- •Хх ғасыр басындағы қоғамдық тарихи жағдайлар және әдебиет.
- •С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы.
- •Ұлттық газет - журналдардың туу, қалыптасуы мен дамуы.
- •2)Шәкәрім Құдайбердиев шығармашылығы: ағартушылық және рухани ізденістері.
- •2. Ж. Жабаевтың ақындық өнері
- •3. Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952).
- •Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы
- •2.Тұрмағамбет Ізтілеуұлының шығармашылығы.
- •С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдарындағы қоғамдық әділетсіздік, надандықтың құрбанына айналуы.
- •1930-56 Жылдардағы ұлттық әдебиеттану ғылымы мен әдеби-көркем сын
- •«Айқап» журналының тарихи маңызы
- •М. Қалтайұлы шығармашылығы және діни сарын.
- •Ғ.Мұстафиннің 1927-1929 жылдардағы алғашқы қысқа әңгімелері: “Сәрсен мен Мұқаш” (1927), “Кек”, “Қан”, “Қашқын”, “Ер шойын”, “Шағатайдың шатағы”, т.Б. Олардың тақырыбы мен идеясы.
- •2 Сұрақ. Батыр баян поэмасынын тарихи манызы
- •3. Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” романындағы (1948) жаңа мен ескінің арасындағы тартыс.
- •2. С.Торайғыров «Адасқан өмір поэмасы»
- •3. М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі.
- •С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы дала мен қала, қазақ зиялылары туралы көзқарасы.
- •Мағжан прозасындағы психологизм.
- •Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян
- •Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы (“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Үздіксіз өсу”, “Бір адым ілгері, екі адым кейін”, т.Б.).
«Айқап» журналының тарихи маңызы
«Айқап» журналы қазақ халқының қоғамдық ой –пікірінің, әдебиетінің, өнері мен тілінің дамуына үлкен әсер етті. Оның бетінде халыққа білім беру, мәдени – ағарту мәселелері көтерілді. Медицина, агротехника, ғылым мен техниканың табыстарына недәуір көңіл бөлінді. Журналда, сонымен қатар, әйелдердің намысын қорлайтын (қалың мал, бірнеше әйел алу, теңсіз неке сияқты) феодалдық қалдықтарды жою туралы көптеген мақалалар жарияланды. “Айқап” журналы М. Сералиннің бастамасымен және соның қаражатына 1911 жылдың 10 қаңтарынан 1915 жылдың қыркүйегі аралығында Троицкі қаласында Х. Сосновскийдің “Энергия” баспаханасында шыға бастаған . Көлемі 4-5 баспа табақ , таралымы 900- 1000 дана . 1915 жылдың қыркүйегіне дейін барлығы 88 саны жарық көрген. Кей жылдары 12-14 , кей жылдары 24 нөмірге дейін шыққан . Тұңғыш журналдың неліктен “Айқап” атануы туралы М. Сералин: “Біздің қазақтың неше жерде “қап” деп қапы қалған істері көп . “Қап” дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге ылайықтап “Айқап” болды” - дейді .Яғни, мақсаты – өкініштің орнын толтыру болған. Журналға келіп түскен хаттарға қарағанда ол қазіргі Қазақстан , Қырғызстан территориясына түгел дерлік және Ресейдің біраз бөлігіне тараған .
«Айқаптың» хатшысы болып 1911-1912 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-1914 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров істеді. Қызметкер, тілші, автор болып Жиһанша Сейдалин, Спандияр Көбеев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Бақытжан Қаратаев, Молдағали Жолдыбаев, Бекмырза Бекжанов, Нұралдин Айтмұқанбетов, Есенғали Хасаболатов т.б. қатысты. “Айқап” журналы өзінің 1912 жылы алдында тұрған міндеттері туралы: “Биылғы жылы “Айқап” журналының алдымен қолға алатұғын мәселесі былтырғыдай жер мәселесі болар... Жерден соңғы журналымыздың көп ой жүргізетұғын мәселесі таласу һәм партия болуды жоғалту хақында болар... Үшінші мәселеміз , оқу һәм оқыту хақында қалайынша тәрбиелер жасау керек , соларды қарастыру. Төртіншіден ,қатын-қыздарымыздың кемшілікте тұрғандықтарын халыққа ескерту” - деп жазады.
«Айқап» журналы қазақ халқын отырықшы болуға, қала, поселк салуға, қаладан, орыс поселкаларынан үлгі алып, егін шаруашылығымен, ұсақ өнеркәсіппен айналысуға үндеді; мектеп, медресе салып, жаппай оқуға, өнер-білім үйренуге, ілім-техниканы меңгеруге үгіттеді. «Айқап» қазақ әйелдерінің хал-жайын, бостандық, теңдік мәселесін көп сөз етті. «Қазақ қыздарының аталарына», «Қалың мал құрысын!», «Бауырлас қазақ әйелдеріне», «Аналарымызға», «Аталарымызға» деген үндеулер және басқа көптеген өлең, мақалалар басты. Қазақ арасындағы оқу, оқыту, мәдени ағарту мәселелерін, жаңа оқуды өрістету, жаңаша оқу құралдарын жасау мәселелерін кең сөз қылды. Бұған Мұхамбетжанның өзінің оқу, оқыту құралы, шәкірттер, оқытушылар туралы жазған көптеген мақалалары, Сұлтанмахмұттың «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?» деген мақаласы, Спандиярдың «Үлгілі бала» деген оқу кітабы дәлел бола алады. «Айқап» және басқа да баспасөз үлгілерін зерттеген - Үшкүлтай Сұбханбердина. Оның еңбегінде «Айқап» журналында жарияланған материалдар бірнеше тақырыпқа бөлініп берілген. Олар: 1. «Қазақ елінің экономикасы мен саяси жағдайлары туралы мағлұматтар», 2. «Қазақ елінің тарихы», 3. «Мәдениет, оқу-ағарту ісі», 4. «Тіл және әдебиет мәселелері», 5. «Көркемәдебиет», 6. «Баспасөз», 7. «Денсаулық», 8. «Дінтуралы».Басталып кеткен империалистік соғыс жағдайында жеке адамдар қаржысымен шығарылып келген журнал көп өмір сүре алған жоқ. Оған цензураның бақылауы күшейді. Кейбір зерттеушілердің анықтауына қарағанда, журналда Ф.Ф.Сыромолотовтың болашақ соғыстың сипаты туралы мақаласын жариялауға тыйым салып, цензор М.Сералинді Сибирьге жер аударамын деп қорқытқан.
