
- •Хх ғасыр басындағы қоғамдық тарихи жағдайлар және әдебиет. (сыйлы)
- •Н. Наушабайұлы шығармашылығы және елдік ұстаным. (сыйлы)
- •С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы. (сыйлы)
- •Ұлттық газет-журналдардың тууы, қалыптасуы мен дамуы. (сыйлы)
- •Ә.Шәріпов «Партизан қызы» (1961) хикаяты. Меру
- •Абайтану ғылымының қалыптасып, дамуы меру
- •Ж. Жабаевтың ақындық өнері меру
- •Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952). Меру
- •Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы.Меру
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы. Ляззат
- •К.Төгісов шығармаларындағы қоғамның әділетсіздігі, замана шындығы. Ляззат
- •М.Әуезовтің әңгімелері. Көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Ляззат
- •Қ. Аманжолов поэмалары:“Құпия қыз” (1939), “Ақын өлімі туралы аңыз” (1943) . Жания
- •Ақылбек Сабалұлы шығармашылығы. Жания
- •Ш.Құдайбердиевтің «Қаламан-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларының тақырыптық, идеялық ерекшелігі. Жания
- •М.Иманжанов шығармашылығы. Жания
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының “Жарты нан” хикаясы, “Мәшһүрдің тырнамен айтысы”, “Мәшһүрдің ала қарғамен айтысы”т.Б. Шығармаларының идеялық, сюжеттік ерекшелігі. Жания
- •С. Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей» поэмасындағы адам тағдыры. Дидар
- •М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі. Дидар
- •Шәңгерей Бөкейұлы шығармашылығы. Дидар
- •Б.Майлин - әнгіме жанрының шебері. Дидар
- •Б.Соқпақбаев шығармашылығы. Дидар
- •С.Шәймерденовтің шығармашылығы. Гулнур
- •Тайыр Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» өлеңдер жинағы және «Қыз көрелік» романы. Гулнур
- •Сәкеннің алғашқы өлеңдері ("Жазғы түнде", "Туған ел", "Сағыну", "Нұра", "Кім басшы", "Жайлауда", т.Б.). "Асау тұлпар" атты өлеңдер жинағы. Гулнур
- •Ғ.Орманов лирикасы және ақын әлемі. Гулнур
- •І.Есенберлиннің тырнақалды туындылары. Раушан
- •С. Көбеевтің өмірі, аударма саласындағы қызметі. «Үлгілі тәржімә» кітабы. Раушан
- •Сәкен поэмаларындағы өршіл романтика сарыны ("Аққудың айрылуы"), "Көкшетау" (1929). Раушан
- •Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеттануының дамуы (1932-1956) раушан
- •С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы дала мен қала, қазақ зиялылары туралы көзқарасы. Акмарал
- •Мағжан прозасындағы психологизм. Акма
- •Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян. Акма
- •І.Жансүгіров –эпик ақын. «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары. Акма
- •Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы (“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Үздіксіз өсу”, “Бір адым ілгері, екі адым кейін”, т.Б.). Акма
- •И.Байзақов- импровизатор ақын. Гулайхан
- •С. Көбеевтің шығармашылығы және «Қалың мал» романы. Гулайхан
- •Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист» (1920) повестері. Гулайхан
- •Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” (1950) романы гулайхан
- •Ж.Аймауытов әңгімелерінің тақырыбы мен сюжеттік-көркемдік ерекшелігі. Гулайхан
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдарындағы қоғамдық әділетсіздік, надандықтың құрбанына айналуы. айдана
1930-56 жылдардағы ұлттық әдебиеттану ғылымы мен әдеби-көркем сын айдана
“Айқап” журналының тарихи маңызы. айдана
М. Қалтайұлы шығармашылығы және діни сарын. айдана
Ғ.Мұстафиннің 1927-1929 жылдардағы алғашқы қысқа әңгімелері: “Сәрсен мен Мұқаш” (1927), “Кек”, “Қан”, “Қашқын”, “Ер шойын”, “Шағатайдың шатағы”, т.б. Олардың тақырыбы мен идеясы. айдана
«Садақ», «Балапан», «Абай» журналдарының жарық көруі мен ел өміріндегі маңызы. асел
М.Жұмабаев шығармашылығы және «Батыр Баян» поэмасының тарихи маңызы. Асел
Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” романындағы (1948) жаңа мен ескінің арасындағы тартыс. асел
Шәді Жәңгірұлы шығармашылығы. асел
Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы. асел
Қ. Аманжолов поэмалары:“Құпия қыз” (1939), “Ақын өлімі туралы аңыз” (1943) . Жания
Қупия кыз. 1938жылы Қазақстан комсомолының Орталық комитеті Ленин комсомолының 20жылдық мерейтойына орай қаламгерлер арасында бәйге жариялайды. Осы бәйгеге Қасым «Қупия қыз » поэмасын қосады. Бұл дастан 1939 жылы бәйге қорытындысында сыйлық алады. Құпия қыз-керемет поэма. Ондағы оқиға мынадай. Шығыс Түркістандаөскен Ләззат есимди сулу қыз тағдыр тәлкегіне ушырайды.Оны сол жнрдің зәңгісі жастығына қарамай ,әйел устине алмақ болады. Бірақ Ләззат оган конбейді.Араға тусип ,арашалап алатын адам болмағандықтан, сулу кыз баяғыдан арманы ата журтка ат басын бурады. Шыгарып салган қойшы Жақып соққыға жыгыдып, Нурман қазага ушырайды. Зәңгі Жусуптин адамдары шагын ауылды әбигерге салып , ойран боткасын шығарады. Алайда Ләззаттың огей шешесинен басқа ешким оған кайғырып аландамайды. Поэмада автор шынайы оқиғаны бейнелегенимен зәңгі Жусиптин іс-әрекетине романтикалық бояу берген. Ол ылғида тек жағымсыз қылықтарыменоқшауланады да турады. Ақын Ләззаттын елден аскан сулулығын сиппатай келип , соның Жусиптн опасыз ойымен аяктайды. Нурманнын басын кескен адамга сый берилетинин айтады. Міне поэмадағы Жусип бейнесі осындай. Ақын Зәңгі образын ашу арқылы адам бойындағы ынсапсыздық пен зулысдық, катигез бен жауыздыкты , керітартпа мешеулікті сынайды. Ал Ләззаттың көркіне ақылы сай. Дегенмен бул поэма әйел тендигин жырлаган туынды емес. Поэманың өн бойында ақын махаббат, сулулық мәселелерн шешендикке салынып, төгілте жырлайды. Дастанда романтикалықсуреттеулер жиі кездеседі. Поэманың идеялық көркемдік арқауында асқақ арман, көтеріңкі пафос жатыр. Автордың тілі тым бояулы , мейлінше лепті,оқыс әсерлі.
Ақын өлімі туралы аңыз.
«Ақын өлімі туралы аңыз»поэмасы небәрі 26 жасында жау қолынан қаза тапқан қазақ ақыны , батыр- Абдолла Жумагалиевтің өшпес ерлігіне сөзбен сомдалған ескеркішдеуге лайық. Осы бір шағын поэманың тұла бойында тек қана Қасым ақынға тән қаншама көркемдік бейнелеулерді мол кездестіруге болады. «Жараланган жолбарыстай», «Ырғып бұлттан түсер бұлттай», «Өзі ақ болып атылғандай», «Шаштан суйреп махаббатты», «Бомба болда жарыл журек», «Түсіргендей көктің миын, зіркілдеді зеңбіректер», «Қара толқын орманшашын, талдап жұлды снариядттар», «Айнала жау ырсыл қағып, Айдахардай көтерди бас» т.б теңеулер мен бейнелі сөздер арқылы ақын тұтас сұрапыл соғыс образынжасағандай әсерде қаласың. Поэманың шырқау биігі – Абдолланың жау қолына тускеннен гөрі , жанып жатқан отқа түскенин суреттейтин тусы. Қазақ халқының жадында Абдолла ақын дәл осы Қасым жырлаған бейнеде мәңгі сақталып қалды. Соғыстан кейінде Қасым ақын әдебиетте өнимди еңбек еттті. Ақын Абдолланың өлімін аңыз қылып жырға салған Қасымның да өмірі аңызға айналды.
Ақылбек Сабалұлы шығармашылығы. Жания
Семей облысы өңірінде өмір сүрген (туған жері – бұрынғы Қарқаралы уезі Ақбота болысы, қайтқан жері – Бестерек елді-мекені). Семей медресесінде оқыған. Жасынан оқу-білімге озық болып, Шығыс әдебиетіне және шығармашылыққа мейлінше әуестенген. Зерттеуші Қ.Мұхамедханұлының жазуына қарағанда, Ақылбек ақын Абайды өзіне ұстаз тұтқан. Оның 20 жастан аса бере Қазан баспаларынан кітап етіп жариялаған дастандары, хикаялары, хиссалары, жырлары едәуір. Атап айтсақ, «Қисса-и Бозжігіт» (1910), «Бес намаз» (1911), «Ғибрәт нәме» (1911), «Ибраһим Әдһәм ұғлының қиссасы-дүр» (1911), «Ибраһим Хазиб нам ұғлының қиссасы-дүр» (1911), «Қисса-и Ғабдулхалим илә Мәлике» (1911), «Қисса-и Дандан Ибраһим ұғлы» (1911), «Қисса-и Қырық уәзір» (1911), «Қисса-и мағшуқ наме» (1911), «Қисса-и Марғуба» (1911), «Қисса-и Сәтбек батыр» (1911). «Қисса-и Таһир-Зуһра» (1911), «Мәктубат» (1911), «Мәлике-и данышмәнд манзум» (1911), «Назым» (1911), «Сұм заман» (1911), «Хажат-уд-дағуат» (1911), «Алтын балық күлдірміш һәм бұлбұл қиссалары» (1912), «Қисса-и сәмруғ» (1915) т.б.
Ақын шығармасының көбі Шығыстық сюжетке құрылғанымен, оның бас-аяғында және қажетті жерлерде халыққа керек тағылымды сөздер айтылып отырады. Мысалы, «Ибраһим Хазиб нам ұғлының қиссасы-дүр» шығармасы былайша басталады:
Бисмиллә деп қалам ұстайын да,
Жаман сөз күнә болар тастайын да.
«Мың бір түннің» ішінен өлең алып,
Мен Ақылбек бір хикаят бастайын да.
Ақылбек «Мәктубат» еңбегінде өз ұстанымын да жеткізеді:
Он үштен мен, Ақылбек бала оқыттым,
Білмеген балаларды көп қорқыттым.
Жылында зерегіне хат танытып,
Білгізіп кеудесіне сөз тоқыттым.
Ақымақ балалардан жүрсе қашып,
Өлгенше жамандыққа баспаса екен,
Ғаділдік мінезінен аспаса екен.
«Хажат-уд-дағуат» жинағында да ақын ғұмырбаянының біраз бөлігі көрініс тапқан:
Мен өзі Сабалұлы Ақылбекпін,
Құрғырға отыз деген жақын кеппін.
Қазақтай өзге кәсіп машық қылмай,
Қағазды шимайлауды ақыл деппін.
Басымды кім сыйласа, сол жақыным,
Қазақтың ақылымен бай болғаннан,
Сүйікті көрінеді өз ақылым.
Бозбала біреуіңе біреуің ес,
Айтпасқа ғайып сөзді тіліңді кес.
Қусам да қос ат жегіп жеткізбейді,
Қайран күн өтіп кетті жиырма бес.
А.Сабалұлының талғам-таразысы халықтың танымымен сабақтасып жатады. Ол замандастарының арасынан таза, сыпайы, білімді, ең бастысы кісілікті адамды іздейді. Сонымен сыр бөлісуді қалайды, соған мұңын шаққысы келеді. Ақын:
Жүйріктен пайда шықпас шаппаған соң,
Ашылған етегіңді жаппаған соң.
Білгішті біледі деп айту бекер,
Бір ақыл сасқан жерде таппаған соң, -
деп жазады бір өлеңінде.
Ауыз әдебиетінің авторлық әдебиет арқылы зерделенуі мен көркемделуі – ұзақ та күрделі құбылыс. Бір жағынан ағымдағы өмірдің сұранымына жауап бергісі келген, екінші жағынан Шығыстық-исламдық тақырыпты өміршең әрі үлгілі санаған ақындар өз миссиясын жауапкершілікпен атқарды. Оның үстіне әдеби тіл деген ұғымнан «ислам мәнін жеткізе алатын тіл» деген ұғымның өткірлеу кезеңінде ескі де жаңа сюжеттерге түркіге ортақ өмір берген қаламгерлердің еңбегі ескеруге тұрарлық. Ресей ішіндегі түрік-мұсылмандарға ортақ әдеби-мәдени кеңістікте қазақ ақындарының шығармасы оқырмансыз қалған жоқ.