнан келдің маған, Кім ығыр ғып осынша мінген саған? Арқа-басың ошақтай жауыр болған, Мал сықылды түрің жоқ, сиқың жаман. Шабдар ат. «Келдің, - деп, айыптама мені – қайдан?» Шыққам жоқ жергілікті малды байдан. Төлеуге Айдаболға келіп тұрмын, Көк тақым қандыбалақ ұры Алтайдан [22, 283 б.].
Одан әрі аттың жеке өзінің қандай жағдайда келгені ғана емес, сол өлікке қамқор болып жүргендердің басқа да пендешіліктері, тіпті күнәлары сөз болады да, шығарма соңында адам мен ат сөйлесуі тоқталып, ақынның тіке өзі кірісіп баға беруі орын алған:
Арқасы тап ошақтай жауыр болды, Сойса асқа жарарлығы сауыр болды. Алтайдан келгендігін ат айтқан соң, Жетектеп алып кету ауыр болды. Атанған бала жастан Мәшһүр өзі, Барғаны Сіләмбектің қырқы кезі. «Ат олжа емес маған, сөз – олжа!» - деп, Мәшһүрдің сонда жазып кеткен сөзі: «Арқаң бар мінгізбейтін ерді салып», Шыбын бар қуалайтын мазаңды алып, «Жаз – жауырдан без!» - деген бұрыңғылар, Таба ғой жылы орныңды өзің барып. Мойныңа, бағып жүрсем, сүйек байлап, Күл-талқан қылар бір күн ит-құс шайнап!» Жауырына жапсырып бір қағазды, Жіберген қуып Мәшһүр үйіріне айдап [22, 286 б.].
Міне, мұнда айтысушы атты бір бейне, Мәшһүр Жүсіпті екінші бейне десек, соның бәріне баға беруші лирикалық қаһарманның бар екенін аңғару қиын емес. Атқа тіл қатқан Мәшһүр Жүсіп бір ғана адам, бір ғана бейне болса, Мәшһүр мен ат айтысына баға беруші үшінші бір бейне, яғни әрі Мәшһүр Жүсіпті, әрі сол ақын тәрізділер ойын жинақтап жеткізуші адам, жинақтаушы тұлға ретінде лирикалық қаһарманның тұрғанын байқаймыз. Ендеше ол екеуге, ат пен сауал беруші екінші лирикалық бейне Мәшһүр Жүсіп қана емес, сол ақынды қатыстыра отырып, ақын тәрізді басқа да күрескерлердің сезімін жинақтаушы, оларды әрі қамтыған, әрі олардан биік тұрған үшінші лирикалық қаһарман бар екенін діттесек, біз туындының лирикаға жататынын толық дәлелдей аламыз. Тек осы тәрізді екі адам, не адам мен құс т.с.с. айтысын бере отырып, оның бәріне үшінші бір бейне, лирикалық қаһарман тұрғысынан баға беру үлгісі ақынның басқа да айтыс өлеңдерінде де: «Мәшһүр Жүсіп пен Ғалы Күзембайұлы айтысы», «Мәшһүр Жүсіп пен Жүніс Шалқарбайұлы», «Күйеу мағзұм мен аруақтар», «Мәшһүр Жүсіптің қарғамен айтысы», «Мәшһүр Жүсіптің тырнамен айтысы», «Мәшһүрдің ақындығымен қоштасқаны» орын алған.