
- •Хх ғасыр басындағы қоғамдық тарихи жағдайлар және әдебиет. (сыйлы)
- •Н. Наушабайұлы шығармашылығы және елдік ұстаным. (сыйлы)
- •С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы. (сыйлы)
- •Ұлттық газет-журналдардың тууы, қалыптасуы мен дамуы. (сыйлы)
- •Ә.Шәріпов «Партизан қызы» (1961) хикаяты. Меру
- •Абайтану ғылымының қалыптасып, дамуы меру
- •Ж. Жабаевтың ақындық өнері меру
- •Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952). Меру
- •Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы.Меру
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы. Ляззат
- •К.Төгісов шығармаларындағы қоғамның әділетсіздігі, замана шындығы. Ляззат
- •М.Әуезовтің әңгімелері. Көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Ляззат
- •Қ. Аманжолов поэмалары:“Құпия қыз” (1939), “Ақын өлімі туралы аңыз” (1943) . Жания
- •Ақылбек Сабалұлы шығармашылығы. Жания
- •Ш.Құдайбердиевтің «Қаламан-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларының тақырыптық, идеялық ерекшелігі. Жания
- •М.Иманжанов шығармашылығы. Жания
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының “Жарты нан” хикаясы, “Мәшһүрдің тырнамен айтысы”, “Мәшһүрдің ала қарғамен айтысы”т.Б. Шығармаларының идеялық, сюжеттік ерекшелігі. Жания
- •С. Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей» поэмасындағы адам тағдыры. Дидар
- •М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі. Дидар
- •Шәңгерей Бөкейұлы шығармашылығы. Дидар
- •Б.Майлин - әнгіме жанрының шебері. Дидар
- •Б.Соқпақбаев шығармашылығы. Дидар
- •С.Шәймерденовтің шығармашылығы. Гулнур
- •Тайыр Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» өлеңдер жинағы және «Қыз көрелік» романы. Гулнур
- •Сәкеннің алғашқы өлеңдері ("Жазғы түнде", "Туған ел", "Сағыну", "Нұра", "Кім басшы", "Жайлауда", т.Б.). "Асау тұлпар" атты өлеңдер жинағы. Гулнур
- •Ғ.Орманов лирикасы және ақын әлемі. Гулнур
- •І.Есенберлиннің тырнақалды туындылары. Раушан
- •С. Көбеевтің өмірі, аударма саласындағы қызметі. «Үлгілі тәржімә» кітабы. Раушан
- •Сәкен поэмаларындағы өршіл романтика сарыны ("Аққудың айрылуы"), "Көкшетау" (1929). Раушан
- •Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеттануының дамуы (1932-1956) раушан
- •С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы дала мен қала, қазақ зиялылары туралы көзқарасы. Акмарал
- •Мағжан прозасындағы психологизм. Акма
- •Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян. Акма
- •І.Жансүгіров –эпик ақын. «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары. Акма
- •Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы (“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Үздіксіз өсу”, “Бір адым ілгері, екі адым кейін”, т.Б.). Акма
- •И.Байзақов- импровизатор ақын. Гулайхан
- •С. Көбеевтің шығармашылығы және «Қалың мал» романы. Гулайхан
- •Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист» (1920) повестері. Гулайхан
- •Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” (1950) романы гулайхан
- •Ж.Аймауытов әңгімелерінің тақырыбы мен сюжеттік-көркемдік ерекшелігі. Гулайхан
Хх ғасыр басындағы қоғамдық тарихи жағдайлар және әдебиет. (сыйлы)
1907-1917 ж аралығында Ресей қазақ жерiн отарлау саясатын жүргiздi. Орынборда шығатын “Уақыт” газетi тiкелей қазақ тағдырына қатысты: “Мұсылман қазақтардың халi тым ауыр. Асыра айтқандық емес, қазiр саны 7 миллион осы милләт өмiр, не өлiм деп күресуде, жыл сайын саясат олардың жерiн тартып алып, өздерiн таулы-тасты, құнарсыз жерге қуып жатыр деп жазды. Дәл осы кезеңде Алаш қозғалысы тарихи аренаға көтерілді. 1917 ж бастап Большевиктер өктемдігі жүзеге аса бастады. Ол ең әуелі әдеби шығармаларда көрініс тапты. Саяси көзқарас тұрғысынан келген жаңа бағыт өрбіп, партиялық әдебиет жасау жолына бет бұрды. Соның бәрі түрі ұлттық, мазмұны социалистік әдебиеттің, яғни кеңестік жаңа әдебиет кезеңінің тууына негіз болды. Дегенмен, қазақтың ұлттық әдебиеті тарихындағы бұл жылдардың өзіндік ерекшеліктері басым: 1) әлем әдебиетіндегі классикалық шығармаларды ана тілімізге аударып, насихаттау үрдісі болды. 2) ұлттар мен халықтар арасындағы әдеби байланыстар қалыптасып, өрістеді. 3) қазақ әдебиеті шығармаларының шет елдер тіліне аударылу жолға қойылды. 4) қазақ әдебиетінің шығармаларында шетел тақырыбы көрініс бере бастады. 5) саяси-әлеуметтік байланыстардың табиғаты мен тарихи деректері осы кезеңдегі ұлттық әдебиеттің идеялық-көркемдік бітімінің жаңа түзілімі қалыптаса түскендігін танытты.
ХХ ғ бас ірі құбылысы – АБайтұрсынов, Бөкейханов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Әуезов т.б. осындай істер атқаруға үлес қосты. ХХ ғасыр басында Абай дәстүрі, Абай мектебі қалыптасты. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев сынды әдебиетшілер сол кезде Абайтану ғылымының негізін қалады. ХХ ғасырдың басындағы әдебиет ұлттық рухының беріктігімен дараланады. ХХ ғасырдың басында оқу ағарту мәселесі жанданды. Қазақ арасында оқу ағарту жұмысы екі түрлі болды: мұсылманша оқу, орысша оқу. XІX ғасырдың ақырынан XX ғасырдың басынан бастап жаңа, төте оқу- жәдит оқу шығуға байланысты, қазақ арасындағы мұсылманша оқу Бұхара, Қазан жағындағы мұсылманша оқудың үлгісі, тәртібі бойынша мектеп (бастауыш оқу), медресе (орта дәрежелі оқу) болып аталады. ХХ ғасырдың ақындарыны ұлт әдебиеті жөнiнде әр түрлi пiкiр бiлдiрсе де, ол пайымдар салаланып келiп бiр арнада тоғысады. Ол арна – сапалы қазақ әдебиетi туралы ой-толғам арнасы. Сондай-ақ ХХ ғасырдың басында қазақ ортасында әдебиет туралы сөз айту немесе әдебиетші болу қалыптаса бастады. Біз мұны әдеби сынның қалыптаса бастауы десек те болады. Демек, әдебиеттану ғылымының туып, қалыптасқанын көрсетеді.
1910 жылы М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы, С.Көбейұлының «Қалың мал», Т.Жомартбайұлының «Қыз көрелік», С.Торайғырұлының «Қамар сұлу», «Кім жазықты» т.б. романдары дүниеге келді. 1915 жылы К.Төгісұлының «Надандық құрбаны» атты пьесасы жарық көрді. Бұған түрлі сын жазылды. ХХ ғасыр басындағы зиялылыр: 1) әдебиеттi ұлттың бет-пердесi ғана емес, рухы мен жаны деп ұқтығ отаршылдық оның эстетикалық күшi, идеялық-әлеуметтiк қуатын қатар қойды; 2) халық әдебиетi мен жазба әдебиетiнiң жүрiп өткен жолын саралай келе, ендiгi жерде ол Еуропаның сыншылдық рухын сiңiруi керек деп шештi. Бiрақ сан ғасырлық дәстүр мен тәжiрибеден қол үзбеудi, қайта оны жаңа серпiнмен дамытуды қалады; 3) Абай тұлғасын әдебиеттегi сапалық құбылыс, бетбұрыс деп есептедi; 4) қазақта бұрын болып көрмеген жаңа жанрлар (роман, драма, т.б.) тiл, бейне, рәмiзге бай алаш әдебиетiн өркендетедi және әлемге танылуын тездетедi деген түйiн жасады. Оларды орнықтыруға шамасы келгенше жәрдем еттi.
ХХ ғасыр басында әдеби жанрлардың түрі туып қалыптасты: Роман жанры, драма жанры, поэма жанры, лирика, мысал жанры, әңгіме жанрында модернистік, символистік, экзистенциалистік белгілер орын алды. Бір ғана С.Торйғыровтоң өзі поэма жанрын түрлендіре дамытты. ХХ ғасыр басында ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жариялау ісі жанданып, жүйелі түрде жолға қойылды. Халық поэзиясының әр түрлі саласына: әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына байланысты және көңіл-күйін көрсететін өлең-жыр, жұмбақ, жаңылтпаш сияқты көптеген шығармалар жиналды.